Тақырып 11. Ортаазия мемлекеттерінің қаржы жүйесін ұйымдастырудың ерекшеліктері Лекцияның мақсаты – Ортаазия мемлекеттерінің қаржы жүйесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін зерделеу.
Лекция сұрақтары: Қырғыздағы қаржы аспектілерінің реформалары.
Өзбекстанның қаржы саясатының ерекшелігі.
Түркімен Республикасының мемлекеттік қаржысы.
Лекция мазмұны 1. Кеңес үкіметі тараған соң.оның кұрамында болған Кырғызстан 1991 жылдан бастап экономикалык тұрғыдан алғанда қиын жағдайда қалды.
Осылайша, Кырғызстан Республикасы үшін өз экономикалык саясатын, ic-кимылдары мен бағыт-бағдарламаларын ойластыру кажеттілігі туындай бастады. 1992 жылдың каңтарында реформаның алғашкы қадамының бipi болып - баға босату саналды, бұған косымша негізгі мәселе - жекешелендіру саясаты да алға қойылды.
Сонымен қоса экономикалық реформаның ұстанған басты бағыттары - инфляция деңгейін төмендету мен тұрактандыру, ұлттык валюта тұрактылығын камтамасыз ету, бюджет тапшылығын қыскарту, экономиканың кейбір секторларын монополизацияландыру, мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасын орындау, халыкты әлеуметтік қорғауды нығайту болып саналды.
Нәтижесінде Кырғызстан үкметі ХВҚ-мен бірлесе отырып келесі құрылымдық бағдарламаларды даярлап қабылдады.