Зерттеу сұрақтары:
Сайлау- Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі басталған сәттен халық билігін жүзіге асыратын маңызды институт. Жалпы тең, тура, тікелей негізінде жасырын дауыс беру арқылы Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау құқығын іске асырады.
Сайлау құқығы- 18-жасынан әрбір ҚР азаматы өзінің шығу тегіне, әлеуметтік жағдайына, жынысына қарамастан сайлану және сайлау құқығы.
Қазақстан Республикасындағы сайлауда мажориталық және пропорционалдық сайлау жүйесі қолданылады.
Мажоритарлық жүйе- сайлаушылырдың басым көпшілігі дауысын берген кандидат сайланған болып саналатын сайлау жүйесі. (Мысалы осы жүйе Президентті сайлау кезінде қолданылады:
дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 50-% дан артық дауысын жинағанда;
қайта дауыс беру кезінде басқа қандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланған болып есептеледі.
Пропорционалды сайлау жүйесі Парламент Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде қолданылады. Мысалы ҚР азаматтары саяси партияларға дауыс береді. Әрбір саяси партия жинаған дауыстардың саны квотаға (жеке санға) бөлінеді. Санды бөлу нәтижесінде алынған тұтас бөлік – партиялық тізім құрған тиісті саяси партия алатын депутаттың мандаттар саны болып табылады.
Елдегі сайлау өткізуді ұйымдастырушы мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы.
Сайлау органдары:
республикалық Орталық сайлау комиссиясы
аумақтық сайлау комиссиясы
округтік сайлау комиссиясы
учаскелік сайлау комиссиясы
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, сайлау ұғымын түсіндіре алады.
Сұрақтар:
*Сайлау дегеніміз не?
* Сайлау құқығы дегеніміз не?
* Қазақстан Республикасында қандай сайлау жүйелері қолданылады? 5. Топтық жұмыс.
Төмендегі көрсетілген тақырыптық терминдер мен олардың анықтамаларын сәйкестендіре алады.
Терминдер
|
Дұрыс жауабы
|
Анықтамалары
|
Сайлау жүйесі
|
|
А. Дауыс беру нәтижелерін берілген дауыстың көпшілікті принципімен анықтайтын сайлау жүйесі
|
Пропорцио-налдық жүйе
|
|
В. Мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы
|
Мажоритар-лы жүйе
|
|
С. Өз көзқарасын, саясатын басқа саясатқа, көзқарасқа қарсы қою, қарсы әрекет жүргізу; бір көзқарастар мен әрекеттерді басқаларына қарсы қою
|
Саяси партиялар
|
|
D. Үкімет органдарына ашық сайлаумен байланысты және сайлау тәртібімен айқындайтын қалыпты қоғамдық қатынастардың жиынтығы.
|
Оппозиция
|
|
Е. Сайлауда ұсынған партиялық тізімге сәйкес саяси партия Парламентте депутаттың мандат сайын иеленетін сайлау жүйесі
|
Сайлау жүйесінің екі түрін: пропорционалдық жүйе мен мажоритарлық жүйені Венн диаграммасы негізінде бір –бірімен салыстырып, әрқайсысының кемінде екі айырмашылығы мен екеуіне ортақ ұқсастығын тауып жаза алады.
|