Сағынова Жаннұр Жұмабекқызы
Физика пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері
Сабақтың мақсаты: Дененің ішкі энергиясының өзгерту жолдарын түсіндіру, тәжірибелер арқылы көз жеткізу.
Сабақтың міндеттері: 1. Ішкі энергиясының өзгерісін есептей алуға жағдай жасау.
2. Оқушыларды нақты жауап беруге, өз ойын еркін жеткізуге, сыни ойлауға қалыптастыру.
3. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Сабақта тақырыпты өздері аша отырып түсінеді, ойларын еркін жеткізуге дағдыланады.
Кіріктірілген модульдер: АКТ, сыни тұрғыдан ойлау, жас ерекшеліктеріне байланысты оқыту, критерийлік бағалау, оқытудың жаңа тәсілдері, көшбасшылық.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ББҮ, INSERT
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд көрсетілімдері,
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі 1. Сәлемдесу
2. Түгендеу
3. Топқа бөлу
Парталарда суреттер тұрады, оқушылар мұғалімнің үстелінде жатқан суреттерді таңдап, сол сурет орналасқан партаға отырады. Сөйтіп 4 топ құрамыз.
Әр топқа бағалау парағын таратамыз. Онда жалпы бағалау жүйесі мен ұпай көрсеткіштері көрсетілген.
Ішкі энергия мен оның өзгеру тәсілдері туралы толық білеміз бе? 2 мин
Білемін (қызыл)
|
Білмеймін (жасыл)
|
Үйренгім келеді
|
|
|
|
Осы екі көзге стикерлерді жабыстырамыз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Сұрақ – жауап әдісі:
Ішкі энергия дегеніміз не?
Оны калай анықтаймыз?
Идеал газдың ішкі энергиясын калай анықтаймыз?
Көп атомды газдың ішкі энергиясы дегеніміз не?
ІІІ. Жаңа сабақ. 20 мин
Қызығушылығын ояту: Суреттен не байқадық?
Ішкі энергия өзгереді ма?
Мағынаны ашу. INSERT әдісі
Оқулықтағы мәтінді оқи отырып кестені толтырамыз. Топта жазғандарымызды талқылаймыз.
Ой толғаныс: Ендеше, ішкі энергияның өзгерісін дәлелдеу үшін тәжірибе жасайық.
І топ: Тәжірибе - 1: Шаммен темір сымды қыздырамыз. Не байқадық?
Қорытынды: Жылу беру арқылы ішкі энергияны өзгертуге болады. Температура артқан сайын, кинетикалық энергияда артады.
ІІ топ: Тәжірибе - 2: Қантты үгітеміз
Қорытынды: Үгіту үшін жұмыс істейміз, сонда қанттың молекулаларының ара қашықтығы алшақтайды. Сонда потенциалдық энергия артады, яғни ішкі энергияда артады.
ІІІ топ: Тәжірибе - 3: Қаламсапты екі алақанның ортасына қойын уқалаңдар, беттеріңе тигізіңдер. Не байқадыңдар?
Қорытынды; Жұмыс істеу арқылы температура арттырамыз, сонда ішкі энергияда өзгереді, артады.
ІV топ: Тәжірибе - 4: Тиынды партаға үйкелегенде не байқалады?
Ендеше, дененің ішкі энергиясын өзгертудің екі тәсілі бар: жұмыс істеу арқылы; жылу берілу арқылы.
Сонда ΔU=Q+A'
Егер A'=-A ΔU=Q-A
Q=ΔU+A Термодинамиканың бірінші заңы
Q=0 A=-ΔU
ББҮ әдісі: Бүгін, сонымен не білдік? Ендеше «Білмеймін» бағанында өзгерістер болады.
ІҮ. Сабақты пысықтау.
№205 Газ 300 Дж жылу мөлшерін алды да, оның ішкі энергиясы 200 Дж-ға көбейді. Газдың істеген жұмысы неге тең? Жауабы: 100 Дж
№206 Термодинамикалық жүйеге 200 Дж жылу мөлшері берілді. Егер жүйе осы кезде 400 Дж жұмыс атқаратын болса, онда ішкі энергиясы қалай өзгереді?
Температурасы бірдей болғанда, массалары бірдей аргон мен гелийдің ішкі энергиясын салыстырыңдар.
ББҮ әдісі: Үйренгім келеді бағанын толтыру. Стикерге не білгісі келетінін жазып жабыстырып кету керек.
ІV. Қорытындылау
Бес жолды өлең
Ішкі энергия
Қозғалыс және әрекеттесу энергиясы
Өзгереді
Кинетикалық және потенциалдық энергияның қосындысы
Молекуланың жылулық қозғалысы
Ү. Үйге тапсырма
§5,2
№181 есеп
ІХ. Бағалау. 2мин
Бағалау парағы арқылы оқушылар өздері бағалайды.
Бағалау критерийнің көрсеткіші: 12 – 15 – «5»
8 –11 – «4»
3 – 5 – «3»
Достарыңызбен бөлісу: |