Реферат «КӘсіпкерлік қызмет түрлері. ҚҰрылыстағы кәсіпкерлік қызмет.»



бет1/4
Дата01.06.2023
өлшемі38,63 Kb.
#178103
түріРеферат
  1   2   3   4
Байланысты:
Реферат экономика


ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ КООРПОРАЦИЯСЫ
ҚАЗАҚ БАС СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС АКАДЕМИЯСЫ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ТҚ МОДУЛЬІ

РЕФЕРАТ
«КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІ. ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ.»



ОРЫНДАҒАН: АЛТЫНҒАЗЫ М.
ТЕКСЕРГЕН: ДАИРОВА З.


Жоспары

  • Кәсіпкерлік мәні, пайда болу тарихы

  • Кәсіпкерік қызмет және оның түрлері

  • Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру

  • Құрылыстағы кәсіпкерлік

  • Қорытынды

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кәсіпкерлік мәні, пайда болу тарихы

Кәсіпкерлік күрделі де, көп жақты әлеуметтік – экономикалық даму процестерінің ұзақ мерзімді тарихи кезеңінен өтіп келеді. Жүздеген жылдар ішінде кәсіпкерлік қызметтің негізгі нысандары мен көп жақты типтері өңделіп шықты.


Қазақстан Республикасының заңдарында кәсіпкерлікті «Азаматтардың өздерінің (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың (заңды тұлғалардың жеке кәсіпкерлігі) меншігіне негізделген және азаматтардың немесе заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершіліктеріне алынып жүзеге асырылатын азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі» деп қарастырылған.
Кәсіпкерлік – бұл нарықтық экономикада адамдардың меншігіне негізделген, несиеге алынған және басқа да мүдделерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын бастамалық, шығармашылық және басқа да қызметтердің кәсіби түрі, яғни, кәсіпкер өз қызметінің нәтижесіне толық жауапкершілікпен қарай отырып, экономикалық басқару шешімдерін дербес қабылдайды. Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты - табыс табуға бағытталған коммерциялық жетістік болып саналады, ал кәсіпкерлік қызмет тәуекелді қажет етеді.
Кәсіпкерліктің мәні ерте кезден бері әлеуметтік - экономикалық ғылым орталарының назарында болып келеді. Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық- әлеуметтік және мәдени көкейтесті аспектілері кеңестік экономикалық теорияның сыртында қалып қойды.
Қорыта келе, ғалымдар мынадай шешімге келді: «Тиімді кәсіпкерлік қызмет-жеке немесе мемлекеттік болсын – экономикалық дамудың ең тиімді және маңызды көзі болып саналады».
Ағылшын тілінен аударғанда «кәсіпкер» түсінігі, «тәуекел ете отырып кәсіпорынды ұйымдастырушы және басқарушы тұлға ретінде қарастырылған».
Кәсіпкерлік – белгілі бір істі істей білу.
Кәсіпкерлік қызмет – бұл тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында орындалған жұмыс және көрсетілген қызмет.
Кәсіпкерлік ежелден келе жатқан адамдардың іскерлік белсенділігі, қабілеті. Ал оның дамуы орта ғасырдан басталады: көпестер, саудагерлер, қолөнер қызметкерлері. Кәсіпкерліктің алғашқы дамуында кәсіпкер құрал-жабдықтарға иелік ете отырып, өздері сол кәсіпорында жұмыс істеген. Бұл тауарлы өндірістің бастапқы жабайы түрі.
Ресейде, Қазақстанда кәсіпкерлік ерте заманнан дамып келеді. Қазақстанның көшпелі шаруашылық жағдайында кәсіпкерлік кең түрде дамыды. Күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды қолөнершілер, шеберлер қолдан ою жасап, тоқыма тоқып, халықтың сұранысын қанағаттандырып отырды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет