МАЗМҰНЫ Кіріспе 2 ы
2ЖАЛПЫ ТҮСІНІКТЕМЕ
3Семинар сабақтарының мазмұны
4 Студенттердің өздік жұмыстары
5 Рефераттар тақырыптары
6 Емтихан сұрақтары
Әдебиеттер тізімі
Қосымша Тест тапсырмалары
КІРІСПЕ
Саясаттану атының өзі әйгілеп тұрғандай – саясат туралы ғылым. Саясат әлемі табиғатының сан алуандығы сондай, көптеген ғалымдардың өздері бүгінгі дейін саясаттың не екендігін жайлы біржақты көзқарасқа тоқтала қойған жоқ. Үстіміздегі кезеңде де мемлекет дегеніміз не, оның пайда болуының қайнар көздері қайдан шығады деген сауалдар төңірегінде таластар бар. Зерттеушілер заманымыздың негізгі саяси институттарын айқындау мен олардың қоғамдағы орналасу ретін белгілеуде де әртүрлі пікірлер туралы, саясаттағы билік және элита топтарының түрлерін біріктіреді. Саясаттану өзінің алдына мақсат ретінде студенттерді теориялық проблемалардың кең ауқымымен таныстыру, саяси өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптастыру, саяси үрдістердің белгілі бір мемлекеттер көлемінде немесе ғаламдық тұрғыда қалыптасуы мен іске асу ерекшеліктерін ашып көрсету, нақты саяси ортада іс-әрекет жасау қабілетіне дағдыландыру, қандай болмасын саяси оқиғалар мен құбылыстар жағдайына баға беру тұрғысында қажетті ғылыми ұстанымдарды қалыптастыру, өзінің кәсіби проблемаларын саяси тұжырымдар мен әдістерді қолдану арқылы шешуге қажетті білімдермен қаруландыру; саяси сана сезімді және саяси мәдениетті қалыптастыру; болашақта Қазақстанның қоғамдық - саяси сферасында белсенді болуға талап; арнаулы және гуманитарлық білімдерді үйлестіруге, кәсіби этиканы тудыруға көмектесу. Студенттердің негізгі саясаттану теориялары туралы жалпы білім беру; саясаттану білімдерінің негіздерін үйренумен қатар қазіргі заманғы зерттеулер жүргізудің дағдыларымен таныстыру; саясат, оны жүргізетін кімдер, саясат қандай заңдылықтармен жүргізіледі, саяси институттар мен ұйымдардың ролі мен маңызы, қоғамдық өзгерістер, олардың жіктелуі туралы мәліметтерді толық меңгеру; саяси өмірдің күрделі мәселелермен кезігіп, оларға төтеп беруге, өз әрекетіңізді жоспарлап, дұрыс шешімдер қабылдауға үйрену. Студенттерге ұсынылып отырған әдістемелік нұсқауларда семинар тақырыптары мен қажетті түсініктер, терминдер мен сұрақтар берілген, саясаттану тақырыптарына байланысты рефераттар жазады, оларды қорғайды, өзара пікірлерімен алмасады, олардың тақырыптарының тізімі берілген.
1 ЖАЛПЫ ТҮСІНІКТЕМЕ
1.1 Пән мазмұны: саясаттану атының өзі әйгілеп тұрғандай – саясат туралы ғылым. Саясат әлемі табиғатының сан алуандығы сондай, көптеген ғалымдардың өздері бүгінгі дейін саясаттың не екендігін жайлы біржақты көзқарасқа тоқтала қойған жоқ. Үстіміздегі кезеңде де мемлекет дегеніміз не, оның пайда болуының қайнар көздері қайдан шығады деген сауалдар төңірегінде таластар бар. Зерттеушілер заманымыздың негізгі саяси институттарын айқындау мен олардың қоғамдағы орналасу ретін белгілеуде де әртүрлі пікірлер туралы, саясаттағы билік және элита топтарының түрлерін біріктіреді
1.2 Курс мақсаты: студенттерді теориялық проблемалардың кең ауқымымен таныстыру, саяси өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптастыру, саяси үрдістердің белгілі бір мемлекеттер көлемінде немесе ғаламдық тұрғыда қалыптасуы мен іске асу ерекшеліктерін ашып көрсету, нақты саяси ортада іс-әрекет жасау қабілетіне дағдыландыру, қандай болмасын саяси оқиғалар мен құбылыстар жағдайына баға беру тұрғысында қажетті ғылыми ұстанымдарды қалыптастыру, өзінің кәсіби проблемаларын саяси тұжырымдар мен әдістерді қолдану арқылы шешуге қажетті білімдермен қаруландыру; саяси сана сезімді және саяси мәдениетті қалыптастыру; болашақта Қазақстанның қоғамдық - саяси сферасында белсенді болуға талап; арнаулы және гуманитарлық білімдерді үйлестіруге, кәсіби этиканы тудыруға көмектесу.
1.3 Курс міндеті: студенттердің негізгі саясаттану теориялары туралы жалпы білім беру; саясаттану білімдерінің негіздерін үйренумен қатар қазіргі заманғы зерттеулер жүргізудің дағдыларымен таныстыру; саясат, оны жүргізетін кімдер, саясат қандай заңдылықтармен жүргізіледі, саяси институттар мен ұйымдардың ролі мен маңызы, қоғамдық өзгерістер, олардың жіктелуі туралы мәліметтерді толық меңгеру;саяси өмірдің күрделі мәселелермен кезігіп, оларға төтеп беруге, өз әрекетіңізді жоспарлап, дұрыс шешімдер қабылдауға үйрену.
1.3 Курстың құрылымы
Оқылатын пән 15 лекциялық, 15 семинарлық және 30 СӨЖ сабақтарынан құралады, оның өзінде студенттердің өз беттерімен жұмыс істеуіне ерекше көңіл бөлінген. Оларға әр апта сайын консультация ұйымдастырылады. Семестр бойынша студенттер саясаттану тақырыптарына байланысты рефераттар жазады, оларды қорғайды, өзара пікірлерімен алмасады, диспутқа барады.
1.4 ТалаптарСтуденттер сабақтардан себепсіз қалмауға тиіс, ауырып қалған жағдайда дәрігерлік анықтамалары болуы керек. Әрбір сабақта олар өз белсенділігін көрсетіп отыруы қажет. Ұялы телефондарды дәріс үстінде пайдалануға, кешігуге рұқсат етілмейді. Тест бақылау жұмыстарын жазарда студент өзі жауап беруге тиіс, басқа жағдайда тапсырма ауыстырылады немесе бағасы төмендетіледі.
2 САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
2.1 Саясаттану пәні. Саясат әлеуметтік феномен және зерттеу объектісі ретінде. Саясаттану – қоғам өміріндегі саясаттың ролі және орны, саяси қатынастар, іс-әрекет, институттар, жүйелер және теориялар туралы ғылым. Саясаттану интегративті ғылым ретінде және оның негізгі бөлімдері: саяси әлеуметтану, саяси философия, саяси психология, мемлекет пен құқық тарихы және қолданбалы аспектілері. Саясаттану әдістері: диалектикалық, әлеуметтік, бихевиористік және басқалар.
2.2 Қазақстандағы саяси ойдың дамуы. Қазақ ойшылдығына, шежірешілдігіне, тарихшылдығына ұлттық қасиет тұрғысынан берілген баға. Тарихи тұлғалардың саяси ой-пікірлері. Скиф заманында қазақ даласынан шыққан Анақарсының саяси көзқарасынан туындаған ойлар. Тоныкөк, Қорқыт ата, Әл-Фараби, Асан Қайғы, Жүсіп Баласағұн, Қожа Ахмет Яссауи, Шоқан, Абай, Ыбырай мұралары-қазақтың саяси ой-пікірлерінің кемел арналары. Ел басқарудың тарих сынынан өткен билердің рөлі мен билер алқасының атқарған қызметі. Үш жүздің атақты кемеңгер билері. Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің ой-сана сарайынан шыққан асыл мұралары бүгінгі күннің тыныс-тіршілігімен көп жағдайда сабақтас келетіндігі туралы толғаныс. Билер институтындағы аталған ұлы тұлғалардың алатын орны.
Қарапайым халық ортасынан шыққан билер: Едігенің Шоңының, Шорманның Мұсасының, Тұрсынбайдың Боштайының, Сатыбалдының Қазаңқапының, Өскенбайдың Құнанбайының, Естеместің Есенейінің ой-өрістің, іс-тәжірибенің қайталанбас үлгілері. Қазақ мемлекетіндегі билер басқарудың сабақтастығы Қазақстан Республикасның жер-жерлердегі нақты көріністері мен оның озық тәжірибелері.
2.3 Билік және саясат. Заң шығарушы, атқарушы және соттық билік тармақтары. Саяси биліктің қазіргі заманғы сипатының ерекшеліктері. Атқарушы биліктегі әкімшілік қызметі: егемендікті жүзеге асыру, экономикалық байланыс, коммуникация, әлеуметтік, мәдени-тәрбиелік бағыттарының сипаттамасы. Жоғарғы биліктің субъектісі бойынша мемлекеттердің авторитарлық, тоталитарлық, демократиялық болып, биліктің және оның органдарының құрылымы жағынан: монархиялық, республикалық болып бөлінуі. Территориялық жағынан унитарлы, федерациялы, конфедерациялы болып бөлінетін мемлекеттерді қарастыру. 2.4 Қоғамның саяси жүйесі. Саяси жүйе туралы теория. Саяси жүйе биліктің тетігі ретінде. Саяси жүйенің құрылымы: саяси институттар, саяси қатынастар, саяси ережелер және саяси мәдениет деп бөлінуі.Саяси жүйенің жіктелуі. Ашық және жабық жүйелер. Жүйеге кіріс және шығыс. Қазақстандағы саяси жүйе және оны реформалау туралы көзқарастар. 2.5 Мемлекет – саяси жүйенің ең негізгі институты. Мемлекеттің пайда болу теориялары. Мемлекеттің түрлері, белгілері мен қызметтері. Қазіргі сайлау жүйесі. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет. Қазақстандық жаңа мемлекеттің қалыптасуы.
Достарыңызбен бөлісу: |