Билік – бір адамдардың өзгелерінің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне құқықтық нормалардың, беделінің, еркінің, күшінің, мәжбүрлеудің көмегімен нақты ықпал ету қабілетін, мүмкіндігін, немесе субъектілердің объектілерге өз ықпалын жүргізуді айтамыз. Билік туралы түсінік күнделікті өмірде, ғылыми әдебиетте кеңінен қолданылады және әр түрлі сипатта түсіндіріледі. Мәселен,
философтар оны- қоғамдық процестің объективті заңдылығы;
әлеуметтанушылар - әлеуметтік үстемдік пен мүліктік, саяси, мәртебелік теңсіздік;
діндарлар - тәңірінің, жаратушының пенделеріне ықпал ету мүмкіндігі туралы тұжырымдармен түсіндіреді. Билік адамзат пайда болғаннан бастап пайда болған әлеуметтік құбылыс.
Билік ұғымы және оның тұжырымдамалары.
Қазіргі ғылыми әдебиеттерде биліктің көптеген анықтамалары бар. Олардың ең негізгілері мыналар:
1) Бихевиористік анықтама – билікті адамның өзгелерге ықпал етуге арналған ерекше мінез-құлқы ретінде анықтайды.