Сайрам ауданының әкімі Уалихан Қайназаровтың
2014 жылдың әлеуметтік- экономикалық даму қорытындысы бойынша есебі
Елбасы 2014 жылдың күні 11 қараша күні Қазақстан халқына Жолдау арнап, ондағы Жаңа экономикалық Саясат әлемнің қарқынды дамыған 30 мемлекеттің қатарына жеткізетін басты қадамы екенін жариялады. Жолдау – жылдың маңызды, бастапқы құжаттарының бірі екендігі белгілі. Себебі, әлемде орын алған күрделі жағдайлардың салдарынан туындаған дардарысқа қарсы шараларды ұйымдастыру үшін бірінші кезекте экономикалық, әлеуметтік бағыттар нақтыланса, ал екінші кезекте әрбір азамат, отбасы үшінболашағына қатысты мәселелеріқамтылып отырады. Осы жолда баршамыз Жалпыұлттық идея - Мәңгілік Ел бағдарына ортақ болып, берік қолдау көрсете отырып, Қазақстан көптеген жетістіктер мен табыстарды көздеп, жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізетініне сөзсіз. Мұнда өңіріміздің сан-саладағы мүмкіндігі жеткілікті.Айта кететіні, жоспарда бар бастамаларға әрқайсымыздың қажырлыеңбегіміз бен ізденісімізді қажет етеді.
Ендігі мақсат «Қазақстан -2050» стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру.
Бүгінгі таңда аталған бағдарламада қамтылған негізгі басымдықтар, жаңа бастамалар жүзеге асуда. Қазақстан әлемдегі өзге елдердің алдында потенциалы жоғары әрі перспективалы ел болып танылған, халқының өмір сүру сапасыжылдан жылға жақсарып келе жатқан, қарқынды дамушы мемлекетке айналды.
Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы облысымыздың өркендеуіне сәйкес жылдан жылға жақсарып келе жатыр. Атқарылып жатқан жұмыстарымыз Елбасының жыл сайынғы жолдауы, еліміздің стратегиялық және өңiрдiң «Даму» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып келеді.Облыс әкімі тапсырмаларын және мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында, ауданда бірқатар жұмыстар жүргізіліп, жыл қорытындысы бойынша межеленген мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізілді. Аудан экономикасының сан-саласында едәуір мөлшерде инвестиция құйылып, жаңадан өндіріс орындары іске қосылып, әлеуметтік сала нысандары мен инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстары жалғастырылуда.
Бюджеттік- салықтық саясат
Ауданның 2014 жылға арналған бюджеті жоғары бюджеттен түсетін трансферттерді қосқанда кірістер бойынша 13223,7 млн.теңге, оның ішінде өзіндік кірістер 2295,1 млн.теңге (немесе барлық кірістердің 17,4 пайызын) болып бекітілген болатын.
Жыл бойында аудан бюджеті 8 рет нақтыланып, кірістер жоспары 18 511,3 млн. теңгені, оның ішінде өзіндік кірістер 2488,3 млн.теңгені құрады. Яғни, өзіндік кірістер жыл басынан 193,2 млн.теңгеге немесе 8,5 пайызға көбейтілді.
2014 жылы бюджеттік түсімдер контингент бойынша 4 549,6 млн.теңгеге, оның ішінде, аудан бюджеті 2 582,4 млн.теңгеге орындалды. Жоспар контингент бойынша 193,8 млн.теңгеге немесе 104,4 пайызға, аудан бюджеті 94,1 млн.теңгеге немесе 103,8 пайызға артығымен орындалды.
Сонымен қатар, 2014 жылдың қорытындысымен аудан бюджетінің шығыстар бөлігі нақты 18 092,3 млн. теңгеге игеріліп, жоспар 99,5 пайызға орындалды.
Жалпы 18 572,3 млн.теңге шығыстар көлемінің 66,1 пайызы немесе 12 278,6 млн. теңгесі білім беру саласына, 19,8 пайызы немесе 3 693,3 млн.теңгесі тұрғын-үй коммуналдық шаруашылыққа, 1040,9 млн.теңгесі, яғни 5,6 пайызы әлеуметтік салаға, 8,3 пайызы немесе 1559,5 млн.теңгесі басқа салаға бөлінген шығындарды құрайды .
Өнеркәсіп және шағын кәсіпкерлік
Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласы. Облыс өнеркәсібі өнімінің жалпы көлемінде ауданның үлесі 3,4 %. Аудан өнеркәсібінің, яғникен өндіру өнеркәсібі, 82 % өңдеу өнеркәсібі, 14,6 % электр энергиясын, су мен газды өндіру және бөлу өнеркәсібі құрайды.
Ауданда 57 өнеркәсіп кәсіпорны бар, оның ішінде 3 орта, 51 шағын және 3 қосалқы кәсіпорындар.Жалпы өнеркәсіпкәсіпорындары 2014 жылы 23,6 млдр. теңгенің (күтілетін) өнімін өндіріп, 2013жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда өсу қарқыны 14 % артып отыр. Нақты көлем индексі 105% құрады.
2014 жылы өңдеу өнеркәсібінде тамақ өнімдерінің өндірісі, машина жасау және құрылыс индустриясы салалары басым болды.
Өнеркәсіп саласының дамуына ауданда жүргізіліп жатқан үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы едәуір өз әсерін тигізуде.
«Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде 22 жобаны іске қосылып, 1662 жаңа жұмыс орындары ашылды.
2014 жылы Өңірлік Индустрияландыру Картасына енген 3 жоба іске қосылды. Олар : «Ақсу Энерго» ЖШС-ның қуаттылығы 1 мВт күн электр станцасы, «Глобус плюс» ЖШС көкөніс консервілеуге арналған қосымша жүйесі, 62 жер теліміне интенсивті бақ отырғызу мақсатында «Green Land Корпорациясы» ЖШС желтоқсан айында іске қосылды.
Ал, жыл ішінде 1000 ірі қара мал бордақылау алаңын құру бағытында мақұлданған «Қайып ата» ЖШС-і 2016 жылы іске қосылуы жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, қараша айында Индустриялдандыру Картасына енбеген мұнай өнімдерін өндіретін және сақтайтын кешен «Stratus Oil» ЖШС-ның жобасы іске қосылып, бірінші кезекте 35 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылды.
Ауданда белсенді кәсіпкерлік субъектілердің саны 9186 бірлік, оның ішінде шаруа қожалықтарының саны 5244 бірлік, заңды тұлғалардың саны 264 бірлік, жеке кәсіпкерлердің саны 3678 бірлікті құрайды.
2014 жылдың қорытындысымен белсенді субьектілер саны 9186 бірлік құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 88,7%-ға төмендеді, кәсіпкерлік субъектілер санының азаюы Сайрам ауданының маңызды аумақтарының Шымкент қаласының аумағына өтуіне байланысты. Жұмыспен қамтылғандар саны 20758 адамды құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 96,6%-ға төмендеген. ШОБ субъектілерімен 2014 жылы өндірілген өнім (тауарлар мен қызметтер) көлемі 38145,5 млн. теңгені, яғни нақты көлем индексі 102,1% құрады.
Төленген салық төлемдері 1497,0 млн.теңгені құрап, 2013 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 122,6 %- ға артқан.
2014 жылы 251 кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, 1064 жұмыс орны ашылды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында аудан бойынша 20 жобаны ұйымдастыру керек болса, 2014 жылы құны 6 млрд. 495,4 млн. теңгеге 12 жоба қаржыланды. Оның ішінде: 9 жоба бірінші бағыты бойынша банк кредиттерін субсидиялау, 2 жоба кепілдендіру, 1 жоба экспортқа бағытталған өнімді субсидиялау.
Кәсіпкерлерді қаржылай қолдау бойынша ауданда "Ырыс", "Ауыл шаруашылығын қолдау Қоры", "КазМикрофинанс" «Жәрдем АС» МКҰ, «Сайрам несие» МКО, «Арнұр Кредит» ЖШС арқылы 2014 жылы 2947,7 млн.теңге көлемінде 5090 адамға несие берілген.
Облыс әкімдігі тарапынан құрылған «Максимум» АИО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен аудан көлемінде 2010-2014 жылдар аралығында 582 жоба 4136,1 млн.теңге көлемінде несиеленген. Олар арқылы 5 жыл ішінде 1544 жұмыс орны ашылып, бюджетке 7,4 млн. теңге көлемінде салық төленген. Оның ішінде 2014 жылы 63 жоба 613,1 млн.теңге көлемінде қаржыланған.
Бүгінгі таңда аталған бағдарламаны насихаттау жұмыстары жалғасуда.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы аудан тұрғындарын мал және егістік өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған салалардың бірі. Бұл салада 2014 жылы 35,2 млрд. теңгенің жалпы өнімі өндірілді.
Ауданда барлық ауыл шаруашылығы жер көлемі 129667 гектарды құрайды, оның ішінде айдалмалы жер 85417 гектар, оның 25197 гектары суармалы, көпжылдық екпелер 3314 гектар, оның 60 гектары жеміс баулары, 76 гектары жүзімдіктер, шабындықтар 1951 гектар, жайылымдықтар 32691 гектар,орман аумағы 422 гектарды және басқа да мақсаттағы жерлерді құрайды.
Аудан негізі дәнді-дақылдар, майлы дақылдар, мал азықтық көкөніс дақылдары, бау-бақша, жүзім өсірумен айналысады. 2014 жылы 45232 гектар жерге егістік жоспарланған болса, жоспар 100,2 %-ға орындалды.
2014 жылы дәнді дақылдар 15723 гектарға, дәндік жүгері 300 гектарға, майлы дақылдар 6790 гектарға, қант қызылшасы 94 гектарға, сыпырғы 59 гектарға, мал азықтық дақылдары 14742 гектарға, көкөніс 4436 гектарға, картоп 3365 гектарға, бақша 60 гектарға егілді. Сонымен қатар, жыл қорытындысы бойынша 102060 тонна көкөніс, оның ішінде 7600 тонна қияр, қызанақ 28300, пияз 20950 тонна , қырыққабат 11200 тонна, сәбіз 11800 тонна өнім алынды.
2014 жылы орташа дәндік дақылдың әр гектарынан 15, майлы дақылдың әр гектарынан 7 центнерден, мал азықтық дақылдардын 333 мың 500 тонна мал азығы өнімі алынды.
2014 жылы ауданда ауылшаруашылығы саласында 636 млн. 360 мың субсидия берілді. Оның көктемгі жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жанар-жағармай материалдары мен басқа да тауарлық материалдық құндылықтың құнын арзандатуға 3680 агроқұрылымға 362 млн. 427 мың теңге:
Жеміс-жидек жүзімге 45 млн. 393 мың теңге;
Тұқымға 1 млн.40 мың теңге;
Мал шаруашылығы саласына 227 млн. 500 мың теңге және тағы басқалары.
Мал шаруашылығы. Аудан бойынша 130903 бас МІҚ, оның ішінде 38286 басы аналық, 26596 бас жылқы, 87917 бас қой-ешкі, 1030 бас шошқа, 120159 бас құс болды, сонымен қатар, 19852 тонна ет, 122350 тонна сүт, 69,970 млн. дана жұмыртқа өндірілді. 2013 жылмен салыстырғанда ет 105,6 пайызға, сүт 102,9 пайызға, жұмыртқа 100,5 пайызға, бір сиырдан сауылған сүт 2700 кг-ға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 107,6 пайызға артық орындалды.
Елбасы тапсырмасында мал шаруашылығы саласында етті бағыттағы мал басын көбейту міндеті қойылған. Осы бағытта аудан көлемінде «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жұмыстар атқарылды. Ауданда 295 бас аналық мүйізді ірі қара, 10 бас бұқа алынды (жылдық тапсырма – 250 бас).
Аудандық бюджеттен 29,8 млн.теңгеге 10 қолдан ұрықтандыру бекеттерінің құрылысы жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды.
Қолдан ұрықтандыру бойынша аудан көлемінде 25173 бас МІҚ ұрықтандыру көзделген, оның ішінде 1100 бас етті бағытта. Бүгінгі күнге бұл көрсеткіш толығымен орындалды.
Ауданда 534 бірлік бордақылау алаңдары бар. Оның ішінде 2014 жылы 10 бастық 46 бірлік, 15 бастық 74 бірлік, 15 бастан жоғары 34 бірлік бордақылау алаңдары іске қосылды. 55 бірлік 10 басқа арналған жанұялық фермалар бар. Оның ішінде 2014 жылы 9 бірлік 10 басқа жанұялық фермалар іске қосылды.
Аудан көлемінде 148-дан астам қайта өңдеуші кәсіпорындар мен цехтар жұмыс жасауда.Ауданда өндірілген өнімдердің ішінде еттің 10,4 %, сүттің 14,5 %, жеміс-көкөністің 23,6 % қайта өнделеді.
Тамшылатып суғару. Биылғы жылға облыс тарапынан 360 га жерге тамшылатып суғару жүйесін ендіруге тапсырма берілген. ӨК, ЖШС және т.б агроқұрылым басшыларымен жеке-жеке жұмыстар жүргізіліп, мүмкіндіктерін айқындай отырып, ауыл округтеріне тізімдер бекітіліп берілген. 2014 жылдың 12 айында барлығы 191 га жерге тамшылатып суару жүйесін енгізу жұмысы жүргізілді. Жалпы ауданда 367 га жерге тамшылатып суғару әдісі ендірілген.
Жылыжай. Аудан бойынша бүгінде агроқұрылымдарда 79,2 га жылыжай жұмыс жасауда. 2014 жылы жоспар 12,1 га болса, нақты 15,10 га жылыжай іске қосылып, жоспар 124,7 пайызға орындалды. Шымкент қаласына 65,422 гектар жылыжайлар өтті. Ауданда 13,8 гектар жылыжай қалды. Оның ішінде қосымша 3,1 гектар жаңадан іске қосылды.
Су шаруашылығы. Ауданда жалпы ағын су жеткізетін 74 канал бар, оның 1 каналы Республикалық меншікте, 63 канал ауданның коммуналдық меншігінде, ал 10 канал жеке меншікте. Аудан көлемінде агроқұрылымдар мен тұрғындарды суармалы сумен «Аксу» МКК қамтамасыз етуде.
2014 жылы 2 каналға (18,5 шақырым) 22,0 млн.теңгеге механикалық тазалау жұмыстары атқарылды, Қарабұлақтағы Янги каналына 706,0 млн.теңге қарастырылып, 15 км-ге бетондау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 1100 гектар суармалы жер қосылатын болады. Ал, 2015 жылға 4 каналды механикалық тазалаудан, 4 канал күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда.
Ветеринария
2014 жылы эпизоотияға қарсы ветеринариялық іс-шараларды жүргізуге республикалық бюджеттен 133 363,0 мың теңге бөлінген, қаржы толығымен игерілді.
Энзоотиялық ауруларға қарсы (ірі қара малдарды бүрку, ұсақ малдарды тоғыту, қоражайлар мен оларға жапсарлас аумақтарды залалсыздандыру) көктемгі-күзгі кезеңде жоспарға сәйкес ветеринариялық іс-шаралар жүргізілді. Энзоотиялық ауруларға қарсы іс-шаралардың көктемгі-күзгі кезеңінде 371838 бас ірі қара мал (100%) бүркілді, 355144 бас ұсақ мал (100% ) тоғытылды, 4 200 900 шаршы метр қоражайлар мен оларға жапсарлас аумақтар (100%) залалсыздандырылып, жоспар толығымен орындалды. Энзоотияға қарсы іс-шараларды атқаруға жергілікті бюджеттен бөлінген 19 120,0 мың теңге толығымен игерілді.
Аудан аумағында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулап жоюға 2014 жылға жергілікті бюджеттен 6152,0 мың теңге қаржы бөлініп, 6687 бас қаңғыбас иттер мен мысықтар ауланып жойылды, бөлінген қаржы толығымен игерілді.
Қ.Р. Үкіметінің 31 желтоқсан 2009 жылғы №2331 қаулысымен бекітілген ауыл шаруашылығы жануарларының бірдейлендіру Ережесіне сәйкес, 2014 жылға ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіру жұмыстары бойынша 33924 бас ірі қара малдың 33924 басы (100%), 58026 бас ұсақ малдың 58026 басы (100%), 12946 бас жылқының 12946 басы (100%), 6292 бас шошқаның 6292 басы бірдейлендіріліп (100 ℅) , ірі қара малдың 33924 басы (100%), ұсақ малдың 58026 басы (100%), жылқының 12946 басы (100), шошқаның 6292 басы (100℅) веб-порталға ендірілді.
Білім беру саласы
Аудандық бюджеттен 259491,0 мың теңгеге 5 мектеп күрделі жөндеуден, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 81271,0 мың теңгеге 2 мектеп күрделі жөндеуден өткізілді.
«Өңірлік даму» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 6 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 92470,0 мың теңге қаралған.
Ауданда 72 білім беру мекемесіне жалпы мүгедектерге қол жетімді ортаны орнату жұмыстары (пандус) үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша Республикалық бюджеттен 63423,0 мың теңге қаржы қаралды.
Мектептердің материалдық техникалық базасын жақсартуға 2 химия кабинетіне 8194,0 мың теңгеге жабдықталды.
2013-2014 оқу жылында ҰБТ бойынша ауданның орташа баллы -79,7. Облыс көлемінде 5-ші орында. Облыстың орташа көрсеткіші 70,4 балл болса, ауданның орташа көрсеткіші облыстан 9,3 балға жоғары.
Аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен тамыз айында әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына мектепке бару үшін «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. Онда 439-дан аса балаға мектеп құралдары, киім-кешек, заттай, қаржылай көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 111 бала, әлеуметтік картаға тіркелген 2508 баладан 687 баланы (27 пайыз) жалпыға бірдей міндетті білім қорынан, өзі жүріп тамақ іше алатын 40 мүгедек бала, №6 мектеп-интернатының 180 бала жазғы сауықтыру демалысымен қамтылды.
Әр оқушының жеке дамуына, балалардың денсаулығын нығайтатын оқу-тәрбие жұмысының түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру сынып жетекшілерімен туристік жорықтар мен экскурсияларға 7000 бала, қызығушылығы бойынша үйірмелерге 2500 бала, жас туристер станциясына 330 бала тартылды. Аудандағы«Болашақ» лагеріне 1480, қала сыртындағы лагерьлерге 2642, мектеп жанындағы лагерьлерге 9500 бала тартылды. Жалпы аудан бойынша 37587 бала, яғни 91 пайызы қамтылды.
Балалар саз мектебіне 660 оқушы тартылған. Аудандық білім беру бөлімі мектеп оқушылары арасында қылмыстың, құқық бұзушылықтың алдын-алу, тәрбиесі қиын оқушылармен жоспарлы жұмыс атқаруда.
Аудан көлемінде жалпы білім беру мекемелерінде 5650 педагог, мемлекеттік және мемлекеттік тапсырысты орындау мақсатында мемлекеттен қаржыландыратын жекеменшік мектепке дейінгі мекемелерде 1031 педагог қызмет атқаруда.
2014 жылы Кембридж тәсілі бойынша 3 айлық деңгейлік курстан жалпы 257 мұғалім білімдерін жетілдірді. Атап айтсақ, 1 денгейден – 46, 2 денгейден – 52, 3 денгейден – 146, ал директорлық курстан -13 өтті.
2014 жылы Кембридж тәсілі бойынша аудандық әдістемелік кабинеттің 5 әдіскері 2 апталық курстан өтті.
2014 жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы ОҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының жоспарына сәйкес 1188 педагогты 2 апталық курстан өтті. Мектептерде интернет арқылы Назарбаев интелектуалды мектептерінің онлайн сабақтарының кестесі таратылып, әрбір мұғалімнің көруіне мүмкіндік жасалынған.
Жалпы оқу жылы барысында аудан оқушылары танымдық-интелектуалдық бағыттағы 14 облыстық, 12 республикалық, 11 халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысып, 71 оқушы облыста, 26 оқушы республикада, 158 оқушы халықаралық деңгейде жеңімпаз атанды.
«Балапан» бағдарламасы ауданда табысты жүзеге асырылуда.Қазіргі таңда 12 мемлекеттік және 47 жекеменшік балабақша, 14 шағын орталықтары мектепке дейінгі жастағы балаларды қамтып отыр.
Ауданда 3-6 жастағы балалар саны 19109, оның 8396-сы мектептегі бастауыш сыныптарда және мектепалды даярлық топтарында тәриеленуде. Қамтуды қажет ететін 10713 баланың, қазіргі таңда аудан бойынша 8178 баласы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылып, қамту пайызы 76,3 пайызды құрады.
2014 жылы республикалық бюджет есебінен 280 орындық «Шаттық» балабақшасы, 50 орындық балаларды туберкулез ауруынан сауықтыру үшін санатория үлгідегі балабақша, 7 жекеменшік және 2 мектеп жанынан шағын орталықтар іске қосылып, жұмыс істейді. 2014 жылдың қорытындысы бойынша «Балапан» бағдарламасына сәйкес белгіленген меже орындалды.
2015 жылы аудан көлемінде 1315 орындық мектепке дейінгі мекемелер іске қосылады деп жоспарлануда. Олар: 2 мектеп жанынан 65 орынды шағын орталық, 480 орынды 2 мемлекеттік балабақша және 770 орындық 7 жекеменшік балабақша.
Әлеуметтік сала
Мемлекетіміздің халықты әлеуметтік қорғау туралы саясатын іс-жүзіне асыру жұмыстары ауданда тұрақты түрде атқарылуда. Статистикалық мәліметке сәйкес, аудан халқы 203828 адамды құрады. Оның ішінде: экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 82188 адам, экономика саласында жұмыспен қамтылғандар 78386 адам, өздігімен жұмыспен қамтылғандар 37035 адам, жалдамалы жұмысшылар - 41352 адам. Аудан бойынша жалпы жұмыссыздар саны 3802 адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз болып отыр.
2014 жылдың 12 айында жұмыспен қамту бөлімі мен жұмыспен қамту орталығына 3158 адам жұмыс іздеп келген болса, оның ішінде: 1384 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. 624 жұмыссыз азаматтар ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданып, 95 жұмыссыз азаматтар кәсіби оқытылды, 1063 азамат «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына тартылды.
Ауданда 3010 жаңа жұмыс орындарын ашу жаспарланса, 2014 жылдың 12 айында 3131 жаңа жұмыс орындары ашылып, жоспар 104 пайызға орындалды.
Ал, 2014 жыл ағымында аудан орталығында «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған бос және жаңа жұмыс орындары жәрмеңкесі» 2 рет өткізіліп, нәтижесінде мамандықтары мен біліктілігіне сәйкес 22 азамат жұмыстарға орналастырылды.
Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту жоспары 202 болса, бүгінгі күнге 203 мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрақты жұмысқа орналастырылды. Оның 176-і жұмыспен қамту орталығы арқылы, 27-і жұмыспен қамту бөлімі арқылы жұмыспен қамтылды. Жоспар 100,7 пайызға орындалды.
Өздігімен жұмыспен қамтылған азаматтарды формальды секторға өткізу жоспары 2900 адам болса, бүгінгі күнге 2865 адам формальды секторға өткізілді.
Ауданымызда «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында халықты тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамту, осы мақсатқа нақтыланған қаржыларды уақтылы және тиімді игеру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
2014 жылы бағдарлама аясына 2185 адам тарту жоспарланса, жыл көлемінде 3988 адам артығымен тартылды. Оның ішінде: өздігімен жұмыспен қамтылғандар – 2102 адам, жұмыссыздар – 1061 адам, аз қамтылғандар – 825 адам.
Бағдарламаның 1- ші бағыты немесе инфрақұрылымды және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты дамыту бойынша 2014 жылдың І-ші жарты жылдыққа 19 жоба нақтыланып және жұмыспен қамту орталығы арқылы осы жобаларға 103 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, осы нысандарға жұмыспен қамту орталығы арқылы толығымен қамтылып, жоспар 100 пайызға орындалды.
Бағдарламаның 2-ші бағыты немесе ауылда кәсіпкерлікті және тірек ауылдарды дамыту бойынша жыл ағымында 160 адамға шағын несие беру немесе 320 млн тенге қаржы нақтыланса, есепті мерзімде 155 азаматқа 424 млн 200 мың теңге көлемінде шағын несие берілді. Жыл ағымына жоспарланған 250 жаңа жұмыс орнына 410 жаңа жұмыс орны ашылды. Шағын несие беруге жоспарланған 320 млн теңгенің орнына 424 млн 200 мың теңге игеріліп жоспар 133 пайызға орындалды.
Бағдарламаның 3-ші бағыты немесе жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша жыл ағымында 1472 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарланса, бүгінгі күнге 1733 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа жолданды. Ал, жаңа жұмыс орындарына 992 азамат жолдануға тиісті болса, қазіргі таңда 100 пайызға орындалды.
2014 жылға жоспарланған 120 адам қайта даярлаудан өткізіліп, оның ішінде 1-і бала күтімінде, 1-і бас бостандығынан айырылған, қалған 118 азамат толығымен жұмыспен қамтылды. Біліктілігін арттыру курстарынан өткен 10 адам өз мамандықтары бойынша жұмыспен қамтылды.
150 адамға әлеуметтік жұмыс орындарын ашу жоспарланса, 312 адамға әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылды. Олардың 29 азамат мүмкіндігі шектеулі жандар болса, оның ішінде 4 азамат ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар.
Әлеуметтік жұмыс орындарына тартылған 312 азаматтың жұмысқа тартылу мерзімі толығымен аяқталып, 310 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жыл ағымында жастар практикасына 150 жас түлекті жіберу жоспарланса, 257 адам жастар практикасына жолданылып, 57-і тұрақты жұмыспен қамтылды.
Кәсіби оқытуға жолданған 50 адамнан 1 адам отбасылық жағдайына байланысты тұрақты жұмысқа орналасып оқуын тоқтатса, қалған 49 азамат толығымен оқытылуда. Аз қамтылған 601 азаматты бағдарламаға тарту жоспарланса, жылдық межелік көрсеткіштер 137 пайызға артығымен орындалды.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде кәсіптік бағдарлауға 2022 азаматты тарту жоспарланса, бөлінген межелік көрсеткіш толығымен орындалып 2095 азамат кәсіптік бағдарлаудан өтіп, оның ішінде 404 адам тұрақты жұмысқа орналасты.
Аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы ағымдағы жылы «Нұр Сәт» мөлтек ауданынан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 2 жетім балаға пәтерлер берілді.
Мемлекетіміздің жылдан жылға экономикалық-әлеуметтік дамуының арқасында, қоғамымыздағы көп балалы, аз қамтылған отбасыларына көмек көрсетіліп келеді. Аталған санаттағы отбасыларына Үкімет тарапынан бірнеше түрлі әлеуметтік қолдаулар көрсетілсе, тиісті заңдарға байланысты жергілікті бюджет есебінен де қамқорлық көрсетілуде.
2014 жылы 32 отбасына немесе 146 адамға 3697,0 мың теңге көмек көрсетілді. 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылары 23 пайызға, адам саны 25 пайызға өскенімен, төленген жәрдемақы мөлшері 9,1 пайыз кеміді.
Мемлекетіміздің «Жол картасы» іс-шаралары және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында немесе жұмыссыздарды жұмыспен қамту арқылы олардың өмірлік деңгейін көтеру саясатына байланысты, 2014 жыл ағымында атаулы көмек алушы 1 адам тұрақты жұмыспен, 1 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, 1 адам кәсіби мамандықтарға оқытылды.
2013 жылы 5044 отбасына немесе 18596 балаға 295780,0 мың теңге балалар жәрдемақысы төленсе, 2014 жыл ағымында 4265 отбасына немесе 16004 балаға 223574,0 мың теңге балалар жәрдемақысы төленді. 2013 жылмен салыстырғанда алушы отбасылары 15,4 пайызға, бала саны 13,9 пайызға, төленген жәрдемақы мөлшері 24,4 пайызға кеміді.
2014 жылы 4104 аз қамтылған отбасыларын қолдау мақсатында, ұлттық валюта курсының төмендеуіне байланысты, сәуір айынан бастап үш ай мерзімге әр отбасына 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 12469,0 мын тенге әлеуметтік көмек төленді.
Аз қамтылған отбасыларына заң талаптарына сәйкес, қосымша тұрғын үй жәрдемақысы төленіп келеді.
2013 жылы 745 аз қамтылған отбасына 19937,0 мың теңге тұрғын үй жәрдемақысы төленсе, 2014 жылдың 12 ай ағымында 606 отбасына 17326,0 мың теңге төленді.
Аз қамтылған отбасыларының кемуіне, және олардың тұрмыстық деңгейінің көтерілуіне мемлекеттің халықты жұмыспен қамту саясаты оң ықпал тигізуде.
Жеңіс мерекесіне орай, 34 ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне, пәк аналарға жергілікті бюджеттен 3400,0 мың теңге қаржы жұмсалса, Елбасының атынан Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оған теңестірілген мүгедек азаматтарға азық-түлік себеттері берілді. Ал, 80 жастан асқан 19 жалғызілікті қарттарға зейнетақыларына қосымша бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 386,0 мың теңге жәрдемақы төленді.
Қарттар мен мүгедектер мерекесіне орай 100 жастан асқан қарияларға, жалғызілікті қарттарға және аз қамтылған мүгедектерге 1245,7 мың теңгеге сыйлықтар сатып алынды.
Мүгедекті жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 736,0 мың теңгеге 28 мүгедектік қол арба сатып алынып, есепті мерзімде 28 мүгедекке таратылды.
«Ақсу Жабағылы» оңалту орталығына 184 жекеленген санаттағы азаматтар мен мүгедектер сауықтырылды.
2014 жылдың 11 айында облыстық Ардагерлер үйінде, Мейір, Арыс, Күлпаршын, Спутник, Біркөлік және Ақсу жабағлы шипажайларына және мүгедектерді оңалту орталығына барлығы 1330 жекеленген санаттағыазаматтар сауықтырылды.
Үйде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі 280 балаларға аудандық бюджеттен 3170,0 мың. теңге игерілді.
Сайрам ауданы бойынша «Қамқорлық» акциясы шеңберінде мерекелік іс-шараларға байланысты жергілікті бюджет есебінен 1109 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жергілікті бюджет есебінен 2600,0 мың теңге қаржы жұмсалса, демеушілер есебінен 352,0 мың теңге қаржылай көмек көрсетілді.
Құрылыс саласы
2014 жылы аудан көлемінде республикалық, облыстық және аудандық бюджеттерінен 10 әлеуметтік нысан құрылыстарын жүргізу үшін аудандық құрылыс бөліміне 2 656 643,0 мың теңге қарастырылған. Білім беру саласы бойынша 10 нысан құрылыстары өндірістік кестесіне сәйкес жүргізіліп, 7 нысан пайдалануға тапсырылған. Ал, 3 нысан құрылысы 2015 жылға өтпелі.
Білім беру саласындағы құрылыстар. Республикалық бюджеттен 4 нысанға 1 108 438,0 мың теңге қарастырылып, 2 нысан пайдалануға тапсырылған.
Облыстық бюджеттен 2 нысанға және республикалық бюджеттен қаржыландырылған нысандарға қоса қаржыландыруға 625 258,0 мың теңге қарастырылып, 2 нысан пайдалануға тапсырылған.
Аудандық бюджеттен 4 нысанға және облыстық бюджеттен қаржыландырылған нысандарға қоса қаржыландыруға 922 947,0 мың теңге қарастырылып, 3 нысан құрылысы пайдалануға тапсырылған.
Республикалық бюджеттен :
1. Қайнарбұлақ ауыл округі Көмешбұлақ ауылындағы 300 оқушы орындық Көмешбұлақ атындағы № 67 орта мектеп құрылысы. 2013 жылға республикалық бюджет есебінен 200014,0 мың теңге, облыстық бюджет есебінен 20197,0 мың теңге қарастырылып, жалпы 220211,0 мың теңге игерілген. 2014 жылы республикалық бюджет есебінен 192156,0 мың теңге, облыстық бюджет есебінен 21378,0 мың теңге қарастырылып толығымен игерілген. Нысан құрылысы 2014 жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға тапсырылған.
2. Сайрам ауданы Ақсукент ауылындағы 280 орындық балабақша құрылысы. 2013 жылға республикалық бюджеттен 300 893,0, облыстық бюджеттен 10 000,0 мың теңге қарастырылып толымен игерілген. 2014 жылға республикалық бюджет есебінен 15305,0 мың теңге, облыстық бюджет есебінен 25150,0 мың теңге толығымен игерілген. Нысан құрылысы 2014 жылдың 10 қаңтарында пайдалануға тапсырылды.
3. Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы 900 орындық жалпы орта мектебінің құрылысы. 2014 жылы республикалық бюджет есебінен 504187,0 мың теңге, облыстық бюджет есебінен 27500,0 мың теңге қарастырылып толығымен игерілген. Мектепте құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысан құрылысы 2015 жылға өтпелі.
4. Сайрам ауданы, Манкент ауылындағы 600 орындық № 69 Ш.Рашидов атындағы жалпы орта мектебінің құрылысы. 2014 жылы республикалық бюджет есебінен 396 790,0 мың теңге, облыстық бюджет есебінен 27500,0 мың теңге қарастырылып толығымен игерілген. Мектепте құрылыс жұмыстары жалғастырылуда. Нысан құрылысы 2015 жылға өтпелі.
Облыстық бюджеттен:
1. ОҚО, Сайрам ауданы Қарасу ауыл округі Айтеке би ауылындағы 250 оқушы орындық №68 С.Датұлы атындағы шағын жинақты мектептің құрылысы. 2014 жылы облыстық бюджет есебінен 380 641,0 мың теңге, аудандық бюджет есебінен 2500,0 мың теңге қарастырылып толығымен игерілген. Нысан құрылысы 2014 жылы 12 қарашада пайдалануға тапсырылған.
2. Сайрам ауданы, Ақсукент ауылындағы балаларды туберкулез ауыруынан сауықтыру үшін санаторий үлгідегі балалар бақшасы ғимаратын қайта құру. 2014 жылы облыстық бюджет есебінен 143089,0 мың теңге, аудандық бюджет есебінен 1431,0 мың теңге қарастырылып, толығымен игерілген. Нысан құрылысы 2014 жылы 18 қыркүйегінде пайдалануға тапсырылған.
Аудандық бюджеттен:
1.Сайрам ауданы, Құрлық елді мекеніндегі 200 оқушыға арналған Ж.Қауалов атындағы № 51 жалпы орта мектептің құрылысына 2013 жылға аудандық бюджет есебінен 192000,0 мың теңге қарастырылып, толығымен игерілген. Ал, 2014жылы 180091,0 мың теңге қарастырылып, толығымен игерілген. Нысан құрылысы 2014 жылдың 25 мамырында пайдалануға тапсырылды.
2. Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауыл округі, Ошақты ауылындағы 150 оқушыға арналған Құрманғазы атындағы мектептің құрылысына 2013 жылға аудандық бюджет есебінен 223823,0 мың теңге, 2014 жылы 63726,0 мың теңге қарастырылып толығымен игерілген. Нысан құрылысы 2014 жылы 10 қаңтарында тапсырылды.
3. Сайрам ауданы, Жібек-Жолы ауыл округі, Машат ауылындағы № 80 Машат атындағы 200 оқушы орынға арналған жалпы орта мектеп құрылысына 2014 жылы аудандық бюджет есебінен 223 976,0 мың теңге қарастырылған. Бүгінгі күнге 223 976,0 мың теңге игерілген. Барлық блоктардың шатыры жабылған, оқу корпурстарының ішкі сылақ жұмыстары жүргізілуде.Нысан құрылысы 2015 жылға өтпелі.
4. Сайрам ауданы, Көлкент ауыл округі, Теспе ауылындағы № 59 К.Жандарбеков атындағы 200 оқушы орынға арналған жалпы орта мектеп құрылысына 2014 жылы аудандық бюджет есебінен 367 440,0 мың теңге қарастырылып, оның 367 439,205 мың теңгесі игерілген. Нысан құрылысы 2014 жылдың 12 қарашасында пайдалануға тапсырылды.
Бұдан басқа, 2014 жылға аудандық бюджет есебінен 9 нысанның жобалау сметалық құжаттарына 36535,0 мың теңге қарастырылып толығымен игерілген.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық
Ауыз су. Аудан аумағындағы 42 елді мекеннің 41 елді мекені орталықтандырылған ауыз су желілері арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Оның ішінде 9 елді мекен ауыз сумен кестемен қамтамасыз етілген.
Осыған байланысты, 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз етілмеген елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында төмендегі жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда,
Ақсукент ауыл округіне қарасты 3 елді мекенде 2013-2014 жылдарға жоспарланған ауыз су жүйелерінің құрылысына сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Тиісті жұмыстар аяқталған соң, ауыз су тәулігіне 24 сағат берілетін болады.
Арыс ауыл округіне қарасты Қожақорған, Нұржанқорған елді мекендерінде құбырлары ескі жарамсыз, қайта құру жұмыстарын қажет еткендіктен, жер асты су қорын анықтауға ұсыныс берілген. 2016 жылы Жобалық-сметалық құжаттары, 2017 жылы құрылыс жүргізу жоспарлануда.
Қарасу ауыл округіне қарасты Қарасу елді мекені құбырлары, сондай-ақ Қарабұлақ ауылындағы Қарабұлақ елді мекені құбырлары, Құтарыс ауылындағы Қызылжар елді мекені ескіріп тозығы жетуіне байланысты, жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. 2016-2017 жылдар құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Ақсукент ауыл округі тұрғындарын 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2013-2014 жылдары республикалық және облыстық бюджет есебінен қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда:
1.Ақсукент ауыл округіне қарасты, (Жібек жолы көшесінің сол жағы, аудан орталығы) Ақсу-1 елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінің сметалық құны 609027,0 млн. теңге. 2013 жылы 367167,0 мың теңге қаралып, 2014 жылға 236399,0 мың теңге қаралған. Құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды.
2.Ақсукент ауыл округіне қарасты (Жібек жолы көшесінің оң жағы, аудан орталығы) Ақсу-1 елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелерінің сметалық құны 475 566,0 млн. теңгеге құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды.
3.Ақсукент ауыл округіне қарасты, Ақсу ауылындағы Манкент демалыс үйі аумағын және Авгань мөлтек ауданы МКСО, ПМК елді мекенін ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелеріне 2013 жылы 275480,0 мың теңге қаралып, 2014 жылға 62 119,0 мың теңге қаралған. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
4.Ақсукент ауыл округіне қарасты, Ақсу ауылындағы Новостройка мөлтек ауданын және көп қабатты тұрғын үйлер мөлтек ауданын (53үй) ауыз сумен қамтамасыз ету жүйелеріне 2013 жылы 197859,0 мың теңге қаралып, 2014 жылға 305996,0 мың теңге қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға тапсырылды.
Одан бөлек, 2014 жылы аудандық бюджет есебінен 28852,0 мың теңге қаржы қарастырылып, Көлкент ауыл округіне қарасты Қосбұлақ ауылының су құбырлары мен су ғимараттарын ағымдағы жөндеу жұмыстары, Жібек Жолы ауыл округіне қарасты Сиқым ауылының су құбырлары мен су ғимараттарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 29318,0 мың теңге қаржы қарастырылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда, тұрғындарға ауыз су үздіксіз берілуде. Ақбұлақ ауылындағы лас шайынды су жүйелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 12670,0 мың теңге қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Табиғи газ саласы. Бүгінгі таңда аудан аумағындағы 42 елді мекеннің 18 елді мекені табиғи газбен қамтамасыз етілген, ал 24 елді мекен табиғи газбен қамтамасыз етілмеген. Аудан тұтынушыларын табиғи газбен «КазтрансГазАймақ» АҚ-нің ОҚӨ филиалының Сайрам газ бөлімі қамтамасыз етуде.
Осыған байланысты табиғи газбен қамтамасыз етілмеген елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында төмендегі жұмыстар атқарылуда:
1. Қарабұлақ ауыл округі тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылы жоғары қысымды газ құбырларының құрылысына республикалық бюджет есебінен қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Аталған нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарының жалпы соммасы 2080804,0 мың теңгені құрайды. 2013 жылы 218000,0 мың теңге қаралып, 2014 жылға 998503,0 мың теңге қаралған. Нысанның құрылысы 2015 жылға өтпелі. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, 43000 тұрғын табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.
2. «Бейнеу-Шымкент» магистралді газ өткізгішінің Түлкібас ауданындағы 1420 шақырымынан, Сайрам ауданына қарасты Арыс ауыл округі аумағындағы №20 «Жаңақоғам» АГТС (автоматтық газды тарату станциясы) құрылысы және №20 «Жаңақоғам» АГТС құрылысынан Қарабұлақ елді мекені арқылы Көмешбұлақ елді мекеніне дейінгі жеткізуші газөткізгіш құбырының құрылыс» нысаны бойынша 2014 жылға 698 000,0 мың теңге қаралған. Құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысанның құрылысы 2015 жылға өтпелі. Аталған магистралді газ құбырынан 24 елді мекен тұрғындарын 2016-2020 жылдар аралығында табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Жол жөндеу. Жол жөндеу саласында 2014 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 82211,0 мың теңге қарастырылып, 6 көшеге жалпы 7,6 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
2014 жылы орта жөндеу жұмыстарын қажет етіп отырған 13 көшеге аудандық бюджет есебінен қарастырылған 194 561,0 мың теңге қаржы есебінен жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 17 көшені орта жөндеу жұмыстарына республикалық және облыстық бюджет есебінен 338 061,13 мың теңге қаржы қарастырылып, орта жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында 2014 жылы Ақсукент ауылы Жібек жолы және Абылайхан көшесінің қиылысына бейнебақылау орнатуға 8395,0 мың теңге қаралып, орнатылды.
Сонымен қатар, Ақсукент ауылы Сұраншы Батыр - Балуан Шолақ көшесінің қиылысына бағдаршам орнатуға 4500,0 мың теңге қарастырылап, бағдаршам орнатылды.
Жол белгілеріне аудандық бюджет есебінен 1600,0 мың теңге қаржы қарастырылып, аудандық маңызы бар және ішкі шаруашылық автомобиль жолдарының бойларына 100 дана жол белгілері орнатылды.
Энергетика саласы. Аудан тұрғындарын электр жарығымен «Оңтүстік-Жарық Транзит» ЖШС-ның Сайрам аудандық электр жүйелері мекемесі қамтамасыз етуде.
2014 жылы Ақсукент ауылындағы даңадан іске қосылған №93 Абылайхан ЖОМ аумағындағы Рудакий және Ал Фараби көшелеріне Қарабұлақ тас жолына дейін көше бойларына аудандық бюджет есебінен 5500,0 мың теңге қаржы қаралып, көше жарықтары орнатылып, іске қосылды.
Денсаулық сақтау
Бүгінгі таңда аудан тұрғындарына медициналық-санитарлық көмек көрсету барысында жалпы 5 аурухана, атап айтқанда 395 төсек-орындық аудандық орталық аурухана, 130 төсек-орындық Қарабұлақ аудандық ауруханасы, 2 ауылдық аурухана, 100 төсек-орындық аудандық туберкулезге қарсы диспансер және Ақсукент, Қарабұлақ аудандық емханалары, 2 ауылдық емхана, 9 дәрігерлік амбулаториясы, 12 фельдшерлік–акушерлік, 18 медициналық пунктері жұмыс атқаруда .
Тұрғындарға 390 маман-дәрігер, 1530 орта буын медицина қызметкерлері қызмет етеді.
2014 жылдың 12 айында аудан бойынша 6308 бала туылып, бір жасқа дейінгі 48 бала шетінеді, жас нәрестелер шетінеу көрсеткіші 7,6 құрады. Ал өткен жылы 12 айында 8619 бала туылып, 95 нәресте шетінеген, көрсеткіші 11,0 құраған.
2014 ж 12 айда аудан бойынша 5 (2013ж. – 15) вирустық гепатит тіркеліп, көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 2,5 (2013ж. – 4,9), ал өткір ішек аурулары 2014 ж 12 айда 235 (2013 ж.- 333) тіркеліп, көрсеткіші 111,7 (2013ж. – 110,4), алғашқы рет туберкулез ауруымен 70 (2013ж. –109) науқас анықталды, яғни 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулезге шалдығу көрсеткіші 22,2 (2013 ж. – 32,3) құрады.
Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық–техникалық базаны нормативке сәйкестендіру мақсатында, 2014 жылы орталық ауруханаға 113714,0 мың теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алынған.
«Қарабұлақ» аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2014 жылы 23570,0 тенгеге медициналық құрал-жабдықтар алынған.
«Аксукент» Сайрам аудандық емханасы бойынша 2014 жылда 8153,4 мың теңгеге медициналық құрал-жабдықтар алынған.
2014 жылы құрылысы жоспарланған Көмешбұлақ ауылындағы Қасымбек Датқа ауылы «Көмешбұлақ-2» ФАП нысанының құрылыс жұмыстары аяқталған. Нысан қажетті медициналық құрал–жабдықтармен қамтылып, пайдалануға тапсырылған.
Мәдениет және спорт
Қазіргі таңда аудан бойынша 1 аудандық мәдениет үйі, 3 ауылдық мәдениет үйлері, 7 ауылдық клуб, 19 кітапхана жалпы 30 мәдениет ошағы халыққа қызмет етеді.
2014 жылдың қаңтар айынан бүгінгі таңға дейін 24 жоспарлы іс-шараларөз деңгейінде өткізіліп, қосымша 15 іс-шара атқарылды.
Қарамұрт ауылдық мәдениет үйінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 10855,0 мың теңге қаржы қаралып, тиісті жұмыстар атқарылған.
2014 жылы мәдениет саласында облыстық «Біз естімеген бір ән, бір күй» байқауына қатысып, Мырзабеков Жандос 2 орынды иеленді.
Облыста ұйымдастырылған «Мәдениетім-мерейім» атты байқауда Сайрам ауданының өнерпаздары жүлделі 2 орынды иеленді.
Облыстық «Қоңыраулы қошақан» ән- би байқауына Рахимбекова Гүлден қатысып, «Жанар Байғұтиева» атындағы Арыс қаласының арнайы жүлдесін жеңіп алды.
Қазақстан – Шымкент телеарнасының ұйымдастыруымен өткен «Ән салдырған ауылым» атты тележобасына қатысып, ұлттық өнерді насихаттауға зор үлес қосқаны үшін Сайрам ауданының өнерпаздары марапатталды.
«Мерейлі отбасы» Республикалық конкурсына арналған іс – шаралар ұйымдастыру және өткізу, елдің әлеуметтік – экономикалық өркендеуіне үлес қосқан отбасыларының бірі болып Сайрам аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері Ибрагимовтар отбасы марапатқа ие болды
Тілдерді дамыту және ономастика. Барлық ауыл округтері мен салалық бөлімдерде мемлекеттік тілде іс қағаз жүргізудің үлесі 100 пайызға жеткізілді. Тілдерді дамыту мақсатында 19 аудандық байқау, «Тіл жанашырларымен» бірнеше кездесулер ұйымдастырылып, «ELNUR TV» телеарнасы арқылы бейнероликтер көрсетілуде. «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара өткізілді.
«Тіл – достықтың дәнекері» республикалық байқауында Хавасханова Мукаддам І орынды, «Халықтар достығы» университетінің оқу грантын жеңіп алды.Хасан Исмаилов «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты облыстық байқауда 2 орынды, «Үш тілдің үздігі» атты облыстық байқауда «Тілдерді оқыту және дамыту орталығының» ағылшын тілі пәнінен мұғалімі Назерке Құлжабаева 3 орынды иеленді.
«Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндетіл үйренушілердің жалпы саны 162, оның ішінде 87 мемлекеттік қызметші оқыту курсынан өтіп, сынақ тапсырып, сертификат алды.
2013 жылы республикалық ономастикалық комиссияға Сайрам ауданының атынан жолданған 3 ұсыныс республикадан биыл оң қорытындысын алды. Атап айтқанда, № 97 мектепке Сұраншы батырдың есімін беру, №61 Г.Титов мектебіне Сүйерхан Базарбайұлының есімін беру, № 77 Хамза мектебіне Тұран атауын беру туралы ұсыныстары.
Аудан тұрғындарының 18,2 пайызы денешынықтыру және спортпен айналысады. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі 285 спорттық іс-шаралар өткізіліп, аудан спортшылары республикалық, облыстық жарыстарда жүлделі орындардан көрінді.
2014 жылы аудандық бюджеттен 2,2 млн.теңгеге Ақсукентте спорт зал мен жабық футбол алаңының құрылысының ЖСҚ әзірленіп, құрылысына облыстық бюджеттен 2015 жылға 100,0 млн.теңге қарастырылды.
Қоғамдық саяси ахуал. Бүгінгі таңда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде ауданда қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Аудан жұртшылығының бірлігін нығайту, дамыту, мемлекеттік ұлтаралық, дінаралық келісім жөніндегі саясатты жүзеге асыруға үлес қосатын, жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қоғамның қарым-қатынасының тиімділігін арттыру мақсатында Сайрам ауданының әкімі жанындағы «Ырыс алды ынтымақ» қоғамдық Форумы құрылған. 2014 жылда діни топтар арасында ушығу фактілері жоқ. Діни экстремизм-терроризм фактілері тіркелмеген.
2014 жылды қорытындылай келе, атқарылған жұмыстардың оңтайлы нәтижелерін жалғастыру мақсатында, аудан экономикасын одан әрі жандандыру, жаңа кәсіпорындар ашу, әлеуметтік жағдайды жақсарту және халық игілігі үшін атқарылатын жұмыстар өз жалғасын тауып, алға қойған мақсаттар мен межеленген жоспарларды орындау үшін тиісті іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар жүргізілетін болады. Өнеркәсіп пен шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы бюджетке түсетін қаржыларды ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Ал, егін шаруашылығында суды көп қажет ететін тиімділігі төмен дақылдар көлемін қысқартып, оларды көкөніспен, майлы және азықтық өнімдермен алмастыру мақсатында жұмыстар жалғасын табады.
Ең бастысы халықтың әлеуметтік жағдайына назар аудару мақсатында ауыл округтерінде аз қамтылған отбасыларының жұмысқа жарамды мүшелерін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына барынша тарту арқылы, олардың өмірлік деңгейін көтеруге назар аудару жоспарланған.
Алдағы уақытта Елбасы саясатын жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларды мерзімінде, әрі сапалы орындауға және аудан тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуде аудан әкімдігі барлық мүмкіндіктерді пайдаланатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |