«Шығындар» туралы түсінік. Өндіріс шығындары және балама шығындар. Айқын жәнеайқынсызшығындар.Экономикалықжәнебухгалтерлікшығындар.Ресурстардықолданудыңальтернативтішығындары.Бухгалтерлікжәнеэкономикалықпайда.Изокосталар.Изокостаеңкіштігі.
Шығын – кәсіпорынның шаруашылық қызмет барысында қаражатын (капиталын) азайтатын немесе міндеттемелерін көбейтетін жұмсаған немесе ұстаған шығыны, яғни есепті кезеңде азын-аулақ ақшалай қаражаттың жұмсалуы нысанына немесе активтердің тозуы мен істен шығуы немесе меншікті капиталдың азаюына апарып соқтыратын міндеттемелердің салдарынан пайда болады.
Өндіріс шығыны – материалдық қаражат (шикізат, материалдар, отын, энергия, жабдық, т.б.) пен қажетті еңбек шығындарының жиынтығы. Өндіріс шығыны кәсіпорында өндірістің және өнімді өткізудің қаншаға түсетінін көрсетеді. Ақшалай тұлғада ол өнімнің өзіндік құны, кәсіпорынның ағымдағы жұмсаған шығындары.
Айқын шығындар- өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар.
Айқын емес шығындар - өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б.
Бухгалтерлік шығындар- өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.
Экономикалық шығындар-кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады.
Альтернативтік (лат. Alternus — алма-кезек) шығындар- бірін-бірі жоққа шығаратын екі немесе бірнеше мүмкіндіктердің біреуін ғана тандау қажеттілігі.
Экономикалық пайда - бұл кірістен нақты және мүмкін шығындарды алып тастаудың нәтижесі.
Бухгалтерлік пайда - бұл компания өзінің кірістері туралы есепте көрсететін пайда. Бухгалтерлік есеп кірістер мен шығыстарға қатысты нақты кірістерді өлшейді және бұл компанияның қажетті қаржылық ашықтығының бөлігі болып табылады.
Изокоста –бұл жалпы шығындарының құны бірдей болатын, еңбек пен капиталдың барынша мүмкіндік болатын тіркесімен қамтитын сызық.
Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары. Жалпы, орташа, шекті шығындар. Шекті,орташаайнымалыларменорташажалпышығындарарасындағықатынасжәнеолардыңқисықтары.
Қысқа мерзімді кезең деп сол уақыт аралығында өзінің өндірістік қуатын өзгерте алатын уақыт аралығын айтады. Ол өндірістің барысы мен нәтижелілігіне тек өз қуатының пайдалануын интенсивтендіру арқылы ғана әсерін тигізе алады. Осы кезеңде фирма өзінің айнымалы факторларын, яғни еңбек, шикізат, қосымша материалдар, отын санын жедел түрде өзгерте алады.
Қысқа мерзімді кезеңде кебір өндірістік факорлардың саны өзгермейді, ал басқалары өзгеруі мүмкін. Сәйкесінше, осы кезеңде шығындар тұрақты және айнымалы болып өзгереді.
Жалпы шығындар – фирманаңы өнімді өндіруге және оны сатуға жұмсайтын барлық шығындарының жиынтығы. Ұзақмерзімдікезеңдегішығындар.Ұзақмерзімдішығындардыталдау:кәсіпкерліктерөлшемдерініңөзгерісі.