Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет11/22
Дата26.05.2020
өлшемі0,93 Mb.
#71199
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Байланысты:
2К Развитие предпринимательства в РК

Өндірістік кооператив. Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметі үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооперативі мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооперативі деп аталады. Кооператив мүшелері екеуден кем болмауы тиіс.

Өндірістік кооперативтің мүшелері кооператив міндеттемелері бойынша жауапты болады. Өндірістік кооперативтің меншігіндегі мүлік, егер кооперативтің жарғысында өзгеше көзделмесе, оның мүшелерінің пайдаларына олардың жарналарына барабар бөлінеді. Өндірістік кооператив өз мүшелерінің жалпы жиналысының шешімі бойынша ерікті түрде қайта құрылуы және таратылуы мүмкін.



Тұтыну кооперативі. Қатысушылардың материалдық және өзге қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың еркін бірлестігі тұтыну кооперативі деп аталады. Заң актілерінде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативіне заңды тұлғалар кіре алады. Тұтыну кооперативінің мүшелері жыл сайынғы баланс бекітілгеннен кейін пайда болған залалдарды қосымша жарналар төлеу арқылы үш ай ішінде жабуға міндетті.

Заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі. Коммерциялық ұйымдар өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жалпы мүліктік мүдделерді білдіру мен қорғау мақсатында өзара, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдармен бірлескен шарт бойынша қауымдастықтар нысанында бірлестік құра алады. Қоғамдық бірлестіктер және өзге де коммерциялық емес ұйымдар, соның ішінде мекемелер осы ұйымдардың қауымдастығына өз еркімен біріге алады. Бизнесті ұйымдастырудың негізгі ұйымдық-құқықтық түрі осындай. Жаңа шарттарда кәсіпорындар әрекеттің кез келген саласын таңдап оны кез келген түрде жүргізе алады. Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалы кәсіпкерліктер құрылуда [3].
Кесте 1

Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің негізі ұйымдық түрлерінің артықшылығы мен кемшілігі[10]




Кәсіпкерліктің түрлері

Артықшылығы

Кемшілігі

Бір тұлғалы жекеленген шаруашылықтар

Ұйымдастырудағы қарапайымдылығы; қызмет жасауының толық еркіндігі; нарықтық саладағы мінез-құлқының икемділігі; қызметінің құпиялығын сақтау мүмкіндігі; барлық табыс табудағы максималды мүдделілігі

капиталды көптеп тартудағы қиындықтар, болған зардаптарға жауапкершіліктің шексіздігі; барлық ұйымдық және басқарушылық іс-әрекеттің біріктірілуінің кажеттілігі

2 Серіктестіктер

басқару бойынша міндет-терді бөлу; қаржы тарту-дағы үлкен мүмкіндіктер; еркін және оперативтік іс-әрекеттің әріптестермен келісу кезіндегі шектеулілігі


әріптестердің өзара өнімсіздігінің ықтималдығы; сенімсіздік арқасындағы әлеуметтік-психологиялық комфортсыздық; әріптестердің өзара келіспеушілігінің арқасындағы бұл түрдің тұрақсыздығы

3 Акционерлік қоғамдар

қосымша капиталды тезірек және кеңірек тарту мүмкіндігі; корпорация қызметі әртүрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі; акционерлердің шектеулі жауапкершілігі

басқарудың тым күрделілігі және оның оперативтілігінің төменділігі; акционерлердің басқаруға катысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі; кәсіби құпияның ашылу мүмкіндігі




  1. Шаруашылық серіктестік - толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.

  2. Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.

  3. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.

  4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.

  5. Ашық және жабық акционерлік қоғам.

  6. Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.

  7. Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.

Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік немесе акционерлік түрде болуы мүмкін. Кооперативтік кәсіпорын ақшалай емес, жеке тұлғаның пайлық негіздегі мүліктік жарнасына және олардың біріккен еңбек қызметтеріне негізделеді:

- акционерлік қоғам түрінің негізіндегі кәсіпорын, акционер меншігінің негізінде қызмет жасайды;

- мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады;

- құрылтайшылар мүлігінің қосылуы негізінде біріккен кәсіпорындар құрылады, яғни оған шетелдердің заңды тұлғасы мен азаматтары да енеді.


Кесте 2

Кәсіпкерлік қызметті белгісіне қарай нысаны мен түріне жіктеу [11]




Ұйымдық-

құқықтық


нысаны бойынша

Шаруашылық қызметінің сипатына қарай

Салалық қызметі бойынша

Меншік

нысаны


бойынша

Картелдер

Синдикаттар

(консорциумдар)

Трестер


Концерндер

Концерн конгломераттар Холдинг компаниялар Акционерлік қоғамдар

(корпорациялар)

Кооперативтер Серіктестіктер



Өндірістік

Саудалық


Делдалдық

Банктік


Сақтандырулық

Инвестициялық

Инновациялық

Инжинирингтік

Венчурлік (тәуекелділік)

Консалтингтік Аудиторлық Трастлық



Өнеркәсіп Ауыл шаруашылығы

Сауда


Байланыс

Көлік


Қаржы-несиелік Мәдениет Өнер Білім Ғылым Денсаулық сақтау

Тұрғын үй шаруашылығы



Мемлекеттік

Қазыналық

Ұжымдық

Жалгерлік

Кооперативтік

Акционерлік

Жекелеген

Аралас (біріккен) Мемлекеттік

кооперативтік Ұжымдық жеке

Мемлекет аралық (біріккен кәсіпорын)


Бір қолға біріккен фирмалар саны мейлінше көп. Тек ғана АҚШ-ның өзінде олардың саны 7 млн. құрайды. Қолдағы қаржы қорының шектеулілігі оларды бірігуге итермелейді. Сөйтіп соның салдарынан әртүрлі серіктестіктер құрылады. Қазақстан республикасы Азаматтық Кодексімен, «Шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы», «Жеке кәсіпкерлік корғау мен қолдау туралы» республика заңдарында кәсіпорын кез келген меншік түрлерінде және оның өзі құрған бірлестіктерде болу мүмкіндігі айқындалған. Қазіргі кезде нарықтық экономикасы дамыған елдерде бірнеше миллиондаған әртүрлі фирмалар қызмет атқаруда. Бұларды көптүрлі белгісі бойынша жіктеу қажет болары анық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет