Философия және ғылым
методологиясы кафедрасының
аспиранты Нұрадин Г.Б.
Мемлекет пен азаматтық қоғамның өркениеттік ара қатынасы хақында
Мемлекет пен азаматтық қоғам ара қатынасы түрлі ғылымдар контекстінде зерттелініп жүрген мәселе. Бұл мәселенің философиялық мәні әлеуметтік философияның түрлі бағыттарында мейлінше көзге шалынып жүр. Мәселенің өзектілігіне бүгінгі өркениетті қоғамда кең қанат жайған – азаматтық қоғам құру мәселелері және осыған қатысты аталмыш қоғам мен мелекеттік жүйе, билік формалары мен негіздері тәріздес қарымды да, ауқымды сұрақтардың тұтас бір күрделі жүйелілігі толық негіз болып табылады. Мемлекеттің өзінің іс-әрекетін заң арқылы жүргізетін ұйым ретіндегі рөлге ие бола бастауы адамзат өркениеті дамуының ерте кезінде-ақ басталған. Антика дәуірінің ойшылдары Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон т.б. мемлекеттік билік пен құқықтық мемлекеттің байланысы мен өзара тигізер ықпалын көрсетуге тырысты және егер заң азаматтар мен мемлекетке бірдей болса, сонда ғана адамдар тұрағының саяси фомасы әділ мемлекет бола алады деп санады. Оны Аристотельдің "Заң билігі жоқ болса, онда ешқандай мемлекет құрылысына орын жоқ» немесе Цицеронның "Мемлекет – ол халықтың ісі", - деп айтқан қанатты сөздерінен анық аңғаруға болады. Ежелгі Греция мен Римдегі мемлекеттік-құқықтық идеялар мемлекет жайлы ілімнің қалыптасуы мен дамуына белгілі ықпалын тигізді.
Феодолизм дәуірі негізіндегі құқықтық мемлекет жайлы ойды, сол замандағы ұлы ойшылдар М. Макиавелли мен Ж. Баден тарихи жағынан айтып кетсе, ерте буржуазиялық революция кезінде құқықтық мемлекет концепциясын дайындауда көптеген тың идеяларға мұрындық болған алдыңғы қатарлы ойшылдар Г. Гроций, Б. Спиноза, Г. Гоббс, Д. Локк, Ш. Монтеське, Д. Дидро, П. Гольбах, Г. Джефферсон және т.б. еңбектері өлшеусіз. М. Макиавеллиге тоқталар болсақ, ол мемлекеттің көп жылдық өмір сүру тәжірибесіне орай, өз теориясында саясаттану принциптері, саяси өмірдің қозғаушы күштерінің дамуына сәйкестендіре отырып, жауап беретін идеалды мемлекеттің негізі болуы керек [1]. - деді. Ал мемлекеттің формаларын пысықтап әрі негізін қалау Республикаға берілді, себебі тек Республиканың ғана көп жағдайда теңдік пен еркіндікті қамтамасыз етерлік қауқары мейлінше жеткілікті болатын. Республика мемлекеттік форманның өркениетті түрі. Демек, М. Макиавелли сенім артқан Рсепублика талай сындарды басынан кешірген өркениет өлшемдерінің тоғысуы болып табылмақ.
Енді ерте буржуазиялық қоғам жетекшілерінің ойлары мен пікірлеріне жеке-жеке тоқталып, олардың ой-толғамдарын таразылап көрелік.
Гуго де Гроций жаратылыстық құқықтық мемлекеттің аса көрнекті теоретигі. Ол «жаратылыстық құқық» және «ерікпен қабылданған құқық» ұғымдарын ғылыми айналысқа ендірген. Туа біткен жаратылыстық құқыққа ол – басқа біреудің мүлкінен аулақ болу, келтірген шығындардың орнын толтыру және халық алдында тиісті жазасын тарттыруды жатқызады. Мемлекеттен таралатын, ерікті қалыптастыратын құқық жаратылыстық құқықтың барлық принциптеріне сәйкес келуі керек. Феодолизмнің құқықтық институттары Гроций бойынша адам табиғатына қайшы келеді, сондықтан ақыл заңына жауап беретін жаңа құқық керек. Мемлекеттің басты мақсаты әрбір азаматқа өз мүлкін пайдалануға ерік беру және оларды барынша қорғау. Кез-келген мемлекет формасының бастауы Гроций пікірінше, қоғамдық келісім болып табылады, сондықтан халық басқарудың кез-келген формасын таңдауына болады, бірақ халық, таңдағын билеушісіне сөзсіз бағынуға міндетті. Мемлекеттің формасын өзгерту, тек екі жақтық келісім арқылы ғана іске асады. Біздің пікірімізше, Гроций ұсынған теория, таза өркениеттік сипатта. Өркениеттік басқару салтын ұстанған елде “таңдау құқығы” өте жетілген болуы керек. Сонымен қатар, әрбір өркениетті елдің адамы өзінің қызметтік, қоғамдық орнын білуі және өзіне жүктелген жұмысын орнықты атқаруы тиіс.
Голланд философы Б. Спиноза – келешектегі заңмен байланысты шынайы құқық пен адам өрлеуін қамтамасыз ететін демократиялық мемлекетке теоретикалық анықтама берген болатын. Ол, егер, мемлекет әр азаматқа өмірін сақтауға кепілдік беріп қана қоймай, оның басқа да мүдде-мақсаттарын қанағаттандыру арқылы оның өзіндік істеріне қолын сұқпаса, тек сонда ғана құдіретті мемлекет болмақ деп сындарлы пікір айтты [1, 207-209 бб.].
ХҮІІ ғасыр ойшылы Т. Гоббс, Англиядағы абсолюттік монархияны ерекше жақтаушы, осыған қарамастан кейіннен буржуазиялық революцияның ойшылдары жалғастырған қоғамдық өмірдегі құқықтық мәртебеліктің бірнеше прогрессивті жағдайларын қарастырған. Оның қатарына заң алдындағы формалды теңдікті негіздеу, шарттардың орындалуы жатады. Гоббс адам бостандығы туралы адам мен заңмен шектелмеген кез-келген нәрсені жасауға құқылы деген идеяға негіз салады және қоғамдық келісімдерді реттеу принциптеріне байланысты теоретикалық бағдарлама жасады [2, 32-92 бб.].
Джон Локк феодалдық қоғамға қарама-қарсы буржуазиялық қоғамдағы құқықтың түсініктерін нағыз классикалық түрдегі жақтаушысы болады. Адамның шынайы еркіндігін қорғауға құрылған мемлекет, Локк бойынша, жеке меншікті қорғауға пайдаланады. Осындай мемлекет жеке меншік құқығын, әр адамның еркіндігі мен теңдігін қамтамасыз етеді. Құқықтық мемлекет жағдайында адам еркі, деп жазды Локк, заң шығарушы билік шығарған жалпыға бірдей заңға сәйкес болады, бұның мәні әр адамның өз еркіне байланысты, заңмен шектелмеген кез-келген мұқтаждығын қамтамасыз етуіне қақысы бар [3, 5-23 бб.] деген ұғыммен терең астасып жатыр.
Монтеське, құқықтық мемлекетті қалыптастыруды азаматтық қоғамда саяси бостандықтың қажеттілігімен түсіндірді. Саяси бостандық идеясы мемлекет тарапынан азаматтардың қауіпсіздігіне орай қалыптасатын азаматтар бостандығы идеяларымен тікелей байланысты. Биліктің зияндылығын шектеу үшін барлық азаматтардың заңды қатаң сақтауы қажет. Монтескье бойынша "Бостандық" дегеніміз, заңда бекітілгеннің бәрін қолдану құқығы, егер азамат заңда тыйым салынған істерді жасаса, онда бостандық болмайды, өйткені мұндай істі басқа азаматтар атқарып, бірін-бірі шектеп, қалыпқа келтіріп отырулары керек [4, 115 б.]. Бұл саяси-құқықтың теориясындағы маңызды идея. Кейіннен бұл идея тәжірибе жүзінде өркениетті елдерінің мемлекеттік құрылысынан кеңінен көрніс тапты.
Д. Дидро, мемлекеттік биліктің құқықтық бастауы қоғамдық келісім шарт арқылы орнаған суверенитетке негізделеді деп санайды. Мемлекеттік билік, оның ойы бойынша қоғамға ұйымдасқан саяси түр беретін, қоғамдық келісім-шарттың "басты азығы" рөлін атқарады. Адамдар тек анда-санда ғана негізгі мұқтаждықтарын қамтамасыз ету, еріктері мен күштерін біріктіру мақсатында шынайы тәуелсіздіктерін мемлекетке сеніп тапсырыды. Мемлекеттік билік суверенитеті халық еркіне негізделген: «тек ұлт қана шынайы суверениетті: шынайы заң шығарушы тек қана халық, тек халық еркі ғана саяси биліктің негізі болады. Мемлекеттің басты мақсаты азаматтардың бұлжымас заңды құқығын және бақытын қамтамысыз ету. Дидроның бұл идеялары Канттың құқықтық мемлекетке қатысты теориясында тамаша философиялық негіздемеге ие болды.
Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздігі Декларациясының авторы Джефферссон қоғамдық келісім және адамының шын мәнідегі шынайы құқығы тұрғысынан биліктің монархиялық формасын сынға алып, шынайы халықтық суверенитетті яки еркіндік пен өзін-өзі билеуін талап етеді. Джеффорсоннның декларациясы адам құқығы болу керектігін және мемлекет алдымен осы принципті қорғау жолында құрылатындығын баяндайды. Декларацияда адам құқығы және жеке адам құқығы мемлекет мүддесімен қатар тұратын болады. Мемлекеттің жаңа доктринасы үшін, бұл тіпті өте тың да келелі жағдай еді, себебі алғаш рет адам құқығы мемлекеттік билік жүйесімен тығыз байланыстырылып, тікелей мемлекеттік шаруаға айналды [5, 163-164 бб.]. Демек, құқықтық мемлекет өркениетті мемлекеттің іргетасын қалайды, адам мен қоғам арасындағы еркін қатынасты орнатады, сонымен қатар, заңдағы заң шығару еркіндігінің сипаты мен қалыптасуына деген бақылауды және басқа да белгілерді қалайды. Азаматтық қоғам да құқықты мемлекет белгісі. Азаматтық қоғам азаматтың белгілі бір құқ пен еркіндікке ие болуы арқылы, өзін қоғамның жеке дара мүшесі ретінде сезініп, өзінің барлық іс-әрекетіне моральды түрде жауапкершілігін сезінетіндей жағдайға жеткенде ғана айтуға болады.
Азаматтық қоғам жөніндегі тұғырнамалар жүйесі ХҮІІ ғасырдан бастап теоретикалық түрде қалыптаса бастады. Т. Гообс, Б. Спиноза, Ж.Ж. Руссо, Ш.Л. Монтеське, И. Кант, Г.Гегель, Т. Пейн осы теорияның негізін қалаушылар болып есептелінеді. Азаматтық қоғам жайлы тұғырнаманың қалыптасуы жеке еркіндік идеясымен, әрбір жеке тұлғаның өзіндік құндылықтарының қалыптасуымен тығыз байланысты. Феодализмнің тұсында қоғам туралы түсінік: қоғамдық өмірдегі маңызды институттар (меншік, жанұя, еңбек ұжымы т.с.с.) феодалдық иемдену, сословие, цехтік бірлестік түрінде көрінді және осылардың нәтижесінде феодалдар мемлекеттік өмірдің статустық элементтерін иемденді. Нақ осылар арқылы жеке адамдардың мемлекеттік ұйымдарға деген қатынасы нақты көрінді.
Буржуазиялық қоғамның ерекшелігі стратификакцияның саяси және әлеуметтік түрде бөлінуінде де көрінеді. Бұл стратфикация азаматтық қоғамдағы жеке адамның құқықты статусын, оның әлеуметтік-экономикалық мәнінен бөледі және оны бір уақыт ішінде әрі жеке тұлғаға, әрі қоғам азаматына айналдырады. Жеке мүдделер, жалданбалы еңбек және құқық өрісі саяси бақылаудан босатылады. Мұра болып қалатын барлық сословиелік жеңілдіктер өз күштерін жоғалтады. Бірінші орынға әлеуметтік қозғаушы күштердің тәуелсіз бөлігі ретіндегі жеке адамның табиғи қабілеттері мен еркіндігі қойылады [6, 7-8 бб.]. Азаматтық қоғам экономикалық және мемлекеттік құрылым арасында орналасқан, сондықтанда ол тұтас жүйелік әлеуметтік және рухани аймақтардың жиынтығын құрайды. Дамыған азаматтық қоғамның ең маңызды базасы, ХХ ғасырда басталған өнеркәсіптегі өркениет, машиналандырылған өнеркәсіп және осыларға байланысты еңбекті бөлу жүйесі, экономикалық қатынастықтың негізгі формасы болып табылатын еркін нарықтық қарым-қатынастар.
Азаматтық қоғам, мемлекет және оларды құратын күрделі институттар, әр түрлі әлеуметтік күштер мен көзқарастардың арасындағы үйлесімділікке жету үшін құрылған. Қоғамдық келісім, әсіресе, құқықтық мемлекеттің нормасымен арадағы межені көрсетеді. Басқаша айтқанда, жеке тұлғалардың бір-бірімен күресін бұзушы потенцияның мығымдылығы кез-келген адамдар бірлестігінің көп және аз мөлшердегі өмір сүру ерекшелігіне, олардың бірлігінің мәніне байланысты. Соның ішінде, мәселен, бір-біріне ұқсайтын элементтердің біркелкілігінің маңызында ғана емес, оларды құрайтын адамдар, әлеуметтік топтар, қарым-қатынастар, сонымен қатар, олардың айырмашылығы, көп түрлілігі, плюрализмі алдыңғы қатарға суырылып шығады. Плюрализмді қарапайым, әртүрлі ішкі субстанцияның бірлігінен айрылған, шекелуі категория пайдасыз қозғалыстардың әртүрлігі деп түсінбеу қажет. Азаматтық қоғам бірлігінің мәні – қазіргі өмірге деген ортақ мақсатқа ұмтылған, азаматтық қоғамда өмір сүретін әлеуметтік күштер, институттар, ұйымдар мен топтардың жасампаз іс-әрекеттеріне барынша тәуелді [7].
Жеке адамның өзіндік құндылығын, құқығын және еркіндігін мойындау, сол жеке адамның өз алдандағы және қоғамның басқа мүшелерінің алдандағы жауапкершілікке бапйланысты көптеген азаматтардың еркіндігін, теңдігін, әділеттілігін және құқығын қорғау, өмір сүруге бейімділігін және жүйенің бірқалыптылығын сақтау – мемлекет пен азаматтық қоғам араасындағы тепе-теңдікті сақтаудың тың жолдарын іздеуге әкеп тірейді. Бұндай теңдікті бұзу, болжап болғысыз қиын нәтижелерге әкеліп соғады. Азаматтық қоғамда заң бойынша азаматтардың мынадай құқықтарының сақталуына кепілдік беріледі: экономикалық және саяси болмысын таңдаудағы еріктілік, идеология басымдылығының блмауы, есесіне ар-ұят еріктілігінің басым болуы. Ал экономикасының негізі – экономиканың көп сатылығы, оның әр түрлі меншік формаларымен және нарықтық қатынастық байланысына негізделген. Азаматтық қоғамның саяси өмірі барлық азаматтардың мемлекеттік және қоғамдық істерге қатысуына толық мүмкіндік береді. Мемлекет пен азамат ортақ жауапкершліктері арқылы байланысады, яғни, заңның мәртебелілігін сақтау және баршаның заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ету. Осыған орай, жалпы халықтық қабылданған нормаларға сай, адам құқығы сақталатын азаматтық қоғам өмір сүреді: яғни, ұлттық-этникалық, саяси, діни, жыныстық-жастық белгілеріне қарамастан кез-келген және жеке адамды заңды түрде мықтап қорғау (оның мүліктері мен үйлеріне ешкімнің құқығының болмауын, мамандық таңдауға құқысын, тұрғылықты жерін таңдауға құқысын, тұрғылықты жерін таңдауға деген құқығы, мемлекеттен кетуі және келуі, хат жазуы, жеке телефон арқылы сөйлесуінің құпиялығының сақталуы, сөз еркіндігі, жазу және хабар еркіндігі): азаматтың көзқарасына және рухани қажеттіліктеріне ерік беру: сот органдары және қоғамдық ұйымдар жағынан азаматтар құқығын барлық жағынан қорғау [8].
Азаматтық қоғам өзінің дамуында бірнеше сатылардан өтеді. Мысалы ХХ ғасырдың басында Ресейде өзіндік державалық басқару формасына қарамастан азаматтық қоғамның дамыған, ірі өркениетті мемлекеттерге тән формасы қалыптасты. Бұл азаматтық қоғамның негіздері Қазан революциясы кезінде және тотолитарлы жүйе орнату кезінде құрдымға кетті. Кеңес үкіметі кезінде еліміздің территориясында индустрализация науқаны басталды, бірақ оған қажетті азаматтық қоғам аяусыз жаншылып тасталды. Азаматтық қоғам тоталитарлы жүйемен араласып кетті. Жеке азаматтардың, әлеуметтік топтардың мүдделері коммунистік мемлекет және утопиялық ілім мүддесі үшін жоққа шығарылып отырды. Азаматтық қоғам мүддесін жақтаушы топтар азаматтық қоғаммен бірге мемлекеттен шектелініп отырды. Әскери – бюрократиялық типтегі, бұйрық арқылы басқару іске қосылды. Кеңес дәуіріне тән қасиет – жұмысшылардың меншіктен, жұмыс нәтижесінен және саяси биліктен аластатылуы болатын-ды. Социалистік қоғамның құқықтық және саяси шындықтары, осы қоғамның нарықтық постулатының принциптеріне қарсы болды. Тағы бір мысал, бұл абсолюттік монархия, нарқытық мұнда тек бір тұлғаның ғана іс-әрекеті үстемдік етеді. Олардың айырмашылығын конституциясында демократиялық еркіндіктің жоқ болуынан да көруге болады, яғни бұрмалаушылық ашық түрде көрінеді, ал негізгі мақсаттарын “соцализм үшін” деп жүзеге асырады.
Ал дамыған, өркениетті капиталистік мемлекеттерге келетін болсақ, оларда қалыптасқан азаматтық қоғам, олардың дамуына, социумына қажетті табиғи біртұтастық болып табылады. Т. Адрио, Э. Фромм, М. Хоркхаймер, Э. Эриксон және басқалары: соғыстан кейінгі либерал-демократиялық жүйені фашистендірілген дейді, яғни, бұнда авторитарлық тұлға халықтық тип болып табылады. Адрио және оны жақтаушылардың пікірінше, саяси авторитарлы тұлға ежелгі дәстүрге, кедейлерге еш көңіл аудармайды, ол тек билік пен күшке ұмтылды. Хоркхаймер авторитарлық тұлғаны ХХ ғасырда енген жаңа “антропологиялық” тип деп атайды. Егер, авторитарлы тұлға қоғамда тип ретінде орын алып, социалистік саяси жобада өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік алса, онда ол азаматтық қоғам қызметінің жойылғаны болып табылады. Авторитарлық тұлғаның типіне тән, бұл тоталитарлық жүйенің негізіндегі ерекшеліктер: консервативтік, агресивтік ағымдар, билікқұмарлық, интелегенцияны және басқа этникалық таптардың өкілдерін жек көру, ойлаудағы тиісті стериотип, конформизм және т.б.. Авторитарлық тұлға концепциясы қанша сынға түскенмен оның азаматтық қоғамға қауіп төндіретін және өте кең таралған тип екенін көруге болады.
Азаматтық қоғам капиталистік қатынас жағдайында оның экономикалық базасы ретінде қалыптасады және азаматтық қоғам талабы бойынша алғашқы шара нарықтық экономика қалыптастыру және оның негізінде қоғамдағы барлық экономикалық қатынастарды реттеу болып табылады. Нарықтық механизмде саясаттың экономикаға үстемдік етуі немесе заң шығарушы органның қоғамдағы шынайы қатынастарға үстемдігі болмауы тиіс. Экономикалық реформа азаматтық қоғам қалыптасуының экономикалық негізін құрайды [9]. Азаматтық қоғам қалыптасуының қиындығы онымен бір уақытта демократиялық құқықтық мемлекет қалыптасу қажеттігімен де байланысты. Тарихи тұрғыдан құқықтық мемлекет дамыған азаматтық қоғам базисінде пайда болады. Демократия талабы бойынша мемлекет қоғамның сенімді бақылауында болуы қажет. Әрине, оған мемлекеттік қызметтің қомақты бөлігі, әсіресе, экономикалық бөлігі беріледі. Осыған байланысты, азаматтық қоғам диференцияланған әлеуметтік құрылым базасында пайда болады. Бұл құрылымға әдетте кәсіпкерлер, фермерлер, басқа өндіріс құралдар иелері, еркін мамандық иелер, сондай-ақ, өз жұмысшы күшін жалдаушы адамдар кіреді. Еңбек нарқы экономикалық дамудың қажетті шартын көрсетеді. Азаматтық қоғам орта тап деп атауға негізделген әлеуметтік қабатта қалыптасады. Орта тап өкілдері, өз ерекшелігі мен маңызы бойынша, азаматтық қоғамның идеологиялық құндылықтарын тасмалдаушы болып табылады. Кәсіпкерлік еркіндігі мен демократиялық құқық және тағы да басқалары да базасында бірітіндеп азаматтық қоғамның: партия, саяси қозғалыстар, кәсіпқой одақтар, әр түрлі ассоциациялар сияқты өз мүшелері құқықтарын талап етуге қабілетті маңызды институттары қалыптасады. Демек, азаматтық қоғам қалыптастыру жолында саяси тұрақтылыққа жету үшін келісімге жету – аса маңызды принцип болып табылады. Азаматтық қоғамды құру оның қалыптасу процесіне қарағанда мейлінше күрделі құбылыс. Өйткені ең алдымен қоғамда тоталитарлық жүйе шартындағы әлеуметтік институттар қызметінің кең көлемді теріс тәжірибесі пайда болады.
Сондықтан, өркениетті елдердегі азаматтық қоғам қазіргі ахуалда қатаң орныққан және басқа жағдайға өзгертуге қабілетсіз деп есептеуге болмайды. Олай болса, біздің осы философиялық талдауымыз қоғамның, мемлекеттік биліктің қажетті ортада және тиімді формада өркениетті түрде жүзеге асуына, қызмет етуіне, аз да болса өз септігімізді тигізу. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамда оқта-текте орын алып отырған құбылмалы факторлар әлі де өз күшін жоғалта қойған жоқ. Бұл мәселелер жас Қазақстан Республикасының алдында тұр. Қазақстан өркениеті тек құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам негізінде ғана тұғырында нығайып, болашаққа қарыштап дами алады. Біз көп ұлтты жас, зайырлы мемлекетпіз, бірақ біздің түп бастауымыз өте тереңде жатыр. Қазіргі азаматтық қоғамның негізі сонау дәстүрлі қазақ қоғамында қалыптасқан, демек іргетасы бар дүниені қаластыру аса қиындық туғызбауы тиіс. Себебі біз, президент сөзімен айтқанда жоғары өмір стандарттары бар әлемдегі ең ырғақты дамып келе жатқан мемлекеттердің біріне айналдыру туралы алдымызға өршіл мақсат қойдық. Ол мақсатқа адам әлеуетінің белсенділігін, азаматтардың іскерлігін арттыру арқылы ған қол жеткізуге болады [10] деп Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресінде сөз сөйледі. Елбасының бұл сөзінен Қазақстан алдында талай асулардың тұрғандығы анық екендігін білдіртеді. Жоғарыда айтып өткендей, сонау ерте заманнан бастап, қай кезеңде болмасын ірі ойшылдардың барлығы дерлік әділеттілікке негізделген тең құқықты, ойлы азаматты мемлекет болуды аңсаған және осы мақсатта түрлі тоерияларды өмірге әкелген, жүзеге асыруға тырысқан. Олай болса, өркениеттік қалыпқа жүгінген құқықтық мемлекет пен азаматттық қоғамды таңдаған еліміздің бағыты құптарлық.
В статье рассматривается цивилизационное соотношение правового государства и гражданского общества. А также дается теория правового государства и гражданское общество и анализируется цивилизационные подходы. В статье часто поднимается вопросы об отношении человека с государством, с обществом и толкуется свобода мысли человека на цивилизационном уровне. В конце статьи дается анонс о казахстанской цивилизации.
Достарыңызбен бөлісу: |