Эпикалық және музыкалық туындылардың өмірге келуі



бет1/3
Дата22.01.2023
өлшемі62 Kb.
#166073
  1   2   3
Байланысты:
Эпикалық және музыкалық туындылардың өмірге келуі


Эпикалық және музыкалық туындылардың өмірге келуі
Музыканың пайда болуы туралы мыңдаған аңыз туған. Ежелгі гректер музыканы Құдайдың құдіреті деп білген. Ежелгі Грекияда театрлық қойылым, жыр кештері алдында музыка ойнап тұрған. Атақты философ, математик Пифагор музыкалық акустикаға негіз салған. Музыкалық терминдердің басым көпшілігі бастауын Ежелгі Грекиядан алған. Гректердің ұлы ойшылдары Платон мен Аристотель де музыкаға ерекше мән берген.
Ежелгі адамдар расымен музыканы ерекше бір тылсым күш деп түсінген. Құстың сайрауы, ағаштың тербелуі, теңіздің толқыны адамдардың қиялын сан-саққа жүгіртіп, музыка Құдайдың құдіреті деген тұжырымға алып келген.
Алғашқы музыкалық аспаптарға зер салсақ, олар алғашқы қауымның еңбек ету құралдарынан аса ерекшеленбеген. Осылайша адам музыканы қарапайым еңбек құралдарының арқасында ашты деуге болады. Хор аң аулау кезіндегі бір топ аңның қылықтары арқасында пайда болған. Хор арқылы әуен пайда болған деген болжам бар. Орфей жайлы грек аңызында, Орфейдің ғажайып әнінің арқасында адам мен жан-жануар ғана емес, ағаш пен тау-тас оған бағынған делінеді.
Музыка – адамды сүю мен жек көруге итермелейтін ғаламат күш. Бұл ой ежелгі грек философтарының санасында мыңдаған жыл бұрын туындаған.
Адамның музыкасыз өмір сүруін елестетудің өзі қиын. «Құлақтан кіріп, бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй». Абай айтқан. Тарих қойнауына көз жүгіртсек, ежелгі адамның тұрағы саналатын Африканың жартас қатпарларында музыкалық аспаптарда ойнап тұрған бабалардың суреті бар. Қазбалардың нәтижесінде 2000 жылдай уақыт бұрынғы аспаптардың табылуы адамзат мәдениетінің тым ежелден бар екенін айқындап тұрған сыңайлы.
Музыка – мәңгіліктің ең керемет символы, адам еңбегі мен талантының, ізденісі мен махаббатының, қайғы-қасіреті мен қуаныштарының жемісі. Әрдайым шындықты сергек сезініп, бірте-бірте дәуір стилін құрайтын тиісті ырғақ пен әуен дағдысын лезде тауып алатын халық музыкасы өмір бойы сол халықтың өміріндегі барлық оқиғаларға үн қосып келді. Сондықтан да ауыздан-ауызға тараған халықтық музыканың түп тамыры, сайып келгенде, соның ырғағы мен тынысында жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет