Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Қоңыратбаев Әуелбек (1905-86) - түрколог, филологияғылыми докторы. профессор Ғалымның негізгі еңбектері қазақфольклоры, көне түркі поэзиясын зерттеу және қазақ әдебиетін мектептерде оқыту мәселелеріне арналған. «XIXғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы», «Қазақтың «Қозы-Көрпеш-Баянсұлу» жыры туралы», «Әдебиетті оқыту методикасының очерктері» жарық көрді. Қоңыратбаевтың бірқатар еңбектері абайтану мәселөлерін сөз етеді, әсіресе ақынның шығыс әдебиетімен байланысын ашуға арналған. «Мәдениет тарихынан алынатын таным» («Қазақ әдебиеті», 1972, 28 қаңтар), «Әлішер Науаи - өзбек халқының ұлы ақыны» (ҚазССР ғылым академиясының Хабаршысы, 1948, №6), «Фараби және Абай» еңбектерінде Шығыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің тарихи сабақтастығы және жалпы түркология мәселөлерін қарастырған. Оның бірқатар зерттеулері Абайдың философиялық көзқарасын анықтауға, ақындық шеберлік және шығармаларындағы еткірсын, әжуа, мысқыл ерекшеліктерін ашуға арналған. Ол Абайдыңөмірі мен ақындық жолын зерттеу мәселелеріне байланысты 10-нан астам ғылыми мақала жазып, 1945 жылғы Абай шығармаларының академиялық жинағына тұсініктер жариялады.[1][2]