Атауы
|
Деңгейі
|
Бағыты
|
Мемлекеттік маңызды кәсіпорындар
|
"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ
|
аймақ мұнайының 34 пайызынан астамын және республика бойынша шамамен 9 пайызын қамтамасыз етеді
|
мұнай мен газдың 15 кенорындарын игеруде, өнеркәсіптік объектілері Қаламқас Жетібай кенорындары
|
“Өзенмұнайгаз” ӨФ
|
балансында игеріліп жатырған 7 мұнай кенорны бар
|
қоры бойынша ең ірілері “Өзен” және “Қарамандыбас” болып табылады
|
"МАЭК-Қазатомпром" ЖШС
|
аймақ өнеркәсібі мен тұрғындарын электр энергиясымен, жылумен және сумен жабдықтау
|
11 өндірістік учаскелер мен қосалқы цехтар кіреді, электр энергиясы – 1342 МВт
жылу энергиясы - 1843 Гкал/сағ; су - 195 мың м3/тәулігіне.
|
Жеке кәсіпорындар
|
"SAT Operating Aktau" ЖШС
|
облыс өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 3 пайызға жуық
|
құрамында үш зауыты бар,"ҚазАзот" ЖШС химия кешені
|
"Жамал-ай" АҚ
|
жобалық қуаттылығы – жылына 300 мың жұп аяқ киім
|
құрамына аяқ киім және тігін цехтары кіреді
|
"Жаңарыс" ЖШС
|
жобалық қуаттылығы 640 адамға есептелген
|
тігін өндірісі аяқталған технологиялық циклды 5 ағыннан тұрады
|
"Шыны пластикалық құбырлар зауыты" ЖШС
|
жобалық қуаттылығы – жылына 390 мың метр жұмыс орындарының саны – 195
|
пластикалық құбырлар зауыты
|
"Ақтау шыны талшықты құбыр зауыты" ЖШС
|
қуаттылығы – жылына 400 мың метр құбыр
|
талшықты құбыр шығару
|
Аталған секторларда өндірістің жалпы көлемі 2010 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыстағы өнеркәсіптік өндірістің 3,9% немесе 28977,0 млн. теңге құрайды, яғни 2009 жылдың осы кезеңінен 1,4 есе жоғары. Тігін өндірісі (2,5%), химия өнеркәсібі (1265,8%) көлемдерінің артуымен түсіндіріледі. Химия өнеркәсібіндегі негізгі кәсіпорындар пластикалық масса зауыты «Sat Operating Aktau» ЖШС және химия кешені «КазАзот» ЖШС болып табылады. Бұл кәсіпорындардың өнімі экспортқа бағытталған болып табылады және әлем нарығында сұраныспен пайдаланылады. Сонымен қатар, аймақта осы тектес жоқ технологияларды қолданатын, және өнеркәсіпте шикізат үлесін қысқарту, экспортқа бағытталған және импорт алмастыру өнімдерінің жоғары технологиялы өндірісін құру мақсатымен 2011-2015 ж. басталған бірқатар жаңа инновациялық жобаларды іске асыру жалғасуда.
Жеңіл өнеркәсібіндегі негізгі кәсіпорын – тігін өнімдерін шығарумен және аяқ киім өндірумен қамтылған «Жамал-ай» АҚ және тек бұйымдар тігуге бағытталған кәсіпорын – «Жаңарыс» ЖШС. 2010 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 171,0 млн. теңге сомасында өнім өндірілді немесе өткен жылдың осы кезеңіне 175,5%. Тері, тері бұйымдары және аяқ киім өндірісінде 2011 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 17 млн. теңгенің өнімі өндірілді немесе өткен жылдың осы кезеңіне 158,7%. Аймақта аяқ киімді жалғыз мамандандырылған кәсіпорын «Жамал-ай» АҚ өндіреді.
2005 жылдың желтоқсанында құрылтайшылары Қазақстан жағы мен оңтүстік-корей фирмасы «Sewon» болып кіріскен «Sewon Vertex Heavy Industry» БК-да «Инвестициялық қор» АҚ қаражаты есебінен (10,1 млн.АҚШ долл.) Ақтөбе жөндеу цехы базасында «Жоғары қысымдағы
ыдыстар өндірісін ұйымдастыру» жобасы іске асырылды.
2009 жылдың қаңтар-қыркүйегінде машина жасау саласында өндірілген өнім көлемі 4276 млн. теңге немесе өткен жылдың осы кезеңіне 171,0% құрады. Тамақ өнеркәсібі негізінен «Ақтөбе-сүт» ЖШС, «Гурман» ЖШС, «Шалқар сүт зауыты» ЖШС сияқты сүт және ұйытылған сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындардан, «Волна» ЖШС, «Ақтөбе-нан» ЖШС тұрады. Сонымен қатар, облыста «Бриз» ЖШС, «Баута» АҚ алкогольсыз сусындар шығарған және «Араз» ЖШС, «Мағаш» ЖШС, «Арман» ЖШС әлсіз алкогольды сусындар осы кәсіпорындармен шығарылады.
Бүгінде сапаның халықаралық стандартына өту жөніндегі алдын-ала жұмыстарын облыстың 10 кәсіпорны:
«Толқыннефтегаз» ЖШС,
«Қазполмұнай» ЖШС,
«Теміртас-1» ЖШС,
«КМК-Азимут» ЖШС,
«МАЭК-Қазатомпром» ЖШС,
«Ақтөбемұнайгаз» АҚ,
«Ақтөбе-Жұлдыз» ЖШС,
«Каскор-СМУ» ЖШС,
«ОЗНА-Қазақстан» ЖШС,
«Ақтөбе-КИП-Сервис» ЖШС жүргізуде.
Статистикалық тіркелім деректері бойынша 2010 жылдың 1 сәуір айына облысымызда шағын бизнестің 3063 кәсіпорны тіркелген, бұл 2009 жылдың 1 сәуір айына қарағанда 8,8 пайызға жоғары. Тіркелгендердің 83,4 пайызы (2555 бірлік) жұмыс істеп тұрған кәсіпорын болып табылды, яғни экономикалық қызметпен айналысты немесе айналыса алды, олардың ішінде 1237 кәсіпорын (жұмыс істеп тұрғандарының 48,4 пайызы) жоғары белсенді болды.
Экономиканың шикізаттық сипаты аймақтың экспорттық әлеуетін анықтап берді. Экспорттың негізгі бабын үлесі жалпы көлемінің 97,7% құрайтын шикі мұнай құрайды. Пайдаланылатын мұнайдың негізгі үлесі алыс шетел елдеріне беріледі. Кәсіпорындар өндірген мұнай Швейцарияға (24,3%), Вергия аралына (19,4%), Италияға (43,8), Ұлыбританияға (3,4%) және басқа да елдерге бағытталады.
2011 жылдың қаңтар–қыркүйегінде облыс бойынша негізгі капиталға инвестиция 140935,6 млн. теңге, немесе 2009 жылдың тиісті кезеңіне 175,4% құрады. Ал облыстағы шағын кәсіпкерлік қызметінің бағытына талдауды келесі түрде жүргізіп қарастырамыз. 2011 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша облыс бойынша шағын кәсіпкерліктің 27121 шаруашылық жүргізуші субъектісі тіркелді. Бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 18,9 пайызға көп, олардың ішінде 5422 шағын кәсіпорын және 21699 жеке кәсіпкер мен шаруа (фермер) қожалығы бар. Өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда шағын бизнесте жұмыспен айналасытындардың саны 34,9 %-ға артып, 52555 адам немесе облыстың экономикалық белсенді халқының 27,2 %-ын құрайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілері арқылы өнімдерді (жұмыстар мен қызметтерді) өткізуден 39857,2 млрд. теңге кіріс алынды, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2 есе жоғары. Бюджетке салықтық төлемдердің көлемі өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 19,4 %-ға өсіп, 14,5 млрд. теңгеден астам қаржыны құрады. Екінші деңгейдегі банкілер арқылы шағын бизнес субъектілеріне берілген несиелік ресурстардың көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,2 есе артып, 43,6 млрд. теңгеден астам қаражатқа дейін жетті.
2010 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша «Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры» акционерлік қоғамының аймақтық филиалы арқылы жалпы сомасы 418 млн. теңге қаржыға несиелер берілді, ол өткен жылдың осыған сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8 есе көп.
Қазіргі уақытта банк секторының қаржылық қызметтерімен қамтылған халықтың жекелеген топтарының, оның ішінде ауыл тұрғындарының қаржылық-несиелік ресурстарға қолжетімділігін кеңейту қажеттілігін ескере отырып, облысымызда шағын несиелеуді дамытудың бірінші кезектегі міндеті басталған жеке меншік бизнес пен дамып келе жатқан бизнесті халық арасында, әсіресе ауылдық жерлерде қолдау маңызды болып табылады.
2012 жылы шағын несиелік ұйымдардың айналым қаражаттарын толықтыруға қосымша 100 млн. теңге бөлінді. Жоғарыда аталған шағын несиелік ұйымдар арқылы 2011 жылы 128,9 млн. теңгеге 382 шағын несие берілді, олардың нәтижесінде жаңадан 444 жұмыс орны ашылды. Үстіміздегі жылдың қаңтар-қазан айларында 246,3 млн. теңгеге 440 шағын несие бөлінді, осылардың арқасында 786 жұмыс орны құрылды. Бұдан басқа облыс орталығы Ақтөбе қаласында 5 жеке меншік шағын несиелік ұйыммен несиелеу жөніндегі жұмыстарды атқарылды.
2011 жылы облысымыздың шағын несиелік ұйымдары арқылы 273,2 млн. теңгеге 1186 шағын несие беріліп, жаңадан 117,9 жұмыс орны құрылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,4 есе өсті. 2012 жылдың қаңтар-қазан айларында облысымыздың шағын несиелік ұйымдары арқылы 347,8 млн. теңгеге 673 шағын несие беріліп, олардың нәтижесінде 986 жұмыс орны құрылды.
Кесте 7
Маңғыстау облысы бойынша кәсіпкерлік қызмет көрсеткіштері
Атауы
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
Ауытқу
(%)
|
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны (бірлік)
|
17903
|
22103
|
119,0
|
Шағын бизнесте жеке кәсіпкерлер мен шаруашылықтар есебімен жұмыста қамтылғандар саны
(адам)
|
3759
|
7510
|
109,3
|
Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнімдер көлемі (млн. теңге)
|
14027,2
|
17534,2
|
102,7
|
Байланыс қызметтерінің көлемі
(млн. теңге)
|
1677
|
2891,4
|
142,3
|
Басқа да шаруашылықтар жалпы өнімінің көлемі
(млн. теңге)
|
1200,6
|
1333,9
|
101,9
|
Шағын несиелер мал шаруашылығы, балық шаруашылығы, сауда қызметі, компьютерлік қызмет көрсету орталықтары, тұрмыстық қызмет көрсету нысандары, тігін шеберханалары, теріні өңдеу жөніндегі цехтар, шаштараз қызметтері көрсету, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу станцияларын дамыту сияқты халыққа қажетті салаларға бағытталды.
Ақтөбе облысы бойынша кәсіпкерлік қызмет көрсеткіштері келесі беттегі кестеде (кесте 7) көрсетілген.
2011 жылдың 1 сәуіріне шағын бизнес кәсіпорындарында 13206 адам жұмыс істеген, ол алдындағы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,5 пайызға төмендеген. Орта есеппен жұмыс істеп тұрған бір шағын кәсіпорында 5,2 адам жұмыс атқаруда. Шағын бизнес кәсіпорындарында барлық жұмыспен қамтылғандардың 25,6 пайызы саудаға: автомобильдерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке пайдаланатын заттарды жөндеуге, құрылысқа - 24,5 пайызы, өнеркәсіпке - 14,2 пайызы келеді. 2012 жылдың I тоқсанында өнімдер шығару 5603,7 млн. теңге болып, 2011 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда 1,8 пайызға төмендеген. Үстіміздегі жылдың I тоқсанда шағын бизнесте шығарылған өнім бір адамға 424,3 мың теңгеден келеді.
Ақтөбе облысының шағын несиелік ұйымдары арқылы 621 млн. теңгеге 1841 шағын несие беріліп, 2165 жұмыс орны ашылды. Олардың арасында Ақтөбе қаласында 245,8 млн. теңгеге 1019 шағын несие беріліп, 935 жаңа жұмыс орны пайда болды. Байғанин ауданында 76,2 млн. теңгеге 187 шағын несие бөлініп, 236 жұмыс орны шаңырақ көтерді.Шар ауданында 59 млн. теңгеге 120 шағын несие таратылып, 139 жұмыс орны құрылды. Алға ауданында 70,7 млн. теңгеге 151 шағын несие жұмсалып, 178 жұмыс орны бой көтерді. Шалқар ауданында 42,3 млн. теңгеге 87 шағын несие бөлініп, 153 жұмыс орны есік ашты.Хромтау қаласында 127 млн. теңгеге 279 шағын несие үлестіріліп, 524 жұмыс орны пайдалануға берілді.
Алдын ала деректер бойынша тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 142,2 мың бірлікті құрады, оның ішінде жеке тұлғалардың саны 127,7 мың бірлікті құрап 266,1 мың адам жұмыспен қамтылған. Заңды тұлға ретінде тіркелген кәсіпорындардың саны 16,6 бірлікке жетіп, оның 13,0 мың бірлігі жұмыс істеуде. Онда 72,1 мың адам қызмет атқарады. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік құрылымдарының саны 11,3 пайызға артқан. Шағын бизнес саласында 338,2 адам жұмыспен қамтылған немесе облыстағы экономикалық белсенді халықтың 31,1 пайызын құрайды. Облысымызда шағын кәсіпкерліктің нақты даму бағытын көрсетеді. 2010-2012 жылдарға арналған жоспар бойынша облыс экономикасының өндірістерінде инновациялық технологияларды қолдануға арналған ғылыми зерттеулер мен сынақтар жүргізуде 2010 жылы жол құрылысында битумды ауыстыратын ферменттер әзірлеу бойынша лабораториялық сынақтар жүргізілді, облыстағы пайдалы қазбаларды қолданып жаңа құрылыс материалдарын әзірлеу және тағы басқа зерттеу жұмыстары жүргізілді.
2012 жылы шағын кәсіпкерлік құрылымдары 130,9 млрд. теңгенің өнімін (жұмысы, қызметі) өндіріп, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 6,5 пайызға артқан. Заңды тұлға ретінде 2012 жылдың 1 ж.ж. 12284 кәсіпорын құрылып, 3547 жаңа жұмыс орны ашылды. Кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қолдаудың қозғаушы құралдарының бірі кәсіпкерлікті шағын кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай көмек көрсету болып табылады. Шағын бизнестің басты проблемасы-ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүліктерег беріледі. Ал кепілдемеге жарайтын мүлік кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын кәсіпкерліктің керкті несиесіне кепілдік бере алмайды. Сондықтан шағын бизнесті қолдайтын арнайы банк несие банктің бір бөлігі болу керке. Шағын кәсіпорындар кадр дайындау, банктік, кредит алу және информациялық қызметтерге мұқтаж. Оны кім шешеді? Шағын кәсіпкерлік фирмалар қазіргі жағдайда делдалдық сферада, сонымен қатар тез айналымы сала, сауда саттық, қоғамдық тамақтану, құрылыс, техника және машиналарды жөндеу т.б. салаларында оорын алып отыр.
Жыл басынан шағын кәсіпкерлік құрылымдарына жалпы- 74107,9 млрд.теңге, оның ішінде екінші дәрежелі банктерден –66818,0 млрд.теңге, “Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ Аймақтық филиалдарымен –475,8 млрд. теңге , «Несие беру Қазақстандық қоры» – 4601,5 млрд. теңге және «Фермерлер мен кәсіпкерлерді қолдау қоры» қоғамдық қорымен – 117,4 млрд теңге, ауылшаруашылық несие серіктестіктері мен несиелік серіктестіктері-2096,0 млрд. теңге жалпы республика бойынша қарастырылған. Барлық қаржылық институттардан шағын және орта кәсіпкерлік құрылымдарына бөлінген несие қаражаттардың көлемі өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 145,3 пайызға өскен.
Сонымен қатар, аудан, қала әкімдіктерімен бірлесе 2011-2015 жылға арналған орта мерзімдік жоспарды әзірленді экономикалық тартымды жобаларға талдау жасалынып, іріктеу жұмысы жүргізілген. Жапы Қазақстанда кәсіпкерліктің белсенді дамуына мына көрсеткіштер себеп болғандығы айтылады:
Достарыңызбен бөлісу: |