І.КІРІСПЕ ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ 1.1. Шығындар шешім қабылдау;
1.2. Баға белгілеу бойынша шешім қабылдау ;
ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ
Оңтайлы басқару мен қаржылық шешімдерді қабылдау үшін өз шығындарынды және бәрінен бұрын өндірістік шығындар жалпы ақпаратты талдай білу керек. Шығындарды талдау – олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаларды дұрыс қоюға, шығындарды реттеу мен бақылауға, пайда мен өндірістің пайдалы деңгейін жоспарлауға көмектеседі.
Бухгалтерлік басқару есебінің міндеті – өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің бағаларын белгілеу – маңызды мәнге ие.
Шаруашылық жүргізудің әкімшілік әдісінде баға өнімнің (жұмыс, қызмет) толық өзіндік құнына қарай белгіленіп келді. Өнеркәсіпте нақты қалыптасқан толық өзіндік құн жоспарланған пайданың сомасына (бұйымның қалаулы пайдалылығын ескеру арқылы) арттылды, айналымдағы салықты үстемеледі және бастапқы шаманы – көтерме бағаны алды. Сауда үстемесін басып озып (оперируя торговой надбавкой), саудада да осындай болды.
Бұл мәселелердің барлық жауапкершілігі сол уақытта мемлекетке жүктелді.
БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІН ҚАБЫЛДАУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ШЫҒЫНДАРДЫҢ ЖІКТЕЛІМІ
Басқарушылық есептің жүйесінде ақпаратты мүдделі тұлғаларға дүрыс шешім қабылдау ушін кәсіпорын ішінде әзірлеп, үсынады. Әдетте шешім келешектегі оқиғаларға қатысты болғандықтан, деректерді алу (жинау) жүйесінде көп назар аударылатын болжалды шығындар мен болашақтағы табыстар туралы толық ақпарат аса кажет. Егер өткен шақтағы және болжанған шығындар мен табыстар бірдей болатын болса, онда шешім қабылдау үшін пайдалы ақпарат алуға болады.
Шешім қабылдау және жоспарлау барысында қолданысқа таңдап алынған баламалы нұскаларды егжей-тегжейлі талдау үшін шығындар мен табыстардың сипаттамасы толық болуы керек. Сондықтан шығындар мен табыстарды жүйелендірудің (жүйеге келтіретін) мынадай мақсатқа лайықты схемасы беріледі:
өзгермелі, тұрақты;
бағалау есебіне қабылданатын және қабылданбайтын алдағы кезең шығындары;
қайтарылмайтын шығындар және аяқталған кезең шығындары;
Нарықтық экономика жағдайында баға белгілеу тәсілдемесі түбірінен өзгерді. Өндірілген өнімге, қызмет көрсетуге және орындалған жұмысқа баға белгілеу ерекше мәнге ие болды. Баға белгілеу процесінде бірнеше тәсілдеме бар. Олар:
Алайда шығын бағасы нарықтың жағдайын және ондағы өнімнің орнын, бәсекені ескермейді. Көптеген кәсіпорындар аты аталған үш тәсілдемеден ұштастыруды қолданады.
Қысқа мерзімді бағаның төменгі шегі – бұл шығынның тек өзгермелі бөлігін ғана жаба алатын баға. Бағаның бұл шегі «директ-костинг» жүйесі бойынша есептелген өзіндік құнға сәйкес келеді.
Ұзақ мерзімді бағаның төменгі шегі өнімді өндіру мен өткізудің толық шығынын кәсіпорын бағаның қандай ең аз шамасымен орнын толтыра алатынын көрсетіп береді. Бұл баға шегі өнімнің толық өзіндік құнына сәйкес келеді.
Шығын бағасы көбінесе нақты баға белгілеудің сенімді долы ретінде қарастырылады, өйткені ол бағада пайданы қалыптастыруға мүмкіндік тудырады. Мұндай жағдайда ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді бағаның төменгі шегі пайдаланылады.
Күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешім қабылдау - компания басшылығының алдында тұрған аса маңызды да қиын міндет. Көптеген компаниялар алдағы кезендегі қызметті бес, он, тіпті одан да көп жылға алдын ала анықтап ұзақ мерзімді жоспар әзірлейді. Ал, күрделі қаржы шығыны осы ұзақ мерзімді жоспарға кіріктірген бір бөлігі болып табылады.
Сол себепті ұйым ең алдымен күрделі каржы жүмсалымы туралы үсыныстың экономикалық тиімділігін бағалап, кәсіпорындағы ақшалай қаражаттың айтарлықтай артық бөлігін (үлесін) қажет ететін процесс туралы әлдеқайда нақты болжам жасауға тырысады. Әдетте күрделі каржы шығын көзіне карыз қаражаты жатады, сондықтан да кәсіпорын мүндай жұмсалымның мақсатқа лайықты екеніне инвестордың көзін жеткізіп, оның өтелуін мұқият есептеуі керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Бухгалтерлік басқару есебінің мақсаты басқару шешімдерін, яғни келешекке арналған шешімдерді қабылдауға қажетті ішкі пайдаланушылар үшін ақпаратты дайындау болып табылады. Күтілетін шығыстар мен кірістер туралы түрлі мәліметтер ұсынылуы тиіс. Бұл үшін мынадай шығындар бөліп көрсетеді: