Бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің ТҰжырымдамалық негіздері астана



бет1/23
Дата14.04.2022
өлшемі66,18 Kb.
#139248
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері 2019ж


15.04.2019-ғы № 145 шығыс хаты
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы « »
бұйрығына 1-қосымша


«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ
ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ТҰЖЫРЫМДАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Астана 2019


15.04.2019 ЭҚАБЖ МО (7.23.0 нұсқасы)
МАЗМҰНЫ



1

Кіріспе ...................……………………………………………….......

3

2

Нормативтік құқықтық қамтамасыз ету............................................

4

3

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің мақсаты, міндеттері, нысаны және тетіктері.................................................................

5

4

Қазақстандағы балалар мен жастарды тәрбиелеудің қазіргі жағдайы..........................……………......................................

6


5

Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары...........................................

9

6

Тәрбиенің мақсаты, міндеттері және қағидаттары...........................

11

7

XXI ғасырға лайықты тәрбиенің негізгі хабарламалары: «Рухани жаңғыру».......................................................................................

12


8

Тәрбие процесін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері.........

14

9

Тәрбиенің негізгі мазмұнын жаңартудың басым бағыттары…...

16

10

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің берудің тұжырымдамалық негіздерінің күтілетін нәтижелері......................................................

26

11

Терминдер мен анықтамалар…………………………………….....

27


  1. 15.04.2019 ЭҚАБЖ МО (7.23.0 нұсқасы)
    Кіріспе

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері (бұдан әрі – Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері) – еліміздің өміріндегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер контексінде әзірленген, білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде тәрбиенің жаңа мазмұнының басымдықтарын анықтайтын стратегиялық құжат.


Қазақстан Республикасы қоғамдық сананы жаңғырту ұстанымын алға қойған прогрессивті даму жолымен келеді. Қазіргі қоғамға ұлттық бірегейліктің аса маңыздылығын, мәдени контекстің, өздігінен даму, өзін-өзі тәрбиелеу және жоғары кәсіпқойлық, құзыреттілік пен тәрбиелілік, отбасы әлеуетінің рөлін арттыру негізінде табысты шығармашылық тұлға ретінде Қазақстан азаматтары мінез-құлқының жаңа әлеуметтік-психологиялық эталонын қажет етеді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінің контенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айқындалған қоғамдық сананы жаңғыртудың алты бағытын белгіледі. Олар: бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде олар жіктеліп берілді және соған сәйкес, тәрбиенің базалық мазмұнын жаңартудың басым бағыттары анықталады. Осы бағыттардың мәні мен мақсаты педагогикалық жүйелер мен педагогикалық процесті ұйымдастырудың алуан түрін, барлық заманауи тәрбие кеңістігін жаңғыртудан, адамгершілік-рухани және жалпымәдени құндылықтар шеңберін кеңейтуден, жас қазақстандықтарды тәрбиелеу практикасындағы мектептің, отбасының, мемлекет пен қоғамның тұтас тәсілдемесінен тұрады.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері тәрбиелеудің әрбір бағыты «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттарын, тәрбиенің заманауи тұжырымдарын, білім мен тәрбиені дамытудың әлемдік үрдістерін (жаһандану, интернационалдандыру, кіріктіру, компьютерлендіру, цифрландыру, универсалдандыру және т.б.), тәрбиенің әдіснамалық негіздері мен қағидаттарын қамтитындай түсінік пен танымнан құралады.
Әлемдік факторлар ұлттық құндылықтардың терең тәрбиелік мәдени әлеуетін қалыптастыруға қайта бағытталу, адамзаттың рухани-адамгершілік мұраларының императивтерін күшейту қажеттілігін тудырады.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру жүйесінің, әсіресе, мектепке дейінгі, жалпы орта, кәсіптік және қосымша білім берудің барлық көпқырлылық процесін жетілдіруге, тәрбиелеу мақсаттарына жетудің жоғары өнімділігіне отбасы мен азаматтық қоғамның жауапкершілігін арттыру және оларды белсенді жүзеге асыру бойынша мемлекеттің өзектілендірілген сұранысына негізделеді.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері адамгершілігі жоғары, білімді, Төртінші өнеркәсіптік революцияның қазіргі заманғы әлеміне табысты бейімделуі үшін жаңа технологиялық құрылысқа бағытталған бәсекеге қабілетті

15.04.2019 ЭҚАБЖ МО (7.23.0 нұсқасы)
адами капитал даярлауға негізделген жаңартылған мазмұндағы мектептік білім беруге кезең-кезеңмен көшудің мақсатты нұсқауларына, қағидаттары мен міндеттеріне сүйенеді. Дәл осы аспектіде білім беру процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыруды, оқыту мен тәрбиені, оқыту мен тәрбие кеңістігін неғұрлым сапалы, әрі тиімді кіріктіруді қамтамасыз ететін технологияның, тәрбиелеу әдістемелерінің жаңа білім беру қағидаттары жетілдірілді. Тәрбие, оқу, білім беру және ақпараттық қызметтік құзыреттілікті қалыптастыруда шектелген пәндік өнімдік қызметпен сәйкес келуі керек.
Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне тәрбие жұмысы; тірек месседжилер; алға қойылған тәрбие мақсаттарына жету деңгейлерін өлшеуге арналған критериалды аппарат, мониторинг әдістері; кешенді ресурстық қамтамасыз ету; оларды жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер; терминдер мен анықтамаларға негізделетін мақсаттар мен міндеттер; тәсілдер мен қағидаттар енеді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет