№13 Әкімшілік құқық Осы Кодексте сол үшін әкiмшiлiк жауаптылық көзделген, жеке тұлғаны jқұқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасаған) әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.Әкімшілік құқық бұзғаны үшін жеке тұлғаға мынадай әкімшілік жазалар қолданылуы мүмкін:
ескерту жасау;
әкiмшiлiк айыппұл;
әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу;
арнайы құқықтан айыру;
рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiлiмнен алып тастау;
қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу;
әкімшілік қамаққа алу;
шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу.
Ескерту жасау, әкiмшiлiк айыппұл, әкімшілік қамаққа алу негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн Арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен алып тастау, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу негiзгi, сол сияқты қосымша әкiмшiлiк жазалар ретiнде қолданылуы мүмкiн.Тәркілеу, заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу қосымша әкімшілік жаза ретінде ғана қолданылуы мүмкін .Әкімшілік құқық – бұл сала қоғамды, мемлекетті басқару қарым-қатынастарын реттеп, дамытып отырады.Қаржы (қаражат) құқығы – бұл сала әр елдің мемлекеттік қаржы-қаражат көлеміндегі қатынастарды басқарады.Жер құқығы – бұл сала жер, су, өсімдік, табиғат, экологиялық бағыттағы қатынастарды реттеумен шұғылданады.Азаматтық құқық – қоғамның ең күрделі саласындағы мүліктік қатынастарды реттеп отырады.Еңбек қүқығы – азаматтардың еңбек бағытындағы қатынастарын дамытып, реттейді.Жанұялық құқық – осы саладағы ерлі-зайыптылардың, олардың балаларының өзара қатынастарын реттейді.Азаматтық-процессуалдық құқық азаматтардың азаматтық, еңбектік, жанұялық шағым істерін қарағандағы қарым-қатынастарды реттеумен шұғылданады Қылмыстық құқық – қылмыстық істерді жан-жақты тексеріп, дұрыс шешу барысындағы мәселелермен шұғылданады.Қылмыстық-процессуалдық құқық – милиция, прокуратура, сот т.б. құқық, қорғау аппараттарының қылмыстық істерді тергеу, жүргізу, дұрыс шешім, үкім жасау барысындағы қатынастарды жан-жақты реттеп отырады.Еңбекпен түзеу құқығы – қылмыскерлерді тәрбиелеп, дұрыс жолға салып, қоғамға пайдалы азамат болуын қамтамасыз ету жолындағы қатынастарды қамтиды.Халықаралық құқық – мемлекеттердің арасында туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар.Құқық жүйесі қоғаммен бірге дамып, жаңарып отырады. Қоғамның даму процесінен өмірге келген жаңа қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап, құқық жүйелерін, салаларын жаңартып, елдің жақсы дамуына мүмкіншілік жасап отырады.Бұл процесте ерекше маңызды рөл атқаратын құқық жүйесінің азаматтық, мемлекеттік, әкімшілік, қылмыстық, процессуалдық салалары. Себебі осы салалар қоғамның экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени негізін құрастырып, дамытады. Сондықтан бұл салалар құқық жүйесінің діңгегі, ұйтқысы, басқа салаларға өзінің әсерін тигізіп, олардың жақсы дамуына жағдай жасап отырады Дамыған елдердің тарихында құқық жүйесінің өз ішінде кешенді (комплексный) салалар қалыптаса бастайды. Бұл объективтік, диалектикалық даму процесінің нәтижесі. Мысалы: теңіздік құқық әкімшілік, азаматтық, жер, процессуалдық жүйелерден тұрады. Бұл процесс құқық жүйесінің екі-үш қабатқа айналуы. Жаңа салалар өзінің негізгі жүйелерінен байланысын үзбейді.Қоғамдағы нормативтік актілердің, жақсы жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін оның жүйеге, салаға бөлінуін және олардың бірлестігін мемлекет қатаң түрде бақылап, нығайтып, дамытып отырады Осы Заңда көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті өкілді органдардың тағайындауы немесе сайлану жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кіретін азаматтарды мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындау арнайы тексерудің оң нәтижелері алынғаннан кейін жүзеге асырылады.Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін мемлекеттік лауазымға алдыңғы лауазымнан шаққаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешікпей орналасқан жағдайда, мемлекеттік қызметке қайтадан кірді деп есептелмейдіБұл жағдайда мемлекеттік қызметшіге міндетті арнайы тексеруден өту, сынақ мерзімін белгілеу және кірістері мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы декларацияны тапсыру туралы талаптар қолданылмайды.Қызметтегі судьялар, Парламент депутаттары, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттары, сондай-ақ өз өкілеттіктерін тоқтатқан, оларды теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған мемлекеттiк саяси қызметшiлер, халықаралық қызметшілер, судьялар, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар "А" және "Б" корпусының мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымдарына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес, кадр резервіне іріктеу және конкурс өткізілместен, уәкілетті комиссияның шешімі бойынша орналаса алады Қазақстан Республикасының Президенті осы баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарды кадр резервіне іріктеу жүргізбестен және уәкілетті комиссияның шешімінсіз, оларға тағайындау өзімен жүзеге асырылатын "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындауға құқылы.Белгіленген біліктілік талаптарына сай келетін "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына уәкілетті органмен келісу бойынша конкурс өткізілместен орналаса алады. Белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде уәкілетті комиссияның шешімімен мына адамдар "А" және "Б" корпустарының мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымдарына конкурс өткізілместен орналаса алады уәкілетті комиссия айқындайтын халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдар Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура бағдарламалары (PhD, бейін бойынша доктор) бойынша оқуын аяқтаған адам квазимемлекеттік сектор субъектісінде басшы немесе басшының орынбасары лауазымын атқаратын адамдар.
Үйге тапсырма: Әкімшілік құқық
Достарыңызбен бөлісу: |