Менеджменттің маңызы, оның білім беру жүйесіндегі рөлі мен орыны



бет1/5
Дата21.11.2023
өлшемі26,96 Kb.
#192530
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Булақпаева Еркежан Химия 2 курс 1апта


Менеджменттің маңызы, оның білім беру жүйесіндегі рөлі мен орыны.

  1. Менеджменттің шетелдік теориялары мен тұжырымдамалары.

Басқару өндірісте еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болған адам тұрмысының ажырамас бөлігі, онсыз адамдардың ортақ қызметі де, жалпы қоғам да мүмкін емес. Тиімді басқару дамудың негізгі факторларының бірі. Басқару адам іс-әрекетінің түрі ретінде адамдардың бірлесіп қызмет етуі пайда болған кезден бері бар. Әрбір тарихи кезең басқару субъектілерінің қатынасын, ынталандыру әдістерін, ұйымдастыру үрдісінің көлемін қырлап, өз түзетулерін енгізді, дегенмен тек XX ғасырда ғана басқаруға ғылыми көзқарас пайда болып, дами бастады.

«Басқару» ұғымын түсіндіру бойынша тарихи экскурс менеджменттің пайда болуы мен даму тарихын сипаттайды. Бұл феноменнің қоғам өміріндегі маңызы мен рөлі басқару революциясының өзіндік ерекшеліктері бар бес кезеңін қамтиды.

Шетелдегі басқару жөніндегі ой-пікірлердің даму тарихын талдау XX ғасырдың алғашқы жартысында дербес мектептердің пайда болғанын көрсетеді. Хронологиялық ретпен бұл мектептерді төмендегідей сипаттауға болады: еңбекті ғылыми ұйымдастыру, административтік, адамзаттық қатынастар, басқару ғылымы.

Менеджмент ғылым ретінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңнен өтті.

Ғылыми басқару мектебінің (1885-1920жж.) негізін қалаушылар Фредрик Тейлор мен Роджер Гилберт болды. Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инженері Ф. Тейлор (1856-1915) «кәсіпорынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп, өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады» - деп тұжырымдады. Демек оның ғылыми басқару философиясының ең негізгі элементі өнімділік болып табылды. Осыдан ғылыми басқарудың әдісі, тәсілі мен құралдары өнімділікті қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан менеджер нені жасауды дәл білуі керектігін және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілмен қалай жасауға болатынын зерттеді. Ғылыми басқару жұмысшы мен басқарма мүдделері арасындағы өзара тығыз байланыстың болуына, сол себептен ынтымақтасып бірге жұмыс істеулерінің қажетті әрі міндетті екендігі туралы ой-пікірге сүйенді.

Ф. Тэйлор ғылыми басқарудың уақыт, ұдайы іріктеу немесе таңдау, баулу, ақшалай ынталандыру салаларын да дамытуға өз үлесін қоса отырып, ғылыми басқару жүйесіндегі қағидаларды бөліп көрсетеді: қызметкерді ғылыми түрде сұрыптау; еңбекке мамандандыру; еңбекақыны төлеуде ынталандыру жүйесін қолдану; жауапкершілікті арттыру, т.б.

Л. Гилберттің микрохронометр ойлап табу арқылы еңбек өнімділігін арттыру мақсатында әрбір операцияға жұмсалған еңбек қозғалысы мен уақыт шығынын зерттеген.

Қазіргі басқару теориясының дамуы Ф. Тейлор, Х. Гильбертпен қатар Г.Гант, Г Эмерсон, Г. Форд еңбектерімен тығыз байланыстырылады.

Г. Форд өндірісті ұйымдастырудағы «Тейлор жүйесін» жетілдіре отырып, келесі басқару қағидаларын ерекше атады: өндіріс үрдісі мен оның сатыларын байланыстырып дәл есептеу мен жоспарлау; қажетті жұмыс пен басқа да ресурстарды әзірлеу; стандартты технология мен механизмдерді қолдану; өндірісті жетілдіру жолдарын үнемі іздестіру. Менеджментті ғылыми басқару тұжырымдамасын дайындау ғылыми зерттеудің жеке бағыты ретінде ғылым мен техникадағы қолданылатын әдістердің белгіленген мақсаттарға жетуі үшін ұйымдардың практикалық іс-әрекетінде тиімді қолданылатынын көрсетеді.

Г.Эмерсон алғашқылардың бірі болып өндіріс пен басқаруды ұйымдастырудағы күрделі міндеттерді шешуде әрекеттер қажеттілігін және рационализациялау ұғымын енгізіп, кәсіпорынды басқаруда «Өнімділіктің 12 қағидасын» белгіледі: әр басшы мен қызметкер ұмытылатын дәл тұжырымдалған мақсат; болашақ мақсатты ескере отырып, әр жаңа үрдісті талдауға шынайы көңіл бөлу; нақты белгіленген тәртіп пен ережеге бағыну; қызметкерлерге әділ көңіл бөлу; дер кезінде сенімді есеп беру; ұйым қызметін мұқият және жедел басқару; көрсеткіштер мен жұмыс кестелерін құру; уақыт, күш - қуат пен шығындарды үйлесімді ұштастыра білу; операциялар көрсеткішін жасау; ереже мен жазбаша нұсқауларды қолдану; еңбек өнімділігін арттыру үшін сыйақы төлеу.

Басқару ғылымының дамуына тән ерекшеліктер эволюциялық және үздіксіз сипатқа ие болды. 60-шы жылдардан бастап қазіргі уақытқа дейін ғылыми ойлар мен практикалық менеджменттің дамуын қазіргі менеджмент деп атау қабылданған. Менеджмент даму кезеңдерін теория және практикада мынадай тарихи кезеңге бөледі: Ежелгі кезең б.з.д. IX-VII ғ. бастап XVIII ғасырға дейін қамтиды. Бұл ең ұзақ дамыған кезең басында басқару тәжірибесі өте баяу жиналды. Алғашқы қауымдық құрылыс бірігіп етуді басқару және ұйымдастыру үшін 9 – 7 мың. Жылдарға таяу Шығыста шаруашылықтың бір түрінен екінші түріне көшу басында, яғни өндіруші экономикалық басталды. Менеджменттің дамуынан осы өндірістік экономикалық көшу көп әсерін тигізді. Ежелгі Египет мемлекеттік шаруашылықты басқарудың үлкен тәжірибесі болды. Бұл уақытта дамыған мемлекеттік басқару аппараты және оларға қызмет ететін топ қалыптасты. Сократ грек философы басқаруды ерекше қызмет сферасы деп сипаттама берді, әртүрлі басқару формаларын таңдау негізінде басқарудың жан – жақты принципін ұсынады. Платон мемлекеттік басқару формаларының классификациясын, ал А.Македонский жауынгерлерді басқару теориясы мен практикасын жасады. Индустриялық кезең 1776 – 1890 жылдарды қамтиды, бұл кезеңге мемлекеттік басқарудың дамуында А. Смит еңбектің әртүрлі формалардың бөлінуі мемлекет пен мемлекет басшысына сипаттама берді. Қазіргі заманға ғылыми бағыттармен менеджмент мектептері қалыптасты. Р. Оуэннің еңбектері көп әсер етеді. Р. Оуэннің өндірісті басқару әділеттілігі және жұмысының еңбек және жұмыс жағдайын жоғарлату мәселелері қазір маңызды байланысты. Басқару теорияның есептеу техниканың шығуы және пайдалануына байланысты. 1883 жылы ағылшын математигі Гэобидж қазіргі заманғы цифрлы машинаның үлгісі аналитикалық машина жобасын жасады. Оның көмегімен сол уақытынан бастап, басқару шешімдері оперативті түрде қабылдана бастады. Жүйелеу кезеңі 1856 – 1960жж. басқару туралы ғылым үнемі қозғалыста болды. Жаңа бағытта мектептер қалыптасты, ғылыми аппараттар өзгерді. Уақыт ағымына байланысты менеджменттің басқару тәсілдерінің зерттеуінің бағыттары өзгереді. Негізінен алғанда менеджмент XIX ғасырда өндірістік революция нәтижесінде пайда болды. Өндірістің алғашқы типі фабриканың пайда болуын көптеген адамдарды жұмысын қамтитын қажеттілігі жекелеген қожайынның олардың басқаруынан мүмкіндік болған жоқ. Соның нәтижесінде ең жақсы жұмысшылар таңдап, оларды оқыта бастады. Олар алғашқы менеджерлер болып табылады. Менеджмент облысындағы алғашқы зерттеулер классикалық мектеп арқылы жасалынады. Зерттеулер нәтижесінде адамдар қасиеттер бойынша параметрлі анықтап көмектесе алмады. Қорытындыда мінез – құлық концепциясы маңызды емес тұжырымға келуге болады. Менеджментке ғылым ретінде қарау құралы алғашқы қадамды Ф. Тейлор жасады. Ол адам тиімділігі емес, ұйым қызметінің тиімділігіне қарады. Ғылыми басқару мектебінің дамуына әкелді. Ғылыми басқару концепциясы арқылы менеджмент тұрақты ғылыми зерттеу Тейлор өзінің фабрикалы басқару менеджмент. Еңбектің түрі ғылыми қалыптасты Гилберт есімдерімен байланысты. Олар еңбек қозғалысы аймағына зерттеулер жүргізді. Хронометражды сонымен қатар жұмыс орнының ұйымдастыру ғылыми принцпін жасады. 1916 жылы зерттеуде тұтас бағыт қалыптасқан. Алғашқы ғылыми мектеп бірнеше атаумен аталады: ғылыми; классикалық; дәстүрлі. Бұл идеяның басқаруының бірі Анри Файоль болды. Ол басқару процесін бес негізгі функцияға бөледі: жоспарлау; ұйымдастыру; мамандарды таңдау, орналастыру; жетекшілік (мотивациялау); бақылау. А. Файоль еңбегінің арқасында фирманың ұйымдастырушылық құрылымы деген ұғым қалыптасты. Файольмен жасалған принциптерін басқарушының бір түрі әкімшілік, тұрақты қорытындысы деп мойындады. Менеджмент облысындағы дамудың тағы бір кезеңі 1930 жыл. Осы мектептің өкілі Оуэн фабрикадағы адам жағдайын жасады. Адамгершілік мектебі пайда болды. Ақпараттық кезең - 1960–2000 жылдардан сандық ықпал пайда болды.

  1. Қазіргі менеджменттің мәні мен өзіне тән сипаты.

Қазіргі менеджмент бұрынғы мектептердің барлық жақсы идеялары мен жетістіктерін дамытып, тереңдетіп зерттеуді қолға алған. Зерттеушілердің пікірінше, 1996 - 1990 жылдар қоғамдық өндірістің дамуының, тиімді менеджементтің маңызды кезеңі деп саналады. Бұл жылдарды шартты түрде екі кезеңге бөледі:

Біріншісі 1960 - 1980 жылдардағы менеджмент басқарудағы 50-ші жылдарда пайда болған үрдістік, жүйелілік және ситуациялық тұғырлар мен сандық әдістерді қолданды.

Үрдістік тұғырдың мәні әрбір жұмыстың орындалуы үрдісі ретінде қарастырылады, ал ұйымның қызметі өнім шығаруға қажетті өзара байланысты үрдістер тізбектері болып табылады. Үрдіс өзара байланысты және өзара әрекеттесуші басқару функцияларының (іс-әрекет түрлерінің) жиынтығынан тұрады: жоспарлау, ұйымдастыру, жетекшілік ету, коммуникация, мотивация, бақылау, зерттеу және бағалау, шешім қабылдау, персоналдарды іріктеу, өкілеттік ету және келісімсөз жүргізу немесе шығыс пен кірісті қайтадан өндіру. Демек үрдіс тұғыры менеджмент сапасының даму тенденцияларын бейнелейді.

Жүйелілік тұғыры ұйымды сыртқы ортамен өзара әрекеттестікте болатын ашық жүйе ретінде қарастырады. Бұл тұғыр басшыларға ұйымды өзара байланысты элементтердің (ішкі ауыспалы) жиынтығы ретінде қарастыруды ұсынады. Сыртқы орта факторларының өзгерісі және олардың ұйымға әсер етуі жағдайында Адам, құрылым, міндеттер мен технологиялар, басқару ұйымның алдына қойған мақсатына жетуге бағытталуы тиіс. Жүйе өзара байланысты элементтердің белгілі бір тұтастығымен және олардың өз үлесін қосуымен сипатталады. Мұндай жүйені құраушылар өзара тәуелді, бір элемент болмаған жағдайда жұмыс істеуі мүмкін емес. Адам ұйымның әлеуметтік компоненттерінің бірі болып табылады және басқа ішкі компоненттерімен бірге ұйымның әлеуметтік-техникалық жүйесін құрайды.

Жағдаяттық тұғырда басқарудың әртүрлі әдістерін қолданудың жарамдылығы мен тиімділігі жағдаятпен анықталады. Бұл тұрғыда басқару үрдісін өзара байланысты ішкі ауыспалы ұйымдар жүйесін ішкі орта факторлары мен басқарудың нақты әдістері ретінде қарастыру қажет. Ұйымның, қоршаған ортаның көптеген факторларының болғанымен ұйымды басқарудың бірегей әдісі (тәсілі) жоқ. Нақты жағдаятта ең тиімдісі сол жағдаятқа аса сәйкес әдіс болып табылады. Жағдаяттық тұғырдың ерекшеліктері алынған теориялық білімді нақты жасғдаятта ойлау арқылы ұсынуға бағытталған. Екіншісі 1980 - 1990 жылдардағы менеджмент қазіргі қоғамның жоғары динамикалық дамуы жағдайында сыртқы ортаның өзгерістеріне ұйымдарды бейімдеу мәселесін шешуге бағытталған әртүрлі тұжырымдамаларды дамыту және менеджменттің тиімділігін арттырумен сипатталады. Ұйымды басқару теориясында жеке компаниялар іс-әрекетінде сыртқы орта өзгерістерін ескеру, оларды оған бағдарлау және бейімдеу, ұйымның сыртқы ортамен өзара әрекеттестігі мәселесі аса маңызды болып табылады. Жоғарыда көрсетілген мәселелерді шешудің жолдарын іздестіру қазіргі ұйымдар іс-әрекетінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған менеджменттің келесі тұжырымдамаларын қалыптастыруға алып келді: бейімдеу тұжырымдамасы; жаһандық стратегия тұжырымдамасы; мақсатты бағдар тұжырымдамасы.

Бейімдеу тұжырымдамасының мәні (икемдеу стратегиясы) ұйымның нақты шығармашылық әрекетінің сыртқы орта факторларын ескерумен аса пайдалы әрекет комбинациясын сипаттайды. Бұл әрекеттер өнім мен тауар, жұмыс күші, экономикалық өсімнің қарқыны, саяси тұрақтылық деңгейіне байланысты бөлудің стратегиясын қамтамасыз етеді.

Жаһандық стратегия тұжырымдамасыбарлық ұйымдардың (өнеркәсіп, корпорация) іс-әрекетін оңтайландыруға бағытталған бірегей стратегияны дайындаудың қажеттілігіне басшылықтың назар аударуын ұсынадыБұл стратегия аясында пайданы арттыру ұйымның негізгі мақсаты ретінде қарастырылатын әртүрлі бағыттар қалыптасқан. Бұл бағыттар теориялар мақсатының көптүрлілігін сипаттайды: барлық іс-әрекеттерді (іс-әрекеттердің барлық түрлері) оңтайландыру; сыртқы орта жағдайына оның құрлымдарын бейімдеу жолдарын оңтайландыру; жоғары пайда алуда ішкі мүмкіндіктерін тиімді қолдану; оңтайландыру мақсатымен басқарудың негізгі қызметтерін жетілдіру.

Мақсатқа бағдарлану тұжырымдамасы кәсіпорынды басқару үрдісінің (жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация мен бақылау) барлық сатыларында мақсатқа бағыттылықтың басымдылық рөлін ұйымдастыруға бағдарлайды.
3. Білім берудегі менеджмент терминдерінің глоссарийін жасаңыз.

  1. Ақпарат – басқарылатын жүйенің жай-күйін сипаттайтын, сондай-ақ оны дамыту мен жақсарту үшін қолданылатын пайдалы мағлұматтар, деректер, мәліметтер жиынтығы.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет