Сабақ №1 Сабақ тақырыбы: Әкімшілік құқықтың жалпы сипаттамасы Сабақ мақсаты



Дата07.02.2022
өлшемі19,97 Kb.
#89096
түріСабақ

Білім алушының жұмыс парағы



Мекеме:

Облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернаты

Сынып:

11 «Б»

Педагог:

Мундуинова Кумысгуль Айтпайкызы

Факультативтік курс:

ҚР заңнамасының негіздері

Сабақ №

1

Сабақ тақырыбы:

Әкімшілік құқықтың жалпы сипаттамасы

Сабақ мақсаты:

  • Әкімшілік құқық ұғымын түсіндіру;

  • Әкімшілік құқықтың маңызын атау.


1-тапсырма: Мәтінді мұқият оқып, мағынасын түсін.
2-тапсырма: Әкімшілік құқық ұғымының мәнін дәптеріне өз сөзімен жаз.
3-тапсырма: Әкімшілік құқықтың маңызын өз сөзімен анықтап, жаз.
Қазіргі кезеңдегі ғылымда «Әкімшілік – құқық» терминінің әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Мысалға алатын болсақ: оқулық әдебиеттерде әкімшілік-құқық – тиісті мемлекеттің құқық жүйесінің дербес саласы деп айтылса, ал жалпы түрде әкімшілік-құқықты – басқару құқығы деп айтуға болады делінген.
Энциклопедиялық сөздікте «Әкімшілік – құқық» деген терминді мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін сала ретінде қарастырылған. Яғни, Қазақстан Республикасының әкімшілік-құқық дегеніміз – басқару саласында қоғамдық қарым – қатынастарды реттейтін әкімшілік – құқықтық нормаларын жиынтығы. Ал басқару саласы дегеніміз – атқарушы билікті жүзеге асыратын орган.
Әкімшілік-құқық – ұлттық құқықтың бір саласы және құқық жүйесінде жетекші позицияда болады. Осыған орай Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялаған жағдайда әкімшілік – құқық нормаларының қажеттілігі арта түседі. Себебі бұл нормалардың көмегімен үкіметтің және басқа атқарушы мемлекеттік органдардың құқықтық жағдайы реттеледі.
Әкімшілік – құқықтың негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарында қабылданған «Әкімшілік – құқық бұзушылық» кодексі және басқа да құқықтық – нормативтік келісімдер жасайды.
Жалпы алғанда әкімшілік-құқық дегеніміз – мемлекеттік басқарушы органдардың басқарушы – жарлықшы қызметін реттейтін құқықтық рәсімдер жиынтығын айтамыз.
Яғни, әкімшілік – құқық саласына толығырақ тоқталатын болсақ, онда мыналарды қарастырамыз:

  1. Әкімшілік – құқықтың жалпы ұғымын (яғни, рөлі мен маңызы, пәні мен атқарушы билігі, нормаларының түрлері мен қайнар көздерін).

  2. Әкімшілік – құқықтың қатынастары (ұғымы мен ерекшеліктері және түрлері).

  3. Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы.

Құқық жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі – әкімшілікқұқық. Ол қоғамдық қатынастарды реттеп қана қоймай, мемлекеттің басқару қызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптелген бірізділік жұмысын қамтамасыз етеді. Мемлекет әкімшілік – құқықтың нормалар арқылы өзінің өкілетті органдарымен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де өз азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік – мәдениеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады.


Мемлекеттік басқаруды жетілдіруоның тиімділігі мен мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған шешімдірі үшін азаматтардың алдындағы жауапкершіліктерін арттыру жөнінде әкімшілі – құқық маңызды құрал ретінде үлкен рөл атқарады. Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым көпшілігін қамтитын мемлекеттік басқару саласында Қазақстан Республикасының заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік – құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуларының құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітеді, өкілетті органдар мен лауазымды адамдар үшін де, сондай – ақ қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез – құлық ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен Қазақстан Республикасында құқықтың мемлекет құрудың міндеті шешіледі және әкімшілік – құқықтық қатынастарға барлық қатысушылардың құқықтық мәдениеті қалыптасады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет