Есенова Алтынай Қуанышқызы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің



Дата25.08.2017
өлшемі77,12 Kb.
#26144
Есенова Алтынай Қуанышқызы

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: "Жұрнақ пен жалғау"
Мақсаты: Жұрнақ пен жалғау туралы білімдерін пысықтау.

Міндеттері:
1. Жұрнақ пен жалғау туралы білімдері пысықталады.
2. Жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге жаттығады.
3. Сауатты, көркем жазуға және өмірмен байланыстыра оқытуға тәрбиеленеді 
Күтілетін нәтиже:
1. Жұрнақ пен жалғау туралы білімдері пысықталады;
2. Талдауға жаттығады;
3. Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;

Сабақтың типі: қорытындылау сабағы.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Көрнекілігі: қимақағаздар,суреттер
Техникалық жабдық:интерактивті тақта, бейнетаспа, үнтаспа.
Сабақта қолданылатын әдістер: іздендіру,шығармашылық, сұрақ-жауап беруі, бес жолды өлең, Вен диаграммасы
Бағалау:Сұраққа дұрыс жауап беруі,жалпы сабақтағы белсенділігі, бес жолды өлең құрастыруы.

Сабақтың барысы:
ІІ. «Мағынаны ажырату»сатысы
4. Оқулықпен жұмыс
Ойын: « Талдап көр, таңдап көр!»
«Жалғау» тобы: 1-жаттығу-қарамен жазылған сөздердің туынды екенін дәлелдейді.
«Жұрнақ» тобы: 2-жаттығу-сөздің түбірі мен қосымшасын табады, сөйлем құрастырып жазады.
«Қосымша»тобы: 3-жаттығу-тұсындағы жалғауларды тиісті сөзге қосып жазады.
5. Бейнетаспа бойынша жұмыс «Гүлдер»
Ойын: « Суретке қарап сөйлеп көр!»
«Жалғау» тобы –сөйлем құрастырады.
«Жұрнақ» тобы - түбір мен қосымшасын ажыратады.
«Қосымша»тобы –сызбамен көрсетеді

6. Үнтаспадан ән тыңдалады «Ертегілер»
Ойын: «Кестені толтырып көрелік!» 6-жаттығу
«Жалғау» тобы: - түбір сөз
«Жұрнақ» тобы: - жұрнақ жалғанған сөз
«Қосымша»тобы:- жалғау жалғанған сөз
Қай топ бірінші болады жұрнақ және жалғау жалғанған сөз бөлігін толтырады.
Түбір сөз 
жұрнақ жалғанған сөз
жалғау жалғанған сөз
жұрнақ және жалғау жалғанған сөз
ІІІ. «Ойтолғаныс» сатысы

7. Венн диаграммасы
Жұрнақ
жалғау

Бес жолды өлең құрастырады
- жұрнақ
- қысқа,ұзын
- жазады,өзгертеді,жалғанады
- ол сөздің мағынасын өзгертетін
- қосымша

8. Бағалау
9. Үйге тапсырма: 4-жаттығу-түбір сөздерді бір бөлек, қосымшалы сөздерді бір бөлек көшіріп жазу.
І. «Қызығушылықты ояту» сатысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
- Психологиялық дайындық:
Қайырлы күн деп айтамыз,
Мектептен білімді боп қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Сәтті күн болсын!
2. Сабақ мақсатымен таныстырылады.
3. Үй тапсырмасы тексеріледі.
Ойын: «Жылдам жауап берейік!»
- Қосымшалар нешеге бөлінеді?
2 қандай сан?- ... 2/1 талдайды
- Жұрнақ деген не?
Қазақстан биыл ЕҚЫҰ төрағалық етеді
- Жалғау деген не?

Барыс жылы баршаға бақыт әкелсін!
«Жалғау» тобы: -5жалғаулы сөздер жазады.
«Жұрнақ» тобы:-5жұрнақты сөздер жазады.
«Қосымша»тобы:-5жұрнағы да, жалғауы да бар сөздер жазады.

Есенова Алтынай Қуанышқызы

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі Сабақтың тақырыбы: Зат есім.

Сабақтың мақсаты: Зат есімнің сөйлеу процесінде ерекше орын алатынын  ұғындыру.

білімділік: Зат есімнің сөз табы ретінде атқаратын рөлі мен мәнін ашу.

дамытушылық: Оқушылардың ойын, тілін, ойлау қабілетін дамыту.

тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: Жаңа сабақ.



Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру

Оқыту әдістері: Көрнекілік арқылы түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,      топпен жұмыс істеу , топтастыру.

Сабақтың көрнекіліктері: кесте, суреттер, сөзжұмбақ, слайд.



Қүтілетін нәтиже:

а)Оқушылардың білуі тиіс:сөз , сөздердің жазылу емілесі , зат есім туралы түсініктер білу.

б) Оқушылардың игеруі тиіс: зат есімнің затын атын білдіретінін , сұрақтарға жауап беруі, кім? не? Дұрыс қоюға.

в) Оқушылардың меңгеруі тиіс: зат есімді басқа сөз таптарынан ажыратуға, өз бетінше сөзден , сөйлем құрастыруға үйрену.


 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.


Слайд 1 «Психологиялық дайындық»

Қара достым жан-жаққа,


Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма қараңдар,
Кітап , дәптер , қаламдар

Балалар, мен бүгінгі сабағымды  мына өлең жолдарымен бастайын.

Қазақ тілі-өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым дара тілім.

Міне балалар, кемеңгер ақын жазушыларымыздың тілі, туған тіліміз, қазақ тілі сабағы.

Слайд 2: «Ой толғау»

Балалар біз 1-ші сыныпта заттың атын, заттың қимылын, заттың сынын, заттың санын білдіретін сөздермен таныстық.Енді осы сөздер мағынасына қарай қалай аталады.?


-Кәне, кім айтады?
-Сөз таптары

Қандай сөз таптарын білеміз?


Зат есім , Етістік , Сын есім , Сан есім

ІІ. Жаңа материалды үйренуге дайындық

Слайд 3: «Мына сөздерге сұрақ қоямыз»

Әнші, әдемі, бес , айтады.

Әнші-кім? Әдемі-қандай?Бес-қанша? Айтады-не істеді?

Қызығушылығын ояту.

ІІІ. Материалды түсіндіру, қабылдау. Жаңа білімді меңгерту.

Ал, балалар, енді тақтадағы суреттерге назар аударайық! Осы суреттерді атап, сұрақ қоямыз. Мына сөзжұмбақты шешсеңдер, бүгінгі сабақтың тақырыбын табасыңдар.



Слайд 4: «Сөз жұмбақ»

1. Қыз-кім?

2. Шаңырақ-не?

3. Түйе – не?

4. Шеге – не?

5. Сандық – не?

6.Бүркіт – не?

7. Домбыра – не?

-Кәне балалар нелердің атын атадық.
-Заттардың атын атадық. 
-Балалар қарайықшы!Осы сөз жұмбаққа заттардың атын жазайық.
-Енді, ортасында қандай сөз шықты?

 

 Слайд 5: «Сабақтың тақырыбы» Зат есім



Ендеше бүгінгі сөз табының бір түрі зат есіммен танысамыз. Бүгінгі сабаққа дейін заттың атын білдіретін сөздер деп атасақ, бүгіннен бастап зат есім дейміз.

-Зат есім қандай сұраққа жауап береді?

Кім? Не?Кімдер? Нелер? Енді, тақтаға қарайық,тапсырмаларды орындайық?

Тапсырмаларды орындау.

Тақтадағы  автобус, дәрігер, шар суретіне  үш топ оқушылары сұрақ қою арқылы зат есімнің сұрақтарын анықтап, ережесін шығарады.

ІV.Жаңа материалдың түсінгенін тексеру.



Слайд 6:  «Ойлан тап»

318-жаттығу.(ауызша орындау)Мақалдарды оқу , кім ? не? сұрағына жауап беретін сөздерді табу.

Ойын «Орныңды тап».  Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып, қызыл үйлерге тиісті зат есімдерді көк үйлерге дұрыс орналастыру керек.

Дәптермен жұмыс

Балалар, енді дәптерімізді ашайық,

Тап-таза етіп жазайық, - бүгінгі күнді.

Кітапта берілген бірінші жаттығуды орындайық.

Көркем жазу.  З з әріпін жазу.

Слайд 7 «Кестені толтыру»

Оқулықпен жұмыс.

Кестеге «Кім? Не?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жазамыз

Слайд-8: 319-жаттығу. Тақтамен жұмыс

Сызбаның орнына Не? сұрағына жауап беретін сөзді қойып , сөйлемдерді көшіріп жазу.

Слайд 9:«Сергіту сәті».


Слайд 10: Ойын «Орныңды тап»

1-ші үй 2-ші үй


Кім? Кімдер? Не? нелер?
-Балалар ойын ойнайық!Мына сөздерді оқып , сұрақ қойып үйлерге орналастырамыз.

V.Жаңа материалды бекіту.

Слайд 11: Терме диктант 320-жаттығу

«Мықты болсаң, тауып көр» Сөздерді оқып кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жазу.



VІ.Сабақты қорытындылау. Бағалау.
«Шығармашылық жұмыс»  Сөйлем құрастырамыз

 Аю , қала , балалар



Ал, балалар, енді тапқырлықтарыңды танытсаңдар. Тақтада берілген суреттерге қарап сөйлем құрастырамыз.

Үйге тапсырма беру:321-жаттығу, ереже жаттау

 

 
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет