Тренинг сабақ.
Өткізілген уақыты:
Тобы:
Тақырыбы: «Танысу ойындары»
Мақсаты: Балаларды бір-бірімен жақын таныстыру.
Қарым-қатынасқа өзін еркін сезінуге үйрету. Ішкі
эмоциялық тежеуіштерге түрткі салу.Ырықты зейінді
дамыту.
Құрал- жабдық: доп, сурет.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалармен сәлемдесу.
Көңіл-күйлерін сұрау.
Балалар дөңгеленіп тұрады.
Ойын ережесі:
- бір-бірін тыңдау,
- уақыт үнемдеу,
- достық қарым-қатынас
- жағымды эмоция тудыру
Ойынның барысы:
Психогимнастикалық жаттығу.
а) «Кім шапшаң?» Көңілді әуен ойналады.
Балалар жүргізушінің жасаған қимылдарын тез әрі дұрыс қайталауға тырысады.
ә) «Кері қимыл» Енді жүргізушінің қимылына кері қимылдар жасалады. Жаттығулар кезінде өзін тежеп еркін ойнамаған балаларға көңіл аударып, оларды мадақтап жаттығуға қатыстыруға тырысамыз.
Ойындар
а) «Мен кіммін?» Балалар шеңбер бойында отырып өзінің қалаған адамына кезектеп доп тастайды. Допты қағып алып бала өзінің есімін атайды.
ә) «Көршілерім кім?» Екінші айналымда допты қағып алған бала өзінің оң және сол жағындағы балалардың есімін айтады.
б) «Не ұнайды, не ұнамайды?» Жүргізуші қолындағы допты сағат тілі бағытында әрбір балаға тастайды. Допты алған бала өзіне ұнайтын, не ұнамайтынын айтады.
Мысалы: « Ән айтқан ұнайды, төбелескен ұнамайды» т.б.
Қорытынды: Балалар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап, бір-бірлеріне жақсы көңілдерін білдіреді. Әрбір бала қысқаша бүгінгі сабақта өзіне ерекше әсер еткен жағдайды айтады.
Тақырыбы: Көңіл – күй.
Мақсаты: Көңіл- күйлерін көтеруге, топтасып жұмыс істеу
жүйесін әрі қарай дамыту.
Құрал-жабдық: доп, сандықша.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалармен сәлемдесу.
Көңіл- күйлерін сұрау.
Орындыққа қатар отырғызу.
Тренинг ережесі:
- бір-бірін тыңдау
- уақыт үнемдеу
- жағымды эмоция тудыру
Сабақ барысы: Жаттығулар:
Күлу
Қатар отырғандар бір-біріне қарап, шын көңілмен жадырап күлу.
Алақанымызды ысқылаймыз (1-2 мин) (Дәмді тамақ ішкенде, өте сәтті күннен кейінгі әдемі көңіл-күйді еске түсіру)
Қалықтау
Орындықта отырып, қолды тізеге қойып, көзді жұмып, кеудені жоғары көтеріп дем аламыз, демімізді сәл ғана ұстап, енді кеудені барынша төмен түсіріп
Жағымды көңіл-күй қалыптастырайық
Тренинг мақсаты: Бір-біріне деген достық қарым-қатынас қалыптастыру, сипап сезу қабылдауын дамыту.
Тренинг ережесі:
белсенділік таныту
достық қарым-қатынас
жағымды эмоция тудыру
Барысы: Залда еркін сезіну, айтқан тапсырмаларды орындау керек. Жұптасып тұру. Жұптасып тұрғаннан кейін тапсырма беріледі.
Бір-біріңнің қолдарыңды қысыңдар
Иықтарыңды иықтарыңа тигізіңдер
Бастарыңды бастарыңа тигізіңдер
Аяқтарыңды аяқтарыңа тигізіңдер
Қолдарыңды қолдарыңа тигізіңдер
Арқаларыңда арқаларыңа тигізіңдер
Бір-біріңізді құшақтаңыз
Бір-біріңіздің қолдарыңызға қолдарыңыз тигенде қандай күйде болдыңыздар?
Бір-біріңізді құшақтағанда қандай күйде болдыңыздар?
Бұл тренинг сіздерге не берді?
Бір-бірімізді қолдап, көмек көрсетіп, жағымды көңіл-күй қалыптастырып, достық қарым-қатынаста бола білейік!
Психологиялық тренинг
Тақырыбы: Мен ғажайыппын.
Мақсаты: Педагогтардың эмоцияналды және көңіл – күйлерін
көтеруге, ұжымдық жұмыс істеу жүйесін әрі қарай
дамыту.
Эпиграф: « Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып
тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан
қартаямыз».
Бернард шоу
Қатысушылар: педагогтар.
Жұмыс түрі: топтық жұмыс.
Жоспар:
Жаттығу «Хор»
Мен ғажайыппын (педагогтардың әр түрлі көз қарасын
анықтау»
Арт-терапиялық жаттығу. «Кезекпен сурет»
Жаттығу «Комплимент»
Қорытынды.
Жүргізуші: Біз барлығымыз биікте ғажайып болғымыз келеді.
Ал енді осы «ғажайып» дегеніміз не? Біз бүгін осы ғажайып сөзін педагогикалық тұрғыдан қарап көрейік. Енді барлығымыз «Ғажайып» сөзіне ұқсас бір-бір сөзден айтып көрейік.
Психологиялық тренинг
« Доп лақтыру»
Мақсаты: Тренингке қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру,
сергіту.
Тренинг барысы:
Допты бір-біріне лақтыра отырып, жақсы тілектер айту.
келгендеріңізге қуаныштымын
балаларыңыз бақытты болсын !
балаларыңыз аман болсын !
балаларыңыз үлкен биіктерден көрінсін! т.б.
Қорытынды:Көңіл-күйлеріңіз көтеріліп, сергіп қалған боларсыздар. Қатысқандарыңызға рахмет!
Мақсаты: Ұжымда жағымды психологиялық ахуал
қалыптастыру. Айналамыздағы адамдар-
мен қарым-қатынасымыз қандай, олар кім-
дер, біз кімбіз, өзімізді өзіміз танимыз ба?
деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның
адами көзқарасын анықтау.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер.
Нақыл сөздер: « Адамды адам еткен - еңбек»
Психолог: Құрметті ұжымдастар!
Біздің балабақшада еңбек етіп жүрген қызметкерлер бар. Осы орайда олардың өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек қажет. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететіндеріңізге сенімдімін.
Балабақшамыздың қоғамдық өмірінде де алатын орны, атқаратын ролі ерекше. Сондықтан қызметкерлеріміздің ауызбіршілігін тудыру, көппен жұмыс істей білудің маңыздылығын, ерекшелігін айқындай түсу үшін «ҰШҚЫР ОЙМЕН СЕРГЕКПІЗ» тақырыбында тренингімізді бастаймыз.
Сіздерге сәттілік тілеймін.
«МЮНСТЕРБЕРГ» әдістемесі
Көп әріптер ұзыннан ұзақ жазылған, солардың ішінен сөздерді тауып сызу керек. Уақыт шектеулі, яғни, бір минут ішінде кім қанша сөз табады. Мұндағы мақсатымыз зейіндерін анықтау.
Аашпгоппартаивнртертерезевнаапташыопккарталыгксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақинакпотактагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдәптершввр ...
ІІ. «6 ТҰЛҒАЛЫҚ ФАКТОРДЫ АНЫҚТАУ».
«ТҰЛҒАЛЫҚ ФАКТОРДЫ АНЫҚТАУ».
1-нші ,2-нші, 3-нші, 4-інші, 5-ші шаршыға өзіңнің қалаған суретіңді сал. Ал 6-шы шаршыға пілдің суретін сал.
Қорытынды:
Адамның қызушылығын анықтайтын фактор:
егер кіші шаршының ішіне сурет салса, қызығушылығы өзіне бағытталған,
егер үлкен шаршыға салса, қызығушылығы адамдарға бағытталған,
Адамдармен қарым – қатынасын анықтайтын фактор:
-егер шаршының ішіндегі екі сызық қосылса, онда ашық қарым-қатынаста болғаны,
-егер екі сызық қосылмай сырт қалса, тұйық қатынаста.
3. Бейімделушілігін анықтайтын фактор:
-егер суреттің жиегі доға түрінде салынса, онда тез
бейімделеді,
-егер суреттің жиегі бұрыш немесе түзу сызық түрінде
салынса, онда бейімделе алмайды.
4. Мақсат көздеушілігін анықтайтын фактор:
-егер нүкте суретке қатысты болса , онда мақсат көздей
алмайды,
-егер нүкте суреттен тыс қалса, онда мақсат көздей
алады
5 . Адамның энергиясын анықтайтын фактор:
-шаршыға екі сызық қосылса, энергиясы жоғары,
-егер екі сызық қосылмаса, энергиясы төмен.
6. – Лидерлік қабілетін анықтайтын фактор:
-егер сурет кіші шаршының ішіне салынса, онда лидерлікке
ұмтылмайды,
-егер сурет үлкен шаршыға салынса, онда лидерлікке
ұмтылады
-егер шаршы суреттің бір элементі болса, онда ол адамда
диктаторлық қабілеттің болғаны,
ТРЕНИНГ «БАТБАҚТАН ШЫҒУ»
тренинг « Аң, жәндік »
1. 1.
2. 2.
3. 3.
4. 4.
5. 5.
6. 6.
7. 7.
Бірінші қатарға ұнайтын аңдардың атын жазасыз.
Екінші қатарға ұнайтын жәндіктердің
Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар
« Қуыршақты сипатта »
Балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алу ұсынылады ( 1-минут)
Мысалы: қуыршақ.
Қуыршақ түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы керек.
Қуыршақты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргенде түр-түсі, пішіні көлемі, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап әңгімелеп беруді талап ету.
Қуыршақты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.
Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар
« Қуыршақты сипатта »
Балаларға қолындағы ойыншықты мұқият қарап алу ұсынылады ( 1-минут)
Мысалы: қуыршақ.
Қуыршақ түрлі-түсті және бөліктері бірнешеу болуы керек.
Қуыршақты жасырып, балалардан сол ойыншықты көргенде түр-түсі, пішіні көлемі, дене бөліктерін есінде сақтағанын сипаттап әңгімелеп беруді талап ету.
Қуыршақты дәл, нақты сипаттап берген бала ойынды әрі қарай жалғастырады.
Жаттығу «: Кім байқағыш және назар аударғыш?»
Мақсаты: Баланың зейін және байқағыштық қабілетін дамыту.
Ойынның барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. «Сәлемдесу».
Балалар екі / сыртқы және ішкі / шеңбер құрып тұрады.
Бір – біріне бұрылып , бас изеп сәлемдеседі.
Бір – бірімен құшақтасып амандасады.
Бір – біріне жылы сөздер айтады: мен сені жақсы көремін,
сен қандай әдемісің, т.с.с...
2.Балалардың біреуі жүргізуші болады. Ол балалардың киімі мен отырыстарын есіне сақтап бөлмеден шығуы керек. Осы уақытта балалар өздерінің отырыстары мен киімдеріне 5 - өзгешелік енгізулері қажет. Әрбір баладан емес , барлығы 5 - өзгешелік болуы керек. Осыдан кейін жүргізуші келіп өзгерген өзгешеліктерді орындарына келтіруі қажет.
Егер жүргізуші барлық 5 - өзгешелікті тапса, онда балада жоғарғы деңгейдегі зейін мен байқағыштық басым болғаны.
Ойын – жаттығулары баланың жас ерекшелігіне және қабілетіне сәйкес түрлендіріліп өткізіледі.
Психологиялық ойын
Мақсаты: Баланың зейін және қабылдау қабілетін
дамыту.
Ойынның барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. «Сәлемдесу»
Балалар шеңбер бойымен тұрады.
Бір – біріне бұрылып бас изеп, сәлемдеседі.
Бір – бірімен құшақтасады, жылы сөздерін айтады.
« Құлақ - мұрын»
Балалар шеңбер бойымен тұрады.
Жүргізуші: «құлақ» - деп мұрнын ұстайды, ал
«мұрын» - деп құлақты ұстайды. Ал балалар «құлақ»
дегенде құлақты, «мұрын» дегенде мұрындарын
көрсетулері керек. Жүргізуші балалардың зейіні мен
қабылдауын тексеру мақсатымен оларды
шатастырып айтады.
1-жаттығу
Мақсаты: Балалардың бір – бірімен жақын
танысуы үшін жағдай туғызу,
зейін және байқағыштық қабіле-
тін дамыту.
Мазмұны: 1-тапсырма. «Есімдер»
Барлығымыздың есімдеріміз бар. Мысалға,
мен Раушан Жұмағұлқызымын. Ал сенің
атың кім? Ары қарай өз аттарыңды атаң-
дар.
2-тапсырма. «Айна»
Бір балаға айнаның алдына тұрып, не көріп тұрғанын айтқызу.
-Сен не көріп тұрсың?
-жауап
-Өзіңнің есіміңді айнадан көріп
- тұрсың ба?
- жауап
Жауаптар алынған соң қорытындылау.
-Иә адамның денесін көріп тұрмыз,
есімін білеміз, бірақ есім бізге көрінбейді.
Есімдеріміз көзге көрінбесе де, бір – бірімізді
есімдерімізбен атаймыз, яғни, біздің атымыз да, бір бөлігі болғаны ғой.
Өткізілген уақыты:
Тобы:
ОЙЫН – ЖАТТЫҒУ
Тақырыбы: « Шашпа да төкпе »
Мақсаты: Баланың қабылдау қабілетін дамыту
Ойынның барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
« Сәлемдесу »
Балалар шеңбер бойымен тұрады.
Бір- біріне бұрылып бас изеп , сәлемдеседі.
Бір-бірімен құшақтасады.
Ойынның шарты: Құмыраға аз ғана жарманы төгіп, бөбекке құмыраны оң қолмен ұстау арқылы құмыраның сол жағында тұрған стаканға жарманы қайта құюды көрсету. ( барлық төгілген дәндерді бала қалақшамен ыдысқа жинауы тиіс). Егер ұқыпты жинап алатын болса, баланы мақтау қажет. Бала құюды жақсы меңгергеннен кейін ғана, төгуді үйрету қажет. Төгуді бастау және аяқтауға көмектесу. Жұмсақ ысқышпен төгілген суды қалай жинау керектігін көрсету.
Ойынды қорыту: Жаттығуды жақсы меңгерген балаларды мадақтау.
Ескерту: Балаларды тамақтанған кезінде, қарындашпен жұмыс кезінде,оң қолмен ұстау керектігін қадағалау
Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар
« Ине мен жіп »
Жүргізуші:
Мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.
Сендер менің артымнан бір-бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе ойыннан шығады.
« Сөзді есіңе сақта »
Мақсаты: Есте сақтау қабілетін анықтау.
Ойынның шарты: Жүргізуші балаларға бірнеше қосарлы сөздерді атайды.Балаларға мұқият тыңдау ұсынылады. Бірінші сөзді жүргізуші өзі айтады, балалар келесі сөзді есінде сақтап қайталайды. Осылайша қалған сөздерді айтып шығуы керек.
жаз – күн шықты
Көктем – жаңбыр
Күз –тұман түсті
Аспан – бұлт
Су – балық
Жер – шөп
Қыс – қар жауды
« Суретті есіңе сақта »
Мақсаты: Есте сақтау қабілетін анықтау.
Ойынның шарты: Жүргізуші балаларға бірнеше сурет көрсетеді.Балаларға мұқият көріп есте сақтауы ұсынылады. Суреттің ішінен бір суретті жасыру, қай сурет жоқ екенін атау.
Қоян, қасқыр, аю, түлкі,
Сиыр, қой, ешкі, жылқы.
Алма, алмұрт,қарбыз,қауын.
Қызанақ, қырыққабат, асқабақ,картоп.
« Қарама-қарсы сөзді ата »
Мақсаты: Ойлау қабілеттерін дамыту,
ойлауды дамытуға арналған
ойындарға қызығушылығын
арттыру.
Шарты: Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші доппен балалардың арасында тұрады. Балаларға кезекпен допты лақтырып белгілі бір сөзді айтады. Балалар сол сөзге қарама-қарсы сөздерді тауып айтуға тиісті.
Мысалы:
- Ащы – тұщы,
- жақсы – жаман
- қара - ақ
- күн - түн
- аласа - төмен
Қай бала шатасып қалса немесе жауабын айтпаса ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады. Ойын қайталанады.
« Мені қоршаған орта »
Мақсаты: Балалардың қоршаған ортамен қарым-қатынасын анықтау.Қиялын және сезімін дамыту.
Ойынның барысы:
Балалар бір-бірінің артына тізбектеліп тұрады, қиялындағы соқпақ жолмен жүріп, бұйрық бойынша қиялдағы кедергілерден өтеді.
жолмен ақырын жүреміз
маңайымыз толған бұта ағаштар, жасыл жапырақ,
Құстар ән салады, шөптерді самал жел шайқайды,
Аяқ астынан жолда шалшық пайда болды, секіріңдер, бірінші, екінші, үшінші...
Қайтадан маңайымыз бұта, ағаштар, жасыл шөптер, тағы да шалшық су ... бірінші, екінші, үшінші,
Біздің алдымыздан өзен пайда болды, өзеннен өтетін тіреуіші бар көпірге кезіктік. Көпірдің тіреуішінен ұстап өтеміз...
Соқпақпен байқап жүреміз, алдымыздан батпақты жер пайда болды, төбешіктер арқылы секіріп өтеміз: бір, екі, үш, төрт...
Батпақты жерден өттік, енді алдымыздан жыра шықты, үстінен көпір орнына бөрене қойылған, қолдарыңды екі жаққа құстың қанаты сияқты жайып, бөрене үстінен тепе-теңдігімізді сақтап өтейік.
Соқпақпен ары қарай жүріп келеміз. Жолымыз жабысқақ балшыққа айналды. Табанымыз балшыққа жабысып, әрең жүріп келеміз.
Жолымызға қалың бұтақты үлкен ағаш құлапты. Ағаштың бұтағына денелеріңді жаралап алмай байқап асып түсіңдер. Жарайсыңдар, балалар! Келетін жерімізге жеттік.
« Дайын бол! »
Мақсаты: Зейінді тұрақтандыру, бұйрықты орындау қабілетін анықтау.
Ойынның барысы:
Балалар шеңбер бойымен тұрады.
Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді.Шеңбер бойымен жүріп іс- қимылды көрсету.
Мысалы: қоян –секіреді,
Ат – шабады,
Құс –ұшады
Ләйлек – бір аяғымен тұрады т.б.
Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойын
« Орныңды тап »
Ойын шарты:
Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан-жағына тарап кетеді ( белгі: шапалақтау, барабан немесе бубенмен беріледі) Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбер құрады. Өз орнын тапқан балалар мадақталады, таба алмағандар ойыннан шығады.
Педагог-психолог:
Достарыңызбен бөлісу: |