Пайдаланылған әдебиеттер Кәсіпкерлік



бет1/2
Дата01.03.2023
өлшемі18,37 Kb.
#170624
  1   2
Байланысты:
дара касипкерлик
списко-участников-2го-тура, ауыл шаруашылыған а арналған жерлердің құқықтық режимі, лексус реферат, түркі, OS security management.ru.en

Мазмұны:

Кәсіпкерлік


Дара кәсіпкерлік қызмет
Кәсіпкерлік қызмет субъектілері
Коммерциялық қызмет ұғымы
Пайдаланылған әдебиеттер

Кәсіпкерлікбұл меншік формасына тәуелсіз, азаматтар мен заңды
тұлғалардың, таза кірісті, тауарларға деген сұранысты өз атынан, өз тәуекелі мен өзінің мүліктік жауапкершілігі арқылы қанағаттандыру жолымен алуға бағытталған белсенді қызметі.
Кәсіпкерлік қызмет субъектісі ұғымы Кәсiпкерлiк қызмет субъектiсi - ресми тiркелген, мүлкi бар, оның негiзiнде кәсiпкерлiк қызмет жүргiзетiн, заңда белгiленген құқықтардың тасымалдаушысы болып табылатын және дербес мүлiктiк жауаптылықта болатын тұлға. Сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет субъектісі қызметтің кейбір түрлерімен лицензиясы болған жағдайда ғана айналыса алады. (2015 жылғы 29 қазанда жарияланған Қазақстан Республикасының Кодексін қарап шығуға болады) Субъектілердің түрлері - дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар Дара кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай жүзеге асырады. Дара кәсіпкер мәртебесін алу немесе тоқтату туралы ақпарат арнайы мемлекеттік тізілімде тіркеледі. Жеке тұлға тiркеу үшiн арнайы тiркеушi органға белгiлi бiр құжаттар тiзбесiн және өтiнiш беруi қажет. Тіркеу өтініш берген және өтініш берген сәттен бастап жүргізіледі. Заңды тұлғалар өз атынан азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие бола алатын, сондай-ақ төрелік сотта талапкер немесе жауапкер бола алатын оқшауланған мүлкі бар ұйымдар заңды тұлғалар болып табылады. Заңды тұлғалар өз кезегінде коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарға бөлінеді.
Дара кәсіпкерлік қызмет.
Дара кәсіпкерліктің түсінігі және мазмұны.
Дара кәсіпкердің құқықтық жағдайын ҚР-да 19.06.1997ж. қабылданған «Дара кәсіпкерлік туралы» Заң реттеген болатын. 2006 жылдың 31 қаңтарында «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңы қабылданып жоғарыда аталған заңның және жеке кәсіпкерлікке қатысты бірқатар нормативтік-құқықтық актілердің күші жойылды. Осы заңға сәйкес, дара кәсіпкерлік дегеніміз, азаматтардың өз меншігіне негізделген, соның тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын, табыс табуға бағытталған азаматтардың бастамашыл қызметі. Заңды тұлға құрмастан кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалар дара кәсіпкерліктің субъектісі болып табылады.
Азамат дара кәсіпкерлік қызметті жеке өзі немесе басқа азаматтармен бірігіп жүзеге асыра алады. Қызмет барысында азамат пайдаланатын мүлік оған меншік, ортақ меншік құқықтары немесе иелену мен пайдалануға мүмкіндік беретін басқа құқық негізінде тиесілі болуы мүмкін.
Дара кәсіпкерлік субъектілерін мемлекет тарапынан бақылау, есепке алу мақсатында олар мемлекеттік тіркеуге тұруға міндетті.
Егер дара кәсіпкер жалдамалы жұмыс күшін тұрақты пайдаланатын болса немесе оның жылдық табысы салық салынбайтын жылдық табыс мөлшерінен жоғары болса мемлекеттік тіркеуден өтуге міндетті. Басқа жағдайларда дара кәсіпкер өз қалауынша мемлекеттік тіркеуден өте алады. Бірақ олар кәсіпкерлік қызметпен айналысуға патент алу үшін мемлекеттік тіркеу құжатын ұсынуы тиіс. Яғни, жеке кәсіпкерлікпен айналысатын барлық тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өтуге мүдделі. Тек қана дара кәсіпкерлікпен тұлға жылына 90 күннен аспайтын уақыт айналысып, оның қызметі тұрақты болмаса патент алу қажет емес, және олар мемлекеттік тіркеуден өтпей-ақ қызмет атқара алады.
Мемлекеттік тіркеу кәсіпкерді жергілікті салық органында есепке алу арқылы жүргізіледі. Тіркеуден өту үшін өтініш және тіркеу төлемінің төленгендігі туралы құжат ұсынылады. Бірлескен кәсіпкерлікті тіркеу үшін қатысушылардың барлығы атынан үшінші тұлғалардың және мемлекеттік органдардың алдында өкілдік етуге өкілетті бір тұлға өтініш береді. Тіркеу нәтижесінде кәсіпкерге тіркеу туралы куәлік беріледі және ол мерзімсіз болады. Бірлескен кәсіпкерлікті тіркеу туралы куәлікке оған қатысушы тұлғалардың тізімі тіркеледі.
Дара кәсіпкер өзі өндіретін тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапасы үшін жауапты болады. Сыртқы экономикалық қызметте дара кәсіпкерге жеңілдіктер берілмесе олар заңды тұлғалармен тең дәрежеде болады. Дара кәсіпкер сондай-ақ, өз қызметіне фрмалық атау біре алады. Ол заңға сәйкес қорғалады.
Дара кәсіпкер өз міндеттемелері бойынша жеке мүлкімен, ортақ меншіктегі үлесімен жауап береді.
Жеке тұлғалармен қатар тұлғалар бірлестігі де дара кәсіпкерліктің субъектісі бола алады. Олардың бірнеше түрі бар:
1.Жұбайлардың бірлескен кәсіпкерлігі. Некеде тұрған азаматтар кәсіпкерлік қызметпен айналысқан жағдайда олардың атынан азаматтық айналымда жұбайлардың біреуі екіншісінің келісімімен қатысады. Екінші жұбайының келісімі кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу кезінде бекітіледі, ал мемлекеттік тіркеу қажет емес жағдайда нотариалды куәландыру арқылы бекітілуі мүмкін. Екінші жұбайының келісімі жоқ болған жағдайда некеде тұрған адам жеке өзі өзіндік кәсіпкерлікпен айналысады деп есептеледі.
2.Жай серіктестіктегі дара кәсіпкерлік. Жай серіктестік қатысушылардың арасында жасалатын шарт негізінде құрылады. Оның негізінде тараптар бірлесіп кәсіпкерлікпен айналысу үшін бірігеді. Қатысушылар серіктестікке мүлік, мүліктік құқықтар қосады немесе өз еңбегімен қатысады. Шартта басқаша белгіленбесе қосылған үлестер тең деп есептеледі. Қосылған мүлік пен түскен табыс қатысушылардың ортақ үлесті меншігі болып танылады. Шығындарды өтеу, қызметке қаржы жұмсау тәртібі шартта нақты белгіленбесе ортақ мүлік есебінен жүргізіледі, ал ол жеткіліксіз болса қатысушылар арасында олардың үлестеріне сәйкес бөлінеді. Қатысушылардың бірі басқаларының келісімінсіз өз үлесіне билік етуге, оны басқа тұлғаларға беруге құқылы емес. Қатысушы бірлескен қызметке қатысудан бас тарта алады. Одан басқа қатысушыларға келтірілген шығын толық өтелуі тиіс.
3.Шаруа қожалығының кәсіпкерлік қызметі. Шаруа қожалығы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу, сату мақсаттарында ауылшаруашылығы жерлерін пайдаланумен тығыз байланысты кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Шаруа қожалығына қатысты ҚР-да «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» 31.03.1998ж. қабылданған Заң жұмыс істейді.
Шаруа қожалығы дара кәсіпкерлік, жұбайлардың бірлескен кәсіпкерлігі немесе жай серіктестік нысандарында жұмыс істей алады.
Дара кәсіпкер жалдамалы жұмыс күшін пайдаланатын болса, жұмыскерлеріне қатысты зейнетақы жарналарын, әлеуметтік сақтандыру жарналарын төлеу т.б. міндеттерді орындауы қажет.
Мына жағдайларда дара кәсіпкердің қызметі мәжбүрлі түрде тоқтатылады:
- банкроттық;
- мемлекеттік тіркеу кезінде түзеуге келмейтін заң бұзушылықтар
- болуы себепті тіркеудің жарамсыз деп танылуы;
- лицензияланатын қызметті лицензиясыз жүзеге асыру;
- кәсіпкерлік қызметте заңды бірнеше рет немесе өрескел бұзу.
Сондай-ақ, дара кәсіпкер қайтыс болса, әрекетке қабілетсіз деп танылса, бірлескен кәсіпкерлікте бір ғана қатысушы қалса немесе мүлдем қалмаса, неке бұзылуы себепті мүлік бөлінсе кәсіпкерлік қызмет тоқтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет