Сұрақ16 Ара қатыстық және қарқынды көрсеткіштердің өзара айырмашылығы қандай?
Қарқынды көрсеткіш бұл бір белгінің немесе құбылыстың зерттелетін ортадағы жиынтық жиілігін анықтайды. Әлеуметтік медициналық зерттеулерде халық арасында аурудың жарақаттанудың, өлімнің жиілігін көрсетеді.
Қарқынды көрсеткіш зерттелетін = жағдайдың абсолюттік саны*1000/сол ортаның абсолют санына.
Ал ара қатыстық көрсеткіш бір-біріне ұқсамайтын екі жиынтықтың қатынасын көрсетеді. Мысалы тұрғындардың дәрігерлермен, жедел-жәрдем машиналарымен қамтамасыз етілуі.
Ара қатыстық көрсеткіш = бір жиынтықтың абсолют саны*10000/екінші жиынтықтың абсолют санына.
Сұрақ72 Электрондық тіркеу бөлімі. E-gov порталы. Дәрігер қабылдауына электрондық жазылу.
Электрондық құжат – өзiндегi ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат. Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өзi қойған қолымен тең.
E-gov порталы.
Компьютерге Java, NCALayer БҚ және ҚР ҰКО түпкі сертификаттарын орнатыңыз..
Порталда тіркелу және авторизациялау үшін, сондай-ақ онлайн-қызметтерді алу үшін қажетті ЭЦҚ кілттерін алу.
ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) – бұл электрондық құжатқа қолы қойылған және мөрмен бекітілген қағаз жеткізгіштегі құжат сияқты заң күшін беру үшін пайдаланылатын өзі қойған қолының аналогы.
ЭЦҚ алуға өтінімді ҚР ҰКО сайтының арнайы бөлімі арқылы онлайн режимінде беруге болады. Өтінімді қауіпсіздік мақсатында дербес компьютерден беру ұсынылады.
Жеке тұлғадан онлайн-өтінімді беру.
Заңды тұлғадан онлайн-өтінімді беру;
Онлайн – өтінімді бергеннен кейін сізге оны растау үшін ХҚКО-ға бару қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз бен басып шығарылған өтінім болуы қажет. Тексергеннен кейін оператор растауды жасайды және сіз ЭЦҚ өз компьютеріңізге жүктеп, оған өз пароліңізді орната аласыз.
AUTH_RSA деп аталатын ЭЦК кілттердің RSA – дан айырмашылығы неде?
RSA электрондық құжатқа/сұрау салуға қол қоюға арналған, ал AUTH_RSA пайдаланушыны түпнұсқаға сәйкестендіруге, яғни кіруге/авторландыруға арналған.
ЭЦҚ қолданыс мерзімі 1 жыл, бірақ пайдаланушының ағымдағы ЭЦҚ мерзімі өтіп кетпей тұра, оны тағы бір жылға ұзартуға мүмкіндігі бар екендігін атап өтеміз. Мерзімін ұзарту бойынша нұсқаулықтар – жеке тұлғалар үшін, заңды тұлғалар үшін.
ЭЦҚ түрлі ақпарат жеткізгіштерінде сақтауға болады, бірақ бұл ретте ол бөтен қолға түспеуін жауапкершілікпен қадағалау қажет.
ЭЦҚ арқылы порталда тіркеліңіз. Тіркеу рәсімі интуитивтік түсінікті, бірақ сұрақтар туындаған жағдайда нұқсаулықты (PDF) пайдалануды ұсынамыз.
Тіркеу бетіне өтіңіз, пайдаланушының келісімімен танысыңыз және «ЭЦҚ-пен тіркеу» батырмасын басыңыз;
Парольді ойлап табыңыз және өз жеке e-mail көрсетіңіз. Пароль латын әліпбиінің жоғарғы және төменгі регистрдегі цифрлық және әріптік символдар комбинациясын қамтуы тиіс (кемінде 8 символ, бірақ 30 символдан артық емес);
Өз ЭЦҚ (RSA) таңдаңыз және тіркеуді растаңыз.
Тіркелуден кейін және ЭЦҚ болған кезде сіздің алдыңызда электрондық үкіметтің eGov.kz. порталының барлық мүмкіндіктері ашылады. Сіздің қарамағыңызда көптеген электрондық мемлекеттік қызметтер мен сервистер болады, сондай-ақ сіз мемлекеттік ақпараттық жүйелерде сақталатын дербес деректерді мониторингілеуге көмектесетін Жеке Кабинетке қол жеткізе аласыз.
Оның үстіне, ЭЦҚ Ашық үкімет порталдарында авторландыруға және Elicense.kz электрондық лицензиялау порталында тіркелуге мүмкіндік береді.
ЭЦҚ-ның әрекет ету мерзімі – 1 жыл тек файлдық жүйеге таратылады. Егер ЭЦҚ кілттерін жазу қорғалған тасымалдаушыларға жүргізілсе (Жеке куәлік, Kaztoken, Etoken, Akey, JaCarta) онда әрекет ету мерзімі 3 жыл болады.
Дәрігер қабылдауына электрондық жазылу-
1) Қызметті онлайн алу Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұраным" батырмасын басыңыз.
2) Өтінімді толтыру және жіберу (ЭЦҚ талап етілмейді).
3) Жеке кабинетте («Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысыңыз.
Белгіленген уақытта емханаға жүгіну.
Қызметті мемлекеттік органда алу (қажетті құжаттар):
Жеке басын куәландыратын құжат.
Достарыңызбен бөлісу: |