Талқылау Тақырыбы: «Билік саяси феномен ретінде»



бет1/4
Дата05.05.2020
өлшемі21,97 Kb.
#65815
  1   2   3   4
Байланысты:
срс №10


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті


Талқылау
Тақырыбы: «Билік саяси феномен ретінде»

Орындаған: Кенжебаева Дана Нуркеновна


Ақтөбе, 2019


Билік саяси феномен ретінде

Биліктің қызметтері және жіктелуі
Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлық саясат әлемінің мәнін түсініп – білуге мүмкіндік береді. Саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал мазмұны – билік үшін күрес және билікті жүргізу.

Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болады және оның даму барысында бола бермек. Ол ең алдымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Онсыз барлық қатысушы адамдарды біртұтас ерікке бағындыру қиын. Билік адамдар арасындағы қарым – қатынастарды, адамдар, қоғам мен мемлекеттік саяси институттар арасындағы қатынастарды реттеуге міндетті. Ол қоғамның тұтастығы мен бірлігін қолдау үшін керек.

«Билік» деген сөз әр түрлі мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай етіп бөледі: ата – аналар билігі, мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани билік және т. б. Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік – саяси салада ғана айқындалады.

Сондықтан саяси билік биліктің ең басты түріне жатады.

Биліктің басқа түрлерімен салыстырғанда саяси биліктің мынадай ерекшеліктері бар: оның өктемдік сипаты (ол басқа биліктерден жоғары тұрады, оның шешімдерін қалғандары орындайды), оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың ерекше тобының болуы, оның көпшілік адамдардың мүддесін қозғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік органының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке – дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы және т. б.

Саяси билік бар жерде теңсіздік бар. Мұнда біреулер билік етуге құқықты да, екіншілері оларға бағынуға міндетті. Бұл теңсіздік неден туады? Ол үшін саяси биліктің қарамағында теңсіздікті қамтамасыз ететін әдіс – құралдары бар. Оған жататындар:

Экономикалық қор. Қандай саяси билік болмасын оған қаржы – қаражат керек. Мысалы, сайлау науқанын өткізу үшін ондаған миллион ақша жұмсалады. Мемлекет тарапынан бөлінген қаражат жетіспегендіктен шет елдерде үміткерлер жеке бай адамдардың, бірлестіктердің көмегіне сүйенеді. Билеуші аппаратты ұстау үшін қаншама қаржы кетеді. Оның үстіне, әдетте, билік басына келген топ өзінің экономикалық бағдарламасымен келеді.

Әлеуметтік әдіс – құралдар. Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, оның одан әрі өмір сүруіне мүдделі адамдар іздейді. Ондай рөлді ең алдымен оның мәртебелі, абыройлы, жалақысы мол қызметтерді атқаратын, көптеген жеңілдіктермен пайдаланатын қызметкерлерді орындайды. Қазіргі Батыс елдерінде үстемдік етіп отырған саяси билікті сақтауға халықтың көпшілігі мүдделі. Себебі, оларда орта деңгейде тұратын адамдар көп, саяси билік басына келгендер соларға арқа сүйейді, көпшілікті мұқтаждық жағдайға жібермейді, елдерінде әлеуметтік әділеттілік, халықты сақтандыру кең дамыған. Мысалы, зейнеткер жұмыс істеп жүргенде алған жалақысының 90% - ға дейінгісін ала алады, неше түрлі қайырымдылық қорлары жұмыс істейді және т. с. с.

Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекетті қорғайды, ішкі тәртіпті сақтайды, саяси билікті құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкіндік бермейді. Оған жататындар: әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот, прокуратура және т. т. тарихи тәжірибеге сүйенсек, саяси билік оларды өз мақсаттарына әсіресе экономикалық және саяси дағдарыстар кезінде жиі пайдаланады. Оның арнайы дайындалған адамдары болады.

Ақпарат құралдары. Қоғамдық пікір тудырып, саяси өмірге ықпал ету жағынан оны төртінші билік деп те атайды. Кейбір саяси қайраткерлер кім теледидарды бақыласа, сол бүкіл елді бақылай алады деп санайды. Шынында да, олардың мүмкіншіліктері мол. Әсіресе, әрбір үйде радио, теледидар бар кезде адамдар өз елдеріндегі жағдайды ғана емес, дүние жүзінде не болып, не қойып жатқанын көріп – біліп отырады. Ақпарат құралдарының маңызы шын мәнінде сөз, баспасөз бостандығы берілген, оппозициялық партиялар бар елдерде арта түседі.

Ақпарат құралдарымен қатар билікті жүргізуде информациялық қордың да маңызы зор. Білім мен ғылыми мағлұматты алу, оларды тарату бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы орындарға шығуда. Кейбір ғалымдардың (жапондықтардың) айтуынша, информация кімнің қолында болса, 21 ғасырда билік сонын қолында болады дейді.

Саяси билік әлеуметтік институттар арқылы жұмыс істейді. Ол ұйымдар, мекемелер, техникалық, информациялық, адамдық жайттар, қоғадық қатынастарды ұйымдастыру мен реттеуді қамтамасыз ететін ережелер арқылы іске асады.

Биліктің қайнар көзі, бастауына бедел, күш, байлық, заң, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, мүдде, білім және хабарлама ақпараттар жатады.

Билікті жүзеге асырғанда құқық, бедел, сендіру, әдет – ғұрып, дәстүр, амал – айла, қулық, күштеу, зорлау, еріксіз көндіру сияқты әдіс – амалдар пайдаланылады. Оны жүзеге асырудың түрлеріне үстемдік жүргізу, басшылық ету, үйлестіру, ұйымдастыру, бақылау жатады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет