Мен кішкентай кезімнен бері тез есеюді қалайтынмын,бостандықты қалайтынмын. Бостандық дегенде бостандықтың өзі сөз бостандығы,іс бостандығы,таңдау бостандығы және тағы да басқа деп бөлінеді
Байланысты: Speaking notebook task description with rubric (копия) (копия) (копия)
Мен кішкентай кезімнен бері тез есеюді қалайтынмын,бостандықты қалайтынмын. Бостандық дегенде бостандықтың өзі сөз бостандығы,іс бостандығы,таңдау бостандығы және тағы да басқа деп бөлінеді. Соның ішінде менің ең қатты қалайтыным таңдау бостандығы болатын. Сәби кезімнен бастап еркіндік сүйгіш,өз қалауын нақты білетін бала болып өскен болатынмын.
Өсе келе менің ұққаным,әр адам баласы үшін бостандық сөзінің өзіндік анықтамасы бар. Бірі үшін өз өміріне жауапкершілік алып,барынша дамуға мүмкіндік болса,ал енді бірі үшін бостандық шексіз таңдау болып табылады. Ал енді бірі үшін олардың ең қорқынышты түсі болып келеді. Бірақ,осы сөзге анықтама берген әр адамзаттың іс әрекеті,пікірлері өзгеше және қоғамға әрқалай әсер етеді. Бостандықты жауапкершілік ретінде қарастырған адамдар оны 1)білім алуға,дамуға мүмкіндік,2)табысты болуға түрткі деп есептейді. Ал бостандық шексіз таңдау деп тапқан адамдар оны 1)ата-анадан тәуелсіздік,2)ойына келгенін істеуге мүмкіндік ретінде қарастырады. Ал енді бірі бостандықты мүлдем қаламайды. Оларды өмірде шешім қабылдауға шорқақ келетін адамдардың қатарына жатқызсақ болады.
Жаңа айтып кеткен бостандықты дамуға мүмкіндік деп есептеген азаматтар қазіргі кезде шыныменде халықты аузына қарататын жетістіктерге жетіп отыр. Былайша айтқанда,көптің үлгі алатынына тұрарлық,табысты адамдар. Ендігі еркіндік сөзіне шексіз таңдау деп анықтама берген тұлғаларды алайық. Ішімдікке,нашаға,темекіге тәуелді,этика,эстетикадан жұрдай азаматтар. Ненің дұрыс ненің бұрыс екенін ажырата алмай жүрген,жүрегінде иманы жоқ адамдар. Кейде осы таңдаудың арбауында кетіп дәстүрлі емес ориентациядағы жүрген ұл,қыздарымызды көреміз. Келесі,бостандық алғысы келмейтіндер туралы айта кетсек,өмірде өз орнын таппай,адасып жүрген жұмыссыздар. Мен айта кеткен адамдардың үш жіктелісі қоршаған ортаға әртүрлі әсер етеді. Мысалы,жетістікке жеткендер қоғам мен экономикаға жақсы жағынан әсер етіп жатса,жаңағы нашақор,ішімдікке тәуелділер,өздерін әлі танымағандар айналысына тек зиян келтіреді. Сондықтанда,біз өзімізге бостандық сөзінің дұрыс жағынан әсер етіп,дамуымызға түрткі болатын,айналамызға пайда бере алатын анықтамасын қарастырып көрейік.
Бостандық сөзіне ғасырлар бойы әртүрлі ғалым-ғұламалар өзіндік анықтама берген болатын. Атақты неміс философы Фридрих Гегель еркіндік ұғымына рухтың тыныштығы деп анықтама берген болатын. Ал белгілі сақ шешені Анахарсис Скифский бұл ұғымға өз қалауымен,өз заңдарымен өмір сүру деген анықтама беріп кеткен болатын. Ендігі,менің ойымша баршаңызға таныс шығыс философ ғұламасы Абу Насыр Аль Фарабидың еркіндік сөзі туралы не айтқанын қарайық. Ол үшін “Ең тамаша әрекет - бақытқа қол жеткізетін еркіндік” болған екен. Сонымен біз,бостандық сөзінің үш негізгі анықтамасын анықтап алдық. Енді,осы пікірлерді тереңінен қарастырып көрсек.
Бірінші,Гегель өз сөзінде бостандықты рухтың тыныштығымен байланыстыратынын нақты айтып өткен болатын. Алайда,рухтың тыныштығы деген не?Осы мәселеге тоқтап өтейік. Рухтың тыныштығы ол жанның тыныштығы. Адамның ниеті,іс-әрекеті үйлесім тапса,демек сол адам жанның тыныштығына қол жеткізді деген сөз. Бұл ұғымды да дұрыс жағынан түсіну керекпіз. Рух тыныш болса екен деп бұрыс ағымға түсіп кетуге де болмайды. Бұрыс жолда жүрген нашақорлар,имансыздар осы ұғымды дұрыс жағынан түсінбеген болса керек. Сондықтан да,әрбір айтылған сөз бен пікірді дұрыс жағынан ұғуға қабілетті болуымыз қажет. Өзі үшін ненің дұрыс,бұрысын білмеген адам көпке бармайды. Мысалы, нақты жоспарсыз,картасыз шыққан турист білместікпен бұрыс жолға түсіп кетуі мүмкін. Сол секілді,оң мен соңын білмеген адамның тура жолдан таюы оп оңай ақ нәрсе болып келеді. Сол үшін де,алдымен не дұрыс,не бұрысын өзіңіз үшін анықтап алған жөн.
Келесі сөз ол Анахарсис Скифовскийдің еркін адам туралы пікірі. Оның ойынша “Еркін адам-өз қалауымен,өз заңдарымен өмір сүретін адам”. Ия,әр адамның өз пікірі,өз принциптері мен қалаулары болу қажет. Алайда,әрбір заттың өзіндік шегарасы болу қажет. Мен еркінмін,мен не істесемде өзім білемін деген қате пікір. Өзіңіздің өмірлік қағидаларыңыз бен заңдарыңызға шолу жасаңыз. Егерде,шектен шығатын,өзіңізге не өзгеге кішкене де болса зиян келтіретін қағида тапсаңыз,сол қағиданы өзгертуге немес қайта қарастыруды ойлап көріңіз. Мысалмен қарап көрейікші,бір шіріген алманы қалған таза алмалардың ортасына қойсаң,біраз уақыттан кейін басқа да алмалардың шіри бастағанын байқайсың. Өте жағымсыз көрініс,солай ғой? Сондықтанда,өзіңді де өзгені де шірітпеуге тырысу керексің. Қоршаған ортамызға барынша зиян келтірмеуге ұмтылайық.
Ал енді,мектеп кезден бастап есімі жадымызда жатталып қалған орта ғасырларда өмір сүрген философ Абу-Насыр Аль Фарабидың бостандық ұғымына пікірін қарастырайық. “Ең тамаша әрекет-бақытқа қол жеткізетін еркіндік”. Аль Фараби атамыз мұнымен не айтқысы келді?Түсінген адамға өмірінің соңына дейін азық болар алтын сөздер. Еркіндік әрқашанда бақытқа алып келе бермейді. Кейбір жағдайда бақыт алып келсе,кейде еркіндіктен айырылуына дейін алып келеді. Еркіндік алғаннан кейін,адамның оны қай жағынан қолданатына байланысты оның болашағын айтса болады. Өз болашағын жарқын,айқын ете ме,әлде өз өзін тығырыққа тірейді ме. Егерде,адам өзін барынша дұрыс жолға салуға тырысып,дамуға деген ұмытылыс танытса болашақта табысты әрі қоршаған ортасына көптеген пайдасы тиген құрметті азамат болатыны айдан анық.Мысалы,жаңа мен айтып өткен бұрыс жолға түскендер,еркіндікті бақытқа әкелмейтін іс-әрекеттерге қолданғаны болса керек. Өз өмірлерін өздері құртып,кейінгі өмірін ойламаған болса керек.
Қорытындылай келе,адам баласы еркіндік сөзіне ең алдымен дұрыс жағынан анықтама бере алуы керек. Мен талқылып өткен ұлы адамдарыңдың сөзін барынша өзіңе немесе қоршаған ортаңа пайда алып келетіндей жағынан түсіну керек. Әр адамның өмірі өз қолында. Құрметті азамат бола ма?Қоғамға жүк бола ма? Өздерінің шешімі. Алайда,өз өзін жаманнан тиып,жақсыға ұмтылатын адамдар - ең мықты адамдар. Еркіндік - ол адам таңдауы,сол таңдауды дұрыс жасауға барынша тырысайық.