Эпикалық және музыкалық туындылардың өмірге келуі



бет2/3
Дата22.01.2023
өлшемі62 Kb.
#166073
1   2   3
Байланысты:
Эпикалық және музыкалық туындылардың өмірге келуі
Литература 0 класс четверть Суммативное оценивание за раздел «Пл, Шығыстағы отаршылдық
Эпикалық дәстүр — түркі тайпалары мәдениетінен байқалатын көне құбылыс. Оның туу, қалыптасу кезендері өте тереңге тартады. Осы дәстүр аясында көптеген жанрлар қалыптасқан. Олар әдетте 7-8 буыңды өлшемге негізделіп, халық поэзиясының негізгі қабатын кұрайды. Сонымен бірге эпикалык дәстүрдің макам-саз өнеріне де қатысы бар. Өзінің мазмұны мен мақамдық ерекшеліктеріне байланысты эпикалық жанр бірнеше салаға жіктеледі. Эпикалық дәстүрдің бел ортасында тұратын жанр — Эпос. Қазақ халкының ерте кездерде туып, біздің заманымызға дейін жеткен асыл казыналардың бірі сол. Эпос — тарихта болған, бір кезендердегі каһармандық немесе романдық оқиғалардың желісіне құрылған көлемді туынды. Оның музыкалық мақамы, поэзиялық құрылымына тән көркемдік ерекшеліктері болады. Бүгінде эпос көне, қаһармандық, романдық және тарихи болып төртке жіктеліп жүр. Мұндай бөлініс эпостық жырлардың даму кезеңдерін, қайсысы бұрын, қайсысы соң туғандығын яғни стадиялық қатарын анықтайды.Жанрлық ерекшелігінен бөлек эпостық жырлардың поэтикасы — көркемдік, композициясы ~ музыкалық-мақамдық ерекшеліктері болады. Мұның бірі — әдеби, екіншісі — музыкалық мәселе.Бұдан бөлек қазақ эпосында коммуникативтік — хабарлы, ақпаратты мазмұны болады. Яғни, эпос поэзия мен музыканың бірлігі арқылы көне дәуір оқиғаларын бізге жеткізеді.Ноғайлы дәуірінде қазақтар мен қалмактардың арасы жақсы болмағаны белгілі. Бірде қалмактың Қондыкер дейтін батыры хат жолдап, батыр болса Қарасай мең Қази біздің елімізді шапсын, қорықса өз үйіні қуысын тапсын, деп мазақ етіпті.Бұл кезде Қази жеті, Қарасай сегіз жаста екен. Екеуінің әлі буыны қатып, бұғанағы бекімеген кезі. Қалмактың әлгі сөзін намыс көрген Әділхан сұлтан шағың қолмен қалмақтың еліне аттанады.Қалмақ елінің шегіне жеткенде оларды Қондыкер қарсы алып, үлкен соғыс басталады. Ұрыс кызған ксзде Әділхан сұлтанның астындағы аты сүрініп құлап, өзі қалың қалмақтың ортасында қалады. Олар сұлтанның қол-аяғына кісен салып, терең зынданға тастайды.Әділхан сұлтан зынданда ұзақ жатады. Бір күні оның ішіне қарлығаш ұшып кіреді. Мұны көрген сұлтан өзінің зынданда жатқанын еліне хабарлап, баяғы Қарасай мен Қази тірі болса мені құтқарсын деген ойды қызына жеткізеді. Хатты қарлығаштың қанатына қыстырып, қоя береді.Сұлтанның Ханзия атты сұлу қызы бар еді. Бірде есік алдыңда отырса, тізесіне қарлығаш келіп қонады. Құсты арқасынан сипаған кезде, қанатының астынан хат шығады. Оны оқып мән-жайды білген қыз әкесінің жағдайын анасына жеткізеді. Содан соң Қарасай мен Қазиды іздеуге шығады. Егемен ел атанып, тәуелсіздік туын желбіреткен тұста рухани мұраны, әсіресе қоғамның болмыс-бітімі мен кескін-келбетін бағамдайтын әдебиетті жаңаша саралау – өзекті мәселелердің бірі. Бүгінгі таңда, елдің егемендігі, ұлттың тәуелсіздігі төл туындыларымыздағы заман шындығы мен халық тағдырының көрініс беруі, ұлттық идеяны насихаттауда қазақ қаламгерлерінің қол жеткізген жетістіктерін жан-жақты талдау қажеттігін тудыруда. Тәуелсіздік жылдарындағы әдебиетімізде алдыңғы буын дәстүрі кең көлемде тың ізденістермен толығып, жалғасын тапты. Тақырып аясы кеңіді. Образдар жүйесі жаңа бейнелермен толықты. Өмірге қилы мінезді, алуан келбетті кейіпкерлер келді. Бүгінгі күн тақырыбын көтерген жазушылар адамның ішкі жан әлеміне оның моральдық, этикалық сипаттарына тереңірек үңіле отырып, сан алуан қасиетке ие бейнелер жүйесін жасады. Көп жылғы бойғы көркем әдебиетке күштеп таңылған социалистік реализм әдісінен қол үзген жаңа буын әдебиеті жаңа өріс іздей бастады. Сол ізденістер нәтижесінде тың сипатты туындылар дүниеге келді. 90-жылдары қазақ елі ежелгі арманы тәуелсіздікке қол артқанда, тарихи роман тың серпін танытып, мұның алдындағы туындыларда жеріне жеткізе қазылмаған, аршылмаған көп жаңалық, ақиқаттарды бүкпелемей ашық жазды. Бұл ретте алдымен ауызға алынатын шығарма жазушы Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз» романындағы ежелден еркіндік аңсаған қазақ халқының болмысы шынайы суреттеледі де, халық тарихында қалған батыр тұлғаларымен байланыстырылады. Ел басына күн туғанда етігімен су кешетін ер Қабанбай батырлық пен қаһармандықтың бейнесіндей. Туынды тарихи оқиғаны эпикалық сипатта кеңінен қозғай отырып, көркем тілмен сенімді баяндайды. Романда жазушы қай кейіпкерін де бірнеше қасиеттерімен тоғыстыра көрсетеді. Батыры да, ел басқарған биі де тереңнен толғап, жеріне жеткізе сөйлейтін шешен әрі көреген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет