Азаматтық ЖӘне патриотизм



Дата24.10.2023
өлшемі2,25 Mb.
#187949
Байланысты:
азаматтық және патриотизм жоба (1)

АЗАМАТТЫҚ ЖӘНЕ ПАТРИОТИЗМ

ОРЫНДАҒАНДАР:

Аманкулова А.Е.

Ахметова Ш.М.

Айтымова Д.Н.

Бейбітқызы А.

Мазмұны: Кіріспе Негізгі бөлім Қорытынды

Жоба тақырыбының өзектілігі: Жаһандану заманындағы патриоттық тәрбие дұрыс бағытта ұйымдастырылуы тиіс. Ол үшін педагогтің өзі саяси сауатты, ұлттық санасы қалыптасқан өз елінің патриоты болуы тиіс. Сонда ғана өскелең ұрпақты сапалы біліммен сусындатып, саналы тәрбие беруге қабілетті болмақ. Жобаның мақсаты: Қоғамның әлеуметтiк даму жағдайында мектеп оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеуді теориялық-әдiснамалық тұрғыда негiздеп, ғылыми-әдiстемемен қамтамасыз ету. Жобаның міндеті: - Патриоттық тәрбие берудегі өткен тарихымыздың алар орнын айқындау; - Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негізін қарастыру; - Қазақстандық патриотизмнің даму жолдары қарастырып, жас ұрпақ бойындағы ұлтжандылықты қалыптастыру; - Тұлғаның патриоттық құндылығын қалыптастырудың нәтижесін айқындау;

“Патриотизм” - гректің сөзі. Негізгі мағынасы әр азамат өзінің ұлтын, Отанын сүю, оны жаудан қорғау дегенді білдіреді. Қазақтар ежелден басқа халықтардай Отанын, ұлтын сүйген. Батырларымыз бастаған қазақ халқы Отанын, жерін, ұлтын жаудан қорғаған. Соның бір дәлелі Жоңғар шапқыншылығы ке­зін­дегі халықтың береке бірлігін, Отанға адалдығын сақтау, намыс­ты қолдан бермеу, өз Отанын жаудан аянбай қорғау – ат жалын тартып мінуге жарайтын қазақ баласының қасиетті борышы екен­дігін Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал ақынның өлең-жырларынан көре аламыз. Бұқар жырау: Ер жігітке жарасар Қолына алған найзасы, Би жігітке жарасар Халқына тиген пайдасы – деген екен. Ал Ақтамберді жырау болса: Жауға шықтым ту байлап, Шепті бұздым айғайлап. Дұшпаннан көрген қорлыққа, Жалынды жүрек қан қайнап Ел-жұртыңды қорғайлап, Өлімге жүрміз бас байлап – деген жыр жолдарымен халықты батырлыққа, батылдыққа шақырған.

Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің бастапқы қадамы — ол оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін ояту болып табылады. Әр елдің тәуелсіз ел, мемлекет екенін білдіретін ең басты үш белгісі бар. Олар: Елтаңба, Туы және Әнұраны. Өз еліне ғана тән мұндай белгілері жоқ мемлекет дербес, тәуелсіз бола алмайды. Осы мемлекеттік белгілер Қазақстан Республикасы тәуелсіз деп жарияланысымен көп ұзамай 1992 жылы қабылданды. Мемлекеттік белгілерде Республикамыздағы ел- жұрттың, алдымен тұрғын халықтың төл тарихының ұшқындары мен мемлекеттің, барлық халықтың мүддесіне сай келетін бейбітшілікке деген ұмтылысы бейнеленген. Сонымен қатар әлемдік өркениетке қол созған ақ пейіліміз аңғарылған.

Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастырудың негізгі көзі – отбасы, әулет, әлеуметтік орта, аймақ, мемлекет, әлемдік кеңістік болса, тұлғаның бойындағы патриоттық құндылық - қазақ патриотизмі, ұлттық патриотизм, Қазақстандық патриотизм, жалпыадамзаттық патриотизм арқылы көрініс бере отырып, тұлғаның бойында құндылықтың жоғары көрсеткіштері -мемлекет және ұлт алдындағы міндет, парыз, намыс, ұлттық рух, ұлттық сана, және ұлттық тарихқа, салт-дәстүрге деген сүйіспеншіліктері қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет