Саяси шиеленіс пен саяси дағдарыстың қандай айырмашылығы бар? 3.12 Саясат және идеология 1 Саяси сана. 2 Саяси идеологияның құрылымы, қызметі және деңгейі. 3 Негізгі әлемдегі идеология түрлері: либерализм, консервативтік, социализм, фашизм. Білуге қажетті түсініктер мен категориялар Саяси сана, идеология, консервативтік идеология, либерализм, социал-демократизм, фашизм, коммунизм, ұлтшылдық(национализм), анархия, медикратия, идеократия, шовинизм, сионизм, антисемитизм, догматизм. Студенттер мен оқытушының өздік жұмысы Саяси сана деген не? Ол қандай қызметтер атқарады? Саяси сананың пайда болуына қандай факторлар әсер етеді? Қоғам мен жеке адамның өмірінде идеологияның маңызы неде? Либералдық идеологияның негізгі қағидалары қандай? Консервативтік идеологияның жағымды жағымсыз жақтарына не жатады? Фашистік идеологияның «өміршеңдігін» немен түсіндіруге болады? Қазіргі таңда социалистік идеология басты орында тұрған елдерді көрсетіңіз? Социал-демократиялық идеологияның ерекшеліктеріне нені жатқызасыз? Коммунистік идеология пайдалы жақтарын атап көрсетіңіз? Қазақстандағы идеологиялық жағдай қандай деп ойлайсыз? 3.13 Саяси мәдениет 1 Саяси мәдениет, оның мәні және қызметтері. 2 Саяси мәдениеттің құрылымы және оны қалыптастыратын қоғамдық күштер. 3 Авторитарлық-тоталитарлық режимнен демократияға өту барысындағы саяси мәдениеттің даму барысы. 4 Қазақстандағы саяси мәдениеттің жағдайы. Білуге қажетті түсініктер мен категориялар Саяси мәдениет, саяси әлеуметтену, саяси фактор, саяси белсенділік, абсентеизм, аполитизм, конформизм, нонконформизм, саяси салт-дәстүр, контрмәдениет, субмәдениет, сана фрустрациясы, экстримизм, компромисс, консенсус. Студенттер мен оқытушының өздік жұмысы Саяси мәдениет түсінігі мен қызметі қандай? Саяси мәдениеттің құрылымының негізгі элементтері не? Саяси мәдениеттің қандай типтерін білесіз? Саяси субмәдениет және оның типтері Қоғамның, жеке адамның өмірінде саяси мәдениет қандай рөл атқарады? Оған қандай мысалдар келтіре аласыз ? Жекелеген елдердің қоғамдық саяси құрылымындағы билікті ұйымдастыру ерекшеліктеріне саяси мәдениеттің қандай ықпалы бар деп ойлайсыз? Қазақстандағы саяси мәдениеттің қандай ерекшеліктерін атар едіңіз? Саяси әлеуметтенудің мақсаты неде? Саяси мәдениет пен саяси әлеуметтенудің арақатынасы, өзара ықпалы қандай? Адам өзінің саяси әлеуметтенуіне қалай әсер етеді? Саяси әлеуметтенудің шегі бар ма? Саясаттану пәнін оқып білудің барысында қандай саяси құндылықтарға ие болдыңыз? 3.14 Адам және саясат 1 Тұлға - саясат объектісі және субъектісі. 2 Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. 3 Жеке адамның құқығы мен бостандығы, құқықтарының жіктелуі. 4 Қазақстан Республикасының Конституциясы мен жалпыға бірдей адам құқығының Декларациясы. Білуге қажетті түсініктер мен категориялар Саясаттану объектісі және субъектісі, билль, АҚШ-тың Тәуелсіздік декларациясы, азаматтық құқық, экономикалық құқық, мәдени құқық, саяси әлеуметтену, адам құқығы, азамат құқығы, абсентеизм, конформизм, нонконформизм, құқық қорғау орындары, құқық диалектикасы. Студенттер мен оқытушының өздік жұмысы «Саясаттың» субъектісі және объектісі деп нені айтады? «Тұлға» ұғымына түсінік беріңіз? Тұлғаның қоғамдық -саяси өмірге белсене араласуының маңызы неде? Жеке адамның қандай құқықтары мен бостандықтарын білесіз? Жеке адамның құқықтары қалай жіктеледі? Тұлғаның саяси қызметінің түрлері (саяси белсенділік, апатия, индиференттілік, бейтараптық, конформизм, нонконформизм) Саяси мінез-құлықтың экстремалды түрлері (көтеріліс, ереуіл, саяси экстремизм ) Қазіргі қоғам қалай жіктеледі, оның өлшемі қандай? Қазақстан Республикасының ұлттық-мемлекеттік жағдайының ерекшеліктері қандай? Қазақстандағы ұлттық саясаттың негізгі бағыттарына не жатады? Адамның құқығы мен бостандығының кепілдігі не болып табылады? 3.15 Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар 1 Жаңаша саяси ойлау және халықаралық қатынастар. 2 Қазіргі кездегі орын алған ғаламдық проблемалар, оларды шешу жолдары. 3 Ғаламдану жағдайында Қазақстанның халықаралық қатынастар жүйесіндегі сыртқы саясатының ерекшеліктері. Білуге қажетті түсініктер мен категориялар Әлемдік саясат, халықаралық қатынастар, әлемдік саяси процесс, ғаламдық проблемалар, халықаралық қауіпсіздік, жаңа әлемдік тәртіп, геосаясат, екіполюсті және бір полюсті әлем, дипломатия, консенсус, декларация, брифинг, коммюнке, доктрина, ұлттық мүдде, ғаламдану, Ұлттық қауіпсіздік, аймақтық интеграция. Студенттер мен оқытушының өздік жұмысы Қазіргі әлемдік саясаттың даму тенденцияларын айқындаңдар. Әлемдік дамудың негізгі қайшылықтары жөнінде не айтар едіңіз? Қазіргі кездегі орын алған ғаламдық проблемалар, оларды шешу жолдары туралы не білесіңдер? БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың әлемдік саясаттағы орны?
Достарыңызбен бөлісу: |