Технологиялық карта 04. 09. 2012 ж. Білім беру саласы: Қатынас Тақырыбы



Дата11.01.2017
өлшемі37.31 Kb.
Технологиялық карта 04.09.2012 ж.

Білім беру саласы: Қатынас

Тақырыбы: Менің отбасым /сурет бойынша әңгімелу/

Білім көздері: Тіл дамыту

Мақсаты: Суретке қарап әңгіме құрауға болатыны жөнінде алғашқы түсініктерін

қалыптастыру. Отбасы мүшелерін атай білуге үйрету.Сөздік қорларын молайту

Отбасы адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Қостілдік компонент. Отбасы - бір үйдің ішіндегі адамдар,семья

Іс-әрекет бөлімдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті

Ынталандыру, сезімді ояту.

Шаттық шеңбері.

Біз ақылды баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Үлкенге де, кішіге

Сәлем беріп тұрамыз.


Балалар шеңбер жасап тұрады.
Өлең сөзіне қарай қимыл әрекет жасайды

Ізденістер, ұйымдастыру.

Қостілдік компанент

Сурет бойынша әңгіме

Саусақпен ойын

Сергіту сәті


-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзде күн қандай болады? Сендер күзде қандай киім киесіңдер?



Күз.

Күзім-ау, күзім-ау

Мінезің бұзық-ау.

Жаңбырың сіркіреп,

Келгенің қызық-ау.

-Күзде жаңбыр көп жауады, жеміс-жидектер піседі.(алма, алмұрт,қара өрік т.б)

Бүгін отбасы туралы сурет бойынша әңгіме құрастырамыз.

Отбасы-бір үйдің ішіндегі адамдар.

Отбасы-семья

Отбасы туралы сурет бойынша әңгіме құрастыру

Суретте бір отбасы адамдары –ата, әже, әке, ана, аға, әпке және үйдің кішкентайы сен бар.Мына суретте әжесі тоқыма тоқып отырса, атасы газет оқып отыр.Ал әкесі жұмыстан келіп телевизор көріп, демалып отыр.Мамасы оларға тамақ дайындап жатыр.Ал балалары не істеп жүр?

Әрине кішкентайы ойнап отыр, ал үлкендері сабаққа дайындалып отыр.Олар бір-бірін өте жақсы көріп, бір-бірін сыйлап жүретін отбасы екен.Үйдің ішін шашпай, ойнап болған соң ойыншықтарын өз орнына жинап қояды екен.Сендер де өз ойыншықтарыңды, киімдеріңді үйде жинап қоясыңдар ма? Ал сендер өз үйлеріңнің адамдарын жақсы көресіңдер ме?



Саусақ арқылы отбасы адамдарын атату.

Мынау менің атам,

Мынау менің әжем.

Мынау менің әкем,

Мынау менің анам

Мына кішкентай мен.



Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан самал еседі

Кіп-кішкентай ағаштар

Биік болып өседі.

Тақтаға ілінген сурет бойынша жеке-жеке шығарып әңгімелету.

Кейбір балаға көмек көрсету. Әр отбасы адамдарын атап қайталату.(тілдерін жаттықтыру)

Ата-әжелеріңді, папа-мамаларыңды, әпке-ағаларыңды сендер де сыйлаңдар, оларды жақсы көріңдер.Сонда сендер әдепті жақсы бала боласыңдар.



Күз

Күн салқын болады

Біз қалыңдау киіндік.
Балалар қайталайды

Суреттерінен таниды

Суретін қарап қызықтайды

Балалар жауабы


Өлең сөзіне қарай саусақтарын көрсетіп, отбасы адамдарын атап әрекет жасайды

Сергіту сөзіне қарай қимыл жасайды
Өз отбасы адамдарын атайды
Жеке-жеке атайды


Релаксация

Өзін-өзі бағалау

Көздерін жұмып өз отбасы адамдарын көз алдарына елестету. ( көздерін ашқызып, кімді көргендерін сұрау)

Балалар, бүгінгі сабақта не білдік?

Сендер өз отбасы адамдарын жақсы көресіңдер ме?

Балаларды мадақтап, сабақты аяқтау



Балалар жауабы

Балалар жауабы

Балалар жауабы



Күтілетін нәтиже:

Нені білді. Отбасы адамдарын атауды білді.

Түсінуі керек. Отбасы адамдарын сыйлап жақсы көру керектігін түсінуі керек.

Каталог: uploads -> doc -> 0741
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0741 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Сайрам» №114 жалпы орта мектеп Шығармашылық есеп


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет