Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңі
Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңі XYII-XY ғасырлар аралығын қамтиды.Бізге белгілі болғандай бұл аралықта қазақ халқының басынан көп ауыртпалықтар өтті.
Бейбітшілік заманда өмір сүріп жатқанда жоңғарлар басып кірді.Айта кететіні,«Ақтабан шұбырынды-Алқакөл сұлама».Бұл соғыс халықтың рухын түсірді,ерік-жігерінің барлығын жойды.Бірақ бұл жағдайда ел зиялылары құр қарап отырған жоқ,халықтың еңсесін көтеруге бар күш жігерін жұмсады.Осы кезеңдерде яғни 1730-1770 жылдары қазақ билеушілерінің едәуір бөлігі Ресей империясының басшылық рөлін ресми түрде танығандығын білеміз.Әрине,бұл жағдайда,қазақ халқына өте ауыр болды.Себебі,Қазақстанды өз тәуелсіздігінен,мемлекеттілігінен айырылуына әкеп соқтырды.Бұдан кейін отарлау кезеңі басталды.Қазақ халқы үшін өте ауыр тиген отарлау үрдісі жүз жылдан астам уақытқа созылды.
XX ғасырдың басы Қазақстанда отарлау саясатының күшеюімен ерекшелінді.Отарлық саясат,әсіресе аграрлық салада жүргізілді.Себебі,аграрлық қоныстандырумен тығыз байланысты еді.Қазақстанда артық жерлерді анықтайтын басқармалар құрды.Яғни әрбір отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы еді.Ал қалған жерлердің барлығы қоғамдық жер қорына берілетін болды.Мұндай тәртіп әрине қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне алып келді.Қазақтардың суат,мал айдау жолдары,жайылымы,қыстақтары «Қоныс аудару қорына» өте бастады.Бұл қор жәймен жерлерді тартып алып отырды.1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн десятина тартып алынса,1917 жылы 45 млн десятинаға жетті.Оның ішінде Жетісудан 4 млн десятина,Сырдария облысынан 500000 десятина құнарлы жерлерін,ал Семей,Ақмола облыстарынан 40,5 млн десятина жер алынды.
Бұл қазақ халқының басынан өткен ауыртпашылықтың аз ғана бөлігі.Бірақ қазақ халқы өз еңселерін қайта көтере алды.Енді мұндай оқиғалардың қайталанбасы үшін ішкі саясатымыз берік болуы керек.