Реалды қоспалар. Реалды жүйелерде компоненттердің бу фазасында әлсіз, ал сұйықтықта біршама өзара әрекеттесулері болады. Бұл әрекеттесулер идеалды жүйе-лердегі тепе-теңдік жағдайларынан (Рауль заңынан) біраз ауытқуларды тудырады. Мұндай жүйелер практикада идеалды жүйелерге қарағанда көбірек ұшырасады. Идеалдылықтан бинарлы жүйелердің ауытқуларын кішкене және үлкен деп жіктейді.

Идеалдылықтан кішкене ауытқуларда сызығы түзу сызықтық тәуелділікпен жүрмейді. Бұл жағдайда Р(х) қисығы Рауль заңына бағынатын түзуден төмен орналасуы мүмкін (теріс ауытқуда) немесе жоғары орналасуы (оң ауытқуда) мүмкін. Мұндай қоспаларды зеотропты қоспалар деп атайды.
Идеалдылықтан үлкен ауытқуларда қисығы экстремум арқылы өтеді. Мұндай қоспалар Коноваловтың екінші заңына бағынады. Бұл заңға сәйкес қысымның қисығындағы максимумге қайнау температурасы қисығындағы минимум сәйкес келеді және керісінше қысымның қисығындағы минимумге қайнау температурасы қисығындағы максимум сәйкес келеді. Құрамы мұндай қоспаларды азеотропты немесе бірігіп қайнайтын қоспалар деп атайды.
Компоненттері өзара ерімейтін қоспалар. Теориялық тұрғыда бір-бірінде толық ерімейтін компоненттер кездеспейді. Мұндай жүйелерге бір-бірінде ерігіштігі өте аз болғандықтан оны ескермеуге болатын компоненттер қоспаларын жатқызуға болады. Фазалар ережесіне сәйкес сұйық фазада өзара ерімейтін компоненттері бар жүйелерде сұйық қоспаның құрамына тәуелсіз тепе-теңдіктегі бу құрамы тұрақты болады.