Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы:
«Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс».
|
Мектеп: «№15 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
|
Күні: 21. 09. 2015 ж.
Сабақ ұзақтығы: 45 мин.
|
Мұғалімнің аты жөні: Калдыбаева Меруерт Кажыгалиевна
|
Сынып: 11 «Ә»
|
Қатысқандар саны: 12
|
Қатыспағандар саны: 0
|
Сабақ негізделген оқу мақсаты:
|
1783-1797 жылдардағы Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің мәні мен маңызы туралы білім алу, жерімізді қорғаған батырлар мен халықтың ерлік істерін дәріптеу арқылы Отанын қорғауға үйрену.
|
Оқыту мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Ұлт-азаттық қозғалыстың басшыларын атай алады.
|
Оқушылардың басым бөлігі: Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысына хронологиялық кестені жасай алады.
|
Кейбір оқушылар: Көтерілісшілер, патша әкімшілігі және жазалау отрядтары жайлы өз көзқарастарын білдіре алады.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар: Тақырыпты түсініп, талдайды, термин сөздерді, даталы күндерді, тұлғалар мен жер атауларын біледі. Пікір алмасады. Диалогтық қарым-қатынасқа түсіп, сыни ойлай алады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: Губерния, помещик, шекаралық сот, генерал-губернатор, реформа, комиссия, феодал, старшын.
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар: Бөлімдерді талқылау.
Жазылым бойынша ұсыныстар: Термин сөздерге анықтама беру.
|
Алдыңғы оқу
|
Үй тапсырмасы: 4 тақырып. Даталы сұрақтарға «Ыстық орындық» әдісі бойынша әр топтан сұрақтар дайындайды, сұраққа бір-бір оқушы шығып жауап береді.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар
|
Ресурстар
|
Басталуы
3 минут
10 минут
|
Мұғалімнің іс әрекеті
|
Оқушының іс әрекеті
|
Би билету арқылы сергіту сәтін жасатамын.
Психологиялық ахуал.
Көңіл-күйлерін смайликтер арқылы анықтатамын.
Сырым, Жоламан,
Исатай есімдері жазылған қиындылар арқылы топқа бөлемін.
«Ыстық орындық» әдісі арқылы мәтіндегі жылдарға байланысты сұрақтар қойып, үй тапсырмасын сұраймын.
|
Ортаға шығып билейді.
Көңіл-күйді смайликтер арқылы көрсетеді.
Қиындылардағы есімдерді
таңдап, топқа бөлінеді.
Әр топтан бір-бір оқушы шығып сұрақтарға жауап береді.
|
Интерактитві тақта
Смайликтер.
Есімдер жазылған
қиындылар.
|
Ортасы
22 минут
|
«Мылқау пікірталас» әдісі арқылы тақырыптағы бөлімдерді талдауға беремін.
«Басбармақ» әдісін қолданамын.
«Бейнефильмді көру және талқылау» әдісі арқылы «Алаш алыптары- Сырым батыр» туралы бейнефильмін көрсетемін.
Бұл бейнефильмде не көрдіңіз?
«Блум кубигі» әдісі арқылы көтеріліске байланысты сұрақтар қоямын.
|
«Мылқау пікірталас» әдісі бойынша тақырыптағы бөлімдерді топта талдап, тақтада қорғайды.
«Басбармақ» бағалауы арқылы бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.
Оқушылар бейнефильмдегі көріністерді көріп, өз ойларын айтады.
Кубикті лақтыру арқылы көтеріліске байланысты сұрақтарға жауап береді.
|
Оқулық , постер, маркер, стикер.
Интерактивті тақтадағы бейнефильм
Түрлі- түсті кубиктер
|
Аяқталуы
4 минут
4 минут
2 минут
|
«Шығу парағы» әдісі арқылы кері байланыс жасатамын.
-Қандай тапсырманы орындау қиындық туғызды?
-Түсініксіз мәселелер бар ма?
Бағалау.
Критерий бойынша өзін- өзі бағалау парағын ұсынамын.
Үйге тапсырма.
5 тақырыпты оқу, Сырым Датұлы тақырыбына тест құрап келу.
|
Барлық оқушылар кері байланыс жасап, әр топтан 1-2 оқушы қорытынды жасайды.
Жаңа тақырып бойынша әр топтан бір-бір оқушы ауызша қорытынды жасайды.
Үй тапсырмасын күнделікке жазады.
|
Рефлекциялық парақтар
Бағалау парақтары
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау
Қабілеті төмен оқушылар көтерілістің басшыларын атай алады.
Қабілеті жоғары оқушылар тақырыптағы ең негізгі болған оқиғаларға талдау жасай алады.
|
Бағалау
Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Формативті бағалау:
«Басбармақ» арқылы бағалау.
Суммативті бағалау:
Мұғалімнің бағасы.
|
Пән аралық байланыс: әдебиет.
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері: Сыныпта қауіпсіздік жағдайы жасалған.
АКТ мен байланыс: интерактивті тақта, проектор.
Құндылықтармен байланыс: сабаққа және сабақтағы жаңа әдіс-тәсілдерге қызығушылықтары артты, топтық жұмыс барысында бірін – бірі тыңдай алды.
|
Рефлексия
|
Сабақ мақсаттары шынайы болды, қойған мақсатыма жеттім. Бүгін оқушылар жаңа тақырыптағы негізгі көтерілістің барысын, термин сөздердің мағынасын, даталы күндер, тұлғалар мен жер атауларын толық меңгерді. Сыныптағы ахуал орташа деңгейде болды. Жоспарланған шаралар тиімді болды деп ойлаймын, себебі, «Ыстық орындық» , «Мылқау пікірталас, «Блум кубигі» «Бейнефильмді көру және талқылау» әдіс-тәсілдерін, «Басмармақ» бағалау әдісін қолдану уақытында оқушыларға қызықты болды. Сондықтан да жаңа тақырыпты түсінуге тиімді болды. Алғашқы сабақ болғандықтан оқушыларға әдіс-тәсілдердің қолдану барысын түсіндіру кезінде уақыты тиімді пайдалана алмадым.
|
Қорытынды бағамдау.
Қандай екі нәрсе табысты болды?
1.Әдіс-тәсілдерді тиімді таңдап алуым.
2. Оқушылардың топқа тез бөліну.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алар еді (оқытуды да оқуды да ескеріңіз)?
1.Үнемі уақытты үнемді пайдалану.
2. Қиындық сәттердің болмауы.
Сынып немесе жекеленген оқушылар туралы не білдім?
Бірін-бірі оқыту арқылы оқушылар тапсырманы өз деңгейлерінде орындауы.
|
Өзін-өзі бағалау парағы
Оқушының
аты-жөні
|
Үй тапсырмасы.
«Ыстық орындық» әдісі
|
Мәтінді талдау.
«Мылқау пікірталас» әдісі
|
Бейнефильм көру.
«Бейнефильмді көру, талқылау» әдісі
|
Термин сөздермен жұмыс.
«Блум кубигі» әдісі
|
|
|
|
|
|
Қорытынды баға:
|
Достарыңызбен бөлісу: |