«Іскерлік байланыстар» жобасы шетелдік серіктестермен бірге екі кезеңде жүзеге асырылады. Ол серіктестердің негізгілері Германия (ГИЗ) және АҚШ (ЮСАИД).[25]
2011 ж. 13 маусымында Астана мен Алматы қалаларында «Іскерлік байланыстар» жобасын жүзеге асыру басталды, онда барлық аймақтардан 107 кәсіпкер білім ала бастады. Осы жоба аясында жыл соңына дейін 500 кәсіпкерді оқытып шығару жоспарланған.
Кесте 11
«Іскерлік байланыстар» жобасы
№
|
Аймақ
|
Барлығы
|
1
|
Ақмола обл.
|
11
|
2
|
Ақтөбе обл.
|
8
|
3
|
Алматы обл.
|
7
|
4
|
Атырау обл.
|
2
|
5
|
ШҚО
|
1
|
6
|
Жамбыл обл.
|
1
|
7
|
БҚО
|
1
|
8
|
Қарағанды обл.
|
4
|
9
|
Қостанай обл.
|
5
|
10
|
Қызылорда обл.
|
1
|
11
|
Маңғыстау обл.
|
3
|
12
|
Павлодар обл.
|
10
|
13
|
СҚО
|
7
|
14
|
ОҚО
|
27
|
15
|
Алматы қаласы
|
6
|
16
|
Астана қаласы
|
10
|
|
Ассоциациялар
|
5
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
107
|
Ағымдағы жылдың 22 және 23 шілде күндері Астана мен Алматы қалаларында бизнес-тренингтерді сәтті аяқтағанын айғақтайтын сертификаттар тапсырылды.
Жобаның екінші кезеңіне (Германияда тәжірибе жинақтау) қатысуға 87 адам өтініш білдірген, олардың 69-ы «МПА «Туран-Профи» біліктілікті көтеру институты өткізген бірінші кезеңнің бизнес-тренингіне қатысқандар, 18 адам «Назарбаев Университеті»АҚ оқыту бағдарламасы аясында білім алған шағын және орта бизнес топ-менеджменті өкілдері. Неміс эксперттері өткізген скрининг нәтижесі бойынша бекітілген құжаттары сәйкес келмеген 30 өтініш қанағаттандырылмаған, олардың ішінде 23 адам бірінші кезеңнің бизнес-тренингіне қатысқандар, 7 адам – «Назарбаев Университеті» АҚ оқытқан шағын және орта бизнес топ-менеджмент өкілдері.
Сонымен, Германияда тәжірибеден өтуге қатысушыларды таңдайтын байқау комиссиясына қатысуға 57 адам жіберілді. Бірақ, 25-26 шілде күндері Алматы мен Астана қалаларында өткен байқауға 51 адам қатысты (41 адам бірінші кезеңнің бизнес-тренингіне қатысқандар, 10 адам «Назарбаев Университеті» АҚ оқуға қатысқандар). Таңдау нәтижесінде Германиядан тәжірибе өтуге 37 адам таңдалып алынды:
- 22 қатысушы 2011 жылдың тобына кіреді, олар BZM / Берлин білім беру орталығында бір айлық тәжірибеден өтеді;
- 15 қатысушы 2012 жылдың тобына кіреді.
Жоба аясында білім берудің екінші кезеңі ағымдағы жылдың 15 тамызында басталды, оған жергілікті атқару комитеттерінен 265 өтініш келіп түсті, олардың 244-і «2020 бизнес жол картасы» Бағдарламасының талаптарына сай келді.
Қазіргі уақытта Астана мен Алматы қалаларында 122 адам білім алуда.
Кесте 12
«Назарбаев Университеті» АҚ жобасы
№
|
Аймақ
|
Барлығы
|
1
|
Ақмола обл.
|
5
|
2
|
Ақтөбе обл.
|
9
|
3
|
Алматы обл.
|
15
|
4
|
Атырау обл.
|
3
|
5
|
ШҚО
|
4
|
6
|
Жамбыл обл.
|
0
|
7
|
БҚО
|
4
|
8
|
Қарағанды обл.
|
8
|
9
|
Қостанай обл.
|
1
|
10
|
Қызылорда обл.
|
2
|
11
|
Маңғыстау обл.
|
7
|
12
|
Павлодар обл.
|
6
|
13
|
СҚО
|
5
|
14
|
ОҚО
|
18
|
15
|
Алматы қ.
|
19
|
16
|
Астана қ.
|
16
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
122
|
26 қыркүйекте Жобаның үшінші кезеңіне қатысушылар үшін бизнес-тренинг өткізу жоспарланды.
Қазіргі кезеңде кәсіпкерлік және өнеркәсіп Басқармалары Жобаға қатысушылардан өтініштер қабылдауда.
«Жастар тәжірибесін ұйымдастыру іс-шараларын» өткізудің басты мақсаты – оқу орындарын бітірушілердің тәжірибесін кәсіпорындар мен басымдыққа ие экономика секторларында өткізуді ұйымдастыру болып табылады. Тәжірибеден өтушілердің төлем ақысы республикалық бюджеттен төленеді, әрбір білімгерге айына 26 мың теңге қарастырылған.
2011 жылдың 1 қыркүйегіне қарай жастар тәжірибесін өткізуге келісім-шарт жасасқан кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1024 адам болған. Жастар тәжірибеден өту үшін 3042 жұмыс орны құрылған, жастар тәжірибесін өткізу үшін 7 947 адамды орналастыру жоспарланған, олардың ішінде жаңадан құрылған жұмыс орындарына 2 974 адам орналастырылды.
Кесте 13
«Жастар тәжірибесін ұйымдастыру іс-шараларын» жобасы
№
|
Аймақтар
|
Келісім-шартқа тұрған СЧП саны Кол-во СЧП с которыми заключены договора
|
Құрылған жұмыс орындарының саны
|
Жұмысқа тұрғызу жоспарланған адам-дар саны
|
Құрылған жұмыс орындарына орна-ластырыл-ғандар
|
1
|
Ақмола обл.
|
-
|
-
|
18
|
4
|
2
|
Ақтөбе обл.
|
38
|
50
|
1072
|
50
|
3
|
Алматы обл.
|
245
|
497
|
608
|
510
|
4
|
Атырау обл.
|
59
|
117
|
-
|
117
|
5
|
ШҚО
|
-
|
533
|
835
|
547
|
6
|
Жамбыл обл.
|
273
|
415
|
880
|
415
|
7
|
БҚО
|
-
|
454
|
774
|
405
|
8
|
Қарағанды обл.
|
63
|
303
|
658
|
252
|
9
|
Қостанай обл.
|
-
|
187
|
460
|
101
|
10
|
Қызылорда обл.
|
-
|
70
|
750
|
70
|
11
|
Маңғыстау обл.
|
-
|
-
|
350
|
-
|
12
|
Павлодар обл.
|
71
|
184
|
380
|
184
|
13
|
СҚО
|
53
|
97
|
712
|
97
|
14
|
ОҚО
|
-
|
-
|
-
|
-
|
15
|
Алматы қ.
|
222
|
135
|
250
|
222
|
16
|
Астана қ.
|
-
|
-
|
200
|
-
|
|
БАРЛЫҒЫ:
|
1024
|
3042
|
7947
|
2974
|
Бағдарламаның қалай жүзеге асырылып жатқаны жайлы кәсіпкерлерге және қоғамдық бақылаушыларға арналған ақпараттар www.dkb2020.kz сайтында апта сайын жарияланып тұрады. Онда аймақтардағы әр жоба бойынша қабылданған шешімдер, Бағдарламаның мақұлданған жоба бағыттары, сонымен қатар, әрбір мақұлданған жобаға берілетін кепілдіктер және жобаны субсидиялау жағдайлары, келісім-шарттарды қарастыру және қол қою кезеңдері жайлы толық ақпараттар алуға болады.
3.2 Микроқаржыландыру және шағын кәсіпкерлікті дамыту есебінен экономикалық өсімді ынталандыру
Микрокредиттік ұйымдар — бұл микрокредит берумен айналысатын ұйымдар болып табылады.
2006 жыл әлемдегі микрокредит беру саласындағы жоғары жетістіктерді тану жылы болды, осы жылы әлемнің Нобель сыйлығы пайда болған сонау заманнан бері алғаш рет оның лауреаты кедейшілікпен күрес, кәсіпкерлікті дамыту және экономикалық өсімді арттыру бойынша халықаралық іске қомақты үлес қосқаны үшін Бангладеш Экономика профессоры және банкир Мұхаммед Юнус және ол құрған «Гремин банк» болды. Нобель Комитетінің ресми дәлелдемесі бойынша Мұхаммед Юнус «... осындай немесе өзгедей себептермен, ол оны немен төлейтінін білмейтіндіктен, жағдайы немесе жылжымайтын мүлігі жоқ болғандықтан қалыпты банктік кредит ала алмайтын адамдарға микрокредиттер бере отырып айрықша пайдалы қызметпен айналысады...». Бүгінгі күні Мұхаммед Юнустың тәжірибесі барлық әлем бойынша таратылған.[26]
Халықаралық тәжірибемен микроқаржыландыру — кедейшілік деңгейін төмендету және микро- және шағын кәсіпкерлікті дамыту есебінен экономикалық өсімді ынталандыру үшін тиімді құрал болғандығы дәлелденген.
Микроқаржыландыру деп дәстүрлі банктік қаржыландыруға қол жетімділігі жоқ микро- және шағын кәсіпкерлерге, сондай-ақ кедей адамдарға олардың өмір сүру деңгейін жақсарту, еңбекпен (өзін- өзі) қамтамасыз ету және кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қызметтер (микрокредит беру, микросақтандыру, микрожинақтау және т.б.) қатарын беру түсініледі.
Микроқаржыландыру экономикалық дамудың өзінің тиімділігін әлемнің көптеген елдерінде дәлелдеген құралы болып табылады. Әдетте, микроқаржыландыру мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
бастауыш кәсіпкерлерді қаржыландыру;
қаржыландырудың сыртқы көздеріне үлкен емес бизнес иелері —кәсіпкерлердің және дәстүрлі банктік кредит беруді пайдалану мүмкіндігі жоқтардың қол жеткізілімін кеңейту;
өз бизнесін ашқысы келетін, бірақ ақша қаражатын алудың дәстүрлі көздеріне қол жетімділігі жоқ халықтың әлеуметтік аз қамтылған жіктерін қаржыландыру. Бұл жерде табыс деңгейі төмен, жұмыссыздар және кәсіпкер-әйелдер туралы әңгіме болып отыр.
Микроқаржыландыруды және микрокредит беруді зерттеу халықтың аз қамтылған санатына қаржылық қызметтер көрсететін микроқаржылық институттар қызметінің жалпы үлгерімділігін көрсетеді. Бұл жағдайда микроқаржылық ұйымдар қызметінің және бағдарлама клиенттерінің өмір сүру деңгейін арттырумен байланысты қаржылық көрсеткіштерден туындаған экономикалық әсердің үйлесімі байқалады. Микроқаржыландыру үй шаруашылығы мен жеке дара кәсіпкерліктің жыл сайынғы табысының деңгейін біртіндеп көтере отырып кедейшіліктің тамырын жоюға ықпал етуі мүмкін.
Микроқаржыландырудың халықтың өмір сүру деңгейіне оң әсер етуінің негізгі көрсеткіштері мыналар болып табылады:
Қарыз алушылардың ұтқырлығын арттыру;
Олардың экономикалық қауіпсіздігі;
Олар жасайтын сатып алулар мен тұтынатын қызметтерінің көлемі мен құнының өсімі; Отбасындағы беделінің өсуі;
әртүрлі әлеуметтік-саяси бағдарламаларға және т.б. тарту.
Микроқаржыландыру институттарының ұйымдық-құқықтық нысаны әртүрлі болуы мүмкін (мемлекеттік коммерциялық емес мекеме, коммерциялық емес қор, өзара кредит берудің кооперативі және т.б.) және қаржыландыру көзімен, қолданыстағы заңнамамен және салық салумен айқындалады.
Микрокредит беру жүйесінің қалыптасу проблемасын шешуде мәні өндірісті дамыту үшін қолайлы салықтық және инвестициялық климат жасау, қаржылық институционалдық инфрақұрылым құрудағы бизнесті кеңейту, кәсіпкерлік субъектілерінің арасындағы бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасауға бағытталған мемлекет маңызды рөл ойнайды.
ҚР-да микрокредиттік бағдарламалардың негізгі белгілері:
кредит мөлшері – салыстырмалы түрде кішігірім;
мақсатты пайдаланушылар – аз деңгейлі кірісі бар үй шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік субъектілері;
кредит берілетін мерзім - негізінен, қысқамерзімді;
кредитті пайдалану – кіріс алу және бизнесті дамыту, сонымен қатар білім алу, медициналық қызметтер және т.б. алу мақсатында;
кредиттің шарттары – көбінесе қандай да бір одақтастықтың жергілікті жағдайларына сай келетін кредиттер берудегі икемді шарттар.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында қолданылатын микрокредиттеу схемаларын екі негізгі түрге бөлуге болады:
Жекелей кредиттеу – банктік кредиттеудің стандартты процедурасынан кейінгі және клиент бизнесінің тіршілігін, оның кредиттік тарихы мен онда бар кеңестерді бағалауға негізделетін шағын несиелеу схемасы. Кредиттеудің осы схемасында әдетте кепілдік мүлікті ұсыну немесе дефолт жағдайында кредит бойынша бірге (субсидиарлы) жауапты тұлғаның болу қажеттілігі пайда болады.
Топтық кредиттеу – аталмыш схема сонымен қатар «Грэмин банкінің үлгісі» деп аталады. Оның негізі топтық кепілдік болып табылады. Кредит кредиттердің бірі-бірінің кепілдері болып табылатын тұлғалар тобына беріледі. Топтар өздері өз топтарының мүшелерін таңдайды және осындай өзара қарым-қатынастар топтағы серіктестік қысым жасауға мүмкіндік береді, бұл кредит бойынша уақтылы төлемдерді қамтамасыз етуге көмектеседі, сонымен қатар өздерінің Клиенттерін мұқият іріктеу мен мониторингі бойынша шағын қаржылық ұйымдардың шығындарын қысқартады.
Микрокредит беру жүйесі өз негізін ел Презвдентінің халыққа Жоллауынан алады «Қазақстан — 2030: қауіпсіздікті нығайту және барлық қазақстандықтардың игілікті жағдайын жақсарту» (10.10.1997), онда «ауылдың анағұрлым күрделі проблемалары 2000 жылы микрокредит беру арқылы шешілетін болады...» делінген.
Кедейшілікпен және жұмыссыздықпен күрес стратегиясы 1998 - 2000 жылдары микрокредит енгізуге және шағын және орта бизнесті дамытуға негізделді.
«Елдегі жағдай және ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары: қоғамды демократияландыру, жаңа жүз жылдықтағы экономикалық және саяси реформа туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы Жолдауына (30.09.1998) сәйкес Үкімет алдына сегіз нақты міндеттер қойылды, олардың анағұрлым маңыздылары мыналар болды:
жыл ішінде кемінде 30 анағұрлым қамтамасыз етілген азаматтарға бірінші кезекте ауылда жұмыс орындарын құру үшін 3 жыл мерзімге 400 АҚШ долларына баламалы сомада микрокредиттер беру;
1998 жылдан бастап кемінде 100 миллион АҚШ доллары сомасында шағын және орта бизнесті дамытуға, фермерлік шаруашылыққа, жұмыс орындарын құруға кредиттер беру.
Осылайша, Елбасының осы Жолдауы Қазақстан Республикасының анағұрлым қамтылған азаматтарына микрокредит берудің 1998 - 2000 жылдарға арналған бағдарламасын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 12.02.1998 жылы №14 Қаулысы) қабылдау үшін алғышарт балды. Осы Бағдарламаға сәйкес азаматтарға, ресми тіркелген жұмыссыздарға, олар мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың кез келген түрінен ерікті бас тартқан жағдайда өз ісін жасауға микрокредиттер берілді.
Микрокредиттік жүйе құру жөніндегі жұмысты жалғастыруда 2003 жылғы наурызда Қазақстанда «Микрокредиттік ұйымдар туралы» арнайы Заң қабылданды. Бұл Заң микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асырумен байланысты қарым-қатынастарды реттейді.
Осы Заңға сәйкес микрокредиттік ұйымдар коммерциялық ұйымдар - шаруашылық серіктестіктер және коммерциялық емес ұйымдар — қоғамдық қорлар нысанында құрылады. Кредит мөлшері 1000 мәрте АЕК мөлшерімен шектелген болатын. МКҰ микрокредиттер беруден басқа қызметтін, қосымша түрлеріне ие. МКҰ өз қызметін микрокредиттер беру ережелері бар болғанда ғана жүзеге асыруға құқылы.
Микрокредит беруді дамытудың мемлекеттік саясатында тағы бір ілгерілемелі қадам 2006 жылғы желтоқсанда қолданыстағы заңға өзгерістер мен толықтырулар еңгізу болып табылады.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес микрокредиттік ұйымдардың қызметтерін біздің республиканың кез келген азаматы, бизнес субъектісі, қызметшілер, яғни кез келген жеке немесе занды тұлға пайдалана алады. Микрокредиттік ұйымдар беретін кредиттің максималды сомасы 1,0 млн. теңгеден (1000 есе айлық есептік көрсеткіш — АЕК) 8,7 млн. теңгеге дейін (8000 АЕК) ұлғайтылды. Бұл Қазақстанда езіндік бизнесті ашу үшін талап етілетін сомаға жақын шамамен 70000 АҚШ долларын құрайды. (Мысалы: шаштараз немесе дүкен ашу үшін Астана қаласының жақсы ауданынан бір белмелі пәтер сатып алу, шамамен 50 000 АҚШ доллары тұрады, бұл 6,3 млн. теңгеге жақын. Осы пәтерді қайта жабдықтауға 1,0 млн. теңге және жабдық, мандайша және шикізат сатып алуға — қалған 1,4 млн. теңге қажет болады).
Микрокредит беруді дамытудағы мақсат шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсімін ынталандыру болып табылатын мамандандырылған мемлекеттік орган ретінде «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акдионерлік қоғамының белгілі бір үлесін ескеру қажет.[27]
Мемлекеттің тұрақты қолдауының нәтижесінде Қор бүгінгі күні елдің шағын кәсіпкерлікті дамытудың толыққанды мемлекеттік институтына айналды. Қор шағын кәсіпкерлік секторын арзан, орташа және ұзақ мерзімді қаржылық қаражатпен қамтамасыз етеді, шағын бизнеске әлемдік тәжірибеде сынамаланған мынадай қаржылық қызметтерді ұсынады: жобалық қаржыландыру, қаржылық лизинг, банктерде шағын бизнес кәсіпорындарының кредиттерін кепілдендіру, франчайзинг, факторинг, дайын бизнесті сатып алуды қаржыландыру, екінші деңгейлі банктермен тең қаржыландыру.
Қор, нәтижесінде елдің кредиттік жүйесінің үш деңгейінің біреуін айтарлықтай дамытуға қол жеткізілетін Қазақстанда микрокредит беруді дамытудың ауқымды бағдарламасын іске асыруда.[1]
Микроқаржыландыру (англ. microfinance) – бұл қаржылық қызмет көрсетумен байланысты қызмет түрі, әдетте, ол бастап жатқан шағын кәсіпкерлік субьектілерге қаржыландыру көздеріне еркіндеу қол жеткізуге тиімді құрал болып табылады және әсіресе маңыздысы, көптеген бастауыш кәсіпорындарға нөлден өз бизнесін ашуға мүмкіндік береді.
Микроқаржыландыру деп қаржылық ұйымдар және аумақтық жақындық шартында шаруашылықтың шағын нысандары арасындағы арнайы қаржылық- несиелік қатынастар және қаржылық ресурстарды шоғырландыру себебі бойынша және оларды келесі қағидаттарда жеңілдетіп ұсыну бойынша жеке қарым-қатынастар түсіндіріледі: ақылық, қысқамерзімдік, қайтарымдылық, сенім және шаруашылық дамуына мақсатты пайдалану.
Микроқаржыландыру бұл микросақтандыру, жинақтау жүйесі және басқаларды қосатын микрокредиттеуден қарағанда жалпылау ұғым. Кең тараған пікірге қарсы, микроқаржыландыру таза қайырымдылық саласы болып табылмайды – ол табыс әкеледі.Халықаралық банк деректері бойынша ірі микроқаржылық ұйымның орташа табысы
2,5% (инфляция есепке алумен және алынған субсидияны шегерумен) құрайды. Және микроқаржылардың әлеуметтік қызметі экономикалықтан жоғары. Микроқаржыландыру әлемнің барлық жерінде халықтың әлсіз қабаттарына өз бизнесін бастауға, экономикалық қатынастар әлеміне қосылуға және соның салдарынан өз отбасының әл-ауқатын жоғарылатуға және дамушы елдерде жиі болатын дағдарыстарға кейбір қорғаныш қалыптастыруға көмектеседі. Микроқаржылық индустрияға БҰҰ және коммерциялық емес ұйымдар белсенді түрде қолдау көрсетеді, бірақ негізінде микроқаржылық қызметтер дамыту бойынша қамқорлық дамушы елдер үкіметтеріне жүктелуі тиіс.
Микроқаржыландырудың барлық саласы микрокредиттеуден өсті. 1976 жылы профессор Мухамед Юнус «Грамин» (ағылшыннан «Grameen Bank») банкінің негізін салды, ол кедей бангладештерге микрокредиттер берумен айналысты. Осы жылды микроқаржыландыру туған жыл деп санауға болады. Едәуір кейінірек кедей адамдар үшін басқа қаржылық қызметтер пайда болды (микросақтандыру, микросалымдар және басқалар). Халықаралық банк деректері бойынша 2005 жылы әлемде 7 мыңнан астам микроқаржылық ұйымдар (ағыл. Microfinance Institutions, MFI) болды, олар дамушы елдерде және үшінші әлем елдерінде шамамен 16 млн. адамға қызмет көрсетті.
Ресей. Ресейдегі микроқаржылық ұйымдар, барлық әлемде сияқты көптеген ұйымдастыру-құқықтық нысандарда ұсынған. Микроқаржыландырудың негізгі коммерциялық өкілдері қазіргі уақытта кредиттік кооперативтер болып табылады. Ресейдегі осы құрылымдар қызметі 2010 жылдың шілдесінде қабылданған «Кредиттік кооперация туралы» Заңмен регламенттеледі.
Микроқаржылық ұйымдар қызметінің құқықтық негіздерін құруды қамтамасыз ету және нұсқалған қызмет ерекшеліктерін, микронесие ұсыну тәртібі және шарттарын, микроқаржылық ұйымдар құру, қызметі және қайта ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ Ресейдегі микроқаржыландыру саласындағы бақылау бойынша қызметтері жүзеге асыратын құзырлы федералды атқарушы билік органының міндеті және құқықтарын анықтау мақсатында «Микроқаржылық қызмет және микроқаржылық ұйымдар туралы» РФ Федералды Заңы (одан әрі – Федералды заң) 2011 жылғы 4 қаңтардан бастап күшіне енді.
Федералды Заңға сәйкес, микроқаржылық ұйым деп қор, автономды коммерциялық емес ұйым, мекеме, кеммерциялық емес серіктестік, шаруашылық қоғам немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын және микроқаржылық ұйымдар мемлекеттік тізіліміне енгізілген серіктестік нысанында тіркелген заңды тұлға есептеледі.
Сонымен қатар, осы тізілімге қосу үшін микроқаржылық ұйым өкілетті органға белгілі құжаттар тізбесін ұсынуы тиіс. Өкілетті орган Федералды заңмен белгіленген микроқаржылық ұйымдар мемлекеттік тізіліміне заңды тұлғалар туралы мәліметтер енгізуден бас тарту үшін негіз болмаған жағдайда және микроқаржылық ұйымдар мемлекеттік тізіліміне заңды тұлға туралы мәлімет енгізу туралы куәлікті өтінушіге береді.
Федералды заң шеңберінде бөтен жеке тұлғалар тарапынан қарыз түрінде қаражат тартуға тиым салынады, бұл мүмкін қаржылық тәуекелді, сондай-ақ жалпы қаржы жүйесіндегі оның салдарын минималдауға мүмкіндік береді.
Микроқаржылық ұйымдар құнды қағаздар нарығында кез-келген кәсіптік қызмет түрін жүзеге асыра алмайтыны белгіленді. Сонымен қатар микроқаржылық ұйымдар тоқсан сайын өкілетті органға қызметі туралы және жетекшілік органның персоналды құрамы туралы есептері бар құжаттарды ұсынуға міндетті. Нұсқалған құжаттарды ұсыну мерзімі және нысандары өкілетті органмен анықталады.
Әзербайжан Республикасында 2011 жылғы 9 ақпанда «Банктік емес кредиттік ұйымдар туралы» Заң (одан әрі - Заң) күшіне енді. Әзербайжанда микроқаржыландыру он жылдан астам болғанына қарамастан, бұл Заң экономиканың бұл саласын реттеу бірінші ұмтылыс болды. Заң барлық банктік емес несиелік ұйымдарды (БЕНҰ), микроқаржылық ұйымдарды қоса алғанда, кредиттік одақты санамағанда қамтиды. Заң шеңберінде, БЕНҰ мамандырылған несие ұйымдар ретінде анықталады, оған қарыз беруге және басқа да рұқсат етілген қызметті жүзеге асыру рұқсат етіледі. Заңға сәйкес БЕНҰ Әзербайжан Республикасының Азаматтық Кодексімен анықталатын кез-келген ұйымдастыру – құқықтық нысанда мекемелене алады. Басқаша айқанда, құрылтайшылар (акционерлер) өз БЕНҰ серіктестік түрінде, жауапкершілігі шектеулі қоғамдар, акционерлік қоғам және кооперативтер түрінде ұйымдастыруға құқылы. Алайда пайдасыз БЕНҰ қорлар мәртебесінде ұйымдастыруға рұқсат етіледі. БЕНҰ жаңа құқықтық тәртіп шеңберінде заңды тұлға ретінде тіркелген болуы тиіс және сәйкес жарғылық капитал енгізілуі тиіс. Заң соммаға талап белгілемейді, алайда онда сомманы АОБ анықтауы тиістігі аталған.
Польшада микроқаржылық институттар қызметін банк заңнамасы, Ұлттық банктің арнайы нұсқаулықтары, «Несиелік одақтар туралы» Заң реттейді. «Кәсіпкерлік қызмет бостандығы туралы» Заң Польшада шаруашылық қызметті жүзеге асыру қағидаттарын анықтайды. Микрокредиттеу институттарының польшалық жүйесін дамытуды талдау, микрокредиттік ұйымдар қалыптасуында Еуропалық даму және қайта құру банкі, Бүкіләлемдік банк және т.б. сияқты халықаралық қаржылық ұйымдар елеулі рөл атқарды. Польшада микрокредиттік жүйелерінің дамуы өзіне бір жолға салынған маркетингі, өнімдер мен процедурларды стандартизациялау, клиенттерге қызмет көрсетудің бірыңғай бағдарламалық өнімдері, өзара кепілдік жүйелер және басқаларды енгізген микрокредиттік саласында мемлекеттік саясатқа әсерін тигізеді.
АҚШ-та қаржы секторының ресми институттары еретін, аса дәйекті және жетілдірілген нормативтер жүйесі бар. Несие айналымдар табысынан ғана олардың қызметке қабілеті анықталатындықтан, олардың қызметтерінің стандарттары елеулі дәрежеде әдістемелер, резервілеу нормалары, қамтамасыз ету құралдарына ғана ереді. Микрокредиттеу үдерістері сектор қызметін реттеуші, шағын кәсіпорындарды дамытудың мүдделері және қаржылай мұқтаждарын қанағаттандыратын және салыстырмалы қымбат емес несиелерге қолжетімдікті анықтайтын заңнамалық нормалармен қамтамасыз етілетіні маңызды. Банктік қызметтермен қамтылмаған АҚШ халқының үлесі 5-6% құрайды (салыстыру үшін, дамушы елдер мен экономикасы ауыспалы елдерде осы үлес 80%, ал Африкада – тіптен 95% дейін жетеді). Бұл АҚШ (басқа да индустриалды елдермен де сияқты) және әлсіз дамыған елдер арасындағы кейбір стратегиялық айырмашылықтарды шарттайды. Сондықтан АҚШ-тағы көзқарастар микроқаржыландыруды арнайы заңнамалық қамтамасыз етуде ғана емес шоғырланады, сондай-ақ мемлекетпен басқарылатын, несиелік институттар қызметтерінің нормативтерін, нысаналы несиелер мен үкіметтік жәрдес ақшаларды ұсыну тәртібін, қымбат емес қаржы қызметтерін ұсынуға қойылатын заңнамалық талаптарды қосады.
Шетелдік тәжірибені жалпылау елдің экономикалық белсенді халқының ең бұқаралық және жылжымалы бөлігін біріктіретін, микрокәсіпкерлікке қатысты ұлттық экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын анықтау үшін ең ұтымды институционалды негізі ретінде микроқаржыландыруды қарастыруға мүмкіндік береді. Микроқаржыландыру әртүрлі даму деңгейлі шетел елдеріндегі экономикалық өсуді ынталандырудың аспабы болып табылады.
Жоғарыда көрсетілген шаралар кешенін енгізу микро қаржыландыру нарығын сауықтандыру мен тәртіпке келтіруге және жағдай жасауға мүмкіндік береді, олар МҚҰ ұсынатын қаржылық қызмет көрсету спектрін кеңейте алады (14 кесте).[28]
Кесте 14
ЖІӨ, микрокредиттік ұйымдармен берілген, кредиттерлің үлесі
Микрокредиттік ұйымдармен берілген, кредиттер:
|
Кредиттер сомасы, млн. теңге
|
ЖІӨ үлесі,
%
|
жеке және заңды тұлғалар
|
15320,396
|
0,297
|
ауылдық жерде жеке және заңды тұлғалар
|
366,484
|
0,007
|
Кредиттеу мақсаттары бойынша, заңды тұлғалар
|
425,415
|
0,008
|
Көзі: Мемлекеттік әзірлеуші-орган деректері.
Макроэкономикалық дәрежеде негізгі көрсеткіштер, Қазақстанның банк секторының ағымдағы жағдайын сипаттайды, ЖІӨ активтер мен банк капиталының қатынасы, ЖІӨ берілген кредиттер мен түскен салымдардың қатынасы болып табылады. 1 кестеде келтірілген, деректерге сай, 2004 ж. «ЖІӨ берілген кредиттер қатынасы» көрсеткіші дамыған елдерден едәуір төмен және 23,2 % құрады (14 кесте ):
Сурет 17 – Қаржы делдалдық деңгейі.
Көзі: Беларусь республикасының ұлттық банкі
2011 жылғы деректер бойынша ЖІӨ экономикада берілген несиелердің қатынасы 35% жуық құрады, бұл дегеніміз экономикада несиелендіруге сұраныстың өсуі байқалады, ол сондай-ақ МҚҰ қызметіне әсерін тигізеді.
2011 ж. бірінші тоқсанда мемлекеттік орган- өңдеушінің деректеріне сай микро кредиттендіру ұйымдарынан тартылған барлық қаражатынан банктердің қарызы 78,9% құрады (15 кесте).
Кесте 15
Қазақстан экономикасында банктік сектордың рөлін сипаттайтын,
салыстырмалы көрсеткіштер екпіні
Көрсеткіштер
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2011 ж.
|
ЖІӨ-ге банктердің есептік меншік капиталының қатынасы, %
|
13,4
|
13,4
|
12,3
|
-*
|
9,4
|
ЖІӨ-ге банктер активтерінің қатынасы, %
|
101,7
|
87,8
|
74,7
|
71,4
|
62,3
|
ЖІӨ-ге банктің қарыз беру қоржынына қатынасы, %
|
68,7
|
66,6
|
58,1
|
59,5
|
47,0
|
* Есептік қарыз беру қоржынының кері мағынасына байланысты есептелмеген
15 кестеде келтірілген капиталдың, активтердің, ЖІӨ-ге банктер қоржындарының қатынастар көрсеткіштері елеулі түрде маңызды. Сонымен қатар МҚҰ арқылы шағын кәсіпкерлік бюджеттік қаржыландырудың ұлғайғанын көздейді. Осылайша, МҚҰ несиелендіру қолжетімдігі және көлемінің өсімі ЖІӨ өсуіне оң әсерін тигізуі мүмкін.
Сурет 18. ЖӨӨ микрокредиттік ұйымдармен тартылған қаражаттар үлесі.
Осы жағдай МКҰ несиелерін мүмкін қайтармау салдары, сонымен қатар ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау және шағын кәсіпкерлікті дамыту қорларында кері әсерін тигізуі мүмкін, бұл ЖӨӨ өсуіне төмендедетін әсерін тигізеді, олардың ішінде ең осалы Алматы қ., Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының ЖӨӨ болып табылады.
Сурет 19. ЖӨӨ микрокредиттік ұйымдармен берілген несиелердің үлесі [29]
Заң жобасымен енгізілетін мемлекеттік бақылау және тиімді шаралары арқылы орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңде МҚҰ қызметінің тұрақтылығы және айқындығы, негізінен несиелендіру секторында көтеріледі. Мемлекеттік әзірлеуші-органның 2011 ж. 1 тоқсандағы деректері бойынша микрокредиттік ұйымдармен берілген несиелері бойынша аса белсенді өңірлер Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары болды, ЖӨӨ олардың үлесі тиісінше 0,066%, 0,046%, 0,02% және 0,013% құрады (Сурет 19).
ҚОРЫТЫНДЫ
Нарықтық экономикада кәсіпкерлік орталық орынға ие және ол әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде кең спекторлы қоғамдық қарым-қатынастарды қамтиды. Мұнда құқықтық, психологиялық, тарихи сәттер көрініс алады. Сондай-ақ, кәсіпкерлік әрекет тіршілігіміздің экономикалық жағдайларына да қатысты. Кәсіпкердің нарықтық экономиканың басқа агенттерінен айырмашылығы - өзінің экономикалық әрекетінің нәтижесінде пайда түсіре білетіндігі. Кәсіпкердің сұранысты қамтамасыз ету мақсатымен шығындалған қаржы мен баға арасындағы айырмашылықтар пайда болады, бұл кәсіпкер көздеген нақты мақсат. Кәсіпкердің алатын пайдасы, маңызды қозғаушы күш болып табылады, сондықтан кәсіпкерліктің дамуы және кеңеюі үшін экономикалық белсенді орта қажет. Бүгінгі таңда кәсіпкер немесе өсімқор, иелігіндегі қажетті құралдары бар пайдалы жұмысты ұйымдастырушы. Олар шағын кәсіпорындардың иесі, акционерлік қоғамның басқарушы, коопертивтің жетекшісі және шаруашылық бірлестіктерінің менеджерлері болып табылады.
Кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қолдаудың қозғаушы құралдарының бірі кәсіпкерлікті шағын кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай көмек көрсету болып табылады. Қазіргі Қазақстандағы шағын бизнестің басты мәселесі - несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүліктереге беріледі. Ал кепілдемеге жарайтын мүлік кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын кәсіпкерліктің керекті несиесіне кепілдік бере алмайды. Сондықтан шағын бизнесті қолдайтын арнайы банктік несие кәсіпкерге көмектің бір бөлігі болу керек. Шағын кәсіпорындар мамандар дайындау, банктік несие алу және ақпараттық қызметтерге мұқтаж. Шағын кәсіпкерлік фирмалар қазіргі жағдайда делдалдық сферада, сонымен қатар тез айналымды сала, сауда саттық, қоғамдық тамақтану, құрылыс, техника және машиналарды жөндеу т.б. салаларында өз орынын алып отыр. Әрбір экономикалық субъектінің өзінің көздеген мақсаты болатыны белгілі. Кәсіпкер мен жалдамалы жұмысшыны алатын болсақ, олардың жоспарының жартысы сәйкес келеді (пайда көп болса, еңбекақы да көп болады), ал жартысы қарама-қарсы болады (кәсіпкер жоғары еңбек жалақысына қызықпайды, ал жұмысшының мүддесі жоғары еңбек жалақысы). Осы жағдайда екі жақ та өзара келісім шарттарын іздестіреді, ал бұл кәсіпкерлік процесстің субъектілерінің өзара байланысының негізі болып табылады.
Шаруашылықтың қазіргі жағдайында әрбір кәсіпкер өндірістің терең мамандану шарттарында жұмыс істейді. Кез-келген кәсіпкер тиімді партнерлік байланысты қажет етеді. Нарықтық жағдайда кәсіпкерден басқа кәсіпкерлермен байланысу мүмкіндігі, тиімді партнерлік байланыстарды іздестіре білу мүмкіндігі талап етіледі. Қазақстанда кәсіпкерліктің даму белгілері бұл экономикалық даму ұзақ, әрі маңызды факторлары ретінде қарастырылады.
Экономикалық бизнестің дамуының маңызды факторы-шаруашылық әрекеттің, сауданың, жерді иеленудің, бір-бірімен еркін бірлесу т.б. еркіндігін білдіреді. Экономикалық еркіндіктің кәсіпкерге де, бизнесмендерге де, тұтынушыға да мыңызы зор, себебі тұлғалардың шығармашылық әрекеті үшін қолайлы ортаны қалыптастырады.
Қорыта келе, кәсіпкерліктің экономикалық табиғаты мен шаруашылық жүргізу түрлері, экономиканың дамуындағы үлесі зор екендігін анықтайды. Кез-келген қоғамның экономикасы түрлі әрекеттердің жиынтығы болып табылады, бұл әрекеттер нәтижесінде өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың өзара әсерлері дамыйтыны жүзеге асады.
Экономикасы нарықтық бағытқа бет алған Қазақстан үшін кәсіпкерлікті дамыту мәселесі - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, нарықтық экономиканың өзі – кәсіпкерлік экономика.
Кәсіпкерлікті дамыту - нарықтық дамытудың кепілі. Сондықтан да, кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің көтеріліп жатуы да оның экономикадағы рөлінің өте маңыздылығын дәлелдейді. Қорыта келе, жалпы өркениетті елдердің қай қайсысын алсақ та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде кәсіпкерлікке арқа сүйейді. Себебі кәсіпкерлік халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін тигізеді. Кәсіпкерліктің осындай және басқа да экономикалық және әлеуметтік функциялары оны дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді. Техникалық прогресс, тұтынушы сұранысын толық қанағаттандыру кәсіпкерліктің тиімділігіне байланысты болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан – 2030 стратегиясы. Алматы. 2005.
ҚР Кәсіпкерлікті дамыту және шаруашылық қызметтің еркіндігі туралы Заңы, өзгертулер және толықтырулар. 1993.
«ҚР Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету туралы» Заңы. 1997.
«ҚР Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы. 1997.
Михайлушкин А.И., Шимко П.Д. Экономика. Москва.2001.
Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория. Алматы. 1999.
Баймолдаева М.Т. Шағын кәсіпорынды ұйымдастыру және қаржыландыру. АльПари, 2010, №1-2 (51-52), стр. 202-205.
Кантарбаева А.К. Предпринимательство институционально-эволюционный подход. Алматы.:Раритет.2002.
Жүнісов Б., Мәмбетов Ұ. Байжомартов Ү. Нарықтық экономика негіздері. Алматы. 1994.
Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері. Алматы Экономика. 2001.
Бегежанов Д.Б. Франчайзинг как экономический инструмент развития малого предпринимательства. // АльПари, 2011, №1-2 (53-54), стр. 136-140.
Грибанова С. Европейские деньги для малого бизнеса.Новое поколение. Алматы.№ 49 (289). 2003.
Жумагалиева Б.З. Развитие малого и среднего бизнеса. // АльПари, 2011, №1-2 (53-54), стр. 155-157.
Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері.Алматы.:Экономика. 2002.
Бляхман А.С. Экономика фирмы. Санкт – Петербург. 2010.
ЖШС «Пинта» кәсіпорынның 2009-2011 жж. бойынша жылдық қорытынды есебі.
ЖШС «Пинта» кәсіпорынның 2009-2011 жж. бойынша кәсіпорын балансы.
Лысенкер Л.Ш., Лысенкер Э.М. Основы рыночной экономики. Алматы.: Рауан.1997.
Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика. Алматы.2000.
Малое предпринимательство теория, мировой опыт и Казахстан // Под ред. проф. Жатканбаева Е.Б. Алматы. Қазақ университеті.2001.
Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорынның экономикасы. Алматы. 2003.
Бисенғазиев Н., Хамитов А.Ш. Кәсіпкерлік негіздері.Орал.2001.
Кыдыралина Б.М. Организация малого предпринимательства в Республике Казахстан макро-, мезо- и микроуровневые аспекты. Караганда.:Болашақ. 2003.
Құдайбергенова К.С. Микроэкономика. Көкшетау.2005.
Омурзаков Т.К. Проблемы и основные рычаги совершенствования государственной поддержки малого предпринимательства. АльПари, 2011, №3 (55), стр. 153-156.
Нұрғалиев Қ.Р. Қазақстан экономикасы.Алматы. 2010.
Рубе В.А. Малый бизнес история, теория, практика. Москва.:ТЕИС.2000.
Сәбден О., Тоқсанова А. Шағын кәсіпкерлікті басқару. Алматы.:Білім. 2004.
Утаров А.К., Қалықұлов Қ.М., Мауленқұлова Г.Е. Шағын және орта кәсіпкерліктің талдаудағы тиімді экономикалық – математикалық әдістер. // АльПари, 2011, №3 (55), стр. 61-65.
Достарыңызбен бөлісу: |