Басқару есебі туралы жалпы түсінік 1.Басқару қызметіндегі басқару есебінің ролі
2.Бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушылар
3.Басқару және қаржылық есебінің салыстырмалы сипаттамасы
4.Шешімдер қабылдау үрдісі
1. Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарыңды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жайлы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардьің шектен тыс болу болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.
Кейінгі уақытқа дейін талдау мен есел «қазандық» деп аталатын тәсілмен жүзеге асырылып келді. Бір тұтас бухгалтерлік тізілімдеме барлық есепті кезең ішінде колдану орны мен қандай мақсатқа бағытталуына қарамастан, өндіріске жұмсалған барлық қаражат құралдар есептелді. Нәтижесінде шығарылған өнімнің ассортименті мен құрылымы ескерілмей нақты шығыстардың жалпы сомасы шығатын «Қазандық» тәсіл шғындарды азайту мүмкіндігін анықтамайтын шығындардың бағыты бойынша өндірістің шығындарын (кезең шығындары және т.б.), олардың пайда болған орындарын (цехтар, бөлімдер, қызметтер), шығарылатын өнім түрлері бойынша (орындалған жұмыс, көрсетілетін қызмет және т.б.) бақылауға арналған қажетті мәліметтерді алуға мүмкіндік бермейтін. Оның басты жетіспеушілігі ақпаратгың иесіздігі. Өкінішке орай, көптеген шағын кәсіпорындар осы уақытқа дейін осы тәсілді пайдалануда.
Отандық ұйымдарда бүгінгі уақытқа дейін орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу жағдайында дұрыс болып шыққан бұйымдар арасындағы қосымша шығындарды бөлу арқылы толық өзіндік кұн есебі ғана қолданылды. Меншіктің әр түрлі нысаны үйьмның жекелену, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің даму, еркін баға белгілеу мен шығарылатын өнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау тетіктерін енгізу, нарықтык зкономиканың басқа жақтарын дамыту шамасы бойынша бухгалтерлік практиканың жаңа және келешектік бағыттарының бірі басқару есебіне деген қажеттілік бірте-бірте өсуде.