Қазақ кітаптарының тарихы (1900-1917 ж ж.)



Дата15.09.2017
өлшемі94,43 Kb.
#32310
Қазақ кітаптарының тарихы

(1900-1917 ж.ж.)

Сарқұлова С. Д.

(PHD) доктор
Тарихы бір-біріне ұқсамайтын, алыс елдерді бір-бірімен тілдестіретін, жақындастыратын кітаптың адамзат өмірінен алатын орны өте зор.

Революяцияға дейінгі қазақ кітабы қазақ халқының мол мәдени мұрасынының үлкен бір бөлігі, қайнар көзі десек те болады. Қазақ кітабының тарихын одан әрі зерттей түсу, оның мазмұн-мағынасының халық арасына таралып, танылуына, бүгінгі кемеліне жеткен халқымыздың мәдениетінің, бүкіл ағартушылық ісінің түп көзін тану деген сөз.

ХХ ғасырдың қоғам өмірінің ажырамас бір бөлігіне айналған қазақ кітаптарының тарихы. Сол кездегі халқымыздың шығармашылық иелері де халықты саяси еркінен айырып, рухани кемшілікке итермелеген патша саясатына қарсы шығып, өндіріс, шаруашылықты дамыту әдістерін үйренуге, халықты қараңғылықтан алып шығуға талпынды: қазақ тілінде кітаптар шығарып, қоғамдық ойдың дамуына үлкен рөл атқарды.

Мұндай кітаптар жұртың бәрін бірдей бір қалыпты ойлауға көшіруді мақсат тұтқан Кеңес үкіметіне ұнамауы түсінікті еді. Бұл мәлеметке республикалық Кітап мұражайының директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Жұмағыз Шалғымбаева «1905-1907 жылдардан бастап Ресей империясы ұлттық-саяси күштері топтасып, қоғамдық ой-санасы жетіле бастаған қазақ жұртының баспа ісін көзінің қырына алып, бақылауды күшейте түсті. Баспаханадағы кітаптың алғашқы терімі алдымен бақылау комитетіне тексеруғе жіберілетін еді. Ол кезде Уақытша комиттетің төрағасы М. Н. Пинегин, мүшелері – А.В. Фролов пен Н.Ф.Катанов болды. Солардың арасында Н.Ф. Катанов қазақ тілінде шығатын шығармаларды аударма комиссиясын құру арқылы қадағалады», деп өз мақаласында жазады. [1]

Бұл комиссия «Қазан оқу округі басқармасының жанындағы аударма комиссиясы» деген атпен ұйымдастырылды, оның председателі болып белгілі шығыстанушы Қазан университетінің профессоры Н.Ф. Катанов тағайындалды. [2]. Жаңа комиссия 1905 жылдан 1917 жылға дейін қазақ тілінде 19 кітап шығарған. Осы 19 кітаптың ішінде тек екеуі ғана: «Тырысқақтан қалай сақтану керек», сондай-ақ Ғ.Р. Жүрсіновтың «Орыс етістігінің қосымшасы және орыс шылауы» деген еңбегінің бұдан бұрынғы басылымдарға қарағанда ерекшелігі бірден көзге түседі. Қалған 17-сі бұрын миссионерлер шығарған, мазмұны жағынан діни уағыздардың жинағы болып табылатын әліппе, оқу кітаптары болды. Бірақ, бұлардың басылымдары соншалықты сұранысқа ие бола алған жоқ. Комиссия шығарған басылымдардың тиражы орта есеппен 600 – 1000 данамен, аракідік 2400 данадан аспады. Миссионерлер мектебтерінің барлық қоймаларында бұл кітаптарды шаң басып жатты, қажет кезінде жұртқа ақысыз таратылды.

Ғ. Жәнібековтың балаларға арналған «Балалар бадавамі» кітабындағы жастарды ғылым-білімге үндеу сарындағы өлеңдер де зиянды деп табылды. Патша шенеуніктеріне тіпті халықты оқу-білімге шақырған көптеген кітаптар жақпады. Себепсіз күдіктендірді.

Мұхаметсәлім Кәшімовтың «Насихат қазақия» кітабына 1908 жылы жазған шолуында бақылаушы Н.Ф. Катанов 18-20-беттеріндегі өлеңді жинақтап алып тастауды ұсынды. Оның пікірінше, бұл орыс өкіметіне қарсы жазылған. Ал, М. Кәшімов әлгі өлеңінде қазақ халқының қайыршылануына оны жер-судан айырып, орыс келімсектерін жаппай қоныстандыру шарасы себеп болып отыр деп, шындықты ашық айтқаны еді.

Көптеген жылдар бойы евроцинтристер, көшпенділердің мәдениеті, әдебиеті болмай орыс империясына бағынышты болып келді дейді. Бұл туралы А. Левшиннің өзі былай деп жазады: «Их оброз жизни, ни право, ни религия не позволяют киргизам-казахам быт образованным. Все просвещение их состоит из несколких слабых лучей, почти невольно озаряющих человека, который хотя немного мыслит, имеет вооброжение и принимает впечатления окружающих его предметов, но и сии познания их обезображены суеверием. Умеющий читать и писать на своем языке почитается ученым, вообще же не знают они грамоты»[3].

Татар елінің орталығы болған Қазан қаласында қазақ кітаптары жарық көрді. Қазан қаласы сол кезеңдегі ресейлік шығыс халықтарының тілдеріндегі кітаптарды шығарушы орталығының бірі болды. Сонымен бірге, қазақ ақын-жазушыларының кітаптары Қазан, Уфа, Орынбор, Троицк сияқты қалалардағы татар баспаханаларында басылды. Мәселен, ең алғашқы қазақ тіліндегі «Игьлан намэ Қырғыз халығына» («Объявление киргизкому народу») атты кітап 1831 жылы, ал «Ер тарғын» дастаны 1862 жылы Қазандағы университет баспаханасында басылып шыққан [4]. Ер тарғын дастаны аталмыш баспаханадан сегіз рет өңделіп басылған.

Қазақша басылымдарға талдау жасаудан бұрын олардың қандай баспаханалардан шыққанына зер салғаның артығы жоқ. Бұл туралы ағайынды Кәрімовтар баспаханасын, сондай-ақ, Домбровский, Чирков, Үміт, Вячеслав, ағайынды Шараф, Өрнек, Магариф баспаханаларының рөлі ерекше болған. Қазақ кітаптарын шығарудағы айырықша көп бастырушы жеке баспашылардан осы кезде шыққан Қазан уезі Тобан Қорса ауылының азматы Шамсиддин Хұсаинұлын атауға болады. Шамсиддин өзінің қаржатымен Қазан Университетінің баспаханасынан қазақ кітапттарын бастырып оны халыққа таратқан. Мысалы, 1878 жылы «Қозы-Көрпеш Хиссасы» (1917 жылға дейін 5 рет), «Зархұм қиссасы» (1917 жылға дейін 12 рет), «Сейітбаттал қиссасы» (1917 жылға дейін 5 рет), «Хисса Шортанбайдың бала зары» (1901ж.), Хал-ахуал-Мәшхүр Юсуф Көпеев «һам оның бағызы бір » (1901ж.) сияқты кітаптарды дайындаған [5]. Қазанның 14 баспаханасынан 2 миллионнан астам тиражбен 434 басылым жарық көргенін бұл жерде атап айтпасқа болмайды.

Революцияға дейін Орынбор баспаханаларынан 94 мың 800 тиражбен 42 басылым, Санк-Петербургтің Борганский баспаханасынан 3 мың тиражбен 1кітап, Семейдегі Жәрдем бапсаханасынан 11 мың 800 тиражбен 8 басылым, Астархань баспаханасынан 9 мыңнан астам тиражбен 4 басылым, Оралдан 2 мың тиражбен 1 басылым шыққан екен.

Міне, цифрлар есебі көрсетіп отырғандай қазақ тілінде кітап шығару ісінің кіндігі Қазанда көрсетілген, сонымен бірге Қазан революциязға дейін шыққан қазақ кітаптарын жарыққа шығаратын ірі орталық болған деп айта аламыз. Мұның өзі оқитын сауатты оқушының сұранымның өскендігі болса керек.



Революцияға дейін жарық көрген қазақ кітаптарының мазмұндық тұрғыдан жіктелуі [6].



Білім бағыты

Басылым саны

Қалған кітаптардың жалпы данасы

Көркем әдебиет пен фольклор

Оқулықтар, оқу бағдарламалары,

аудармалар, самоучители

Мемлекет және құқық

Тарих

Медицина, ветеринария

Техника

Анықтамалар

Мирсале

Діни-адамгершілік және өсиеттік кітаптар

386
45

2

10

11

4

1

12

38

1 821 000
139 980

1 000

29 300

34 200

11 000

2 000

43 825

118 800

Барлығы:

509

2 201 105

Ұлы Октябрь революциясы алдарындағы жылдарда бұл цифлар былай тізбектедеді: 1913 жылы 191 мың данамен 43 басылым (қырық үші де кітап), 1914 жылы 195 мың 580 данамен 46 басылым (қырық бесі кітап), 1915 жылы 66 мың 700 данамен 21 басылым (он тоғызы кітап), 1916 жылы 54 мың 500 данамен 15 басылым (он бесі де кітап) қазақ оқырманының қолына тиген. Жалпы, Еділ мен Жайық бойында қазақ тілінде 2 миллион 201 мың 105 данамен 509 басылым (оның 486-і кітап) басылып шыққан.

Сонымен, қолда бар деректер бойынша түркі тектес халықтар тілдеріндегі кітаптар ішінде революцияға дейін шыққан қазақ кітаптары саны жағынан татар тіліндегі кітаптарға жол береді, ал революцияға дейінгі әзірбайжан кітаптарының санымен деңгейлес.

Жоғарыдағы көрсетілген мәліметтен, қазақ кітаптарының үлкен тобын филологтар құрайды. Бұл – қазақтың әдеби ескерткіштерінің байлығына байланысты туған ұлттық ерекшелігіміздің бірі. Қазақтың сөз өнерін құраған мол қазынаны игеру көп ғалымдардың табанды еңбек етуі табиғи көрініс еді. Сондықтан да көркем әдебиет пен фольклорды өзге ғылым салаларының өкілдерінен сан жағынан басым болып келді. Қазақ фольклорынының туындылары оқулық құралдарының да жүгін көтеріп жатты. Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілері жеке кітап болып шыға бастады. 1879 жылы «Қазақ мақалдары», 1908 жылы Г. Жәнібековтың құрастыруымен «Жұмбақтар мен мақалдар», 1914 жылы «Қазақ мақалдары» құрастырған М.Ы. Ыскақов, 1903 жылы «Жұмбақ», 1909 жылы «Шопан ата» (Жалпы фольклорлық жинақ, құрастырған З. Абдіқадыров), 1906 жылы «Тоғыз құмалақ»(Қазақтың ұлттық ойыны) сияқты бірсыпыра кітаптар қазақ елінің игілігіне айналды. Бұл үдіріс әсіресе уақыт өткен сайын аңғарылып, орныға берді.

Бұл жайында Ә. Каримуллин « Для первых казахских книг характерно то, что в ХІХ веке в оснавном печатались произведения устно-поэтического творчества, чем особенно богата казахская культура прошлого. В начале ХХ веке издания на казахсом языке становятся разнообразнее, расшираяеться тематика издаваемых сочинений, ведущая роль переходить к сочинениям казахских писателей, переводом с других языков. Казахские писателей, акыны в начале ХХ века представлены пятьюдесятью именами. Этот факт сам по себе говорит о начале резкого роста казахской литературы, чему способствовало конечно, книгопечатание на радном языке» - деп жазды [7].

Қазақ баларын оқыту үшін қазақ ағартушысы әрі жазушы М. Сералин татар ағартушысы Ш. Рахматуллин мен бірге «Самоучитель для русских по-киргизски и для киргизов по русски», оқулықтарын «Үміт» баспаханасынан 500 тиражбен басып шығарған. Ал, жаратылыстану бағытында қазақ кітаптарын шығару айтарлықтай болмады. Бұл – қазақ мектебтерінде жаратылыстану, пәндерін төменгі деңгейде оқытылды дегенді білдірмейді. Себебі, география, физика, ботаника, математика, астраномия пәндерінен, татар мектебтері мен медреселеріне арналған оқулықтармен қамтылды.

Жиырмасыншы ғасырдың басында, дәлірек айтсақ 1905 жылғы бірінші орыс революциясынан кейін Қазандағы қазақ тілінде кітап шығарушыларға Орынбордың, Уфа, мен Астраханьның татарша баспаханалары ерекше атсалысты. Міне, содан кейін-ақ қазақтың көзі ашық, көкірегі ояу азаматтары – ағартушылар, мұғалімдер, шәкірттер, ақындар, өз тілінде кітап шығаруға белсене кірісті.

Қазандағы ағайынды мен Шәріпжан Кәрімовтардың жеке меншік баспаханасы 1870-1917 жылдар аралығында жұмыс істеп, негізінен қазақша кітаптар шығару мен оларды ел ісіне тарату ісімен шұғылданған. Ағайынды Кәрімовтердің баспаханасынан қазақтың шығармашылық иелері М. Сералин, С.Көбеев, Н.Наушабаев, Ғ.Қараш, А.Мамашов, Мұхаммед Сәлім Кәшімов, және тағы басқаларының кітаптары басылып шыққан. [8]. Бұл жайында М. Қойгелдиев «Алаш қозғалысы» атты монаграфиясында, 1913 жылға дейін Қазан баспаханаларында қазақ тілінде жарық көрген төмендегі кітаптардың кездесе бермейтін тізімін сол күйінде берген [9]. Олар ағайынды Хұсайыновтар мен Каримовтардың баспаханасында қазақ тілінде жарық көрген кітаптар (брошюра) тізімі: М. Сералинің «Гүлкашима», С. Көбеевтің «Қалың мал», Н.Наушабаевтың «Манзумат Қазақия», Ғ. Қараштың «Үлгілі Тәржіман», Б.Ержановтың «Оқуға Махаббат» («Любов к чтению».), А.Жүсіпов «Қисса Серғазы», «Қисса Хамза Хисрау падиша», «Қисса Мансұр Әлхадж», «Хикаят рисала Мұңлық – Зарлық». («Сказка о Манклюк и Зарылик»), М. Калтаев «Қазақтың айнасы», «Жапон соғысы», «Қисса Ораз молла», «Сара қыз» («Дева Сара»), Кене хан және Наурызбай («Кине-хан и дедушка Науруз»), «Адаб» («Нравственность»), «Қасым Жомарт» («Щедрый Касым»), «Бұлбұл құс». Зариф әл-Исаки. І бөлім. («Певчевая птичка») Сол. ІІ бөлім, «Жас ғұмырым» А.Жандыбаев («Моя молодость»), Шикаят. Хайырлы. («Недовольствие»), «Тірлікте көп жасағаннан көрген бір тамашамыз» Жүсіп Көпеев. («Пережитое нами в нашей долгой жизни»), Молла Ақыл Сабалов «Мактубат» (Обучение), «Назам» («Стихи»), «Сұм заман», «Сатбек батыр», «Хазят Дагват» («Призыв к нужному»), Бикметьев «Қазақ уляннари», «Қазақтың той бастары», Батырғалив «Адабият казакия», «Книжка ума». Бұлардан басқа мазмұны жағынан негізінен, демократиялық, ағартушылық сипатта болған кітаптардың тізімі берілген.

Айталық, Қазандағы ағайынды Кәрімовтердің жекеменшік баспаханасынан 1912 жылы 6000 данамен шыққан Ғалиолла Ғалымжановтың жинағында қазақтардың тұрмысын жазған өлеңдер кірді. Ол «кітапты баспадан шығарудағы мақсат – қазақ халқының құрып бара жатуының басты себебі олардың өзара ауыз бірлігінің жоқ екенін көрсетуге талпыну» [10] деп жазды. Автор оқу-ағарту ісінің ауадай қажет екеніне тоқталады. Оның ойынша, барлық мектептер мен медреселерде молдалар тек жаңа әдіспен оқытуы керек. «Қазақ, енді бізге барлық өтірік арбауға сенуді қойып, оянатын уақыт жетті, істі қолға алып, озық халықтардан үлгі алып, халыққа пайдалы күш жиып келешеке қадам басайық!», - деп түйіндейді ойларын.

Міне, осылайша еркін өмірдің салтанатын аңсаған халық үшін қатал цензура қаншама қыспаққа алғанымен түбегейлі тұншықтырып тастай алмады. Демократиялық бағыттағы шығармашылық иелері патшалық бақылауға бағынбай, басыбайлы болып қалмай, ел-жұртының мүддесін, ұлт азаттығын жанына жалау тұтып өтті. 1917 жылғы Қазан төнкерісіне дейін олар «барша халықтың басына теңдік әперуші» өкіметтің кәріне ұшырап, қуғын-сүргін көрді. Көпшілігі сталиндік қанды қырғынның құрбаны болды.

Алайда олардың еңбегі еш кеткен жоқ. Тәуелсіздік туын тігіп, әлемдік даму жолына қадам басқан еліміздің ұрпақтары, ең алдымен, азатшыл ой-сананың алғашқы қарлығаштарына қарыздармыз. Олардың есімдерін ардақтап өнеге тұтар кез енді келді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Ж. Шалғымбаева //Ана тілі. 1992 жыл, 30 сәуір, 5- бет.

2. Ш. Елеукенов, Ж. Шалғымбаева. «Қазақ кітабының тарихы» Алматы: Санат, 1999 жыл, 48-б.

3. А. Левшин Описание киргиз-казачьих или киргиз-казахских орд и степей. Алматы, 1946, с. 350.

4. Қазақ кітабының шежіресі. 1807-1917. Алматы, 1996 жыл, 196 б.

5. У. Субханбердина, Д.С. Сейфулина. Қазақ кітаптары. Алматы: Мектеп, 1986 жыл, 34-б.

6. А. Каримуллин. Книги и люди. Казан, 1985, С. 191.

7. Сонда, С. 187.

8. ҚҰЭ – Т. 4. Алматы, 2002 жыл, 720 б.

9. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. Т. І. Алматы: Мектеп, 2008 жыл, 223-б.

10.Сонда, 226-бет.



РЕЗЮМЕ

История казахских книг (1900-1917 гг.)

В статье описывается история казахских книг начала ХХ века. Также рассматривается структура казахских книг опубликованных до революции.



SUMMARY
The history of Kazakh books (1900-1917)

In this article scrutinized the history of XX century’s Kazakh books. Also discussed the structure of Kazakh books published before the revolution

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет