Кәсіпкерік қызмет және оның түрлері
Кәсіпкерлік қызметтің әр түрлі теориялары бір – біріне қайшы келмейді, қайта бір – бірін толықтырып отырады. Қоғамның дамуымен бірге кәсіпкерліктің өзі де дамып келеді, бірақ осы кәсіпкерлік туралы нақты бірыңғай анықтамасы келтірілмеген.
Кәсіпкерлік қызмет – бұл тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында орындалған жұмыс және көрсетілген қызмет.
Кәсіпкерлік қызмет:
-өндірістік;
-коммерциялық;
-қаржылық;
-кеңестер беру болып бөлінеді.
Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен жетістіктері бар.
Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер:
1. өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару;
2. ақпараттарды өңдеу және жинау;
3. рухани құндылықтарды игеру;
4. тұтынушыға жататын басқа да өткізілімдер.
Бұлардың негізгі қолдану өрістері:
өндірістік кәсіпорын және мекемелер;
коммерциялық сауда мекемелері;
тауар – қор биржалары;
банктер мен халықтар.
Өндірістік кәсіпкерлік - ол кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі. Мұнда тауар өндіру, қызмет көрсету жүзеге асырылады.
Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар – ақша қатынастары мен сауда – айырбас операцияларынан тұрады. Бұл тауар мен қызмет көрсетуді қайта сататын орын.
Мұндағы басты мәселелер:
- «нені сатып алу керек»;
- «нені сату керек»;
- «қайда сату керек» деген сұрақтарға жауап іздеу керек.
Қаржылық кәсіпкерлікке сату – сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны, валютаны, құнды қағазды (акция, вексель, облигация, ваучер), яғни ақшаны тікелей және қосымша нысанда сату жатады.
Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты ақша нарығы, валюта және құнды қағаз нарықтары бой көтерді, оларға қатысушылар:
-коммерциялық банктер;
-қор биржалары;
-кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар;
-кәсіпкерлер және жеке тұлғалар.
Кеңес беру кәсіпкерлік қызметі – бұл ой нарығының бір бөлігі.
Кеңес беру қызметіне:
-жалпы басқару;
-әкімшілікті басқару;
-қаржылық қолдау;
-маркетинг;
-ақпаратты технология;
-арнайы қызметтер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |