Эпикалық және музыкалық туындылардың өмірге келуі



бет3/3
Дата22.01.2023
өлшемі62 Kb.
#166073
1   2   3
Байланысты:
Эпикалық және музыкалық туындылардың өмірге келуі

Қазақ музыкасы – өмір шындығын дыбыстық көркем бейнелермен көрсететін музыкалық өнердің ұлттық саласы. Қазақ халқының музыка мұрасы аса бай. Ол музыка фольклоры және музыка тарихы салаларына жіктеледі. Алғашқы салаға суырып салмалық негізде туған эпикалық жанрлар – жыр, толғау, терме, желдірме және лирикалық әндер мен айтыс өнері, екіншісіне көне түркі дәуірінен бергі кезеңдегі музыка үлгілері мен тарихи-мәдени мәліметтер енеді Музыкада да ауыз әдебиетіндегі сияқты тұрмыс-салт әндерінің, еңбек әндерінің, балалар әндерінің болғаны белгілі. Бақсы ойыны, қыздың сыңсуы, жесірдің жоқтауы, жар-жардың айтылуы, жарапазан сарыны белгілі бір жүйедегі сөзіне қоса ән-әуенсіз болмаған.
Ертедегі орхон-енисей жазбалары, орта ғасырлардағы Қорқыт, оғыз еліндегі қобыз культі туралы деректер түркі тайпаларының музыкалық мәдениетінен хабар береді. Одан бергі жерде Әл-Фараби, Ибн-Сина, Әбдірахман Жәми, Дәруіш Әли, т.б. көптеген шығыс ойшылдарының музыка өнеріне қатысты теориялық еңбектері де болған. Фарабидің «Музыканың ұлы кітабы» күні бүгінге дейін ғылыми мәнін жоймаған, әлі де толық зерттеліп болмаған мұра. Мұның өзі қазақ музыкасының бірде шаманизм, бірде зороастризм, бірде ислам мәдениетінің аясында қалыптасып келгенін аңғартады.
Отырардан шыққан ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл Фараби музыка зерттеу саласындағы еңбектерінде музыканың жағымды әсерін жан – жақты дәлелдеді, сондай – ақ оның адамның жан дүниесіне әсер ететін тәрбиелік мәнін баса айтты.
Оның бесаспап орындаушылығы жөнінде музыка зерттеушісі Пернебек Момынұлының айтуынша шығыс халықтарының арасында тарап жүрген мынадай бір аңыз бар; Шығыс патшаларының бірінің сарайында той – думан қызып, бек – патша, бай – манап, қожа – молдалар жиылып үлкен жиын – тамаша құрыпты. Оған Фараби да қатысады бірақ шарап ішіп елірген мас қауым Фарабиға ілтипат жасамайды. Бұған көңілі толмаған Әбу Насыр бір шетке шығып, музыка аспабын қолына алып, аса бір мұңды күй тартады; оның мұңдылығы сонша жұрттың бәрі ойын сауықты тастай салып уайымға беріліп егіліп жылайды; енді бір сәт аса қуанышты, көңілді күйді ойнап жөнелгенде әлгі жұрт бірден еңселерін көтеріп балаша билеп, жын қаққандай сықылықтап күліп, ойнап кетеді; мұнан соң Фараби бір түрлі жайма шуақ бір сарынды, қоңыр ырғақты күйді ойнағанда отырғандар музыка әуеніне елітіп бәрі қалмай ұйықтап қалады. Фараби жайына жүріп кетіпті дейді.
Қазақ музыкасының өзіндік ерекшелігі – синкреттілігі. Поэзия мен музыка мақамның бірлігіне негізделген ән-жырлардың келе-келе дараланып, екі түрлі өнер арнасына жіктелгені мәлім. Бірі – ән өнері, екіншісі – күйшілік дәстүр
Ән – қанатыңды қатайтып, көңіліңді көтереді. Жүректен шығып, жүрекке жетеді. Қазақтың дәстүрлі әндері, әрқайсының да тарихы телегей болған мектептер бар: Арқа мектебі, Жетісу мектебі, Маңғыстау мектебі (Батыс мектебі), Сыр өңірі мектебі. Қоғамдық талғам әр кезеңде өзгеруі де мүмкін ғой, десек те, тағынан түспейтін ән маңызын ешқашан жоғалтпақ емес
XIX – XX ғасырларда айырықша дамыған домбыра күйлері өз кезегінде екі түрлі нақыштық ерекшелігімен дараланады. Бірі – кең ауқымды төкпе, екіншісі – сырлы да өрнекті шертпе күй үлгілері. Әрине, қазақ халқының музыкалық мәдениетін сөз еткенде домбыра күйлерін бұл екі дәстүрмен ғана шектеуге болмайды. Ел арасынан шыққан кәсіби күйшілердің өз үні, өз мәнері, орындау ерекшеліктері бар.
Көшпенді қазақтың көне музыкалық және өмірлік үндеуі осындай болды, ол үнемі жылдан жылға, ұрпақтан ұрпаққа айтылып, түрлі ұлттық музыкалық дәстүрлердің екпінді қызмет істеуін қамтамасыз етеді және ұлы Абайдың әйгілі өлең жолдарын тудырды:
«…Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,
Ойласаңшы бос қақпай елең-селең»
Біршама кейінірек пайда болған халықтың аспаптық музыкасының көне үлгілері – күйлер де өздерінің пайда болу кезеңінде өнердің құдыретті күшін насихаттады. Эпикалық және аспаптық дәстүрлердің пайда болуы халық есінде және аңыздарында аты аңызға айналған әулие – Қорқытпен – алғашқы бақсымен, «күй атасы» және музыкалық аспап – қыл қобызды жасаушысымен байланысты болды. Құрылысы мен бөліктерінің атаулары бақсының түсінігіне тән бүкіл әлемнің 3-деңгейлі моделін (жоғарғы, ортаңғы және төмеңгі әлемдерді) бейнелейтін қобызбен бірге Қорқыт ұрпаққа ұлы мұра қалдырды – қобыздық күйлер – «Қоркыт», «Желмая» (Қасиетті аруананың аты), «Тарғыл тана», «Елім-ай», «Ұшардың ұлуы» және т.б. Олардың жартысы дыбыстық еліктеуіш сипатты болды және тірі табиғат дауыстарын жеткізді, жартысы – тұрмыс, өмір және өлім маңызы туралы философиялық ойлар болып көрінді. Бірақ, барлық шығармаларда бір күйден екіншісіне өтетін және қайта-қайта қайталанатын музыкалық сарындар құлаққа оңай ілігеді, олар қобыз дыбыстарында құдайға, рухтарға, табиғаттан тыс күштерге үнделген қайта тірілген ежелгі дұғаның, өсиеттің, арбаудың сөздері секілді .
Тек XIX ғасырға қарай Қазақстанның кең байтақ жерінде әр түрлі жергілікті кәсіби композиторлық және орындаушылық мектептер қалыптасты, сонымен қоса әр аймақ нақты бір дәстүрдің дамуына жеке «мамандандыруды» ұсынады.
Осылай, Батыс Қазақстан аумағы – домбыралы төкпе күйдің орталық аймағына, ал Сарыарқа аймағы (Орталық Қазақстан)дәстүрлі әннің және шертпе күйдің эпицентіріне айналды. Оңтүстік-батыс аймағы (Қармақшы ауданы, Қызылорда облысы) эпостық суырып салманың бай дәстүрін, ал Жетісу айтыс өнерін – суырып салма ақындарының жарыс өнерін сақтап, байытып келеді. Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Дина, Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Естай, Ыбырай, Нартай, Мәди, Мұхит, Абай, Кенен Әзірбаев есімдері тек қана қазақ музыкалық мәдениетінде ғана емес, сонымен қоса әлемдік музыкалық мәдениеттің тарихында ерекше орын алды. Олардың айқын дара стилімен, ерекше көркем құрылымымен және музыкалық-мәнерлі құралдарының аясымен ерекшеленетін шығармашылықтары – қазақ музыкалық классикасының мақтанышы.
Жоғары өнерді құра отырып, қарапайым халықты «ғажап құпиялыққа» – музыкаға баули отырып, олар қоғамның сүйіспеншілігі мен сыйластығына ие болып, әрдайым көпшіліктің назарының орталығында болды.
Күйші– домбырада, қобызда, сыбызғыда күй орындаушы – музыкант. Күйші жөніндегі алғашқы деректер күй атасы Қорқыт (VII-VIII ғасыр) пен Кетбұға (XII-XIII ғасырлар) есімімен байланысты кездеседі. Күйшілер белгілі аспапқа арналған күйді орындаушы және күй шығарып әрі оны өзі орындайтын сазгер болып екіге бөлінеді.
XIX ғасырдың екінші жартысында өшпейтін классикалық туындыларды шығарған көрнекті қазақ сазгерлері өмір сүрген. Дарынды сазгерлердің туындыларында халықтың азаттық жолындағы күресінің мақамдары, әуені естіледі. Күй құдіретін ұрпағының санасына сіңіріп, өлмес мұра қалдырған қазақтың белгілі күйшілері:
Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) – қазақ аспап өнерінің күйші композиторы. Ол Бөкей Ордасының аумағындағы Жиделі деген жерде өмірге келген. Ұлы күйші өмір бойы әлеуметтік бостандық үшін күрескен. Күйлері халықтың өр еркіндігі, туған жер, шегі жоқ дала туралы болып келеді; Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887) – ұлы күйші композитор, домбырада ойнау өнерінде лирикалық бағыттың негізін қалаушысы. Оның көзқарасының қалыптасуына 1836-38 жылдарында болған көтеріліс ықпал етті. Дәулеткерей Шығайұлының шығармалары өзінің шеберлігі, сергектік қуатымен таң қалдырады. «Қоңыр», «Топан», «Жігер» күйлері композитордың жан толқынысы арқылы сазгердің ойларын жеткізеді; Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862) – көрнекті күйші-композитор, XIX ғасырдың домбыра өнерінің негізін қалаушысы, шертпе стиліндегі күйлердің қайталанбас авторы мен орындаушысы. Тәттімбет Қазанғапұлының 40-тан астам күйлері белгілі. Тәттімбет Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туып өскен. Оның көптеген күйлері аспаптық музыканың дәстүрлі жанрының әзірлемелері болып келеді. 1855 жылы Тәттімбет өмірінде елеулі оқиға болды. Ол Александр II патшаны ұлықтау рәсіміне қатысып, күй тартып өнер көрсеткені үшін күміс медальмен марапатталды; Қаратау күйшілік мектебіндегі негізгі тұлға – Сүгір Әлиұлы. Шертпе күй шебері, қазақтың аспаптық өнерінде өшпес із қалдырған Сүгір өзіне дейінгі Тәттімбет Тоқа, күйлерін жете меңгере отырып, түр, мазмұн, көркемдік жағынан байытып, дамыта түсті. Әйгілі қобызшы Ықылас Дүкенұлын өзіне ұстаз тұтқан; Ықылас Дүкенұлы (1843-1916) – күйші-композитор, қобызшы. Оның 30-дан астам күйлері сақталған. Ол Қорқыттан келе жатқан қобыз өнерін жаңғыртты. Ол елдегі әйгілі аңыздар мен эпостық әңгімелерді көрсететін күйлерді шығарған. «Жезкиік», «Қамбар», «Қазан», «Шынырау»;Дина Нұрпеисова (1861-1955). Дина Батыс Қазақстанда өмірге келген. Тоғыз жасыннан домбырада ойнауды бастаған. Дина – Құрманғазының дарынды шәкірті, көрнекті күйші композитор. Дина көптеген ән үлгілерін шығарған. Өз еңбегі үшін ол Қазақстанның халық әртісі деген атаққа ие болған. Оның «Бұлбұл», «Әсемқоңыр» деген күйлері қазақ музыкасының алтын фондында сақталған; Әбікен Хасенов (1843-1916). Әбікен Қарағанды облысында өмірге келген. Ол талантты актер және композитор. Шертпе күйінің шебері, Тәтімбеттің ойнау тәсілдерін жетілдіре үйренген. «Қоңыр» күйі қазақ өнерінің тарихында ерекше орын алады. Актерлік және сазгерлік шеберлігі үшін Әбікен Қазақстанның еңбегі сіңген әртісі атағына ие болған. Қазіргі заманда күй өнерін халыққа насихаттап, нақышына келтіріп орындаушылар: Академик А.Жұбановтан бастап, С.Мұхамеджанов, М.Қойшыбаев, Х.Тастанов, Р.Омаров, Н.Тілендиев, К.Күмісбеков сияқты Қазақстан кәсіби музыкасының іргетасын қалауға үлес қосқан композиторлардың айшықты шығармаларымен қатар, осы буынға ілесе шыққан М.Әубәкіров, А.Мырзабеков, М.Қалауов, Ә.Есқалиев, С.Балмағамбетов, Ш.Әбілтаев, Қ.Ахмедияров, А.Жайымов, Қ.Тасбергенов, С.Тұрысбеков, т.б. туындылары және С.Құсайынов, Ә.Желдібаев, М.Сыдықов сынды күйшілердің кең тараған күйлері де көпшілік тыңдарманның жоғары бағасын алды. 60-70-шы жылдары еуропалық аспаптық музыканың күрделі жанрларының бірі – симфония жетілдірілді. Оның төңірегінде пішіні бойынша классикалық туындыларға ұқсас композициялар – Г.Жұбановтың, К.Кұжамиярдың симфониялары туылып, жаңа жанрлық синтез – симфониялық күй пайда болды. Ұлттық тыңдармандардың үлкен ықыласы мен сүйіспеншілігіне қазақ музыкасының оркестрлік және хорлық интерпретациялары ие болды. Айырықша үлкен танымалдыққа «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі ие болды. Оның құрамына ғылыми-фольклор Б. Сарыбаевтың жетекшілігімен қайта дамытылған ежелгі, күнделікті қолданыстан кеткен қазақ музыкалық аспаптары кірді. Оркестрдің орындауындағы күй тыңдармандарды батырлардың алып күшті бейнелерімен, атты бәйгелердің шапшаңдығымен, шексіз дала мен ондағы халықтың ұлттық мерекелерінің шаттығының дыбыстық көріністерімен баурап алады. Бұл ұжымды құрып, жетекшілік еткен дирижер, композитор және домбырашы Н.Тілендиев. Жыл сайын біздің егеменді республикамыз шығармашыл дарынды жастарды «Жаңа музыканың күндері», «Жігер», «Алтын алма» фестивальдарында, «Азия дауысы» мемлекеттік байқауында жинайды, ал халық музыканттарын – Халықаралық дәстүрлі музыка фестивалында жинайды. Күннен күнге, жылдан жылға, бұрыңғыдай музыка естіліп, әр түрлі дәуірлер мен ұрпақтарды біріктіріп, өткенді, қазіргіні және болашақты байланыстырады. Республика жұртшылығы дүлдүл әнші Жүсіпбек Елебековтың алдын көрген, Жүсекеңнің талай шеберлігін бойына сіңірген әншінің бірі Жәнібек Кәрменов екенін жақсы біледі. Сол Жүсекеңнің өзі қай бастаудан нәр алды деп ойлап көруге болады. Жүсекең өзі кешегі исі қазаққа аты мәлім асқан әнші Әміренің, дауылпаз ақын-әнші Исаның, өр әнші Мәдидің, сыршыл әнші Әсеттің алдын көрді. Әсіресе, өзінің туған ағасы Жақыпбектің әншілік өнерінен көп өнеге алған. Ал бұл әншілер өз тұсында нар — Кемпірбай, сал — Біржан, сері — Ақан, үкілі — Ыбырай сияқты саңлақтардың көзін көріп, әнін тыңдаған. Халықтың асыл өнерін мәңгілік ететін де осы сияқты ұрпақтардың, өнерпаздардың, олардың өнерінің сабақтастығы. Бүгінгі тыңдаушы Мәдениет Ешекеев, Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов сынды әншілердің өнерін тыңдағанда кешегі ән өнерінің жарық жұлдыздары Біржан, Ақан, Үкілі Ыбырай, Мұхит, Мәди, Әсет, Әміре, Иса, Кенен, Жүсіпбек, Манарбектер салған ғажайып дәстүрдің жалғасы сияқты қабылдайды. 1925 жылы Әміре Қашаубаев Парижде өткен әлем өнерпаздарының концертіне қатысып, күміс жүлдегер атанып қазақ музыкасын әлемге танытты.
Әміренің сол сапарға баруына тікелей араласып, «Қазақтың 1000 әні» атты монографиясын Мәскеуден шығарған, тұңғыш ҚСРО халық артисі атанған ұлты поляк Александр Викторович Затаевичтің (1929 – 1936) «ұлы еңбегі» Еуропа, Азия, Америкаға тарап, қазақ музыкасының жалауын алғаш танытқан болса, аты музыкалық Олимпте М. Плетнев, Г. Кремер, Е. Грач, В. Третьяков, И. Гаврш сияқты әлем жұлдыздарымен қатар тұрған Қазақстанның халық артисі, “Әлем артисі” (ЮНЕСКО, 1998 ж.) мемлекеттік сыйлықтың иегері Айман Мұсақоджаеваның Шығыс музыкасының нәзіктігін, сезімталдығын Еуропаның музыкалық мәдениетінің руханилығымен, көпқырлығымен үндестіріп, ұлттық өнерді әлем халқына танытуы ұрпақ сабақтастығын көрсетеді — Бұл мереке өркениетке жеткен елдердің бастамасынан шыққан тамаша үрдіс! Ұлттық болмыстан алыстаған музыка ұзаққа бармайды. 1 қазан – Халықаралық ән күні болса, күз, музыка, муза… Өте сәтті таңдалған кезең.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет