Қaзipгi жағдайдағы басқару eceбi функциясы мен ерекшелігі
1. Басқару есебі – экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Басқару есебінің негізінде қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр.
2. Жауапкершілік орталығы – шығындарды, кірістер мен ұйымдағы бизнестің осы сегментіне инвестицияланатын қаражаты, шығынды бақылайтын менеджер басқаратын құрылымдық бөлімше.
3. Шығын орталығы - өндірістік ресурстардың шығындарын байқау, бақылау, басқару, сондай-ақ оларды пайдалануды бағалау мақсатымен мөлшерлеу, жоспарлау және өндіріс шығындарды есептеуді ұйымдастыратын кәсіпорынның құрылымдық бөлімі.
4. Кіріс орталығы – жауапкершілік орталығы, мұнда менеджер кірістерді алу үшін жауап береді, бірақ шығындар үшін жауап бермейді, оның басшыларының іс-әрекеті алынған кірістер негізінде бағаланады.
5. Пайда орталығы – бұл да жауапкершілік орталығы. Оның басшысы бір уақытта өзінің бөлімшесінің кірістері үшін де, шығындары үшін де жауап береді, тұтынылатын ресуостар саны және күтілетін бүкіл мөлшері жөнінде шешім қабылдайды.
6. Инвестиция орталығы – кәсіпорын сегменттері, бұлардың менеджерлері өз бөлімшелерінің шығындары мен кірістерін бақылап қана қоймайды, басқа орталық басшылары шұғылданбайтын, инвестицияланған қаржыны тиімді пайдалануды да қадағалайды.
7. Басқару есебінің мәні – шығындар мен кірістерді, мөлшерлеуді, жоспарлауды, бақылауды және кісіпорынның болашақ даму мәселелерін үйлестіру мен шұғыл басқару шешімдері үшін ақпаратты жүйелендіретін талдауға есеп жүйесін біріктіріп кіріктіру (интеграциялау).
8. Ақпаратпен қамтамасыз ету – жүйелі, уақытылы, сыйымды, нысаны мен қабылдануы қарапайым және берілген бөлімшелердің іс-әрекеті барысын жоспарлау мен бақылау үшін менеджерлер қолданатын, қаржылық және қаржылық емес ақпаратты жинау, өңдеу мен беру.
9. Түгендеу - объектінің іс жүзіндегі жағдайын, сондай-ақ есептік мәліметтерден ауытқушылықты, есепке алынбаған құндылықтарды, шығындарды, кем шығуды, ұрлықты анықтау тәсілі.
10. Бақылаушы шоттар - сол кезең операцияларының жиынтық сомасы бойынша жазбалар жасалатын жиынтық шоттар.
11. Мөлшерлеу (нормалау) - ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалану мен шығындарды өнімге айналдыратын ең өнімді жолдарды іздестіруді қамтамасыз ететін оңтайлы нормалар мен нормативтерді ғылыми негізделген есептеу процесі.
12. Ынталандыру - кәсіпорының мақсаты мен міндеттерін анықтауға, осы мақсаттарға сәйкес шешімдер қабылдауға жетелейтін өндірістік процеске қатысушылардың дәлелдеу құралы.
13. Бақылау - пайда болған ауытқуларды ашу мен жоюға мүмкіндік беретін, кәсіпорын қызметін бұрын белгіленген тапсырмаларды орындауға бағыттайтын жоспарлау мен талдауды аяқтау процесі.
14. Бағалау - шешім қабылдаудың барлық жүйесін талдаудың соңғы процесі; бақылау жүйесінің басқару талаптарына сәйкессіздігі; қате мақсатты таңдау айқындалады.
15. Контроллинг – кәсіпорынның түпкілікті мақсатын жүзеге асыратын процесті бақылау жүргізеді.
Басқару есебі арасында негізгі ерекшеліктер бар.
16. Есептің мақсаты басқару есебінің мақсаты - ағымдағы өндірістік-шаруашылық қызметті басқару мен бақылау, жоспарлауға арналған ақпаратты жинау және өндеуді шұғыл қамтамысыз ету.
17. Ақпарат көздері басқару есебі үшін – кәсіпорынның есеп жүйесінің мәліметтерінен басқалары, материалдық ресурстар шығындарының технологиялық қалдықтардың мөлшері (нормасы) жайлы мәліметтер, шаруашылық шарттарының тармақтарын тараптардың орындамауы кезінде айыптық санкция мөлшерлері және т.б.
18. Регламенттеу деңгейі басқару есебі үшін – шектеудің болмауы, тек қана жауапкершілік орталықтарының басшылықтың бақылауы бойынша реттеледі.
19. Есеп берудің жиілігі басқару есебі үшін – сағат сайын, үздіксіз, әкімшіліктің талап етуі бойынша есеп беріледі.
20. Қолданылатын өлшемдер басқару есебі үшін – еңбек, ақшалай, натуралды өлшем бірліктер қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |