Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет9/22
Дата26.05.2020
өлшемі0,93 Mb.
#71199
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
2К Развитие предпринимательства в РК

Венчурлік бизнес – инновациялық кәсіпкерліктің бір түрі. Ол әдетте тәуекелді бизнес ретінде түсіндіріледі. Ол жаңа технологиялық ашылулардың бір түрі. Венчурлік бизнес деп - жаңа технологиялар мен техниканы енгізумен айналысатын коммерциялық ғылыми-техникалық фирма, яғни тәуекел капитал салымы. Венчурлік бизнес тәуекелді бөлістіру және қайта бөлістіруге негізделеді.

Меншік түріне байланысты бизнестің қазіргі ұйымдық-құқықтық формалары мынадай түрде қарастырылады:



Заңды тұлға ұғымы. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуы тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.

Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) мұндай мақсат ретінде табыс келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) заңды тұлға бола алады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін. Заңды тұлғаның оқшау мүлкіне қатысты оның құрылтайшыларының міндеттемелік және заттық құқықтары болуы мүмкін.



Шаруашылық серіктестік. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үстіне бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік болып танылады. Құрылтайшылардың салымдары есебінен құрылған, сондай-ақ шаруашылық серіктестік өз қызметі үрдісіне өндірген және алған мүлік меншік құқығы бойынша серіктестікке тиесілі болады. Шаруашылық серіктестікті бір адам құруы мүмкін, ол оның бірден-бір қатысушысы болады. Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік нысандарында болуы мүмкін. Азаматтар ғана толық серіктестіктің қатысушылары және сенім серіктестігіндегі толық серіктестіктер бола алады. Құрылтай шарты мен жарғы шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты болып табылады. Жарғы бір адам құрған шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты болып табылады. Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжатын нотариат куәландыруы тиіс.

Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық, санаткерлік қызмет нәтижесі құқығын қоса алғанда және өзге де мүлік шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салынатын салым бола алады.

Шаруашылық серіктестіктің жоғарғы органы оның қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдер жиналысы) болып табылады. Бір тұлға құрған шаруашылық серіктестіктерде жалпы жиналыстың өкілеттігі оның бірден-бір қатысушысына тиесілі болады. Шаруашылық серіктестікке қатысушылар:

1. құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен шаруашылық серіктестіктің істерін басқаруға қатысуға;

2. шаруашылық серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға және құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіппен оның құжаттамаларымен танысуға;

3. таза табысты бөлісуге құқығы бар;

4. шаруашылық серіктестік таратылған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған серіктестік мүлкіндегі өздерінің үлесіне сәйкес мүліктің бір бөлігін алуға құқығы бар.

Шаруашылық серіктестікке қатысушылардың:



  1. құрылтай құжаттарының талаптарын сақтауға;

  2. салымдарды құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп, мөлшер, әдістер және мерзімдер бойынша салып отыруға;

  3. шаруашылық серіктестік коммерциялық құпия деп жарияланған мәліметтерді жария етпеуге міндетті [8].

Шаруашылық серіктестіктің құрылтайшылары құрылтай құжаттарында көзделген басқа да міндеттерді атқаруы мүмкін. Шаруашылық серіктестіктер заң құжаттарында белгіленген реттер мен тәртіп бойынша қатысушылардың жалпы жиналысының шешімімен шаруашылық серіктестіктің бір түрінен екінші түріне акционерлік қоғамдар немесе өндірістік кооперативтер болып қайта құрылуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет