-1-
Cабақтың тақырыбы
:
Cуреттермен жұмыс істеу.
Ал енді жұмыс дәптерін ашамыз.
Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. «Суреттермен жұмыс істеу»
Бұл сабақта біз:
- Word мәтіндік процессорының графикалық мүмкіндіктерін;
- мәтіндік құжатқа суретті қалай кірістіруді;
- автофигуралардың көмегімен бейне жасауды меңгеруіміз керек.
Сонымен, Word-тың графикалық мүмкіндіктері:
1.
Графикалық редактордан кірістіру.
2.
Сурет салу панелін қолданып графикалық бейне жасау.
3.
Дайын суреттер кітапханасынан алынған суреттерді кірістіру
4.
Фигуралық мәтін кірістіру.
Көптеген құжаттарда әртүрлі иллюстрация түріндегі объектілер бар. Word
редакторында мәтіндік құжат ішіне алдын ала басқа программаларда дайындалған
фирмалық таңбалар, диаграммалар, графиктер, суреттер және дыбыстық
объектілерді еңгізуге болады. Құжат ішінде отырып, оны белгілеп алып кез келген
өңдеу командаларын орындауға болады.
МS Word құжатына сурет кірістіру үшін меню жолынан ВСТАВКА
командасын таңдаймыз
1. ВСТАВКА командасынан РИСУНОК батырмасын шертеміз.
Шыққан диалогтік терезеден керекті суретті таңдап ОК батырмасын шертеміз.
2. ВСТАВКА командасынан КЛИП батырмасын шертеміз.
Шыққан диалогтік терезеден өзімізге керекті суретті таңдаймыз.
3.
ВСТАВКА командасынан ФИГУРЫ батырмасын шертеміз де өзімізге керекті
фигураны таңдап сурет саламыз.
4.
ВСТАВКА командасынан WordArt батырмасын шертеміз.
Пайда болған қосымша терезеден жазу түрін таңдаймыз.
Керекті мәтінді теріп ОК батырмасын шертеміз.
1.
WordArt объектілерін енгізу
Фигуралық мәтінді жазу үшін арнайы WordArt программасын
қолданылады.
Сурет салу саймандар тақтасындағы
WordArt
объектісн қосу
батырмасы
-2-
немесе Кірістіру → Сурет →
WordArt командасын пайдаланамыз
Мәтінді әртүрлі тәсілмен бейнелеп жазу ,оған көлеңке салу , қисайту ,
айналдыру ,созу , үлкейту , қысқарту мүмкіндік береді
«
WordArt объектісінің жиынтық»
терезесі
1.
Тышқан курсорын мәтін қойылатын орынға орналастыру
2.
Кірістіру →
WordArt орындаймыз
3.
Ашылған терезеде мәтінді жазу стилінің өзімізге ұнаған біреуін таңдап
аламыз да, ОК батырмасын басамыз.
4.
Объектіде тышқанды екі рет шертсек , Мәтін өзгерту терезесі ашылады.
6 . Автофигуралар объектісін енгізу
Бұл менюдің құрамында сызықтан басқа негізгі фигуралар , фигуралық
бағыттаушы , блок-схемалар, жұлдызшалар,ленталар, түсіндірмелер деген
әрқайсысы бірнеше саймандардан тұратын командалық жолдар.
1.
Кірістіру →Автофигуралар
Достарыңызбен бөлісу: |