Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Шемонаиха және Гуманитарлық-Техникалық колледждер студенттеріменМемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы ақпараттық мәліметтерді тарату бойынша жұмыс өткізілді. Бәріне таратылатын материалдар берілді.
Кездесу сайын аудан жастарының қажеттіліктерін анықтауға, өзекті мәселелерді шешуге, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру тиімділігін артуға, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар-жасөспірімдер ұйымдарының қызметін талқылауға бағытталған сауалдамалау өткізіледі.
Ағымдағы жылдың желтоқсанында, 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Елбасының Жолдауының шығуына байланысты Шемонаихалық және Гуманитарлық-Техникалық колледждерінде студенттер және мұғалімдердің қатысуымен жолдаудың негізгі қаулыларын талқылау өткізілді. Ақпаратты тобының мүшелері Жолдау мазмұнын және дағдарысқа қарсы стратегиясының, жаңа әлеуметтік саясатыныңнегізгі бағыттарымен таныстырды, бұл салаға тыңдаушылар ерекше қызығушылық білдірді. Талқылаудың барлық қатысушыларыбіздің қоғамда дағдарысты жеңудің ең басты шарты – Қазақстан елінің бірлігі! деп ортақ пікірге келді.
Бірлескен жұмыс барысында, Ішкі істер бөлімінің қолдауымен және жастар қатысуымен, Шемонаиха ауданы әкімдігінің «Жастар Орталығы» КММ жастар қоғамдық бірлестіктер күштерімен 12 ай қорытындысы бойынша акциялар, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілді:
Ағымдағы жылдың ақпан – наурыз айлары аралығындаЖеңістің 70-жылдығына арналған «Игі істер» акциясының аясында соғыс ардагерлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру мақсатында, «Жас Отан» ЖҚ және аудан колледждерімен бірге Жастар Орталығының белсенділеріөз еркілеріменқайырымдылық жасағын құрады және соғыс және тыл ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысының балаларына көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық көмегін көрсетті.Қоғамшыл жастар жасы үлкен адамдардың үйлерінің төбелеріндегі қарды тазалауға көмектесті, жолдарды қардан тазалады және қарттармен сөйлесті, бұның бәрі жалғыз қария адамдар үшін маңызы аз емес. Сәуір айында қарт адамдардың қашаларын бояу бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |