№18 дәріс Сұйықтықтарды айдау



бет1/8
Дата07.02.2022
өлшемі172,5 Kb.
#86040
  1   2   3   4   5   6   7   8

№ 18 дәріс

  • № 18 дәріс
  • Сұйықтықтарды айдау
  • Сұйық және бу фазаларының түйісуі нәтижесінде фазалар аралығында компоненттердің қайта топтасуы айдау деп аталады. Айдау арқылы қоспаларды бөлу бірдей температурада қоспа компоненттерінің әр түрлі ұшпалығына негізделген. Сондықтан айдау кезінде қоспаның барлық компоненттері бу тәріздес күйге ауысады.
  • Ең қарапайым қоспа, ол бинарлы қоспа – екі компоненттен тұратын жүйе. Мұндай жүйелерді айдау барысында түзілген бу жеңіл ұшатын немесе төменгі температурада қайнайтын компоненттерден тұрады. Түзілген бу конденсацияланып, дистиллят немесе ректификат алынады. Ал буланбаған сұйықтық құрамы жоғары темпера-турада қайнайтын компоненттерден құралады. Бұл сұйықтық қалдық деп аталады.
  • Бу фазасының төменгі температурада қайнайтын компоненттермен байытылу дәрежесі айдау түріне байланысты болады. Айдаудың екі түрі бар: жай айдау немесе дистилляция және ректификация.
  • Жай айдау дегеніміз сұйық қоспаның бір рет жартылай булануы мен түзілген будың конденсациялануы. Жай айдау процесін қоспа құрамындағы компоненттердің біршама әр түрлі ұшпалығына негіздеп қолданады. Сұйық қоспалардың жеке компо-ненттерге толық бөлінуі ректификация процесі арқылы жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет