Презентация украина Украина



Дата24.02.2022
өлшемі2,83 Mb.
#133271
түріПрезентация
Байланысты:
Украина презентация
a280215121, 1блок, әлеумет 2020-21(1) (3), произнашения и ударение 2, қж (1)

Топ: 1501-31
Тапсырған: Абсаттар Дәулет
Қабылдаған: Қуандық Назгүл
ПРЕЗЕНТАЦИЯ

Украина

  • Украина - Шығыс Еуропадағы ірі мемлекет. Украинаның 24 облысы және Қырым автономиясы бар. Жер көлемі – 600 мың шаршы шақырым. 50 миллиондай халқының 74 пайызы украиндықтар. Одан басқа поляк, словак, румын, венгрлер бар, олар елдің батыс жағында қоныстанған болса, ал орыстар негізінен шығысында тұрады. Жері өте құнарлы. Бір мысал келтірейік: Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде неміс басқыншылары Украина жерінің өте құнарлы қара топырағын вагондарға тиеп, Германияға жіберіп тұрған екен! Жерінің бәрі көк жасыл алқап. Жолдарының екі беті тұтасқан көк терек.

Рәміздері


Украина туы
Украина елтаңбасы
Әнұраны: «Ще не вмерла України ні слава, ні воля»

Қысқаша мәлімет


Тәуелсіздік күні

24 тамыз 1991 жыл (КСРО-дан)

Ресми тілі

украинша

Астанасы

Киев

Ірі қалалары

Киев, Харьков, Днепропетровск, Одесса, Донецк, Запорожье, Львов

Үкімет түрі

Парламенттік республика

Президенті Премьер-министрі ЖР төрағасы

Володимер Зеленський Денис Шмыгаль Дмитрий Разумков

Экономикасы

  • КСРО дәуірінен қалыптасқан өндіріс орындарының технологиясы озық үлгіде. Мәселен, ғарыш кемелері мен зымырандарды жасайды, су астында жүзетін сүңгуір қайықтар, мұхиттарда жүретін ірі кемелерді шығарады. Атом және энергетика саласы жақсы дамыған. Шикізат өндірісі, темір жол, автокөлік жолы саласы көп ілгері басқан. Әсіресе, ғылыми-зерттеу орталықтары дамыған. Патон атындағы институты темірді дәнекерлеу ісінде дүниежүзіне аты шыққан.
  • Ауыл шаруашылығы саласын алсақ, олар бидай егіп, астық өндіреді, мал өсіреді. Ірі қара, құс өсіру саласында озық технологияларды пайдаланады. Жалпы ет, сүт өнімімен өздерін толық қамтамасыз етумен қатар, шет елдерге де өз өнімдерін шығарып отыр. Олар тұрмысқа қажетті тауарларды өте көп өндіреді және оны да экспортқа шығарады.
  • Алуан түрлі өндіріс орындары елдің шығыс жағында орналасқан болса, батыс жағында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру өркен жайған.

Өнеркәсібі

  • Украина өнеркәсібінің басты саласы — отын-энергетика кешені, оның үлесіне өнеркәсіп өндірісінің 1/4-іне жуығы тиесілі. Соған қарамастан бұл сала соңғы онжылдықта күшті күйзелуге ұшырады. Кеңес Одағының құрамында болған кезде Украина мұнай мен газды арзан бағамен көршілес Ресейден сатып алатын. Кейінгі жылдары елдің сыртқы экономикалық байланыстарының әлсіреуі энергияны кеп қажет ететін өнеркәсібі бар Украина үшін аса қолайсыз болып отыр. Сонымен қатар елдің өзінде бар мұнай мен газды өндіру көлемі де қыскарды.
  • Көмір өндіру көлемі де екі есеге қысқарған. Елдегі ен ірі әрі ең ежелгі (1721 жылы ашылған) Донецк алабында жоғары калориялы, кокстелетін кемір өндіріледі. Жалпы, ел бойынша көмір өндірісінде 1 миллионға жуық адам жұмыспен қамтылған. Жүздеген метр тереңдікте орналасқан шахталардағы жұмысшылардың ауыр еңбегі үкімет тарапынан ұдайы әлеуметтік-экономикалық қолдауды қажет етеді.
  • Украина өнеркәсібінің маңызды саласының бірі болып табылатын химия өнеркәсібінің дамуы, ең алдымен, шикізат көзіне байланысты болады. Бұл сала кәсіпорындары шикізат ретінде қара металлургия мен кокстеу қалдықтарын, жергілікті тұздар мен сырттан әкелінетін табиғи газ бен мұнайды пайдалана отырып, кептеген өнімдер шығарады. Әсіресе минералды тыңайтқыштар (Одесса, Винница, Горловка), күкірт қышқылы, сода, пластмасса мен химиялық талшықтар (Киев), резеңке бұйымдарын өндіру маңызды орын алады.

Саяси жағдай

  • 1999 жылы Президенттік сайлауы өтіп, елі Леонид Кучманы сайлады. Сол кезде Жоғарғы Рада төрағасынан бастап Парламенттің 14 депутаты Президент боламын деп сайысқа түсті. Ол таластың тигізген зияны да аз емес. Парламент спикері бастаған депутаттар сайлауға дейінгі бір жыл бойы ашық қарсылық білдіріп, заңдардың қабылдануына тосқауыл жасаған. Соған дейінгі 5 жыл, яғни, бір шақырылым бойы депутаттар Үкімет ұсынған заң жобаларының тек 60 пайызын ғана қабылдапты.
  • Қазір Украина НАТО-ға, Еуропалық одаққа қарай бет бұрып отыр. Ал бергі жағында Ресей. Отын-энергетика өнімдерін, әсіресе, жанар-жағармай, газды, басқа да құрал-жабдықтардың көбін Ресейден алады. Бірлескен кәсіпорындары көп.

Мемлекет атауы

Қазақстан

Украина

Халық саны

19600000 адам

42030832 адам

Жер көлемі

2724902 км2

603628 км2

Басқару жүйесі

Президенттік унитарлы республика

Парламенттік-призиденттік республика

Мемлекеттік діні

Ислам

Христиан

Тілі

Қазақ-тілі

Украинша


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет