Шемонаиха ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы 2015 жылға арналған іс-шараларды өткізу туралы



бет1/34
Дата18.05.2017
өлшемі4,62 Mb.
#16352
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Шемонаиха ауданында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласындағы 2015 жылға арналған іс-шараларды өткізу туралы

ақпарат
Атқарушы, өкілдік билік органдар және қоғамдық бірлестіктер, беймемлекеттік ұйымдар күштерімен мемлекеттік жастар саясатын орындау мақсатында, 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңының негізгі қаулыларын, аудандық іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша бірлесе жұмыс атқаруда.

Жастармен жұмыста негізгі мақсат – жастар өз ойдарын білдіру, сана-сезімдерін және азаматтық белсенділіктерін арту үшін, жастардың күрделі мәселелерін шешу үшін жағдай жасау.

Шемонаиха ауданында жастар саясатын жүзеге асыру үшін ағымдағы жылда 8014,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді. Соңымен қоса 2 млн. теңге соммасына әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру аясында жастардың әртүрлі санатты мәселелерін шешуге бағытталған келісім шарттар жасалды:

- 800 мың теңге соммасына «Азаматтық Экологиялық бастама» ЖҚБ «Жастардың белсенді және салауатты өмір салтын қалыптастыруға, туристік-экологиялық-өлкетану жұмыстарына жәрдемдесуге бағытталған, Шекаралық қарым-қатынас жөніндегі меморандум аясындағы іс-шараларды және аудандық іс-шараларды ұйымдастыру» жобасын жүзеге асырды;

- 800 мың теңге соммасына «Жастардың патриоттық санасын, азаматтық-құқықтық жауапкершілігін көтеруге, әлеуметтік оптимизімін және белсенді қоғамдық көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру»;

- 400 мың теңге соммасына «Жастар форматы» ЖҚБ «Жастарды жастар саясатын жүзеге асыру барысы, Қазақстанның 2050 жылға дейін даму стратегиялық бағыттары бойынша ақпараттық қамтамасыз ету іс-шараларын ұйымдастыру»;

Барлық жастар іс-шаралары жоғарғыда көрсетілген жастар қоғамдық бірлестіктерімен және ішкі саясат басқармасының қолдауымен: мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен әріптестік арқылы жузеге асырылады.



Ведомствоаралық қарым-қатынас үшін Жастар істері жөніндегі кеңестің жұмысы ең басты механизм болып табылады. Ағымдағы жылда оның құрамы жаңартылды. 2015 жылғы 4 қыркүйектен бастап № 224 Шемонаиха ауданы әкімдігінің қаулымен Шемонаиха ауданы әкімдігінің жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңес туралы ережесі жаңа басылымда бекітілді.

2015 жыл кезеңі үшін бекітілген жоспар бойынша Қеңестің 4 отырысы болып өтті.

2015 жылдың 30 наурызында «Нұр Отан» ҰДП филиалының базасында Шемонаиха ауданында«Жас Отан» есеп беру-сайлау конференциясы аясындаШемонаиха ауданы әкімдігінің жанындағы Жастар істері жөніндегікеңесболып өтті, оның құрамына мемлекеттік органдар, жастар қоғамдық бірлестіктер өкілдері кірді. Кеңеске аудандық бөлімдер басшылары, Кеңес мүшелері және ауылдық округтардың жастарымен жұмыс істеу бойынша мамандар қатысты. Отырыс барысында ауылдық округтардың әкімдері жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңес жұмыстарының дамуы туралы баяндамалар, сондай-ақ аудандағы жастар саясатын жүзеге асыру, оның ішінде аудандық кәсіпкерлік картасы шеңберінде жастар кәсіпкерлігін дамыту, әскери-патриоттық тәрбие беру жүйесін дамыту, ҰОС Жеңістің 70-жылдығына арналған іс-шараларды жүзеге асыруға қатысу – ерекше өзекті сұрақтары тыңдалды.

Р.Руспаев, жастар орталығының маманы барлық қатысушыларды 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» жаңа Заңымен таныстырды, сондай-ақ мемлекеттік жастар саясаты саласындағы сабағаттық-кеңесші органдар рөлі мемлекет пен жастар арасындағы қарым-қатынастар тәсілдемелерін жетілдіру үшін күшейгені туралы ерекше көңіл аудара айтты.



Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет