Кештің тақырыбы: «Тәуелсіздік көк туын көкке ұста» Кештің барысы



Дата12.03.2018
өлшемі40,39 Kb.
#39100
Кештің тақырыбы: «Тәуелсіздік көк туын көкке ұста» 
Кештің барысы: ҚР «Әнұраны

1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік көк туын көкке ұста» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 


Сонымен қатар, биыл Алаш автономиясының құрылғанына 100 жыл. Кенесары хан өлген соң, 70 жыл бойы Ресей патшалығының қол астында болып, намысы тапталған халықтың «Оян, қазақ!» деп рухын көтерген қазақ оқымыстылары еді. Олар 1917 жылы Орынбор қаласында сьезд өткізіп, сол кездегі 6 миллион қазақтың басын біріктіріп, ұлттық-территориялы автономия құруға шеші қабылдаған. Орынбордағы сьезді ұлт көсемдері Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы бастаған зиялылар бастаған еді. Сьезге елдің түкпір-түкпірінен қадірлі ақсақалдар мен зиялылардан 82 делегат келді. Автономия билігін Алашорда үкіметі жүргізеді деп, Әлихан Бөкейханды үкіметтің төрағасы етіп сайлады.


2-жүргізуші: 


Армандарды жақындатып тым алыс,


Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

1 - жүргізуші: 


Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің 
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

2 - жүргізуші:



Құттықтау сөз кезегі мектебіміздің директоры Хамзин Руслан Амантайұлына беріледі. 

1 - жүргізуші: 


Тас еденде жатты қазақ баласы,
Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,
Жараланған жолбарыстай, ышқынып,
Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......

Сұранбады, жалынбады тік тұрды,


Барлық жендет қорықты одан тіксінді,
Тас қорғанда жалғыз өзі жатса да,
Қанышерлер айналада көптін-ді....
Бір қазаққа әлі келмей, жер болып,
Мойындатпақ, бір өлікті тергеулік,
Сенің ісің, сен өлтірдің дегенді,
Артпақты олар, өрен жасқа көлдей ғып ....


Ән «Алға Қазақстан» /5-сынып/

1 - жүргізуші: 

Бақытым - Республикам Қазақстан, 
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан. 
Саған жетпес құшағы әлемнің де, 
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

Тақпақтар қазақша 1


«Қазақ қызы биі»  /9-сынып/

Ән «көк тудың желбірегені» / 7-сынып/
Тақпақ орысша

Көрініс квн

1 - жүргізуші: 


Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?....

Барлық қазақ осындай, бар қанында,


Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...


Би /6 класс флешмоб Жаса Қазақстан/

Видеоролик /интерактивті тақтада/

2 - жүргізуші: 


Қазақ дейтін менің бір елім, 
Жатыр алып жарты дүние әлемін. 
Бұл даланы анам жаспен суарған, 
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. 
Тақпақ қазақша 2

Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 


Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады, 
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.

«Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады. 

Қазақпын, еңселі елмін егеменді, 
Кеңейттім кең әлемге керегемді. 
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар 
Таныды тепе - тең деп тереземді. 
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан, 
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам. 

Ән: «Желтоқсан желі /8-сынып/

Желтоқсан – заман толғағы байтақ даланың


Шарпыған сәті үміт пен күдік қаланың 
Желтоқсан – Қайрат, Ләззат, Сабира 
Құрбаны болған жаланың 
Ал қоғамның адамнан бар ма асылы, 
Кеткенде жоқ құлақтан зар басылып, 
Бұғаудағы боздақтары кете барды
Бірі атылып, ал бірі дарға асылып

1 - жүргізуші: 


Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық Нұрлы достық
Күн достық Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты

2 - жүргізуші: 


Қасиетті Қазақстан мекенім, 
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. 
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім, 
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма 


Туған тілім шұбарланба жарқыра 
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана 
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ. 


Ән: « Жаса Қазақстан» /6-сынып/

2 - жүргізуші: 


Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік көк туын көкке ұста» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті. 

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 


Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Каталог: F3689512BDDBB434
F3689512BDDBB434 -> Ііі. Сурет салу, көрме ұйымдастыру
F3689512BDDBB434 -> Сабақ мақсаты : Оқушыларға темекінің зияны, оның таралу тарихы және темекі түтінінің
F3689512BDDBB434 -> Сабақтың тақырыбы: Кесіндіге есептер шығару. Сабақтың мақсаты
F3689512BDDBB434 -> Тақырыбы: «Ұстаз ұлы тұлға» Сабақтың мақсаты: Білімділік
F3689512BDDBB434 -> Сабақ тақырыбы: Сабақ мақсаты
F3689512BDDBB434 -> Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері (сызықтық, тармақталу және циклдік алгоритмдер) Сабақтың мақсаты: Білімділік
F3689512BDDBB434 -> Сабақ жұмысының есебі 16-желтоқсан мерекесіне орай 1сыныбында ата-аналармен бірге
F3689512BDDBB434 -> «Наурыз- жыл басы»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет