Күні: 13.11, 15.11
Пәні: Информатика
Сыныбы: 8а, 8ә, 8б
Сабақтың аты: Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі.
Блок-схемалар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Оқушыларды алгоритм ұғымымен, оның атқарушылары, қасиеттері және түрлерімен таныстыру. Алгоритмді блок-схемалар түрінде кескіндеуге үйрету.
Дамытушылық. Оқушылардың есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік. Оқушыларды мұқият тыңдап, тапсырмаларды тиянақты орындауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: флипчарттар, ЭО, слайдтар, тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру.
1. Санау жүйелері дегеніміз не?
2. Ақпаратты мұрағаттау, қорғау программалары қандай?
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Алгоритм программалау негіздернің ең алғашқы және негізгі түсініктерінің бірі. «Алгоритм» сөзі ІХ ғасырдағы Орта Азияның ұлы математигі әл-Хорезми атының algorithmi – латынша жазылуынан шыққан. (Әл-Хорезми алғашқы рет арифметикалық амалдарды орындау ережелерін жазған). Бұл ұғымды түсіну үшін мысал келтірейік.
Мысалы, компьютерді өшіру нұсқаулары:
Барлық ашық қолданбалардың терезелерін жабу;
Пуск батырмасын шерту;
Пайда болған менюден «Завершения работы» пунктін таңдау;
Диалогтік терезеде «Выключить компьютер» пунктін таңдау.
«Да» батырмасын шерту.
Мұндай ұйғарымдардың орындаушылары адамдар, техникалық құрылғылар – автоматтар да, роботтар да, компьютерлер де болуы мүмкін.
Алгоритмді орындаушы – құрастырылған алгоритммен басқарылатын объект немесе субъект.
Орындаушыға белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер тізбегін орындап шығуға алдын ала берілген түсінікті және анық ұйғарым (нұсқау) алгоритм д. а.
Алгоритм ұйғарымдары команда деп те аталады.
Алгоритм құрастырғанда келесі талаптар ескерілуі керек:
Алгоритм анық, аяқталған әрекеттерден тұратын жеке қадамдарға бөлінуі керек. Орындаушының келесі қадамға өтуі алдынғысын аяқтағаннан кейін ғана мүмкін болады. Алгоритмнің жеке қадамдардан тұру қасиеті дискреттілігі деп аталады.
Алгоритмнің әр ұйғарымы орындаушыға түсінікті болуы тиіс, яғни олар бірмәнді ұғынылып, бір ғана бастапқы деректер бойынша бір ғана нәтижелерге әкелуге тиіс. Алгоритмнің бұл қасиеті анықтығы д. а.
Алгоритмнің жалпылығы немесе ортақтығы.
Алгоритмнің нәтижелігі.
Алгоритмнің формальдылығы.
Сонымен, алгоритм келесі қасиеттерге ие: дискреттілік, анықтық, жалпылық және нәтижелік және формальдылық.
Мысал, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі:
Теңдеудің дискрименантын табу;
Егер ол 0-ден кіші болмаса, онда оның түбірлерін анықтау.
Алгоритм – информатиканың іргелі түсініктерінің бірі.
Егер алгоритмдердің жасалу құрылымын қарастырсақ, олардың үш негізгі типін ерекшелеуге болады: сызықтық, тармақталған және циклдік.
Егер орындаушы командаларды бірінен соң бірін олардың ретімен орындайтын болса, алгоритм сызықтық деп аталады.
Егер орындаушының әрекеттері қайсыбір шарттарды тексеру нәтижелерімен анықталатын болса, алгоритм тармақталған деп аталады.
Егер алгоритмдегі жеке командалар немесе командалар топтары орындау кезінде көп рет қайталанатын болса, алгоритм циклдік деп аталады.
Іс жүзінде көптеген жағдайларда алгоритмде құрылымдардың үшеуі де болады.
Алгори тмді кескіндеу тәсілдері
Алгоритмдерді кескіндеу тәсілдері көп, біз олардың ішінде келесі төртеуіне – табиғи тілге , графикалық тілге, алгоритмдік тілге және программалау тіліне тоқталамыз:
Табиғи тіл (орындаушы – адам) – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің сөздері;
Графикалық тіл (орындаушы – адам) – әрекеттер сипаттамасы бар графикалық схемалар (блок-схемалар);
Алгоритмдік тіл (орындаушы – адам) – әрекеттің немесе команданың мағынасы берілетін табиғи тілдің белгілі сөздері;
Программалау тілі (орындаушы – компьютер) – программалау тілінің командалары.
Алгоритмдердің құрылымын, құрылу тәсілдерін оқып-білу кескіндеудің үш түрінде: блок-схемалар түрінде, алгоритмдік тілде және программалау тілінде қатар жүреді.
Алгоритмдерді блок-схемалар түрінде кескіндеу.
Алгоритмдерді кескіндеудің ең көрнекі тәсілі оны блок-схемалар түрінде графикалық кескіндеу болып табылады. Мұнда алгоритм блоктар тізбегі түрінде бейнеленеді. Блоктардың ішінде олар орындайтын әрекеттерді түсіндіретін информация болады.
Негізгі блоктар мен олардың кескіндері:
Блоктардың кескіні
|
Блоктардың арналуы
|
|
Алгоритмнің басы, алгоритмнің соңы
|
|
Есептеуіш әрекет
|
|
Деректерді енгізу және шығару
|
|
Шартты тексеру
|
|
Циклдің басы
|
|
Көмекші алгоритмді шақыру
|
|
Файлды дискіге жазу
|
Блоктардағы сызықтар блоктардың арасындағы байланыс қызметін атқарады. Егер байланыс сызықтары жоғарыдан төмен немесе солдан оңға қарай бағытталған болса, онда оларды меңзерлермен белгілеудің қажеті жоқ.
Блок схема түрінде сипатталған алгоритм қосымша түсіндіруді қажет етпейді, өйткені әрекеттер тізбегін көрнекі кескіндеуге мүмкіндік береді.
Сызықтық құрылымды алгоритмнің блок-схемасы келесі түрде болады (1-сурет):
1-сурет. 2-сурет.
Бекіту. 1-тапсырма. Логикалық есептің алгоритмін құрады.
2-тапсырма. Шаршының ауданын табу алгоритмінің блок-схемасын құрайық (2-сурет). Мысалы, АВС үшбұрышы берілген. Берілген үшбұрыштың ауданын S анықтау алгоритмін құрыңыздар.
Шешуі: ;
Мұндағы А, В, С – үшбұрыштың қабырғалары, ал жартыпериметр .
Қорытындылау.
Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритм орындаушысы?
Оның қасиеттері?
Алгоритм түрлері?
Блок-схемалар?
Үй жұмысы.
Информатика және ЕТ негіздері, 9 сынып, 1.1, 1.2, 1.3, 1.4, 1.5, 1,6.
13 бет 2 тапсырманың а-сы. 3-тапсырма толық орындау.
Бағалау.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |