Купить Apple iPhone на Kaspi.kz Алматы
Перейти Яндекс.Директ
Қазір кәсіпорындар өндірістік кызметте: өндірістік бағдарламаларды, өндірістік және әлеуметгік даму жоспарларын әзірлеуде, баға саясаты сапасында стратегияны белгілеуде зандық және экономикалық дербестік алған. Осыған байланысты басшылардың басқару шешімдерін қабылдауы үшін жауапкершілігі өскен.
Шаруашылық дербестік- мекеменің ұйымдастыру формасын, қызмет түрін, бизнес бойынша серіктерді, өткізу нарығын, бағаларды белгілеу және т.б.
Қаржылық дербестік оның толық өзін-өзі қаржыландыруынан,қаржылық стратегияны, баға белгілеу саясатын жасаудан тұрады.
Осыған байланысты бухгалтерлік қызметгің жеке саласы ретінде басқару есебін құру қажеттілігі пайда болды.
Бухгалтерлік басқару есебі - шаруашылық және қаржылық іс-әрекетпен шұғылданатын әркімге қажет білім саласы.
Шаруашылық қатынастардың қандай тобы көрсетілуіне байланысты бухгалтерлік есеп екі кұрамдас бөлікке бөлінеді: қаржылық есеп пен басқару есебі. Қаржылық есептің мәліметтері салыстырмалы және мекеменің қаржылық жағдайына, оның төлемге және несиеге қабілеттілігіне, оған инвестиция салудың пайдалылығына әділетті баға беру үшін ішкі пайдаланушыларға, ннвесторларға, кредиторларға және басқа пайдаланушыларға қажетті ақпарат бөлуге тиіс.
Нарықтың экономика елдерінде бухгалтерлік есептің дамуы көрсетілген екі бағыт бойынша өзінің методологиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық дербестігін алды.
Біздің елімізде бухгалтерлік есеп орталықтандырылған мемлекеттік басқарудың ақпараттық қажеттіліктеріне бағынады. Сондықтан ақпараттық қажеттіліктерді дамытудың табиғи процесі ірі ішкі өндірістік маманданған және еңбек кооперациясының тармақталған жүйесі бар көп деңгейлі құрылымды кәсіпорындардың басқармалары жасанды түрде жоғарыдан тежеді. Нәтижесінде тұтастай ішкі өндірістік басқарма мен оның орталық буыны ішкі марка тұрақты қажеттілікті сезінді және әлі де сезінуде. 1937 ж. 1 каңтардан бастап жүрген мекеменің қаржылық шаруашылық қызметінің бухгалтер есебі шоттарының бас жоспары мен 2003 ж. 1 кантардан бастап қолданысқа енген. Шоттардың үлгі жоспары өндірістілік басқаруды есептік-шаруашылық қамтамасыз ету деңгейін күмәнсіз көтеруге тиісті. Жалпы және басқару есебін бөлуді қарастырады. Сонымен қатар, басқару есебінің оқшауланып бөлініп шығуы нарықтық экономика принциптерінің бірі болып табылатын кәсіпорының коммерциялық кұпияларын сақтауды қамтамасыз етеді.
Сондықтан басқару есебінің мәні мен белгіленген міндетін, оның ұйым есебінің жүйесіндегі орнын, ақпараттык қамтамасыз ету мен жүргізу тәсілдерін карау керек.
Нарықтық экономика кезінде бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушыларды екі топқа бөлуге болады:
• ұйымды басқаратын ішкі, яғни есепті жүзеге асыратын кәсіпорын кұрамындағы пайдаланушылар;
• сыртқы, ұйымды басқаратындар, яғни кәсіпорын құрамына кірмейтін пайдаланушылар.
Ішкі паидаланушылар - жоспарлау, бақылау және шешім қабылдау кезінде есептік ақпаратты барлық деңгейде колданатын басқару қызметкерлері; меншік иелері, құрылтайшылары, директорлар кеңесі, менеджерлер, басшылар және бөлімше мамандары болатын әкімшілік.
Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар - тікелей және жанама қаржылық мүддесі бар басқа жақтағы сырт қоры пайдаланушылар. Олар ұйымның басқару қызметкерлері (басшылығы) дайындалуы мен ұсынылуы үшін жауапкершілік көтеретіп, ұйымның қаржылық бухгалтерлік есебінен есептік ақпарат алады. Тікелей қаржылық мүддесі бар сыртқы пайдаланушыларға мыналар жатады: бар және болуы ықтимал инвестициялар, банктер, жабдықтаушылар, жалдамалы еңбеккерлер және т.б. Қаржылық есептің мәліметтері бойынша олар ұйымның қаржылық келешегі мен төлем қабілеттілігі туралы қорытынды жасайды, мысалы:
- инвесторлар өздерінің күрделі қаржы салымынан экономикалық қайтарымдылық пен тәуекелділікті бағалауы тиіс; банктерге несиеленген қаражат қайтадан өзіне оралатындығын, несиелер бойынша проценттер мерзімінде төленуі-төленбеуін анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтер керек;
- жабдықтаушылар және басқа кредиторлар оларға тиісті сома уақытында төлену төленбеуін білуі тиіс;
- сатьш алушылар ұйым қызметі туралы, әсіресе егер олар ұзақ мерзімді негізде байланысты болса, ақпарат алуға мүдделі;
- жалдамалы жұмысшылар өзінің жұмыс берушісінің жағдайы тұрақтылығы мен пайдалылығы туралы, ұйымның оларға әлеуметтік игілік беруі, жұмысқа қамту, зейнетақымен қамтамасыз ету мүмкіндігі жайлы мәліметтер алуы тиіс.
Жанама қаржылық мүдделі сыртқы пайдаланушыларға мыналар жатады: мемлекеттік және муниципиальды мүлікті басқаруға уәкілетті органдар, салықтық және қаржылық органдар, мемлекеттік статистика органдары, аудиторлық ұйымдар мен басқа пайдаланушылар (қоғамдық ұйымдар, қор биржалары, ғылыми кеңесшілер және т.б.).
Мемлекеттік органдар мен олардың ұйымдарын ресурстардың орналасуы ұйым қызметі қызықтырады. Оларға ақпарат, сонымен қатар мемлекеттік реттеу салықтар мен салық саясатың белгілеу, әр қилы статистикалық көрсеткіштер мақсаты үшін керек.
Қоғамдастық ұйым қызметінің тұтастай экономикалық және әлеуметтік ахуалына азаматтардың өміріне (мысалы, ұйым жұмысқа қамтуда ұлғайтып, табиғат қорғау шараларын жүргізіп, аймақтың экономикалық өміріне елеулі үлес қосады) ықпал етуін бағалау үшін ақпарат алуға ынталы.
Басқа сыртқары ақпарат пайдаланушыларға қарағанда, салық және қаржы органдары есептік қана емес, басқа да салық төлеудің дұрыстығын тексеру үшін қажетті; ұйымның басқа да есептік ақпаратын алуға құқылы.
Басқа сыртқары пайдаланушыларға бухгалтерлік есеп мәліметтері, әдетте ұйымның қаржылық жағдайын бағалау үшін қажет. Олар бұл мәліметтерді тікелей ұйымнан немесе мемлекеттік статистика органдарынан ақы төлеп ала алады.
Нарықтық экономика жағдайында толық шаруашылық және қаржылық дербестік берілген кәсіпорынды басқару процесі едәуір қиыңдады. Сондықган, бухгалтерлік есеп жүйесі алдындағы тұрған міндеттер де күрделенді. Әкімшілік жүйенің бухгалтерлік жүйесі бүгінде қазіргі замандағы «ақпараттық» кәсіпорынның талаптарын қанағаттандыра алмаушы еді. Жаңа айтылғандай, бухгалтерлік қызметтің дербес саласы жағдайында қаржылық және басқару делініп бөлінетін басқару есебі сөзсіз болады.
Қаржылық есепте кәсіпорынның нарық субъектісі ретіндегі шаруашылық серіктерімен, банктермен, салық жүйесімен және басқа сыртқы ұйымдарымен шаруашылық қатынастары, яғни кәсіпорын қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты сыртқы бухгалтерлік есеп беру көрсеткіштері болып көрсетіледі, өнделеді және жинақтап қорытылады.
Басқару есебі қаржылық есепті кеңейтеді және ең алдымен кәсіпорынның ішкі операцияларында қолданылады. Оның мақсаты - басқару аппаратын, менеджерлерді, нақтылы шаруашылық мақсатына жетуге жауаптыларды ақпаратпен қамтамасыз ету. Басшылық пайдалануы үшін дайындалатын бухгалтерлік ақпаратқа тікелей кәсіпорында жұмыс істемейтін сыртқы пайдаланушыларға арналған ақпаратқа қарағанда, басқадай талаптар қойылады. Басқару есебінің мәліметтері кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылады.
Сонымен қатар, басқару есебі әдетті бухгалетерлік есептен мәліметтері сыртқы пайдалаиушыларға (мемлекет, банк, іскер серіктерге) арналмағандығымен, ішкі «қолданыс» үшін екендігімен айрықшаланады. Басқару есебінің мақсаты - басшының дұрыс шешім қабылдауына көмектесу. Сондықтан егер бухгалтер есеп беру мен нұсқаудың түрлерін қатаң сақтауға тиіс болса, ал басқару есебі жөніндегі маман талдаудың түрлерін, тәсілдері бастысы - кәсіпорындағы экономикалық процестер барысының мәнін дұрыс ұғыну мен басшыға уақытылы кеңес беру. Басқару есебі - жоспарлау, бақылау, шешім қабылдау сияқты түйінді салада менеджерлерге көмектесу мақсатымен қаржылық ақпарат беру, басқаруды ақпараттық қолдау жүйеснен басқа ештеңе емес.
Басқару есебін назар үйіру деп те айтуға болады. Сонымен қатар уақыты шектеулі менеджерлерге өздері білетін немесе күтетіні жайлы тыңдайтын уақыты жоқ. Олар барлығын бақылай алмайды, сондықтан оларға жоспар бойынша жүріп келе жатқан істер жайлы ақпарат маңызды емес, яғни басқару есебінің мәні - түзетуді талап ететін өрісті айқындау.
Қаржылық есептің басым міндеті - алғашқы бірінші топтағы есептерді жасау. Олардың ақпараты ішкі пайдаланушыларға арналған.
Бухгалтерлік басқару есебінің міндеті - екінші және үшінші топтағы есептерді жасау. Олардың ақпараты ішкі пайдаланушыларға арналған, тікелей өндіріс ауқымындағы істердің жайы туралы нақты ақпарат болуы тиіс.
Сонымен, басқару есебі есептеу, жоспарлау, бақылау, кіріс, шығыстарды жолдау жүйесі мен талдаушылық тұрғыдан қажетті шаруашылық іс-әрекеттің қорытындыларын, қыска мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерін оңтайлындыру мақсатымен әр түрлі басқару шешімдерін шұғыл қабылдау жүйесін көрсетеді.
2. Басқару есебі - экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі арқылы басқару. Бұрын көрсетілгендей, отандық бухгалтерлік теория мен практикада «Басқару есебі» ұғымын, салыстырмалы түрде алғанда, жуықта ғана пайда болды.
Басқару есебінің негізінде каржылық, материалдық және еңбек ресурстарын тиімді басқару жүйесі жатыр.
Нақты басқару есебі кәсіпорындағы міндетті іс-қызмет процестеріне тығыз байланысты методологияға негізделеді, оның үстіне басты назар, мысалы, бөлімшелер қызметін бағалау және өнім мен өндірістің пайдальшығын бағалау сияқты аспектілерге байланысты шығындарды басқару есебіне аударылады.
Осылайша, басқару мақсатымен есептің ақпаратты өзгерту қажеттілігіне байланысты нормативті есеп орнына, әрине басқару есебі келеді.
Басқару есебінің мазмұнын жалпылай алсақ, екі топқа: өндірістік ресурстар, шаруашылық процестері мен олардың нәтижелеріне біріктенуге болатын өндірісті басқарудың бүкіл циклі процесіндегі объектілердің жиынтығы жатады.
Өндірістік ресурстар кәсіпорыннын шаруашылық қызметі барысында адам еңбегінің мақсатқа сәйкестілігін қамтамасыз ету. Олар мыналарды біріктіреді:
• негізгі құралдар - еңбек құралдары (машиналар, жабдықтар, өндірістік ғимараттар және т.б.), олардың жағдайы яғни пайдалану;
• материалдық емес ресурстар - мерзімнен бұрын қаржы бөлінген объектілер (жерді пайдалану құқығы, патент материалдық ресурстар - еңбек құралдарының көмегімен өндіріс процесінде өндеуге арналған еңбек керек жарақтары;
• еңбек ресурстары – кәсіпорынның осы шақта бар нақты еңбек ететін көпшілігі, мақсатқа сәйкес қызмет пен еңбек нәтижесінде еңбек ресурстарын пайдалану.
Шаруашылық процесстер мен олардың нәтижелері, жинақтай алғанда, кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетін құрайды. Оларға іс-әрекеттің мынадай түрлері жатады:
• қамтамасыз ету - дайындау;
• өндірістік;
• қаржылық-өткізушілік;
• ұйымдастырушылық.
Бухгалтерлік басқару есебі - есеп процесі мен кәсіпорынды басқару арасындағы байланыстырушы буын.
Ұйымның өндірістік қызметі және оның жауапкершілік орталықтары деп аталатын жекелей құрылымдық бөлімшелері (сегменттері) бухгалтерлік басқару есбінің ісі болып шығады.
Жауапкершілік орталығы - шығындарды, кірістер мен ұйымдағы бизиестің осы сегментіне инвестицияланатын қаражаты, шығынды бақылайтын менеджер басқаратын құрылымдық бөлімше. Бұл көрсеткіш басшылықтын бөлімшесі үшін анықталады.
Бизнестің сегменттері заң жүзінде дербес немесе ұйымның құрылымдық бөлімішесі (бұлар бизнестің ұсақ сегментері болуы мүмкін,алайда міндетті түрде өзінің басшысы.
Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі атап көрсетіледі:
• шығын орталығы;
• кіріс орталығы;
• пайда орталығы;
• инвестиция орталығы.
Шығын орталығы - өндірістік ресурстардың шығындарын байқау, бақылау, басқару сондай-ақ оларды пайдалануды бағалау мақсатымен мөлшерлеу, жоспарлау және өндіріс шығындарды есептеуді ұйымдастыратын кәсіпорынның құрылымдық бөлімі.
Өнеркәсіптік өндіріс жағдайында шығын орталығы ретінде кұрылымдық бөлімшелерді бөлгенде мыналарды ескеру керек:
Әрбір шығын орталығы - жауапкершіліктің жеке өрісі, орталық оның басшысына кәсіпорының барлық шығындарын жоспарлау мен анықтауға көмектеседі. Орталық бір типті машиналар мен жұмыс орындарынан тұрады. Бұл осы орталыққа шығыс орталығын үлкен қиындықсыз есептен шығару үшін біртекті сипаттағы шығындарға себепті болады. Сонымен қатар ірі шығын орталықтары ұсақтан құралуы мүмкін. Әдетте, шығындар орталығының мөлшері үлкен болған сайын, жауапкершілік деңгейі де биік.
Шығындар орталығы екі бағытта жұмыс істей алады:
- берілген қаржы деңгейінен ең көп шамада нәтиже алу;
- берілген нәтижеге жету үшін қажетті қаржыны ең аз шамаға жеткізу.
Алайда шығындар орталығы басшыларына өндіріс бағасы мен көлемін өз бетінше белгілеуге рұқсат етілмейді.
Кіріс орталығы - жауапкершілік орталығы, мұнда менеджер кірістерді алу үшін жауап береді, бірақ шығындар үшін (мысалы, сауда ұйымның көтерме сауда бөлімі және т.с.с.) жауап бермейді, оның басшыларынын іс-әрекеті алынған кірістер негізінде бағаланады. Осы жағдайдағы басқару есебінің міндеті - жауапкершілік орталығының қызмет корытындылары шығаруда нәтижелерді кесімді белгілеу.
Пайда орталығы - бұл да жауапкершілік орталығы. Оның басшысы бір уақытта өзінің бөлімшесінің кірістері үшін де, шығындары үшін де жауап береді, тұтынылатын ресурстар саны және күтілетін бүкіл мөлшері жөнінде шешім қабылдайды. Іс-әрекетті бағалаудың белгісі - алынған пайда мөлшері. Сондықтан басқару есебі жауапкершілік орталығына кірер шығындардың құны, осы орталық ішіндегі шығындар және сегмент іс-әрекетінің корытындылары шығарда түпкілікті нәтижелер туралы ақпарат ұсынуға тиісті.
Инвестиция орталықтары – кәсіпорын сегменттері, бұлардың менеджерлері өз бөлімшелерінің шығындары мен кірістерін бақылап қана қоймайды, басқа орталық басшылары шұғылданбайтын, инвестицияланған қаржыны тиімді пайдалануды да қадағалайды. Басқаруда ең үлкен өкілеттіктері бар инвестиция орталығының басшылары қабылданатын шешімдер үшін кәсіпорын әкімшілігі жекелеген жобалар бойынша бөлген қаражатты бөлу ең жоғары жауапкершілік көтереді.
Басқару есебінің мәні - шығындар мен кірістерді, мөлшерлеуді, жоспарлауды, бақылауды және кәсіпорьшың болашақ даму мәәселелерін үйлестіру мен шұғыл басқару шешімдері үшін ақпаратты жүйелендіретін таллдауға есеп жүйесін біріктіріп кірістіру (интеграциялау).
Ұйымды жауапкершілік орталықтарына бөлу мен оларды маңызына қарай іріктеуді кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы деп атайды.
Менеджерлерге жүктелген жауапкершілік дәрежесіне байланысты кәсіпорының ұйымдастырушылық құрылымы орталықтандырылған немесе ортлықтандырылмаған болып сипатталуы мүмкін.
Орталықтанған ұйымдар функционалді принциптер бойынша (әкімшілік, қаржы, жабдықтау, өндіріс, маркетинг және т.с.с.) құрылған және олардың басқару есебі жүйесі шығындар орталығына негізделген. Басқарудың мұндай жүйесі шын мәнісінде консервативті болып табылады, ең көп шамада мәжбүрлікті көздейді және өз қызметкерлеріне іс-қимыл бостандығын бермейді.
Орталықтапдырылмаған құрылым пайда мен инвестиция орталықтары бар болуымен сипатталады. Шығын орталықтарының менеджерлерімен салыстырғанда олардың басшыларының мол құқықтары мен міндеттері бар, кәсіпорын әкімшілігінің алдынала келісуінсіз шешімдердің едәуір бөлігін қабылдай алады.
Дегенмен орталықтандырылмаған жүйенің табысты жұмыс істеуі тым болмағанда, екі шартты сақтағанда болуы мүмкін:
- жоғары мамандандырылған басқару кұрамының бар болуы;
- тұтастай ұйымның және оның жеке кұрылымдық бөлімшелерінің мақсаттары мен мүдделерінің үндесуі.
Таңдалған ұйымдастырулық құрылым түріне қарамастан, тұтастай компанияны қаржыландыру үшін жауапкершілік, әдетте жоғары басшылықта болады.
3. Басқару есебінің объектілері ұйым мен оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің қорытындылары мен шығындары; баға белгілеу, бюджеттеу және ішкі есеп беру болып табылады.
Құнды қағаздармен қаржылық операциялар, мүлікті сату мен сатып алу, жал және лизинг операциялары, еншілес және тәуелді қоғамдарға инвестициялар және т.с.с. басқару есебінің шеңберінен шығады.
Бұрын атап көрсетілгендей, басқару есебінің өрісі - есеп беру орталықтарының (ұйым сегментінің) өндірістік іс-әрекеті, сондықтан басқару есебін кейде жауапкершілік орталықтары жөніпдегі есеп немесе сегменттік есеп деп те атайды.
Сегменттік есеп - ұйымның жеке құрылымдық бөлімшелерінің қызметі туралы ақпаратты жинау, көрсету және жинақты қорыту жүйесі.
Сегменттік есептің ақпараты фирмаішілік басқаруда, сегменттік есепті құрастыруда, басқарудың әр түрлі деңгейіндегі шығындар мен нәтижелері басқарушылық бақылау жүйесін құру, сондай-ақ қабылданған шешімдерді орындауды бақылау үшін қолданылады.
Басқарушылық бақылау жеке құрылымдық бөлімшелер бойынша кірістер мен шығыстарды реттеу мен бақылау үшін менеджерлер қолданатын ережелер мен олардың бір қатарын өзіне алады. Сегменттік есептің нақты мәліметтері мен жоспарды экономикалық талдау негізінде олар жауапкершілік орталықтарының қызмет нәтижелерін өлшейді және жоспарланған көрсеткіштерге мәліметтері сәйкес келетіндігі анықтайды.
Басқарушылық бақылау жүйесін ұйымдастыруда сегменттік жоспарлау - құрылымдық бөлімшелер үшін смета (бюджеттердің) әзірлеу қалыптасу негізі болып қызмет етеді. Басқаша аитсақ сегменттік жоспарлау басқарушылық бақылауды ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесінің құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Басқа екі құрамдас бөлігі болып сегменттік есеп пен сегменттік есеп берушілік шығады.
Ақпаратпен қамтамасыз ету - жүйелі, уақтылы, сыйымды, нысаны мен қабылдануы қарапайым және берілген бөлімшелердің іс-әрекеті барысын жоспарлау мен бақылау үшін менеджерлер қолданатын, қаржылық және қаржылық емес ақпаратты жинау, өңдеу мен беру.
Сегменттік жоспарлау, есептеу мен есеп беруді жүргізу бухгалтер жолдаушының қызметтік міндеттеріне кіреді.
Кәсіпорынның акпаратгық жүйесіндегі басқару есебінің объектілері көрсетілетін әр түрлі әдістер мен амалдар басқару есебімің тәсілдері деп аталады. Ол мынадай элементтерден тұрады.
Құжаттама – кәсіпорынның өндірістік қызметін жеткілікті дәрежеде толық көрсететін алғашқы құжаттар мен ақпараттық машиналық атқарушылары. Кәсіпорын ерекшелігіне сәйкес бастапқы есеп қаржьшық және басқару есебіне арналған ақпараттың негізгі көзі болып табылады.
Түгендеу - объектінің іс жүзіндегі жағдайын, сондай-ақ есептік мәліметтерден ауытқушылықты, есепке алынбаған құндылықтарды, шығындарды, кем шығуды, ұрлықты анықтау тәсілі.
Топтастыру мен жинақтап қорыту, бақылаушы шоттарды пайдалану - белгілі бір белгілер бойынша объекті туралы ақпаратты жинақтауға және жүйелендіруге мүмкіндік беретін – тәсіл. Топтастырылған ақпарат іс-әрекет нәтижелерін бағалау мен шұғыл және стратегиялық шешімдер қабылдау үшін тиімді пайдаланады.
Бақылаушы шоттар - сол кезең операцияларының жиынтық сомасы бойынша жазбалар жасалатын жиынтық шоттар. Бақылаушы шоттар жүйесі қаржылық және басқару есебі арасын байланыстыратын буын болып шығады және есептік жазбалардың толықтығы мен дұрыстығың анықтауға жол ашады.
Мөлшерлеу (нормалау) - ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалану мен шығындарды өнімге айналдыратын ең өнімді жолдарды іздестіруді қамтамасыз ететін оңтайлы нормалар мен нормативтерді ғылыми негізделген есептеу процесі. Мөлшерлеусіз қорлар мен іс жүзіндегі шығындар жағдайын бақылау мен басқару есебі жүйесін ұйымдастыру мүмкін емес. Мөлшерлер бақылау жүйесінің негізгі ретінде жауапкершілік, азық-түлік және операциялар орталықтары бойынша жіктеледі және топтастырылады.
Ынталандыру - кәсіпорының мақсаты мен міндеттерін анықтауға, осы мақсаттарға сәйкес шешімдер қабылдауға жетелейтін өндірістік процеске қатысушылардың дәлелдеу (мотивация) құралы. Бұл ретте сметалар мен оларды орындау туралы атқару есептері алға шығады.
Бақылау - пайда болған ауытқуларды ашу мен жоюға мүмкіндік беретін, кәсіпорын қызметін бұрын белгіленген тапсырмаларды орындауға бағыттайтын жоспарлау мен талдауды аяқтау процесі.
Басқару есебінің ақпараты оперативті басқаруда бухгалтерлік мәліметтермен нығайтылады және кейде толықтырады. Өз кезегінде қаржылық есеп мәліметтері жанжақты қарастырылады; басқару есебінен түсетін ақпаратпен толықтырылады.
Бағалау - шешім қабылдаудың барлық жүйесін талдаудың соңғы процесі; қойылған мақсатқа (кері байланыс) жету анықталады; ауытқу себептері: жоспарлау кемшіліктері; оперативті шешімдер санын көбейтуге әкелген іс-қимылдың қолайсыз жақтары; бақылау жүйесінің басқару талаптарына сәйкессіздігі; қате мақсатты таңдау айқындалады.
Тәсілдің барлық элементтері бір-бірінен алшақ емес, басқару міндеттерін шешуге бағытталған ішкі шаруашылық байланыстарын ұйымдастыру жүйесінде әрекет етеді.
Бухгалтерлік басқару есебінде қолданылатын топтар сан алуан:
- бухгалтерлік қаржылық есептің жұмыс әдістері (шоттар мен екі жақты жазу,
түгендеу мен құжаттама, байланысты қорыту мен есеп беру);
- индекстік тәсіл (статистикада қолданылады);
- экономикалық талдау әдістері (нормативті, тізбекті ұластыру жәнет.б.)
- математикалық тәсілдер (корреляция, желілі бағдарламалау, ең аз шаршы әдісі және т.б.)
Олардың барлығы бір тұтас жүйеге бірігіп кірістіреледі және кәсіпорынды басқару мақсатында қолданылады.
Қаржылық есеп пайданы анықтау үшін шығындарды кірістермен салыстыруды көздейді. Үлкен ассортиментті тауарлар шығаратын немесе көп өндірістік жұмыс тізбесі бар кәсіпорындағы әрбір орындаған жұмыстың құнын бағалағанда әрбір орындалған жұмыстың құнын ескеру қажет. Жасалған жұмыстардың, өндіріс сатысындағы жұмыстың құнынан және пайдаланылмаған шикізат құнынан кұралатын жалпы сома ағымдағы кезең шығындарының сомасынан шегерілуге тиісті пайданы анықтағанда, өнім қорының құнын бағалау үшін негіз болады. Бұл жалпы сома балансқа енгізу үшін өнім қоры кұнын есептегенде де негіз болып кызмет етеді. Сондықтан құн жасалған жұмыстың немесе өнімнің әрбір түрі бойынша есептеледі, осылаиша, қаржылык есептері жасау үшін қажет акпарат дайындалады. Өндірістік есеп (өндірістік шығын есебі) жүйесі осындай ақпаратты дайындау мен беру үшін құрылған болатын.
Өндірістік есеп мәліметтеріне 1950 жылдары сыртқы пайдаланушылар емес, көбіне ішкі пайдаланушылар қызығушылық танытатын. Кәсіпорын басшылығы үшін өндірістік шығындар жайлы мәліметтерді жинақтау нәтижесінде басқару есебі жүйесі пайда болған қаржылық есеп жүйесінен гөрі басқа принцип бойынша жүзеге аса бастауға себепті болды.
1972 жыл бухгалтерлік есептің қаржылық және басқару болып ресми бөлінуін жария етті. Бухгалтерлердің американдық ассоциациясы түлектеріне бухгалтер-талдаушы мамандығын беріп, басқарма есебі бойынша диплом алу бағдарламасын әзірледі.
Басқару есебі ұйымның өз шегіндегі басқару үшін қажетті есептік ақпараттың барлық түрін камтиды. Басқару есебінің жалпы өрісінің бөлігін өнім бірлігінен түсетін түсім мен өндіріске жұмсалған шығындарды анықтау мақсатымен бұрын дамыған өңдірістік есеп алады. Өндірістік есеп қазіргі заманғы жағдайларда өндіріс шығындары есебін алдын-ала болжап қана қоймай, үнем туралы мәліметтерді немесе өткен кезендердегі мәліметтер немесе болжамдарды, стандарттармен салыстырғанда артық жұмсауды талдауды және шығындарды азайтудың мүмкін болатын резервтерін айқындауды көздейді.
Қазіргі өндірістік есеп үшін шығындардың түрлері; пайда болу орындары; шығарушылар бойынша есептеу негіз болып қызмет етеді.
Түрлері бойынша шығындар есебі есепті кезеңде өнім өндіру (жұмыс орындау, қызмет көрсету) процесінде кәсіпорында шығындардың қандай тобы пайда болғанын көрсетеді.
Шығындарды пайда болған орны бойынша есептеу олар жасалған кәсіпорынның жеке бөлімшелері (жауапкершілік орталығы) арасында бөлуге мүмкіндік береді.
Шығынды шығарушылар бойынша есептеу қайсыбір нақтылы өнім бірлігін өндіруге немесе белгілі бір тапсырысты орындауға байланысты барлық шығындарды анықтауды көздейді.
Осылайша, бірлігінің өзіндік құнын, оған түсетін пайда мен тиімділік деңгейін өндірістік есеп аясында ғана есептеуге болады. Уақыт өте келе кәсіпорынды басқару процесі міндеттерді қою тұрғысынан да, оларды шешу жағынан да елеулі өзгерістерге ұшырады. Қазіргі уақытта өндірістік есеп аясы тар мақсат емес. Оның ақпараты жедел өндірістік шешімдер қабылдау үшін менеджерге керек.
Бухгалтерлік басқару есебіне өндірістік есеп пен қаржылық есептің бөлігі (өнім өндірісіне жұмсалған шығын туралы есепті жасау бойынша) кіреді.
Сонымен, басқару есебінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін осылайша тұжырымдауға болады:
- шығындар мен кірістердің біріккен есеп жүйесін құру;
- шығындарды мөлшерлеу (нормалау);
- шығындарды жоспарлау, бақылау және талдау;
- бюджеттеу;
- баға белгілеу үшін негізді қамтамасыз ету;
- жедел басқару шешімдерін қабылдауда қаржылық менеджерлерге ақпараттық көмек беру;
- кәсіпорын қызметінід және жауапкершілік орталығының экономикалық шешімділігін бақылау, жоспарлау және болжау;
- кәсіпорын дамуының ең тиімді жолдарын таңдау.
Кәсіпорынның басқару жүйелерінің жетілдірілуіне байланысты арнайы әдебиетте және өмірде "контроллинг" (баскару дегенді білдіреді) ұғымы жиі-жиі кездесе бастады. Бұл басқарудың барлық саласы мен деңгейін қамтитын шаралар кешені арқылы көрсетілетін, ақпаратты өңдеу, талдау, шаруашылық жоспарлау және тиісті бақылау процестерін біріктіретін тәсілдердің бірі.
Кәсіпкердің, маманның, ақпаратты ішкі пайдалануышының қай-қайсысына қажетті ақпараттык база қалыптастыратып негізде шот жүргізу контроллингтің іргетасы болып қызмет етеді.
Контроллингті енгізерде шот қызметкерлерінң, басқару құрамының кәсіпкерлердің ділін ескеру керек. Кәсіпорында контроллинг бойынша жекелеген бөлімшенің бар екендігі қолайлы құрылым болып табылады.
Контроллингті бақылаумен және тексерумен тендестіруге болмайды.
Контроллинг жүйесінде есеп пен шығындарды, шаруашылық және қаржылық қызмет нәтижелерін жолдау мәселерімен айналысатын оралымды бақылау көзге айқын түседі.
Талдау бухгалтерлік есеп беру мәліметтеріне негізделеді. Жоспарлы қызмет статистикалық есептерді; көрсеткіштердің нақты мәнін салыстыратын қорытындылар мен жоспарлы мәліметтер ұсынылады. Тексерушінің міндеті-талдау негізінде өндіріс пен өткізудің пайдалылығын (рентабельділігін) ұлғайту мен шығындарды қысқарту жөнінде басшыға ұсыныс жасау.
Күрделі өндірісте контроллинг технологиялық тізбек бойынша бөлінеді. Осылайша, еншілес кәсіпорындар барда оралымды басқарудың міндеті іс-қызметінің түпкілікті қаржылық қорытындылары үшін жауапкершілік еншілес кәсіпорындарға жіберілмеуі; ал пайда ішкі бөлімшелер (ішкі шаруашылық есеп) бойынша бөлінеді, Шығындар орталығының қарауында ақша түсімдері, инвестициялар және бөлімшелер өздерінің іс-әрекетімен бас кәсіпорыннын, стратегиялык міндеттерінен бөліктенетіндікен, кәсіпорынның стратегиялык мақсаттарын бакылау болады.
Контроллинг жауапкершілік орталықтары бөлімшелердің өндірістік өткізу шығындарын талдаудан басталады.
Бухгалтер-тексеруші жаңа инвестициялар, жаңа тауарлар мен бұйымдарды сатып алу мен өндіру; өндірістік ассортименттік кұрылымды қалыптастыру, бағаларды негіздеу сиякты көптеген басқару шешімдерін қабылдауға "вето" салу құқығына ие.
Басшыға ақпарат, қаржылық жоспардың (бюджет) елеулі көрсеткіштері мен берілген мақсатты жүзеге асыруға арналған шараларды әзірлеуге маңызды көңіл бөлінеді.
Контроллинг – кәсіпорынның түпкілікті мақсатын жүзеге асыратын процесті бақылау. "Контроллинг" - өте кең ұғым. Ол тек кәсіпорынның ғана емес, бизнестің де іс-әрекетін реттеуші түрінде алға шығады, сондықтан арнайы ерекшеленген міндетті іс-қызмет саясын атқарады:
- ақпараттық - шешімдерді қабылдау мен оны үйлестірудің методологиясын қамтамасыз ететін ақпарат қалыптасады;
- басқарушылық - кәсіпорынның түпкілікті мақсатына жету міндеттері мен әдіс тәсілдерін үйлестіру үшін қолданылатын, кәсіпорын мен оның кұрылымдық бөлімшелері бойынша анықталған ауытқулар, нормативтік, жоспарлық және нақты мәліметтер жиналады;
- бақылаушылық – кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің жұмысының үнемділігіне бақылау жүргізеді.
Контроллингтің міндетті іс-қызмет саясы оның басқару есебі мен тексеруден айрықшылықтарын айкындауға мүмкіндік береді. Басқару есебінің барлық құрамдас бөліктері өзара байланысты, оларда түзілетін ақпарат кәсіпорындағы және тұтастай басқару жүйесіндегі басқару есебін жетілдіру мен ұйымдастыру деңгейін сипаттайды.
Осылайша кәсіпорынды басқаруға қажетті барлық ақпаратты бухгалтерлер дайындайды, ал мұнымен байланысты кәсіби қызмет контроллинг деп аталады. Бұған кәсіпорынның есеп беруін, қаржылық көрсеткіштерді талдау жасау бойынша жұмыс, жоспарлы жұмыс, сондай-ақ кәсіпорын қызметін бақылаумен байланыстының бәрі кіреді.
Әр түрлі мемлекеттердің экономикалық кеңістігінің қосылуы салдарынан "басқару есебі", "өндірістік есеп", "контроллинг" сияқты ұғымдар мен, терминдерді әр қилы түсіндіру проблемасы пайда болды. Басқару тәсілдері сомасындағы бір елдің мамандарының да олардың мәні жайлы көз қарастары бірдей болмауы мүмкін. Осыған байланысты ұғымдар мен терминдерді ұлттық негізінен ажыратуға болмайды. Басқару есебі, өндірістік есеп немесе контроллинг жайлы әр елде, әр түрлі құбылысты бір терминмен атауы мүмкін болғандықтан, оларды қайсы бір есептік жүйеге жатқызбай тұрып, айту қиын.
Нарықтық қатынастардың шапшаң дамыған кезінде басқарудың рөлі өседі; өйткені онын, құрылымы мен тәсілдерінде сапалық өзгерістер жасауды талап етеді. Есеп, талдау, мөлшерлеу, жоспарлау мен бақылаудың дәстүрлі тәсілдерін ақпаратты алу, өндеу және шешімдерді қабылдаудың бірыңғай жүйенің кірігу процесі өте тез жүруде. Кәсіпорынды басқаратын жүйе ағымдағы мақсаты пайда алу ғана емес, стратегиялық міндеттерді шешуге де бейімделген. Жұмысты басқаратындардың тар ауқымды, ортодоксальды ойлауы емес, жүйелі, кешенді тәсіл басым болатын жүйе қалыптасады. АҚШ-та бұл әділетті (объективті) тенденциялар мен процестер негізінде басқару есебі ретінде белгіленеді, бұл елдегі контроллинг кейіннен кеңінен қарастырылуы, ал басқару есебі контроллингтің құрамдас жүйесіне кіруі мүмкін екендігін де естен шығаруға болмайды.
Неміс кәсіпорындарын басқару теориясы мен практикасында басқару есебі ұғымы жоқ. Бухгалтерия қаржылық және өндірістік болып анық бөлінеді. "Контроллинг" терминін немістер ағылшын тілінен алып, онымен кәсіпорынды басқарудағы сапалық жаңа құбылысты белгіледі.
Осылайша басқару есебі нарықтық процестерді дамыту мен тереңдету нәтижесінде кәсіпорын мен фирманың практикалық қызметінің элементі ретінде пайда болды. Ол кәсіпорынның қаржылық нәтижелерін оңтайландыру мақсатымен басқарманың объектілері шамасындағы шығындарды талдау, жоспарлау, есептеу жүйесін білдіреді.
Басқару есебі жинау, тіркеу және ақпаратты жинақтап қорыту жүйесі сөзінің тармағынасындағы есебі болып табылмайды. Бұл - бәрінен бұрын әр түрлі жүйе бөліктері мен тәсілдерді бір тұтас мақсатқа жету үшін жұмылдыратын кәсіпорынның басқару жуйесі.
Мұндай жүйе бөлігін басқару есебі, пайда басқармасы немесе контроллинг деп атауға болады.
4. Кәсіпорынның өндірістік ресурстары - талдаудың жэне қаржылық басқару есебінің объектілері. Өндіріс процесінде жұмыс істейтін өндірістік ресурстардың құрамдас бөліктері статистикалық болып қалмайды, олар айналым жасайды, түрі өзгереді, өнімге айналады, үнемі қозғалыста болады, тозады және басқа өзгерістерге ұшырайды,
Нарыққа көшетін кезенде кәсіпорындар өндірістік ресурстарды пайдапануды, оларға инвестициялаудың мақсатқа сәйкестілігін, инвестицияның табыстылығын сипаттайтын талдаушы ақпаратқа мұқтаж. Бұл міндеттерді басқару есебі шешеді, экономикалық жағынан дамыған елдерде бар практика осыны дәлелдейді.
Өндіріс құралдарының айналымының барлық кезеңдерінде өндірістік ресурстар (жабдықтау-дайындау қызметі, өндіріс пен өткізу) жүйелі бухгалтерлік есепте көрініс табады. Алайда бұл көрсету ерекшелікті, ол қозғалысты (мысалы. кәсіпорын қой-маларындағы материалдық ресурстардың есебі, жабдықтаушыларындағы түсім мен өндіріске беру, цехтағы, цех коймаларындағы материалдардың қалдығы), негізінде, ресурстардың жағдайы мен бар-жоғына қатысты болады.
Материалдық ресурстар мен негізгі қорлардың сақталуы үшін материалдарға жауапты адамдар жауапкершілігі ғана қарастырылған. Өндірістік ресурстарды пайдалану тиімділігі үшін жауапкершілік жүктелмейді. Сонымен қатар бұл ресурстар кәсіпорынның әр түрлі саладағы қызметінің белгілі бір операцияларын атқаратын әр қилы құрылымдық бөлімшелерінде қолданылады. Мұндайда олардың әрқайсысына тиімділікті сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі сәйкес келеді.
Қаржылық есеп тұтастай кәсіпорын, өнім түрлері мен топ-тары, тапсырыстар бойынша өндіріске жұмсалған матерналдық, еңбек және қаржылық шығындар туралы ақпаратгы жинақтап қорытады.
Басшылардың хабардар болуы - басқарудың барлық төменнен жоғарыға дейінгі жүйссінің жұмыс істеу тиімділігін арттырудың ең маңызды факторы.
Бұрын айтылғандай, қазіргі жағдайда басқару есебін ұйымдастыру мен жүргізу жөнінде өзіндік шешімдер болуы мүмкін. Ішкі қажеттіліктер үшін есепке тіркеуді реттейтін құжаттардың болмауы, ұйымдастыру мен есептегі техниканың бар болуы өндірістік есепті басқару есебі етіп қайта құруға мүмкіндік береді.
Басқару есебінің жүйесін жасағанда әрбір саланың тиімділігін анықтаумен бөлінгісіз байланыстағы іс-әрекет өрістері бойынша шығыстарды есептеу негіз қалаушы белгі болып шығады. Басқару есебін ұйымдастыруға деген мұндай көзқарас оның құрамдас бөлігі ретінде бөлінуіне жол береді:
• жабдықтау-дайындау қызметі;
• өндірістік кызмет;
• қаржылық - өткізу қызметінің есебі;
• ұйымдастыру іс-әрекетінің басқару есебі.
Басқару жүйесіндегі жабдықтау - дайындау іс-әрекеті басым орын алуы тиіс, өйткені ол-өндірісті алғашқы бөлу. Мүнда мынадай бағыттар көрініс табады; көтерме сауданы ұлғайту, жекелеген бұйымдар өндірісінің көлемін ұлғайту, сатып алу тәсілін таңдау (өзі өндіру немесе жабдықтаушыдан сатып алу), кәсіпорынның айналым құралдарына және жабдықтау - дайындау бөлімшелеріне күрделі қаржы инвестициялаудың тиімділігі.
Осы мақсатпен жұмыс түрлері мен қоймалар бойынша шығындар, материалдар бағасы, жартылай өнімдерді дайындаудың өзіндік құны, өндіріске берілген материалдық ресурстарды бағалау туралы ақпарат жиналады және жинақтап қорытылады. Процестер бойынша - алу, тиеу мен тасу, іріктеу мен сапалы бағалау, сақтау, жұмыс орындарын қамтамасыз ету мен олардын орындалуын бақылау шығындарының сметасын жасауға ерекше рөл белінеді.
Жабдықтау - дайындау қызметі туралы қорытынды жиынтық ақпарат жабдықтаудың ауыспалы көлемін есептеу үшін қолданылады.
Өндірістік қызметтің баскару есебі - басқару есебі жүйесінің орталық буыны. Мұнда мақсат міндетті іс бойынша жұмсалатын шығындары мен тәртіп туралы ақпарат топтастырылған. Өндірістік есепте материалдық, еңбек және қосымша шығындарды мөлшерлеуге, сондай-ақ нақты болған және нормативті шығындарды көрсету тәсілдерін мөлшерлеуге (нормалауға) елеулі рөл болінеді. Мұндайда өндірістік есеп шығындар мен калькуляциялауды есептеудің бірыңғай процесі ұйымдастырылады.
Әрбір кәсіпорын технология, текника, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, шығарылатын өнімнің күрделілігі мен номенклатура ерекшелктерін тиісті тәсілдерді қолдана отырып , өндіріс есебін ұйымдастыру үлгісін таңдай алады. Есептін бұл тарауында басқарудьщ әр түрлі мақсаттарына арналған өнімдердің өзіндік құны анықталады.
Қаржы - өткізушілік іс-әрекеттің есебі көмегімен өнімнің ассортименті, оның пайдалылығы, нарықтық тенденциялар жарнамаға, маркетингке, буып-түю, орауға, дайын өнім қоймасында сақтау мерзімі мен сапасы туралы ақпарат жиналады, өнделеді және қалыптасады. Бөлімдер мен қаржы-өткізу іс-әрекетінің сегменттері бойынша шығыстар сметасы жасалады және оларды орындау барысы бақыланады. Есептің бұл учаскесінде өндіріс үшін ең пайдалы өнім, тұтастай өндіріс көлеміне де, жеке өнімдерден де түсетін материалдық кіріс мөлшеріне әсер ететін факторлар анықталады.
Басшыларға қысқа мерзімде пайданы өте көп шамада көбейтуге мүмкіндік беретін шешімдерді қабылдау үшін ақпарат беріледі.
Ұйымдастырушылық іс-әрекеттің басқару есебі талаптарын қанағаттандыру үшін басқарудың әр түрлі деңгейіндегі менеджерлердің өзіндік шығындары, трасферттік бағаларды қалыптастыру принциптері, мамандандырудың орынды деңгейі шығындар шикізат өңдеу көлемі - пайдапринципін қолданатын өндірістік бөлімшелерге қатысты негізділікті, бөлімше мөлшерін тандаудың дұрыстығы туралы ақпарат қажет.
Мұнда ұйымдастыру қызметі туралы шығыстар сметасы жасалып, атқарылуы бақыланады: өндірістің ауыспалы көлемі, өзгермелі және тұрақты шығыстар, трансфертгік бағалардың өзіндік құнының, пайданың есептік-талдамалы есептеулері жүргізіледі. Есептің бұл тарауы жауапкершілік орталықтары - рентабельділік шығындары бойынша жиынтық ақпаратты қалыптастырады.
Басқару есебінің барлық құрамдас бөліктері өзара байланысқан, оларда жасалатын ақпараттар тізбесі кәсіпорындағы басқару есебі мен тұтастай басқару жүйесінің ұйымдастырылу және жетілдіру деңгейін сипаттайды.