Менеджменттің маңызы, оның білім беру жүйесіндегі рөлі мен орыны


Жоспарлау – іс–әрекеттің негізгі түрлері мен тұтас іс–әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды анықтау. Инновациялық менеджер



бет4/5
Дата21.11.2023
өлшемі26,96 Kb.
#192530
1   2   3   4   5
Байланысты:
Булақпаева Еркежан Химия 2 курс 1апта

Жоспарлау – іс–әрекеттің негізгі түрлері мен тұтас іс–әрекеттің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды анықтау.

  • Инновациялық менеджер —ерекше, стандартты емес мәселені шешуге қабілетті менеджер.

  • Кәсіби іріктеу — қызметті кәсіби орындауға анағұрлым жарамды кадрларды жеке қасиеттеріне қарай анықтау.

  • Концентрлік бағдарлама –әр жылдарда оқу пәндерінің кейбір бөлімдерін (күрделі әрі жоғары деңгейде) қайталап оқу көзделеді.

  • Қарымқатынас – біріккен іс–әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі, көп жоспарлы процесс.

  • Менеджмент – ағылшын тілінен аударғанда «басқару» дегенді білдіреді.

  • Менеджер – басқару функциясын жүзеге асыратын адам, кәсіби басшы.

  • Мектеп кеңесі – коллегиалдық басқару органы.

  • Мектептің жұмыс жоспары – жылдық, перспективалық, күнделікті жоспар болып бөлінеді.

  • Мектеп құжаттары – оқу-педагогикалық (журналдар, тіркеу кітаптары, жеке құжаттар, анықтамалар), мектепішілік-ақпараттық (күнделікті мәліметтер, есептер, оқу үлгерімі, тәртіп жайлы ақпараттар), қаржы-шаруашылық (мектептің техникалық құжаты, кітапхана қорының инвентарлық кітабы, актілер).

  • Мониторинг – ағылшын тілінен аударғанда «үздіксіз қадағалау» дегенді білдіреді.

  • Оқу жоспары – белгілі оқу орнында оқытылатын оқу пәндерінің құрамын, әрбір пәнге берілген сағат санын (әрбір оқу пәніне бөлінетін апталық сағат саны) анықтайтын құжат.

  • Оқу бағдарламасы – әрбір пәннің мақсаты ман міндеттерін, сипаты мен құрылысын, мазмұнының бірізділігін көрсететін құжат.

  • Оқу-тәрбие үрдісінің менеджері — педагог қызметкерлердің оқу-тәрбиелік қызметін басқару субьектісі ретінде көрінетін оқу орнының басшысы (директор, оның орынбасары)

  • Оқу-танымдық үрдісінің менеджері — оқушылардың оқу-танымдық қызметін басқару жүйесінің субьектісі ретінде көрінетін оқытушы.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет