Алматы облысы білім басқармасының 2016 жылғы 1-тоқсандағы атқарылған жұмыстар туралы ақпарат.
Облыстың білім беру саласына 2012-2016 жылдар аралығында бөлінген қаржы көлемі 506,4 млрд. теңге, оның ішінде 2016 жылы – 127,4 млрд. теңге бөлінген.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2012-2015 жылдары аралығында 94,3 млрд. теңге, оның ішінде 2015 жылы 25,4 млрд. теңге қаржы бөлінді.
2016 жылы білім мекемелерінің материалдық- техникалық базасын жаңарту үшін жергілікті бюджеттен 773,2 млн теңге бөлінді. оның ішінде білім мекемелеріне компьютерлік техниканы сатып алуға -313,6 млн теңге, мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің материалдық техникалық базасын нығайтуға -160,3 млн. теңге, білім беру мекемелерінде бейнебақылау жүргізуге -74,3 млн, теңге қаражат бөлінді. 50 білім беру мекемелерінің жылу қазандықтары сыртқа шығаруға 225,0 млн. теңге қаражат бөлінді.
Бұдан басқа 2016 жылы оқулықтар мен оқу әдістемелік жинақтарды қамтамасыз етуге 3 млрд. 015 млн. 232 мың теңге қаржы бөлінді, бұл 2014-2015 оқу жылымен салыстырғанда 675,3 млн. теңге қаржыға артық.
Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектептер жаңа модификациялы 302 – химия (45,2%), 271 – биология (40,5%), 332 – физика (49,7%), 360 – лингафонды-мультимедиялық (53,9%) кабинеттері орнатылған.
Облыс бойынша 2014 жылы республикалық бюджеттен 225 млн. 355 мың теңге қаржы 55 химия кабинетіне,жергілікті бюджеттен 270 млн, 402 мың теңге 66 физика және 61млн, 455 мың теңге 15 лингфонды –мультимедиялық кабинетке жұмсалды.
Бүгінгі күні облыс бойынша жаңа модификациялық кабинеттер саны; химия- 302, биология- 271, физика- 332, ЛМК- 360 кабинет.
Қазіргі уақытта 51 білім беру мекемесінде 3-4 ауысымда (49 мектепте -3 ауысым, 2 мектепте -4 ауысым) ондағы оқушылар саны 50971, жобалық қуаты 21319 оқушыға арналған білім беру мекемелері.
3 ауысымда оқитын оқушылар саны 7581, 4 ауысымдаға оқушылар саны 330 оқушы.
Облыс бойынша 769 мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істейді. (337 балабақша, 432 мектеп жанындағы шағын орталықтар). Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берумен 53,9 мың бала қамтылған. 2016 жылы «Балапан» бағдарламасы бойынша 3-6 жас аралығындағы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге 72,0 % бала қамтылып, 9,1% ға өсіп отыр. 1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтылған балалар саны 38,6% ға жетті.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру бағдарламасы бойынша жеке топтар ашылуда. Талдықорған қаласындағы № 2 балабақшасында сөйлеу қаблетінде шектеуі бар 100 балаға арналған 4 топ, 2015 жылы сөйлеу қаблетінде шектеуі бар 12 балаға арналған 1 қосымша топ ашылды 2015-2016 оқу жылында облыста 35702 мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде жоғары санаты бар – 6711 мұғалім,бірінші санатты – 11784. Жалпы педагогтердің санынан жоғары және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесі – 51,8%.
2015-2016 оқу жылында білім беру мекемелеріне 1281 жас маман келді, оның 1025-сі «Дипломммен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерге жұмысқа орналастырылды.
2015 – 2016 оқу жылында облыс бойынша 15 аудан, қала орталықтарында ҰБТӨП (ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункті) жұмыс жасайды. 4 аудан орталықтарында ҰБТӨП жоқ. Олар: Талғар, Ескелді, Көксу аудандары мен Текелі қаласы.
2016 жылғы ҰБТ 1-15 маусым аралығында өткізу жоспарлануда. Барлық ҰБТӨП түлектерді тестілеуге қабылдауға дайын, қажетті техникалық құралдармен жабдықталған.
2015-2016 оқу жылы облыс бойынша мектеп бітіретін түлектердің саны-13169, оның 9624-і қазақ тілінде, 2867-і орыс тілінде, 678-і ұйғыр тілінде білім алады. «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер саны - 371, үздік аттестатқа – 85.
Алматы қаласындағы дарынды балаларға арналған Ш.Смағұлов атындағы атындағы мектеп-интернат базасында күзгі, қысқы демалыс күндерінде облыстың «Алтын белгі» белгісіне үміткер оқушылармен дайындықтар жүргізілді.
ҰБТ-ның өткізілуі туралы түсіндіру семинарлары өткізілді, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, мамандары, әдіскерлері, мектеп директорлары, түлектер, ата-аналар қатысты.
Облыстық әдістемелік кабинет тарапынан өткен оқу жылында төмен балл жинаған 12 аудан мектептерінде әдістемелік күндер өткізілді. Алакөл, Балқаш, Іле аудандарының мектептерінде негізгі пәндер бойынша мұғалімдерге ҰБТ дайындау барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.
Білім басқармасы мен Ustady тестілеу орталығы арасында жасалған меморандумға сәйкес ҰБТ дайындау жұмыстары жалғастырылуда, барлық аудан, қала мектептерінің 700 пән мұғалімі курстан өттіп, тестілеу арқылы білімдері сараланды. 9 ауданның (Балқаш, Ұйғыр, Панфилов, Қаратал, Көксу, Жамбыл, Қарасай, Алакөл, Еңбекшіқазақ) 1900 11-сынып оқушысы «Кампус» жеделдету бағдарламасы бойынша дайындықтан өтті. 2016 жылғы ҰБТ-ға жалпы орта білім беретін мектептердің дайындығын саралау мақсатында облыс көлемінде 3 рет байқау тесті, Ustady тестілеу орталығы тарапынан 2 рет өткізілді, тестілеу нәтижелері сарапталып, алқа мәжілісінде қаралды.
«Е-learning» электрондық оқыту жүйесіне 134- жалпы білім беретін орта мектептер, 6- колледж қосылған.
2015-2016 оқу жылында кеңжолақты интернетке 596 (81%) білім мекемесі қосылған
Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектептер жаңа модификациялы 302 – химия (45,2%), 271 – биология (40,5%), 332 – физика (49,7%), 360 – лингафонды-мультимедиялық (53,9%) кабинеттері орнатылған.
Облыстың 604 мектебінде 2459 интерактивті тақта орнатылған.
Облыс бойынша мектебі жоқ 70 елді мекеннен мектебі жоқ 18251оқушының 18053 (99,0%) тасымалдаумен қамтылған. 85 оқушы интернаттарға орналастырылып, 113 оқушы туысқандарының үйінде тұрып оқиды. Тасымалданатын оқушылар саны -193. Облыс бойынша 120 автобус қажет етеді, оның тозуына байланысты ішінде ауыстыруға 11, жөндеуді қажет ететін 109 автобус.
Облыста 239 (33,0%) шағын жинақталған мектепте 19818 бала (6,0%) оқиды, оның ішінде 238 мектеп ауылды жерлерде орналасқан. Ауылдық жерлердегі оқушылардың сапалы білім алуға қолжетімділігін арттыру мақсатында облыста 9 тірек мектебі құрылған.
Алматы облысының білім басқармасы әдістемелік кабинетімен бірлесіп 2016 жылы 31 наурызда Талдықорған қаласындағы №22 орта мектебі базасында ШЖМ педагогтерінің өзара тәжірибе алмасуына және озық тәжірибелерін таратуына ықпал ету, шығармашыл педагогтерді анықтау мақсатында «Шағын жинақты мектептің үздік мұғалімі» облыстық байқауын өткізді. Байқаудың облыстық кезеңіне аудандық (қалалық) байқаудың жеңімпазы деп танылған 15 мұғалім қатысты.Қазылар алқасының шешімі бойынша Текелі қаласы, №2 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі М.Каленикова байқау жеңімпазы болып танылды.
2015-2016 оқу жылында 737 мектептің 531-де (73,0%) ыстық тамақтандыру ұйымдастырылып, онда 271240 оқушы (87,0%) қамтылды. Оның ішінде әлеуметтік қорғалмаған және аз қамтылған отбасынан шыққан 26033 оқушы 100% тегін ыстық тамақпен қамтылды. Асханасы жоқ 93 мектепте буфеттік тамақтандыру ұйымдастырылған.
Дарынды балаларды анықтау мақсатында облыс көлемінде олимпиадалармен ғылыми жоба жарыстары, әдістемелік жұмыстар, озат тәжірибе жинақтау және оны тарату жұмыстары қолға алынып, жүйелі түрде жүргізілуде. Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жоба жарыстарына 36 оқушы қатысып, оның 13 жүлделі орындарды иеленді (І орын-2, ІІ орын-5, ІІІ орын- 6).
2016 жылғы 16-18 наурыз аралығында ХІ республикалық «Зерде» ғылыми жоба конкурсына 28 оқушы қатысып, 16 жүлделі орындарды иеленді (І орын-2, ІІ орын- 6, ІІІ орын-8). Конкурста жоғары жетістіктері үшін Алматы облысының командасы ІІІ орынды иеленіп «Үздік команда -2016» номинациясында марапатталды.
Үш ауысымда оқитын мектептерді жою мақсатында 2015-2017 жылдарға арналған кезең-кезеңмен құрылыс, жөндеу жұмыстарының өту жоспары құрылды Ұлттық қор есебінен жоспарға сәйкес 26 жалпы білім беру мекемелері және 5 білім беру мекемелері республикалық бюджет есебінен жобалық қуаты 26400 оқушыға арналған, сметалық құны 56,9 млрд .теңге қаражатқа салыну жоспарлануда.
2015 жылы 5 апатты мектептің орнына 5 жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді, бүгінгі таңда апатты мектептер саны 0,1 % құрайды.
2016 жылы 47 ( ЖБ-17, ҰҚ-30) білім беру нысандарының құрылыс және реконструкциялау жұмыстарын жүргізу жоспарланып, оған Ұлттық қордан және жергілікті бюджет есебінен 32 млрд. 807 млн. 216 мың.теңге қаржы бөлінді.
2016 жылы 35 білім беру мекемесіне 6 млрд.972 млн. 316 мың.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық, қылмыстың алдын алу және болдырмау бағытында ІІД жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып «Түнгі қаладағы балалар» және «Түнгі қала» акциялары аясында 1582 рейдтік шаралар ұйымдастырылып, өткізілді. Шараға 362 полиция қызметкерлері, 782 білім саласының мамандары, 490 ата-аналар комитеттері қатысты.
2015-2016 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде «Закон, по которому мы живем», «Жить по закону...», «Патриотическое воспитание молодого поколения», «Профилактика правонарушений, наркомании и табакокурения среди молодежи» тақырыптарында сынып сағаттары, психологиялық тренингтер, семинарлар, кездесулер, «дөңгелек үстел», әңгімелесулер, құқықтық ойындар, дәрістер және құқық апталықтары ұйымдастырылды.
«Құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыспен күрес, сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алудың 2015-2016 жылдарға арналған облыстық прокуратура, облыс әкімдігі, ІІД бірлескен жоспарын» жүзеге асыру мақсатында Қаратал, Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандары мен Текелі, Талдықорған қалаларында «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық, қылмыс, жыныстық тиіспеушіліктің алдын алу және болдырмау» мақсатында ата-аналар қауымдастығына арналған ашық сұхбат күндерін ұйымдастырды. Ағымдағы жылдың сәуір айында республикалық «Асыл бала» ассоциациясымен бірлесіп білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп психологтары, ата-аналар қауымдастығына арналған «Пути решения суицидального поведения у подрастающего поколения» тақырыбында конференция өткізілді.
2016 жылдың сәуір айында облыстық «Полицияның жас көмекшілері» байқауы өткізілді.
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігі және Есік гуманитарлық-экономикалық колледж базасында «Ізгілік – отбасынан басталады» тақырыбында мұғалімдер мен ата-аналарға арналған облыстық семинар-кеңес ұйымдастырылып, өткізілді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген «Мәңгілік ел жастары – индустрияға «Серпін-2050» бағдарламасы аясында Рудный индустриялық институты, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Қозыбаев атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушылары 9-11 сынып оқушылармен кездесулер ұйымдастырып, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, «Мәңгілік ел жастары-индустрияға» (СЕРПІН-2050) жобасын насихаттау және түсіндіру бойынша 2015-2016 оқу жылының сәуір айында мектеп оқушылары арасында «Өз таңдауыңды жаса», «Мамандықтың бәрі жақсы...», «Кәсіби маман болу, менің таңдауым» тақырыптарында ашық сабақтар, тәрбие сағаттары өткізілді.
«Ата-аналар комитеті» қоғамдық бірлестігімен бірлесе отырып «Менің кәсібім-менің мақтанышым»,«Менің болашақ мамандығым» тақырыбында мектеп оқушылары, колледж студенттері арасында акция ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлескен «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған 2016 жылға арналған іс-шаралар жоспарды» негізінде 9-11 сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік қызмет-елдің мүддесіне адал еңбек» тақырыбында шығарма және 5-8 сынып оқушылары арасында «Адал және сатылмайтын еңбек бейнесі» үздік сурет байқаулары ұйымдастырылды
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесі Алматы облысы әкімдігінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы №25 қаулысының негізінде 2011 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс атқаруда. Орталықтың негізгі мақсаты қадағалаусыз және панасыз қалған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ қатыгездік салдарынан әлеуметтік бейімсіздік пен әлеуметтік депривацияға әкеліп соғатын өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қабылдауды, уақытша күтіп бағуды, бейімдеуді және әрі қарай орналастыруды қамтамасыз ету болып табылады.Бүгінгі күнде орталықта 31 бала тәрбиеленуде. «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесінің 8 ұйым арасында жасалған келісім шарт негізінде Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласындағы экономикалық-технологиялық және «Заң колледжі», «Мүшелтой» жасөспірімдер клубы, М.Тынышбаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы, «Дос» денсаулық орталығы, «Қос қанат Жетісу», С.Сейфуллин атындағы кітапхана, әйелдерді қолдау аймақтық орталығымен бірлесіп өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды өз отбасына қайтару және келешекте сол отбасыларды бақылауға алу бойынша тиісті жұмыстар атқаруда. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының өкілдері аудандық, қалалық білім бөліміне қарасты қорғаншылық және қамқоршылық органының функциясын жүзеге асыратын органмен бірлесіп орталыққа түскен балалардың әлеуметтік - тұрмыстық жағдайларымен танысып, тәрбиеленушілердің ата-аналары немесе заңды өкілдерімен түсіндірмелі жұмыстар жүргізіп, кеңес беруде. Бұл жұмыс үнемі өз жалғасын таппақ.
Облыс бойынша білікті мамандарды даярлауда 70 колледж жұмыс атқарады, ондағы мамандықтар ауылшаруашылығы, құрылыс, қызмет көрсету, медицина, педагогика, машина технологиясы мен жабдықтау, әлеуметтік қызмет бойынша мамандықтар даярлануда. 2016 жылғы наурыз айында кадрларды кәсіптік даярлау сапасын арттыру, техникалық және қызмет көрсету жұмысшы мамандықтарының беделін көтеру, облыстың кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау жүйесін насихаттау, дарынды білім алушыларды табу және қолдау көрсету мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің білім алушылары арасында «WorldSkills Тaldykorgan» аймақтық чемпионаты өтті.
«Электргазымен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің білім алушысы Сибигатулин Андрей, «Шаштараз» мамандығы бойынша Талдықорған сервис және технология колледжінің білім алушысы Сагатбекова Дана, «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Талдықорған политехникалық колледжінің білім алушысы Ержанов Ерік және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша Алматы облысының қызмет көрсету және тамақтандыру саласындағы инновациялық технологиялар колледжінің білім алушысы Иманжан Мукаш жеңіп алды. Байқау жеңімпаздары білім басқармасының қаржылай сыйлығымен және «Кәсібінің үздігі – 2016 жыл» құрмет грамоталарымен марапатталып, қатысқандары үшін сертификаттар тапсырылды.
Байқау жеңімпаздары 2016 жылғы маусым айында Астана қаласында өтетін Ұлттық чемпинатқа қатысады.
|
|
Қаржының игерілуі
|
|
№
|
Атаулары
|
Жоспар 2016 г. тыс.тенге
|
Игерілуі 3 ай
|
|
1
|
2
|
3
|
|
|
1
|
Жалпы орта білім беру мекемелерінде жан басына шаққандағы қаржыландыруды 4-бейіндік мектептерде пилоттық бағдарлама негізінде енгізу
|
55701
|
8877
|
РБ
|
2
|
"Балапан" бағдарламасын іске асыру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды іске асыру.
|
8021473
|
1934032
|
РБ
|
3
|
Аудандарда психологиялық-педагогикалық коррекциялау және бейімдеу орталықтарын жұмысын ұйымдастыру.
|
283450
|
68530
|
МБ
|
4
|
Облыс бойынша 9 Тірек мектептері жұмыс атқарады.
|
|
|
|
5
|
2016 жылы оқулықтармен оқу әдістемелік бағдарламаларды сатып алуға
|
3015232
|
3015232
|
МБ
|
6
|
Аз қамтылған отбасы балаларына дәрумендендірілген және ыстық тамақ ұйымдастыру. 2016г.
|
1057,9
|
|
МБ
|
7
|
Ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың қорғаншыларына орта айлық есептік қаражат қарастыру.
|
638672
|
150478,2
|
МБ
|
8
|
3 ауысымды мектептердің орнына жалпы білім беру мекемелері ғимараттарын салу 2016 жыл
|
28501321
|
570693
|
ҰҚ,ЖБ
|
9
|
Жаңа модификациялық кабинеттер санын жыл сайын 569 ға толықтырып отыру.
|
|
|
|
10
|
Лингафонды мультимедиялық кабинеттердің сервистік қызмет көрсеруін, жыл саын 459 толықтырып отыру
|
|
|
|
11
|
Облыстық оқу – әдістемелік кабинеттер құру, олардың жұмысын жандандыру.
|
161849
|
38352
|
МБ
|
12
|
Кәсіптік техникалық лицейлердің білімгерлеріне мемлекеттік степендие тағайындау.
|
|
|
|
13
|
ТжКБ мекемелерінің материалдық-техническалық базасын, оқу-өндірістік шеберханалар мен лабораториялар жұмысын жандандыру.
|
|
|
|
14
|
Кәмлетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмысын жандандыру.
|
58075
|
14478,2
|
МБ
|
15
|
Білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.
|
6972316
|
0
|
МБ
|
|
Барлығы:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |