Сынып сағатын өткізу және оны талдау әдістемесі
Орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі форматы – сынып немсе тәрбие сагаты деп аталады. Соның негізінде окушылар мұғалімдердің басшылығы арқасында өздерін қоршаған өмірге жүйелі қатынасын қалыптастыратын арнаулы ұйымдастырылған тәрбиелік әрекетгерге катысады. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысында сынып сағатының алатын орны өте ерекше. Сынып сағаты – оқушылардың адамгершілік қасиетін қалыптастыруда, өнер саласындағы талгам-тілектерін тәрбиелеуде, адамдар өмірінде кездесетін жағымды-жағымсыз мінез-кұлык, нормаларына, олардағы дұрыс көзкарасты калыптастыруға, елжандылык сезімдерін шындауда, сабақтан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір форматы болып саналады. Сынып сағаттарын өткізу барсында оқушылардың танымдык, белсенділігі артады, оларда іскерлік, дағды касиеттері қалыптасады.
Сынып сағатын ұйымдастыру және өткізу
Сынып сағаты бірнеше бөлімнен құралады:
Кіріспе бөлім – мәселе қою
Негізгі маңызды бөлім – мәселені шешу үшін материалдар
Қорытынды бөлім – мәселені шешу және оның өмірлік маңыздылығын анықтау.
Тәрбие сағатын өткізуде дайындық барысында:
-Оқушылармен бірлесе тәрбие сағатының тақырыбын, мақсатын міндеттерін анықтау;
-Тәрбие сағатының мақсаты, міндеттеріне сай оның мазмұнына қатыста материалдар жинау;
Тәрбие сағатын дайындау және өткізудің жоспарын құру;
Тәрбие сағатының дайындық және өту барысында талқыланып отырған мәселелерге оқушылардың қызығушылығымен белсенділігін оятуда олардың санасына, сезіміне әсер ететін әр түрлі амал – тәсілдерді ойластыру;
Көрнеккі құралдарын, музыкалық шығармалардың таңдау бөлмені дайындау;
Оқушылар, олар ата – аналары; достары кіші және ересек жолдастары, мектеп қызметкерлері, тақырыпты талқылауға қатыста мамандардың қатысу мақсаттылығн айқындай;
Оқушылар ұжымында ашық тәрбие әнгіме, жайма - шуақ жағдай туғызу.
Сынып жетекшісінің тәрбие сағатын өткізу және оған дайындық барсындағы рөлін, орынң анықтау.
Оқушылардың келешек практикалық әрекеттерінде тәрбие сағатынан алынған мағұлматтарын пайдалану және бекіту жолдары мен мүмкіндіктерін қарастыру.
Сынып сағаттарын өткізу формалары:
Айтыс ретіндегі формалар:
Диспут
Талқылау
Конференция
Дөңгелек үстел
Сұрақ және жауап кештері
Шақырылған адамдармен кездесу
Лектори
Сайыс сипаттағы формалар
Конкурс байқау
Викторина
Саяхат
КВН
Пайдалы істердің эстафетасы
Байқау
Парад
Презентация
Турнир
Олимпиада
Шығармашылық формалар
Фестиваль
Көрме
Ауызша журнал
Жандыгазета
Шығармашылық еңбек
Жобалар
Қойылым
Концерт
Ортаға ойын формалары
Рөлдік – ойындар
Сюжеттік – ойындар
Зияткерлік
Психологиялық ағарту формалары:
Мектептен тыс жұмыстарының формалары
Экскурсия
Жарық
Концертке, циркке, театрға бару
Достарыңызбен бөлісу: |