Сабақ тақырыбы : Ес. Ес процестері Сабақ түрі : Жаңа материалды беру сабағы Оқыту әдістері



Дата19.02.2017
өлшемі434,32 Kb.
түріСабақ
Сабақ жоспары

Топ: 2-МДТО

Мерзімі: 30.12.16 ж.

Сабақ тақырыбы : Ес.Ес процестері

Сабақ түрі: Жаңа материалды беру сабағы

Оқыту әдістері: дәріс,кітаппен жұмыс,өздік жұмыс,топпен жұмыс

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың мақсаттары:

А) Білімділік: Ес,оның түрлері,процестері жайлы мәліметтер беріп, сол жайлы білімдерін кеңейту

Б) Тәрбиелік: Мағыналы есте қалдыруға тәрбиелеу

В) Дамытушылық: Студенттердің бойындағы сөз-логикалық есті жан-жақты дамыту



Көрнекілік құралдары: схемалар,нақыл сөздер,тесттер,қима суреттер, секундомер

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

-Амандасу

-Түгендеу


2. Жаңа мәліметті мазмұндау

Жоспар:


  1. Ес туралы ұғым

  2. Естің сапалары мен түрлері

  3. Ес процестері

  4. Ұмыту,оның түрлері




    1. тапсырма:

Студенттер алдын-ала 4 топ болып бөлінеді.

Әр оқушы өзіне берілген оқулықтағы мәтінмен толық танысады.Түсініксіз жерлері болса, белгілейді. Ал егер сұрақ туындаса, өз сұрақтарын қағазға түсіреді. Алған мәліметті жанындағы адаммен бөліседі.Осы жерде сұрақты екінші балаға қоюға болады.

Оқулық: К.С. Жұмасова «Психология»

1.жұп- Ес туралы ұғым (178-180 бет)

2.жұп-Естің сапалары мен түрлері (180-181 бет)

3.жұп-Ес процестері (182-183 бет)

4. жұп- Ұмыту,оның түрлері (183-184 бет)

Бекіту кезеңі:

2-тапсырма:

Жаңа тақырыпты меңгергендігін көрсету үшін бұны қағаз бетіне түсіреді.(схема,таблица,сурет түрінде) және әр үй тобынан бір студент шығып, қорғайды.


Сергіту сәті:

3-тапсырма

Қима суреттерді дұрыс, мағынасына байланысты орналастыру.



4-тапсырма

Тест: Мағыналы есте қалдыру (К.Бюлер)

Таным процестеріне байланысты диагностикалық жұмыстар

Әдістеме: Мағыналы есте қалдыру (К. Бюлер).

Мақсаты: Ауызша материалды есте сақтау мен елестетуге мағыналық байланыстың әсерін табу.

Материал: Аралық мағыналык байланысты оңай ойластыруға болатын он eкi жұп сөз.

Мысалы:


Сәуле - күн,

Мыс - қорғасын,

Бұтақ - шырша,

Жыл - ай,

Қалам - қарындаш,

Жер - тас,

Жарық - шапақ,

Eciк - терезе,

Үй - кітап,

Пышақ- шанышқы,

Жапырақ - ағаш,

Тақта - бор

Қажетті құралдар: Секундомер немесе секундтык тілі бар сағат.

Жүру барысы: Зерттеуші алдымен зерттелушіге әдістеменің жүру барысы туралы түсіндіреді. Содан соң белгі береді де әpбip секунд сайын 12 жұп сөзді бір-бірлеп оқып шығады. Барлығын оқып болған соң; 10 секунд үзіліс жасайды. Кейін тек алғашқы (әр жұптың бірінші сөзін) оқиды. Әр сөзден соң 5 секунд үзіліс жасайды. Зерттелуші ауызша айтылған 6 жұп сөзді мағыналы есте сақтау арқылы 10 секундтан кейін алғашқы cөзi айтылғанда, сол сөзбен 6ipгe оның жауабын жазуға т.с.с. Егер зерттелуші тек 1-5 аралығында сөз жұптарын дұрыс тауып жазса - төмен, ал егер, 5-тен жоғары жұпты дұрыс

тауып жазса - орташа болып есептеледі 12 сөзді, яғни 6 жұпты түгел дұрыс жазса - жоғары болады.

1-5 - мағыналық есте сақтауы төмен,

5-9 - мағыналық есте сақтауы орташа,

9-12 - мағыналык есте сақтауы жоғары.


Тест.


Студенттердің екінші бағанға қарағанда, бірінші бағандағы сөздерді есінде жақсы және тез сақтау себебі не?
1. 2.

Алма мал


қызанақ қазықан

тауық уықта

машина шинама

сағат ғатса

мектеп темпек
Сабақтың қорытындысын шығару:

5 тапсырма: тақырып бойынша тест

Тест


1. Ес дегеніміз не?

A. Заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі

B. Сыртқы дүние заттар, құбылыстардың мида талданып,

6ipiктірілуін қамтамасыз ететін процесс.

C. Сыртқы дүние заттар мен құбылыстардың мида сақталып,

қайта жаңғыртылып ұмытылуын бейнелейтін процесс.

2. Басты шарты қайталау болып табылатын жаттаудың мнемоникалыдқ әдісінің 6ipi?

A. Epiксіз есте қалдыру.

B. Арнайы есте қалдыру.

C. Жаттап алу.

3. Ассоциациялық принципті алғаш ойлап тапқан ежелгі грек

ойшылы?


A. Платон.

B. Аристотель.

C. Сократ.

4. Толқынның шуы адамның самбырлаган сөзін, жапырақтың

сыбдыры адамның жайлап сөйлеуін елестетуі қай ассоциация

туріне жатады?

A. 1ргелестік.

B. Ұқсастық.

C. Қарама-қарсы.

5. Суретшілер мен сәулетшілерде, актерлерде калыптасқан

естің түpi?

A. Образдық.

B. Эмоциялық.

C. Сөз-логикалық.

6. Түйсік пен қабылдаудан ойлауға өтетін көпip деп қай процесті

айтады?


A. Кайта жаңғырту.

B. Елес.


C. Ұмыту

7. Keшігіп еске түcipy психологияда калай аталады?

A . Реминисценция.

B. Ассоциация.

C. Ассимиляция.

8. Eшбip шақырмай, ойдың тәртібін бұзбай мағыналы түрде

айта білу қабілеті?

A . Естің беріктігі.

B. Естің даярлығы.

C. Естің дәлдігі .


Абайдың қара сөздері арқылы бүгінгі тақырыптың түйінін шығару.
...естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы берік болмақ керек. Екінші – сол нәрсені естігенде, я көргенде ғибратлану керек. Көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек. Үшінші- сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек. Төртінші- ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салын суға батпау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойын-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу. Бұл төрт нәрсе- күллі ақылмен ғалымды тоздыратын нәрселер.
Үй тапсырмасын беру: 183-187 беттер.

  1. Балада естің дамуы және оны тәрбиелеу

Каталог: uploads -> doc -> 0bf3
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0bf3 -> «Бекітемін» ҚӘК-тің меңгерушісі А. Е. Рамазанова
0bf3 -> Сабақтың тақырыбы: §29. Дыбыстық ақпаратты өңдеу. Дыбыс жазу Пәні: Информатика Пән мұғалімі: Дүйсенова ж сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет